Студопедия — Параграф 2. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Параграф 2. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу






12. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер мынадай жағдайда ғана актив ретінде танылады, егер:

осы активке байланысты болашақ экономикалық пайдалардың субъектіге келіп түсуі ықтимал болса;

активтің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса;

актив кейіннен қызметінің барысында сату үшін сатып алынбаса.

13. Негізгі құралдарға материалдық-заттай нысаны бар активтер жатады. Мысалы, жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, машиналар мен жабдық, жануарлар мен көп жылдық өсімдіктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (бұдан әрі - Азаматтық кодекс) жылжымайтын және жылжитын мүлік деп айқындалған басқа да мүлік, оларды субъект тауарларды шығаруда немесе қызметтерді көрсетуде немесе беруде пайдалануға, басқа адамдарға жалға беруге немесе әкімшілік мақсаттарға ұстап қалады және бірден астам кезең ішінде пайдалану болжанады.

14. Материалдық активті тану үшін олар тану өлшемдерге сәйкес болу керек, яғни сәйкестендіру, ресурстарға бақылау жүргізу және болашақ экономикалық табыстардың болуы. Егер материалдық емес активтің анықтамасына жауап бермесе, мұндай активті сатып алуға немесе ішкі өндіріске жұмсалған шығындар орын алған кезде шығыс деп танылады.

Материалдық емес актив - сәйкестендіріледі егер:

1) егер оны субъекттен бөліп алуға, жалға беруге тапсыруға немесе онымен байланысты активпен және міндеттемемен бірге не бөлек алмастыруға мүмкіндік болса;

2) заңды құқықтар нәтижесінде осы құқықтарды беруге немесе субъектіден немесе басқа да құқықтар мен міндеттемелерден бөліп алуға болатынына қарамастан, туындағанда.

Материалдық емес активтерді бақылау:

1) материалдық емес активті пайдаланудан болашақ экономикалық табысты алу құқығы (мысалы, заң құжаттарымен ресімделген құқық - патент, лицензия);

2) материалдық емес активті пайдаланудан түсетін табысқа басқа тұлғалардың қол жетімдігіне тыйым салу мүмкіндігін (мысалы, коммерциялық құпияны жариялаудан заң жауапкершілігі арқылы) білдіреді.

Материалдық емес активтерден түсетін болашақ экономикалық пайдалар өнімдерді сату немесе қызмет көрсетуден алынған табыстарды, шығындардың үнемделуін немесе субъектінің активін пайдалану нәтижесі болып табылатын басқа табыстарды қамтиды.

15. Актив ретінде танылуға жататын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер алғашында өзіне сатып алудың іс жүзіндегі құнын қамтитын өзіндік құны бойынша өлшенеді.

16. Негізгі құралдың, материалдық емес активтің өзіндік құны сауда жеңілдіктерін шегеріп алғаннан кейінгі активтің сатып алынатын бағасынан, импорттық баждан және салықтан (өтелетінді қоспағанда) тұрады.

17. Активті керек жерге жеткізуге және оны пайдалану үшін қажетті жағдайға келтіруге арналған шығындар, оның ішінде қызметкерлерге сыйақылар төлеуге арналған, активті салуға немесе сатып алуға тікелей байланысты шығындар активтің өзіндік құнына қосылмайды және тартылған кезеңнің шығыстарына деп танылады.

18. Өндіру, салу мерзімі бір жылдан кем уақытты құрайтын дербес құрылған негізгі құралдардың бастапқы бағасы сатып алу кезіндегі сияқты сондай қағидаттар негізінде айқындалады және негізгі құралдарды өндіруге жұмсалған шикізат пен материалдардың сатып алу бағасын, импорттық бажды, салықты (өтелетінді қоспағанда) қамтиды.

19. Дербес құрылған материалдық емес активке арналған шығындар, сондай-ақ материалдық емес активке байланысты кейінгі шығындар олар туындаған сәттегі шығыстар деп танылады.

20. Негізгі құралдар, материалдық емес активтер басқа активке ауыстырып сатып алынса, алынған объектінің нақты құны төленген ақша құралдарының және олардың баламаларының сомасына түзетілген, берілген активтің баланстық құнына тең танылады.

21. Негізгі құралдар бойынша осы объектілердің ахуалының сапалы сипаттамаларын жақсартуға бағытталған кейінгі шығындар, мысалы, болашақ экономикалық табысты ұлғайтуға әкеп соқтыратын пайдалы қызметтің мерзімін ұзарту, өнімділікті арттыру үшін олардың баланстық құнын арттырады.

22. Негізгі құралдардың техникалық ахуалын сақтау және ұстап тұру мақсатында кейіннен жүргізілетін шығындар, оның ішінде ағымдағы жөндеуге және қалпына келтіруге арналған шығындар бастапқы құнды арттырмайды, олар туындаған сәттегі ағымдағы шығыстар болып танылады. 23. Бастапқы танудан кейін негізгі құралдар мен материалдық емес активтер барлық жинақталған амортизацияны шегерумен олардың өзіндік құны бойынша есептеледі.

24. Негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің құны амортизациялық аударулар арқылы олардың пайдалы қызметі мерзімінің ішінде шығыстарға жазылады.

25. Әрбір кезеңге амортизацияланатын есептеулер шығыстар ретінде танылады.

26. Активтің құнын жүйелік бөлу үшін оны пайдалы пайдалану мерзімі ішінде амортизацияны есептеудің түзу сызықтық әдісі қолданылады, ол активті тиімді пайдалану мерзімі ішінде тұрақты есептеулерге әкеп соқтырады.

27. Негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің амортизациясы актив пайдалану үшін қол жетімді болған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап есептеледі және актив белгілі бір мерзім ішінде қолданылмаса да, ол есептен шығып кеткенге дейін есептелетін болады.

28. Активтерді тиімді пайдалану мерзімі кезеңмен қайта қаралады. Егер кейінгі есептеулердің бұрынғы есептеулерден айтарлықтай айырмашылығы болған жағдайда, ағымдағы және болашақ кезеңдерге амортизациялық есептеулер түзетіледі.

29. Тиімді пайдаланудың белгісіз мерзімімен материалдық емес активтерге амортизация есептелмейді.

30. Негізгі құралды, материалдық емес активті тану ол есептен шығып кеткен кезде немесе оны пайдаланудан немесе есептен шығарудан қандай да бір экономикалық пайда күтілмейтін кезде тоқтатуға жатады. Активті есептен шығарған кезде туындайтын пайда немесе шығын, егер мұндайлар болса, есептен шығарудан түсімдер мен активтің баланстық құны арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады және есептен шығару болған есепті кезеңде табыстар мен шығындар туралы есепте көрсетіледі.

31. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есептеу ведомості осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.







Дата добавления: 2015-06-12; просмотров: 1113. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия