Студопедия — VII. Бәсеке мен монополия
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

VII. Бәсеке мен монополия






Мақсаты: Студенттерді нарықтық экономиканың ең қажетті, ең маңызды элементтерінің бірі-бәсекемен таныстыру.Бәсекенің ең маңызды экономикалық байланыс өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық байланыстарының ең маңызды механизмі ретінде түсіндіру. Қазіргі жағдайдағы монополияның және монополиялық бірлестіктің ролі, монополияға қарсы саясат.

Дәріс жоспары:

1. Бәсеке мәні, оның экономикадағы ролі.

2. Монополия және монополияға қарсы саясат.

Дәріс тезистері:

1. Бәсеке нарықтық қатынастардың мәнін білдіретін түсінік. Бәсеке – құрылымдық ұғым, ол бақталастық мінез-құлықтық ұғым. Монополия кезінде бақталастық жоқ. Жеке өндіруші артықтау жағдайға ие болып, ол өнімнің нарығын бақыласа, онда өндірістің монополиялық құрылымы пайда болады. Тіпті шағын кәсіпорынның өзіде монополист болуы мүмкін, егер оның тауар өндірісіндегі үлесі жоғары болса. Ірі корпорация монополиялық жағдайға ие болмауы да мүмкін, егер оның нарықтық қорқыны басқа өндірушілермен тепе-тең болса. Нарық жағдайын бақылай отырып, бәсеке жағдай жасау мен қолдау мемлекеттік антимонополиялық органдардың ісі болып табылады. Бәсекелестік ортаның қалыптасуына шағын және орта кәсіпорындар қызметінің еркіндігі ерекше роль атқарады.

Бәсекені нарықтағы өндірушілер арасындағы тауар ұсынысы мен бағасын білдіретін қатынас түрі деп білуге болады.Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке.Тұтынушылар арасындағы бәсекені де осылай түсінуге болады. Бәсеке дегеніміз нарық субьектілерінің тауарды пайдалы өткізудегі экономикалық қарсыластық. Бәсекенің жоқтығы монополияға әкеледі.Монополия-мемлекеттің,банктердің,мекемелердің үстемшілдік жасау құқығы. Нарық субьектілері көп болса, бәсеке дежоғары болады.Сондықтанда бәсеке мен монополия ұғымдары сыйымсыз.Батыс эксперттерінің айтуынша, бір заттың сатушысы 4-5 аз болмауы керек, егерде 4 фирма сатудың 80%-ін қадағаласа, онда нарық монополиясы болғаны.Бәсекенің классикалық үлгісін бос,баға бәсекесі дейді. Бәсекенің классикалық үлгісінің негізін салушы А.Смит болады.Бәсекенің классикалық үлгісі нарық экономикасы дамыған елдерде байқалады(18-19ғ-а).Бір де бір фирма тауардың бағасына әсер етпеу үшін нарықта өндірушілердің көп болғаны тиімді.Бәсеке бағалы және бағасыз болып екі әдіске бөлінеді.Бағалы бәсекенің әдісі бойынша нарықта бірдей заттар әр түрлі бағамен ұсынылады.Сатушы өз өнімінің бағасын төмендетіп,тұтынушылардың назарын аударып, нарықта үлкен табысқа жетеді.Бағалы бәсекенің ең негізгі әдісі-тауарлардың бағасын төмендетуі. Бағасыз бәсекенің ең бірінші өнімнің сапасын алға қояды.Бағасыз бәсекенің мықты құралы болып жарнама, маркетинг факторлары табылады.

Қазіргі замандағы рыноктер жетілген және жетілмеген бәсекелестік рыноктары болып бөлінеді.

А) Жетілген бәсекелестік рыногында ұқсас тауарларды сатушылар мен сатып алушылр саны көп.Бірде –бір сатушы мен сатып алушы сұранымды, тауардың рынокқа жетуін,тауардың бағасын бақылай алмайды.Бір сатушы бағаны рыноктың бағасынан жоғары ұстап тұра алмайды, өйткені тұтынушы сол тауарды басқа сатушыдан сол бағамен сатып ала алады.Мысалы: ауылшаруашылық өнімдерінің рыноктары (бидай,жеміс-жидектер).

Б) Бәсекелестік жетілмеген рыногында:

- монополиялық бәсеке рыногы;

-олигополия рыногы;

- таза монополия рыногы болып бөлінеді.

19 ғасырдың соңында классикалық бәсеке орнына монополиялық, бағасыз, жетілмеген бәсеке келді.Монополиялық бірлестіктер рыногы пайда болды.Жетілмеген бәсекелестік теориясын ағылшын экономисі Джоан Робинсон «Жетілмеген бәсекелестік экономикасы» еңбегінде ашты. Монополиялық бәсеке рыногында көптеген сатушылар ұқсас тауарларды сатады. Өнімдердің бір-бірінен сапа, сыртқы көрінісімен, ассортиментімен, қызметімен ажыратылады. Бұндай модельге киім, аяқкиім, азық-түлік, бензин сату модельдері жақын.

Олигополия рыногында (аз сатушы) бірнеше сатушы рыноктағы бағаны қадағалап, бақылап отырады. Таза монополия рыногында тек қана бір сатушы болады.Бір түрлі өнімді 100% өздері сатады.Ұқсас тауар болмайды.Таза монополия ретінде жергілікті қоғамдық пайдалану мекемелерін көрсетуге болады: телефон байланысы,электроснабжение.

2. Монополия (грек.сөздері «моно» - біреу, «полео» - сатушы) – бұл жеке меншікте (жеке, топтық немесе акционерлік) болатын әрі салаларға, нарықтарға және тұтас макроэкономикаға монополистік жоғары баға қойып, монополистік пайда табу мақсатымен билік жүргізетін ірі шаруашылық бірлестіктер.

Монополистік бірлестіктердің тарихи формалары:

1) Қарапайым бірлестіктер (конвенциялар, пулдар, рингтер – түрлі елдерде түрлі атаулар бар) – бұл баға туралы уақытша келісімдер. Олардың мүшелері өз мойындарына тауарларын бірыңғай бағамен сатуға міндеттеме алатын.

2) Картель - өнеркәсіптің бір саласындағы бірқатар кәсіпорындар бірлестігі.

3) Трест – бұнда өнеркәсіптің бір немесе бірнеше саласының бірқатар кәсіпорындарының меншігі мен басқаруы олардың коммерциялық та, өндірістік те дербестігі жоққа шығарыла отырып біріктіріледі.

4) Синдикат – бұл өнеркәсіптің бір саласының бірқатар кәсіпорындарын олардың коммерциялық дербестігін жоққа шығара отырып біріктіру (өнім синдикатқа тапсырылады, ал ло өзінің өткізу ұйымдары арқылы сатады).

5) Комбинат – макроэкономиканың түрлі, бірақ бір-бірімен байланысты салалары кәсіпорындарының бірігуі.

6) Концерн – бұл макроэкономиканың бірқатар түрлі салаларын олардың акцияларын сатып алу арқылы қаржылық бақылау орнату жолымен біріктіру.

Қазақстан Республикасында 1998 жылдың 9 шілдесінде «Табиғи монополиялар» туралы Заң қабылданды, 01.2001 жылы «Монополияны шектеу және бәсеке» туралы Заң қабылданды. Монополияға қарсы заң бірінші рет 1890 жылы АҚШ-та «Шерман Заңы» атымен қабылданды (автор).

Табиғи монополияға қызмет көрсетуші салалар жатады (халыққа газ, свет, энергия, су, ТВ қызметін көрсетуші, теміржол және әуе транспорты).

Көрнекіліктер: Кесте № 4 «Бәсеке түрлері»

Әдебиеттер:

1. Әубакиров Я.А. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 1998.

2. Әкімбеков С, Баймухаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Астана, 2002. 46 бет.

3. Жүнісов Б.А., Комягин И., Байжомартов Ү., Мәмбетов Ұ. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 1994.

4. Осипова Г. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2002.

5. Симкина А. Общая экономическая теория. П, 2002.

6. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. экономикалық теория. Оқу құралы. 1-бөлім. Алматы, Экономика. 2004. 6 бет.

Бақылау сұрақтары:

1.Бәсекенің түрлері және әдістерін атаңыз?

2.Жетілген және жетілмеген бәсекенің айырмашылығы неде?

3.Жасанды монополия дегенеміз не?

4.Мемлекеттің монополияға қарсы саясатының мәні неде?

 

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 1657. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия