Студопедия — Модульдік оқыту технологиясы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Модульдік оқыту технологиясы






1. Нөмірлері 1 – ден 12 –ге дейінгі арналарда теледидарлық радиотаратқыш қандай жиіліктер диапазонында жұмыс істейді?

2. Нөмірлері 21 – ден 81 –ге дейін арналардагі теледидарлық радиотаратқыш қандай жиіліктер диапазонында жұмыс істейді?

3. Теледидарлық радиохабар тарату құрылғысы неге екі жеке радио-таратқыштан тұрады?

4. УҚТ(УКВ) ЖМ радиотаратқышы көмегімен жоғары сапалы радиохабар тарату қалай қамтамасыз етіледі?

5. Теледидарлық радиотаратқыштың құрылымдық сұлбасы қандай бөліктерден тұрады?

6. Қуаты 1 кВт-қа дейінгі метрлік диапазондағы теледидарлық радиотарат-қышты қандай электрондық аспаптар негізінде жасауға болады.

7.Бейне сигналы радиотаратқышы құрылымдық сұлбасы қандай бөліктерден тұрады?

 

 

Дәріс

Азіргі білім беру жүйесіндегі жаңашыл технологиялар» пәні бойынша

Модульдік оқыту технологиясы

1. Кіріспе бөлімі

2. Сөйлесу бөлімі

3. Қорытынды бөлімі

 

Қазақ әдебиетін оқытуда қазіргі қолданыстағы озық технологиялардың ең тиімді үлгілерін пайдалану қарастырылады. Солардың ішінде модульдік оқыту технологиясын атауға болады. Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сатысында берілетін білім мазмұны модульдік сипатқа құрылған.

Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі. Модульдік технологияның маңызды шарты – оқушылардың кез келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай-ақ, ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнің жедел кеңес ала алатындығы.

Модульдік оқыту технологиясы әдебиетті оқытуда тиімді деп табылады. Қазақ әдебиетінен берілетін білім мазмұны, модульға топтасқан құрылымы оқушылардың әдеби білімін нығайтуда, әдебиеттің басқа өнер салаларымен сабақтастығын көрсетуде, пәнаралық байланысты нығайтуда ұтымдылық байқатады.

Модульдік оқытудың құрылымы:

Оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.

Әрбір оқу модулінде сағат саны әр түрлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты.

Мысалы, мұғалім оқу модулін 9 сағатқа жоспарлап отыр делік. Оның бір сағаты модульдің бірінші бөлімі - кіріспеге, екі сағаты - қорытынды бөлімге, қалған 6 сағаты – сөйлесу бөліміне беріледі.

Модульді 12 сағатқа әзірлегенде де модульдің 1 және 2 бөлімдеріне берілетін сағат саны өзгеріссіз қалып, сөйлесу бөлімінің уақыты өзгереді – яғни, ол 9 сағат болады.

Осының арқасында оқу процесі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі блоктардан жасалады.

Педагогтардың пайымдауынша, әрбір дербес тақырыпты(тарауды) оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен тұрады:

1. кіріспе-қызықтырушылық

2. операционалдық-танымдық

3. рефлекциялық-бағалау

Аталмыш модульде кіріспе-қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады. Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге және не үшін оқып-үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі міндеті қандай екенін түйсінуі қажет.

Психологтар дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсатты түсінуі(мақсаттың қозғаушы қызықтырушы күші болуы) аса маңызды.

Оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:

1. оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады;

2. Оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қзметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды;

3. Тірек сызбаларға (белгілік үлгілерге) сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша(10-15 минут) түсіндіреді.

Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі – мұғалімнің даярлық жүйесі. Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырады.

Сөйлесу бөлімінің материалын мұғалім үш күрделілік деңгейінде(қарапайым, орташа дәреже, күрделі) дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын таңдайтынын әр оқушының өзі шешеді.

Оқу материалын біртұтас беру қағидасы:

- Өсу бағытымен оқып-үйрену қағидасы(басында шағын түрде, соңынан – мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша толықтырулар мен фактілер енгізу арқылы). Бұл оқушының оқу материалын бөлек-бөлек емес, кешенді түрде, тұтас тарау(тақырып) бойынша пысықтауын білдіреді.

- Сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің тақырыбына «қайта оралып отыру» қағидасы жүзеге асырылады. Оны қайталаумен шатастыруға болмайды.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде мұғалім әрбір оқушыға 3 деңгейлік тапсырмалар әзірлейді. 1 деңгей тапсырмалары оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған. 2 және 3 деңгей тапсырмалары оқушылардың бағдарлама материалдарын мемлекетті білім стандарты деңгейінде игеруін көздейді.

Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формаларына қарай тапсырмаларды карточкаларға(таратпа қағаздарға) жазуға болады. Мұнда не істеу қажет, оны қалай істеу керек және қалай тексеруге болатыны көрсетіледі. Дайын жауап үлгілері бойынша бірін-бірі және өзді-өзін тексереді.

Егер сабақ формасы – ойын болса, онда тапсырмалар тақтаға жазылады, немесе жазбаша түрде беріледі.

Ұжымдық және топтық жұмыс формаларында тапсырмаларды тұтас сыныпқа бірдей жоғары күрделілік деңгейінде беруге болатынын атап өту қажет.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің ерекшеліктері: 1.Оқыту мен оқу дамытушы болады. Оқу процесін әрбір оқушының қисынды ойлау қабілетін, ауызша және жазбаша тілін, қабілеттіліктерін, танымдық қызметке қызығушылығын дамытуға бағыттап, жағдай туғызу керек. 2.Оқыту мен оқу даярлаушы болады, яғни, модульдің қорытынды(бақылау) бөліміне шығуға даярлайды.

Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.

Оқу модулінің қорытынды(бақылау) бөлімі – тақырыпты(тарауды) оқытудың тұтас циклін аяқтайтын соңғы бөлімі(рефлекциялық-бағалау кезеңі).

Оқу модулінің қорытынды бөліміндегі әрекеттер: біріншісі - міндетті тестілеу, екіншісі – мұғалімнің өз таңдауы бойынша(пәннің, тақырыптың, тараудың өзіндік ерекшелігіне орай) - сынақ, бақылау жұмысы, диктант.

Екі немесе одан да көп бақылау түрлері қолдануға болады, өйткені оқу материалын игеру дәрежесін бір ғана тестілеу арқылы анықтау мүмкін емес.

Тестілеуді – бақылаудың қажетті түрі, бірақ ол бақылаудың басқа түрін қайталап қолдануды керек етед деп есептейміз.

Оның мақсаты: а)білім деңгейін әділ бағалау; ә)бағасын жақсартуға(жоғарырақ ұпай алуға) мүмкіндік беру.

Сонымен, қайта жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.

Оқыту технологиясының модульдік нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үдерістерді, яғни жауабының алуан түрлерін, ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға бағытталған.Сонымен қатар, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сөздік қорын белсенді дамытуға көзделген.

Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жоғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді. МОТ – сы бойынша жан – жақты білім бере отырып, баланың ой дәлдігі, тіл көркемдігі артады. Оқушыны үнемі ізденуге жетелеп, өз ісіне сын көзбен қарай білуге, өзін өзгемен салыстыруына мүмкіндік туғызады.Осы мақсатта 11-сыныпта Қазақ әдебиеті пәнінен М.Әуезов шығармашылығына модульді оқытудың жоспарын төмендегіше құрдым.

Модуль №1 Мұхтар Әуезов (8 сағат)

Бөлімі Сағаты Сабақтың мазмұны, түрі Уақыты
Кіріспе   Блок құрылымын таныстыру, мақсаты: - Тірек сызбамен түсіндіру - Оқулықпен, дәптермен жұмыс - Қорыту, үйге тапсырма 5мин 15мин 20мин 5мин
Сөйлесу бөлімі             Оқу материалын меңгерту «Қарлы кесек» ойыны Қорыту, үйге тапсырма Білім,іскерлік дағдыларын дамыту «Алгоритм» ойыны «Шеңбер бойымен әңгімелеу» Қорыту, үйге тапсырма   Білім, іскерлік дағдыларын пысықтау «Даналық ағашы» Шығармашылық жұмыс Қорыту, үйге тапсырма   Білім, іскерлік дағдыларын қорытындылау «Сиқырлы сандықша» Қорыту, үйге тапсырма   Оқу материалдарын бекіту «Брейн-ринг» ойыны Қорыту, үйге тапсырма   40мин 5мин     20мин 20мин 5с     20мин 20мин 5мин     40 мин 5 мин     40 мин 5 мин
Қорытынды       1.Шығарма 2.Қорытындылау   1.Тест 2.Сынақ 3.Жалпы тарауға қорыту 40мин 5 мин   15 мин 20 мин 10 мин

Мақсаты: Білімділік: Мұхтар Әуезовтің шығармашылығымен таныстыру.

Тәрбиелік: Білімділікке, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Өз бетімен М.Әуезовтің шығармаларын оқу арқылы сөздік қорын байыту.

Оқушы нені білуі керек:

1. М.Әуезовтің өскен ортасын, тәрбиесін, білім алған ортасын, еңбек жолын, шығармашылығын білуі керек.

2. Теориялық жағынан талдау жасауды меңгеру керек.Шығармашылық жұмыстар тақырыбын ұсыну.Мәнжазбалар:

1. М.Әуезов шығармашылығы

2. «Абай жолы»- қазақтың тұңғыш эпопеясы

3. М.Әуезов романы туралы әлемдік және Қазақстан сыншыларының пікірлері

4. Әуезов шығармаларының көркемдік ерекшеліктері

5. Әуезов шығармаларындағы пейзаж

Қосымша әдебиеттер:

Мұғалімдер үшін: Мүсірепов Ғабит. «Абай» романы туралы Кітапта:Ғ.Мүсірепов шығармалары, 4-том.Алматы, 1975,

Әдістемелік нұсқаулар

М.Әуезов шығармалар жинағы

Оқушылар үшін: «Дидактикалық материалдар»

Оқушы анықтамасы (Қазақ әдебиеті)

М.Әуезов «Абай жолы» романы 1,2,3,4 томдары

1- кесте

 

 


Құнанбайдың жолы-«Қияда, өрде, бел-белесте,шытырманда, қат-қабатта, қайтқанда». (Ғ.Мүсірепов)

 

 

2-кесте

Құнанбай

 

 
 

 


Абайдың жолы- «Қайтқанда, қат-қабатта, шытырманда, бел-белесте, өрде, қияда». (Ғ.мүсірепов)

Абай

3-кесте

           
 
Базаралы
 
Дәркембай
 
   

 

 


Кіріспе сабақтың дәйексөзі:

 

       
   
«Қазақстан үшін Әуезов-екінші Абай» (Погодин).
 
 
«Туған халқына мәңгілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау-қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген.Солардың бірі- Мұхтар Әуезов» (З.Қабдолов).

 


Сабақ жоспары: Кіріспе бөлім. 1-сабақ

Тақырыбы: М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Модульдің құрылымын түсіндіру

ІІІ.Сабақтың мақсатын, өту барысын айту.

ІҮ.Тірек-сызба, көрнекі құралдарды пайдалана отырып, жаңа модуль бойынша тақырыпты түсіндіру.

(Лекция тезисі)

Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі –Абай, ХХ ғасырдағы заңғар биігі- Әуезов.Әдебиетке ең қатал сыншы, ең әділ төреші уақыт десек,сол уақыттың өзі осыны дәлелдеп отыр.М.әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.Әкесі Омархан да, атасы Әуез дехат танитын сауатты адамдар болған.1904 жылы Абай дүниеден өткенде Мұхтар небары 7 жаста еді. Мұхтар алғашқы сауатын әліппемен емес, Әуез атасы ұсынған Мүрсейіт қолжазбасындағы Абай өлеңдері арқылы ашады.11 жасында әкесі қайтыс болған соң, қаладағы немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді.Осыдан былай қарай оның оқу-білім жолындағы сапары басталады.

М.әуезов жазушылық жолын драматургиядан бастайды.1917 жылы Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында алғаш рет «Еңлік-кебек» пьесасын қояды.20-40 жылдары бір алуан әңгімелер топтамасын жазады.Негізгі тақырыптары-әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, әйел басындағы ауыр хал, айықпас мұң,қайғы.Осының бәрі М.әуезовтің ұлы эпопеяға барар жолдағыәрекеттері болатын.»Абай жолы»-Әуезовтің бас кітабы.Осы шығармасы арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді-өз отандастарына, керек десеңіз, тіпті қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты.

Ү.Оқулық пен дәптермен жұмыс.

1. Тірек-сызбалары, дәйексөзді дәптерге жазу.

ҮІ.Үйге тапсырма: М.Әуезовтің шығармашылығын оқып келу.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 2981. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия