Студопедия — Рылыстық-құралымдық шешімдері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Рылыстық-құралымдық шешімдері






Өнеркәсіп құрылысында жерүсті ғимраттарында тұтас құймалы бетон жобалық емес көпқабатты үймереттерді, көпқабатты бір аралықты және көп аралықты име қораларды, рамаларды, қаттылық ядроларды, резервуарларды, түтін мұржаларды, су тартатын мұнараларды, сүрлем ұраларын, градирендерді, ауқымды жабындар және басқаларын тұрғызу кезінде қолданылады. Ол сонымен қатар жер асты инженерлік ғимараттардың (жертөлелер, іргетастар, туннелдер және т.б.) құрылыстарында кеңінен қолданылады.

Ауыл шаруашылығы құрылысында тұтас құймалы бетоннан элеваторлар, силостар, резервуарлар, астық қоймалары, алаңдар, сондай-ақ ирригация мен мелиорацияларға байланысты басқа да ғимараттар салынады.

Тұрғын және азаматтық құрылыста тұтас құймалы және құрастырмалы-құймалы үймереттерді тұрғызудан бсқа тұтас құйма бетон кейін құрастырма құралымдармен өрнектеліп салынатын панельді үймереттерде қатқыл ядролар құрылысында кеңінен қолданылады. Оған қоса жерасты гаражын және басқа ғимараттарды, жеке тұратын немесе тұрғын үйлердің астына орналастыратын ғимараттардың құрылыстарында, крансыз жинақталатын жабуларды дайындауға қолданылады.

Көпқабатты тұтас құймалы үй құрылысында сәулеттік-жоспарлау, құрылымдық және технологиялық параметрлер арасында тығыз байланыс орныққан. Мәселен, белгілі бір қалып жүйесін таңдау айтарлықтай болады, ал қабылданған қалып жүйесі өз кезегінде құралымдық элементтер арасындағы арақатынасты айқындай алады. Осының өзі сайып келгенде тұтас құймалы көпқабатты үймереттердегі технологиялық факторды міндетті түрде жобалау сатысындағы ескеру қажет екендігін білдіреді.

Тұтас құйма бетоннан көпқабатты үйлерді тұрғызудың жобалық шешімдерінде көп жағдайда тұтас құймалы сыртқы және ішкі қабырғалары және құрастырма жабуларымен бірге құрастырма-тұтас құймалы вариант қарастырылған. Осындай құралымдық вариантта жоспарлы шешімдерді үйлестіру мүмкіндігі ықшамдалады да, тұтас құймалы жабулардың осындай артықшылықтары жүзеге асырылады.

Сол сияқты тұйықталған айналым бойынша тұтас құймалы жабулар қондырғысы да, технологиялық үзілістерге байланысты. Ол қалыпты алу және ауыстыру немесе алымдармен жұмыс жүргізу жөніндегі күрделі де ауыр еңбек операцияларынан туындайды. Осының өзі салу ұзақтығы едәуір үймереттер құрылыстарын жүргізген жағдайда ғана мүмкін.

Тұтас құймалы бетоннан салынған құрылыстардың техникалық-экономикалық көрсеткіштері көп жағдайда үймереттерді тұрғызудың технологиялық үлгілерінің қолданылуына байланысты. Сондықтан өндірістік жұмыстардың жобаларын жасаған және құрылысты жүргізуді ұйымдастыру кезінде құралымдардың түрі мен ерекшелегін, оларды тұрғызудың шарттары, бетон жұмыстары өндірісінің ерекшеліктері ескерілген анағұрлым тиімді технологиялық үлгілер пайдалануға тиісті.

Тұтас құймалы бетондарды пайдалану арқылы тұрғызылатын көпқабатты үймереттерді технологиялық және құралымдық белгілері бойынша үш негізгі топқа: барлық құралымдары құймалы бетоннан орындалған біртұтас құйма, барлық қабырғалары тұтас құймалы бетоннан жасалған, ал жабындары – құрастырма деп бөлуге болады.

Көлденең аралық жабындары мен жабулары тұтас құймалы бетоннан, ал сыртқы қабырғалары құрастырмадан жасалған үймереттерді де белгілі бір шарттылықпен осы категорияға жатқызуға болады.

Қатқыл ядросы немесе жабуы тұтас құймалы бетоннан жасалған тұтас құйма-құрама қаңқалы үймереттер құрама қаңқамен үйлесіп тұрады.

Жеңіл бетоннан сырғымалы және ауыстырмалы қалыптармен тұтас құймалы үймереттер мен ғимараттар тұрғызу ерекшеліктері болады.

Сусымалы қалыптармен тұтас құймалы үймереттер тұрғызу үздіксіз бетондауды қамтамасыз ету үшін бетон жұмыстары өндірісінің ырғағын қатаң сақтауды талап ететін жоғары деңгейде ұйымдастырылған процесс болып табылады. Бетондаудың қарқындылығы арматуралық жұмыстардың қарқынына, бетон қоспасын төсеу және жеңіл бетонның жеткілікті мөлшердегі беріктігін бойына сіңіргенге дейінгі ұзақтылығын ұстау технологиясын қолдануға байланысты.

Сырғымалы қалыпты көтерудің бірқалыпты жылдамдығын білдіретін Vқ бетонның қажетті беріктігіне жету жағдайынан қалыппен шамалы қосылысы арқылы анықталады:

 

Vқ = Hк – a – hб.қ /tк.б, см/сағ;

мұндағы Hк – қалыптың биіктігі, см; a – төселген бетон қоспасы қабатының қалыптың жоғарғы жағына дейінгі қашықтығы, см; hб.қ – төселген бетон қоспасы қабатының биіктігі, см; tк.б – жеңіл бетонның аталмыш жағдайда қажетті беріктігін бойына жинақтайтын уақыты, сағ.

Жеңіл бетонның құрылыс жағдайындағы іс жүзіндегі қасиеттерін тұтас құймалы құралым керндерін сынау немесе бетонның беріктік қасиеттерін бұзбайтын тәсілдермен бақылыуды қолдану арқылы жүзеге асыру керек.

Сусымалы қалып арқылы тұрғызылатын үймереттер мен ғимараттардың тұтас құймалы жабуларының қондырғысы мынадай технологиялық үлгілер арқылы айқындалуы мүмкін: қабырғаларды тұрғызу процесі кезінде бір қабатқа кешігу (сабақтастыру-циклді тәсіл); қабырғаларды тұрғызу процесінде екі-үш қабатқа кешігу (қатарлы-ілеспелі тәсіл); қабырғаларды “төменнен жоғарыға” немесе “жоғарыдан төменге” үлгісі бойынша бүкіл биіктігіне жеткізе тұрғызғаннан кейін.

Тұтас құймалы жабулардың қондырғысын сабақтастыру-циклді және қатарлы-ілеспелі тәсілдермен жасаған кезде қабырғаларды бетондаған кезде қолданған бюетонды төсеу жабдықтарында да пайдалану ұсынылады. Мұның үстіне бетон қоспасы бетон сорғыш қондырғысынан төселетін жерге резеңке бөлгіш түтіктермен сырғымалы қалыптың төсенішіне бекітілген құйғыш арқылы, ал “төменнен жоғарыға” немесе “жоғарыдан төменге” үлгісі бойынша қондырғыда магистральдық бетонағызғышқа қосылған резеңке құралдар арқылы беріледі.

Көпқабатты үймереттерді тұрғызған кезде жылжымалығы 17-18 см құйма бетон қоспасын қолдану ұтымды екендігін тәжірибе көрсетіп берді. Құйма бетон қоспасын қолдану қоспа мен жабудың көлбеу жағын ірілеуді теңдестірудің ең төменгі мөлшерге дейін қысқартады.

Ауыстырмалы қалыппен жеңіл бетоннан тұтас құймалы үймереттер мен ғимараттар тұрғызудың ерекшелігі бетонның қажетті беріктігін қосу қарқындылығы болып табылады, бетондаудың ұзақтығы да соған байланысты. Сондықтан қалыптың осы түрлерін пайдаланған кезде тұтас құймалы үймереттер мен ғимараттар тұрғызудың тиімділігі жеңіл бетонның талап ететін беріктікті қосуды жеделдететін түрлі әдістерін қолдану есебінен артуы мүмкін. Бетондаудың анағұрлым қарқындылығына жылытқыш қалыпты және кеуекті толтырғыштағы бетон қоспасының құймасын пайдалану арқылы “кран+бетонсорғыш” үлгісі бойынша жұмыс істегенде қол жеткізіледі. Құралымдары осы үлгі бойынша бетондаған кезде бетонсорғыш жинағына алымнан алымға ауыстырылатын механикалық бөлгіш пайдаланылады.

Бетон алаңының маңызды технологиялық сипаттамасы оның бетон төсегіш жабдыққа қаншалықты жақын дәрежеде екендігінде, соған байланысты алаң ашық;, жартылай ашық; және жабық; болып бөлінеді.

Бетон қоспасын ашық алаңға кез келген жақтан беруге болады. Ал жартылай ашық алаңға бос жақтан және жабық алаңға жабдық құрылыс алаңына жақын орналасқан тұстан беріледі.

Барлық кешенді жұмыстардың процестерін бір мезгілде орындайтын алымдардың ең аз саны мына формуламен анықталады:

 

nа = N + tб

 

мұндағы N – кешенге енетін жұмыстардың түрлері (қалыпты орнату, арматураны орнықтыру, бетондау, қалыпты ажырату); tб – бетонның тәуліктік қату ұзақтығы; К – тәуліктік тасқын ырғағы.

 

Үймереттерді тұрғызу қарқыны және бетондаудың;







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 897. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия