Студопедия — Параграф 7. Кірістер мен шығыстарды есепке алу
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Параграф 7. Кірістер мен шығыстарды есепке алу






55. Кіріс, егер субъект болашақ экономикалық пайданы алу ықтималы болса ғана мойындалады және осы пайдалар сенімді түрде өлшенеді.

56. Кіріс кез келген сауда және көтерме жеңілдіктерді ескере отырып, алынған немесе алуға жататын өтеудің әділ құны бойынша өлшенеді. Операциядан туындайтын кіріс сомасы сатушы мен сатып алушы немесе активті пайдаланушының арасындағы шартпен анықталады.

57. Тауарларды сатудан түскен кірісті мойындау критерийлері мыналар болып табылады:

1) Тауарларды иеленудің айтарлықтай тәуекелдері мен артықшылықтары сатушыдан сатып алушыға көшуі;

2) Сатушы одан әрі сатылған тауарды басқаруда қатыспайды және оны бақыламайды;

3) Кіріс сомасы сенімді бағаланады;

4) Мәмілеге байланысты экономикалық пайда сатып алушыға түсуі ықтималы да бар;

5) Мәмілеге байланысты шегілген немесе күтілетін шығындар сенімді бағаланады.

58. Қызмет көрсету, жұмыс орындау кезінде кіріс операцияның есепті кезеңге операцияның аяқталу сатысына көрсету жолымен танылады.

Операцияның аяқталу сатысы орындалған жұмысты сенімді бағалауды қамтамасыз ететін тәсілмен анықталуы тиіс, атап айтқанда:

орындалған жұмыс туралы есептер;

көрсетілген қызметтердің, орындалған жұмыстардың жалпы көлемінен пайыз ретінде ұсынылған қызметтер;

шеккен шығындардың жалпы күтілетін шығындарға тепе-тең ара қатынасы.

Қызметтер көрсетуді ұйғаратын операцияның нәтижесі сенімді бағаланбаса, кіріс танылған өтелетін шығыстар сомасында ғана танылады.

Шарт бойынша ақша қаражатын алу күтілмесе, шарт бойынша болған шығындар сол күні шығын ретінде танылады.

59. Агенттік қатынас кезінде, принципиал атынан (агент (өкіл) жеке немесе заңды тұлға атынан әрекет ететін) жиналған сомалар агенттің табысы болып табылмайды (оның қызметкері болып табылмайтын, басқа тұлғаның (принципиалдың) атынан оның тапсырмасы бойынша және қызығушылығы үшін басқа тұлғамен (принципиалмен) уәкілдік еткен жеке немесе заңды тұлға). Комиссиялық сыйақыны алуға жататын сома табыс болып табылады.

60. Қаржыландырудан түскен кірістерге мыналар:

1) сыйақылар бойынша кірістер, онда қаржы активтері бойынша кірістер алуға пайдалануға ақша қаражатын бергені үшін байланысты операциялар көрсетіледі;

2) дивидендтер бойынша кірістер, онда бағалы қағаздар жөніндегі алынған дивидендтер бойынша кірістер алуға байланысты операциялар көрсетіледі;

3) қаржы лизингінен түскен кірістер жатады.

Қаржыландырудан түсетін кірістер, олар үшін жұмыс істелген кезеңде танылады.

61. Басқа кірістерге кірістердің мынадай түрлері:

1) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің шығарылуынан түсетін;

2) мемлекеттік субсидиялардан;

3) оң бағамдық айырмадан;

4) айыппұлдар, өсімақылар, шарттардың талаптарын бұзғаны үшін тұрақсыздық айыптары;

5) олар бойынша Азаматтық кодексте белгіленген қуыну мерзімі өткен кредиторлық берешек сомасы;

6) түгендеу кезінде айқындалған артық шыққан материалдық құндылықтар;

7) субъектіге келтірілген залалды өтеуге түскен түсімдер;

8) жалдаудан түскен кірістер;

9) өзгелер.

62. Шығыстар келешек кезеңдердің шығыстары және кезең шығыстары болып бөлінеді.

Болашақ кезеңдердің шығыстарына (жолға қойылған шығыстар) кірістер алу мақсатында немесе болашақта кейінгі қызметті жүзеге асыру үшін есепті кезеңде субъектінің активтерді пайдалану жөніндегі шығыстары жатқызылады. Есептеу және сәйкес келу қағидаттарына сәйкес болашақ кезеңдердің шығыстары осы операция бойынша кірісті таныған сәтке дейін актив ретінде субъектінің балансында капиталданады және тиісті кіріс танылған кезеңде шығыстарға біркелкі есептен шығарылады.

63. Кезең шығыстары жүргізілген есепті кезеңде есептен шығарылады (есептен шығару құқығы меншік құқығы берілумен бірге басталатын дайын өнімді қоспағанда).

64. Шығыстар егер сенімді өлшенуі мүмкін активті азайтуға немесе міндеттемелерді арттыруға байланысты болашақ экономикалық пайданы азайту болса, пайда және шығындар туралы есепте танылады.

Шығыстар, егер шығындар болашақ экономикалық пайда әкелмесе тез арада пайда және шығындар туралы есепте танылады.

65. Шығыс сондай-ақ өнімге кепілдік жөнінде міндеттемелер туындаған жағдайдағыдай активті танымай міндеттеме туындағанда пайда мен шығындар туралы есептен танылады.

66. Өндірілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша шығыстар өзіне қорлар шығындарын қосады. Қорларды сату кезінде, берілген қорлардың баланстық құны шығын ретінде өдірілген өнім, жұмыс, қызметтер жасалған үшін табыс танылған мерзімде танылады.

67. Қызметкерлер сыйақысы бойынша шығыстар қызметкерлердің еңбек ақысын, төленетін демалыстар, сыйақылар, қызметкерлерге төлемақылар мен басқа да төлемдерді қосады. Еңбекті төлеу бойынша есептілік ведомосі 2-қосымшаға сәйкес жасалады.

68. Қаржыландыру бойынша шығындар сыйақылар бойынша шығындар мен қаржылық лизинг бойынша пайыздарды төлеу шығындарын қосады. Қаржыландыру бойынша шығындар субъект қарыздар қалай пайдаланылатындығына қарамастан, олар тартылған кезеңнің шығыстары ретінде таниды.

69. Басқа шығыстарға, әдеттегі қызметке қарамастан туындайтын басқа шығыстар жатады. Оларға мыналар:

негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің шығарылуы бойынша шығыстар;

бағамдық айырма бойынша шығыстар;

үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар;

жалдау бойынша шығыстар және басқалар жатады.

70. Корпоративтік табыс салығы және бойынша жеке кәсіпкердің табыс салығы бойынша шығындар Қазақстан Республикасының салық заңнамасының; шарттары негізінде есептеледі.







Дата добавления: 2015-06-12; просмотров: 1112. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия