Студопедия — Тақырып 1.1. Қала тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып 1.1. Қала тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру






Денсаулық сақтау мекемелерінің номенклатурасына сәйкес:

1. Біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері (әрі қарай - БМСК):

- қалалық емхана (әрі қарай - ҚЕ) халқының саны 30 мыңнан аса қалаларда құрылады, құрылымында консультативтік-диагностикалық бөлім, жалпы практика және/немесе учаскелік қызмет бөлімі бар;

- дәрігерлік қалаларда 30 мыңға дейінгі халық саны бар ҚЕ құрылымдық бөлімі ретінде құрылады.

2. Консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері:

- республикалық маңызы бар астаналар мен қалаларда консультативтік-диагностикалық орталық дербес заңды тұлға ретінде құрылады;

3. Жедел медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері:

- 100 мыңнан аса халқы бар қалаларда жедел медициналық көмек станциясы құрылады;

- 100 мыңнан төмен халқы бар қалаларда жедел медициналық көмек станциясы емхананың құрылымдық бөлімі ретінде құрылады.

4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру аймағында әрекет ететін денсаулық сақтау мекемелері:

- республикалық маңызы бар астаналар мен қалаларда салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы құрылады (әрі қарай – СӨСҚО);

5. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері:

1) қалалық аурухана (әрі қарай - ҚА) көпмамандандырылған стационар ретінде құрылады, құрылымында балалар, босану, мамандандырылған және жұқпалы аурулар бөлімі бар;

2) қалалық балалар ауруханасы тұрғындар саны 100 мыңнана асатын қалаларда көпмамандандырылған стационар ретінде құрылады, құрылымында мамандандырылған және жұқпалы аурулар бөлімі бар; 100 мыңнан төмен халқы бар қалаларда ҚА жанынан балалар бөлімі құрылады. 3) перинаталды орталық..

6. Халықтың санитарно-эпидемиологиялық салауаттылығы аймағында әрекет ететін денсаулық сақтау мекемелері: - санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығы; 7. Дәріхана, дәріханалық пункттер, дәріханалық қоймалар. 8. Денсаулық сақтау аймағындағы ғылыми мекемелер (ұлттық және ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институты). 9. Денсаулық сақтау аймағындағы білім беру мекемелері (орта медициналық және фармацевтикалық білім беру мекемелері, жоғары және дипломнан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру мекемелері).

10. Қан қызметі, соттық медицина аймағында әрекет ететін денсаулық сақтау мекемелері: қан орталығы, соттық медицина орталығы.

11. ҚР заңдылықтарымен қарастырылған басқа денсаулық сақтау мекемелері: туберкулезге қарсы, онкологиялық, наркологиялық, тері-венерологиялық және т.б. диспансерлер.

Емхана – жоғары дамыған, арнайы мамандандырылған келген науқастарға және үй жағдайында науқастарға көмек көрсететін ЕПМ, аурулар мен олардың асқынуларын емдей бойынша емдеу-профилактикалық шаралар кешенін іске асырады. Амбулаториялар мен емханаларда науқастардың 80%-ы емделуді бастап және аяқтайды, ал небәрі 20% науқастар ғана госпитализацияланады.

Емхана түрлері: Аймақтық белгісі бойынша: қалалық және ауылдық; ұйымдастыру белгісі бойынша: стационармен біріккен және бірікпеген; мамандандырылуы бойынша: жалпы (ересектерге және балаларға арналған), балалар, стом-гиялық, курорттық, физиотерапевтік орталықтар, диагностикалық орталықтар.

Емхананы бас дәрігер басқарады. Емхананың құрылымында: тіркеу орны, профилактика бөлімі, емдеу-профилактикалық бөлімдер мен кабинеттер, емдеу-диагностикалық бөлімдер, әкімшілік-шаруашылық бөлім, қалпына келтіру емі бөлімі және т.б.

Емхананың негізгі ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс принциптері болып участкелік (дәрігерлік қызметке нормативтік халық санының бекітілуі) және диспансерлік әдісті кеңінен қолдану (белгілі контингент денсаулық жағдайын жүйелі түрде белсенді бақылау). Емхана жұмысын регламенттейтін негізгі жоспарлық-нормативтік көрсеткіштер:

- учаскелік нормативі (1 учаскелік терапевт қызметіне 2200-2500 адам);

- жүктеме нормасы (сағ. емханада қабылдауда – 4,3-4,7, пациенттерге үй жағдайында қызмет көрсету – 2);

- учаскелік терапевтің штаттық нормативі (14 жастан жоғары 10000 халық санына –4,0-4,5).

Амбулаторлық-емханалық мекеменің негізгі жұмыс бағыттары:

- профилактикалық жұмыс, диспансерлеу, халықты гигиеналық оқыту және тәрбиелеу, салауатты өмір салтын наихаттау; - емдеу-диагностикалық жұмыс (уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптаумен бірге);

- ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс (басқару, жоспарлау, статистикалық тіркеу және есеп беру, жұмысты талдау, денсаулық сақтаудың басқа мекемелерімен өзара қызметтестік, біліктілікті жоғарылату және т.б.);

- ұйымдастыру-массалық жұмыс.

Емхана жұмысын ұйымдастыру келесі көрсеткіштермен бағаланады:

- келу динамикасы (берілген жылы емханаға келгендер санының былтырғы жылғыға қатынасын 100-ге көбейтеміз);

- келу құрылымы – ауыру себебімен немесе профилактикалық мақсатпен (ауыру себебімен немесе профилактикалық мақсатпен келу санының барлық келулер санына қатынасын 100-ге көбейтеміз);

- дәрігер қызметінің жүктемесі (барлық дәрігерлерге келу санының жұмыстағы дәрігерлер қызметі санына қатынасы);

- дәрігерлердің үй жағдайндағы пациенттерге келу белсендігі (үй жағдайына белсенді келулер санының барлық үй жағдайына келулер санына қатынасын 100-ге көбейтеміз).

Емхананың профилактикалық жұмысы бағаланады:

- медициналық байқаулармен қамту толықтығы (қаралғандар санының қаралуы тиіс халық санына қатынасын 100-ге көбейтеміз);

- ауруды анықтау мақсатымен қаралған халық пайызы (қаралғандар санының халық санына қатынасы);

- анықталған аурулар жиілігі (анықталған аурулар санының қаралғандар санына қатынасы);

- диспансерлеу көрсеткіштері (қамту толықтығы, диспансерлік тіркеуге дер кезінде алу, байқауға қайта алынғандардың үлес салмағы, бір учаскедегі диспансерленушілердің орта саны, диспансерлеу нәтижелері мен тиімділігі).

Дәрігерлік диагностика сапасы науқасты госпитализациялауға бағыттаған кезде қойылған диагноз бен стационарда қайылған диагноздарды салыстыру негізінде анықталады.

Участкелік дәрігер-терапевтің функциялары: 1) “ішкі аурулар” мамандығы бойынша амбулаторлық қабылдау және үй жағдайында білікті дәрігерлік көмек көрсету; 2) профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы жұмыс, диспансерлеу, гигиеналық насихаттау жүргізу; 3) белгіленген тәртіп бойынша науқастарды дер кезінде госпитализациялау; 4) басқа мамандық дәрігерлерімен науқастарға консультация жүргізуді ұйымдастыру; 5) амбулаторлық жағдайда емдеу және реабилитациялау шараларын жүргізу; 6) уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптауды іске асыру және МӘСК-на бағыттау; 7) қызмет көрсететін халықтың денсаулық жағдайын талдау.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 2846. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия