Студопедия — ТОҚ ІШЕК ҚҰРЫЛЫСЫ,ҚЫЗМЕТІ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ТОҚ ІШЕК ҚҰРЫЛЫСЫ,ҚЫЗМЕТІ






Тоқ ішек (intestium crassum) - жіңішке ішектің шетінен артқы тесікке дейін созылып жатыр. Жалпы ұзындығы 1,0 мен 1,5 м. Caecum аймағында 7 см-ге жетеді.

Ерекшеліктері:

1. Ерекше бойлық бұлшықетті таспалардың, teniae coli, болуы

2. Өзіне тән қампаймаларының, haustra coli, болуы

3. Майы бар сірлі қабық өсінділерінің, appendices epiploicae,болуы.

Құрылысы:

· Caecum, соқыр ішек тоқ ішектің басталатын жерінен оған жіңішке ішек құятын жерге дейінгі бірінші бөлігі болып табылады. Тік шамасы 6 см, көлденең шамасы 7ө7,5 см.

· Colon acsendens, жоғарылаған жиек ішек соқыр ішектің тікелей жалғасы болып табылады. Және екеуінің арасындағы шекара-ж343шке ішектің құяр жері.Ол осы жерден жоғары және сәл артқа қарай өтіп,бауырдың төменгі бетіне жетіп, осы жерде солға және алға қарай жиек ішектің оң иілімін- flexura coli dextra, түзіп, colon transversum -ге ауысады.

· Colon transversum, көлденең жиек ішек, ішектердің ішіндегі ең ұзыны, flexura coli dextra дан көкбауырдың тқменгі шетіндегі flexura coli sinistra ға дейін созылады. Ол жерде жиек ішек екінші иілім жасап, colon descendens ке ауысады.

· Сolon descendens, төмендеген жиек ішек, flexura coli sinistra дан төмен қарай, іш қуысының сол жағымен өтіп, мықын қыры деңгейінде colon sigmoideum ге ауысады.

· Сolon sigmoideum, сигматәрізді жиек ішек, төмендеген жиек ішектің жалғасы болып табылады. Тік ішектің басталатын жеріне дейін созылады.

Rectum, нәжіс массасының жиналуы үшін қажет

БЕЗДЕР

21.Бауыр,hepar,көлемді безді ағза.Массасы 1500г-ға жуық.Бауырдың қызметі әртүрлі,ол ең алдымен шығару түтігі арқылы он екі елі ішекке келетін өт түзетін үлкен ас қорыту безі болып табылады.Оған бөгеу,тазарту қызметі тән:қанмен бауырға келетін белок алмасуының улы өнімдері бауырда нейтралданады.Бауыр зат алмасудың барлық түріне қатысады,ішектің шырышты қабығы сіңіріп алатын көмірсулар бауырда гликогенге айналады.Бауыр гормональдық қызметте атқарады.Эмбриондық кезеңде оған қан түзу қызметі тән,өйткені ол эритроциттер түзеді.Бауыр-асқорыту,қанайналым және гормоналды алмасумен қоса зат алмасудың барлық түрлері өтетін ағза.Бауыр тікелей көкеттің астында іш қуысының жоғарғы бөлігінің оң жағында орналасқан.Бауыр оң және сол жақ үлесті ажыратады.Оң үлес lobus hepatus dexter,ал сол үлес lobus hepatus sinister деп аталады.Бауырдың сірлі қабығының астында жұқа фиброзды қабық tunica fibrosa жатады.Ол бауыр қақпасы аймағында тамырлармен бірге бауырға еніп,бауыр үлесшелерін құрайды.Бауырдың үлесшелерінің арасында өт түтігі орналасқан.Олар бауыр үлесшелерінен шығып үлесшеаралық түтікшелерге құяды.Бұдан бауыр түтігі түзіледі.Жалпы бауыр түтігі екі түтіктен,кейде үш,төрт,бес түтіктен құралады.Бауырда екі веналар жүйесі бар:1)қақпалық; 2)кавалды

21.Ұйқы без pancreas асқазанның артында ұзындау келіп,көлденең бағытта орналасқан паренхиматозды мүше.Ересек адамдарда ұзындығы 14-18см көлденең ені 3-9см қалыңдығы 2-6см түсі бозғылт қызыл түсті.Ішастармен экстраперитонеалді жағдайда жауып орналасқан.Топографиялық орналасуына байланысты басы,денесі,құйрығы ажыратылады.

Ұйқы бездің басы caput pacreatis алдынан артына қарай қалыңдау орналасқан.Сонымен бірге басынынң алдыңғы,төменгі бетінде ілмек тәрізді өсінді processus uncinatus және басымен денесінің шектескен жерінде тілігі insizura орналасқан.Ұйқы бездің басында қосымша ұйқы без түтіктеріқалыптасып он екі елі ішектің кіші бүртігіне ашылады.

Денесі corpus pancreatisүшқырлы призматәрізді йқы бездің алдыңғы беті facies anterior артқы беті facies posterior ажыратылады. Сонымен бірге 3 жиегі жоғарғы жиегі margo superior,алдыңғы жиегіmargo anterior,төменгі жиегіmargo inferior ажыратылады.

Құйрығы cauda pancreatic басына қарағанда жоғары бағытталып,көкбауырдың төменгі қапталында орналасқан.

Топографиясы Ұйқы без іш қуысының жоғарғы бөлігінде ішастардың артында және кіндік пен сол қабырғаастылық амаққа тұспалас орналасқан.Скелетопиясы:ұйқы бездің басы омыртқа бағанасының оң қапталында 1-3 бел омыртқаларының аралығында орналасқан.Денесі 1-бел омыртқа тұсында құйрығы 11-12 кеуде омыртқаларының тұсында орналасқан. Синтопиясы:артқы беті төменгі қуыс венамен v.cava inferior және көкетпен шетескен;төменгі еті оғарғы шажырқайлық артериямен a.mesenterica superior шектеседі

Ұйқы без құрылысы:ол құрылысы жағынан күрделі түтікті ұяшықты бездерге және ішкі секреция бездеріне жатады.Бойынан бөлініп шығатын сұйықтығының атқаратын қызметіне қарай аралас бездерге жатады.Ұйқы бездің негізгі массасын ұйқы бездің бөлшегі құрап ол сыртқы секреторлық қызмет атқарады. аралығында ұйқы бездің ішкі секреторлық,инкреторлық немесе эндокринді бөлігі ұйқы бездің аралшық аппараты орналасады.Аппараттың құрамында 4жасушаны ажыратады.олар қан мен лимфаға гормон бөледі.Ұйқы бездің қанмен қамтамасыз етілуі:Ұйқы бездә алдыңғы және артқы жоғарғы ұйқы без он екі елі ішек артериялары,aa.pancreaticoduodenalis superior anterior et posterior және төменгі ұйқы без 12 елі ішек артериялары,aa.pancreaticoduodenalis inferior қанмен қамтамасыз етіп бұл артериялардыңьтармақтары ұйқы без тінінде өзара анастомоз құрады.Ұйқы без веналары көкбауыр венасына, ол өзі қақпа венасының құйылымы.Ұйқы безден лимфа тамырлары ұйқы без,ұйқы без 12елі ішек,пилорикалық және бел лимфа түйінде бағытталады.Ұйқы безді кезбе нервтің тармақтары мен құрсақ сабауының симпатикалық нервтері нервтендіреді.

23.Ішастар және оның туындылары.

Ішастар, peritoneum, іш қуысындағы мүшелерди тұйық жауып орналасқан сірлі қабық. Теқ қана әйел адамдарда бұл сірлі қуыс жатыр түтігінің тесігі арқылы сыртқы ортамен байланысқан. Ішастар топографиялық орналасуына қарай: париеталді бөлікке- peritoneum parietalis, және мүшелердің бетін тікелей жауып орналасқан, мүшелік немесе висцералді бөлікке – peritoneum visceral бөлінеді. Ішастардың париеталді және висцералді бөліктері бір-бірімен өзара беттесіп, саңылау түрінде орналасқан қуыс, ішатарлық қуысты-cavitas peritonei түзеді. Аралығында қозғалыс кезінде ішкі мүшелердің беттерінің үйкелістерін жеңілдету үшін ылғалдауға сірлі сұйықтық орналасқан.

-Іш қуысы ішастарының туындыларына жекелеп талдау жасап, олардың топографиялық орналасу орнына және практикалық мәніне тоқталу үшін іш қуысын 3 қабатқа: а) жоғарғы қабат-көкеттен тоқ ішектің көлденең жиек ішегіне дейін; ә) ортаңғы қабат-тоқ ішектің көлденең жиек ішегінен кіші жамбас қуысына дейін; б) кіші жамбас қуысына бөледі. –Іш қуысының жоғарғы қабаты, көкет пен тоқ ішектің кқлденең жиек ішегінің аралығында орналасқан. Ішастардың іш қуысының жоғарғы қабаттағы туындыларына қатпар, жалғамалар, шарбылар жатады. Топографиялық орналасуына қарай өзара бір-бірінен шектеліп орналасқан: бауыр, шарбы және асқазаналды қапқа бөлінеді. А) Бауыр қабы-bursa hepatica, жоғарғы қабырғасы-көкетпен;медиалді қабырғасы-әшастардың орақ тәрізді байламымен, артқы қабырғасы- тәждік байламмен шектеледі. Құрамында: бауырдың оң үлесі. Ә) Асқазаналды қабы-bursa pregastrica, ол бауырдың орақ тәрізді байламының сол жағында орналасқан.Құрамында: бауырдың сол үлесі, асқазан, көкбауыр және ұйқыбез. Б) Шарбы қабы-bursa omentalis, ол жалпы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Алдыңғы қабырғасы: кіші шарбы мен асқазанның артқы беті; жоғарғы қабырғасы: бауырдың құйрықты үлесі; төменгі қабырғасы: үлкен шарбының артқы беті мен тоқ ішектің көлденең жиек ішектің шажырқайы; артқы қабырғасы: іш қуысының артқы қабырғасын, сол бүйрекүсті безін, ұйқыбезді жауып орналасқан париеталді ішастар табағы құрайды. Ішастардың іш қуысының ортаңғы қабатындағы туындыларына: қалталар, қойнаулар, өзектер, шажырқайлар жатады. Шажырқайдың түбірі арқылы іш қуысының ортаңғы қабаты: оң және сол жақ қойнауға, sinus mesentericus dexter et sinister, немесе үшбұрыштарға бөлінеді. – Оң шажырқайлық қойнау- sinus mesentericus dexter, үшбұрыш тәрізденіп, ұшы жоғары қарап, табаны төмен қарап, аш ішек пен мықын ішек шажырқаының оң жақ қапталында орналасқан. – Сол шажырқайлық қойнау- mesentericus sinister, жіңішке ішектің шажырқайының сол жағында үшбұрыш тәрізденіп орналасқан.

 

24.Қол артериялары,беткей және терең веналары. Иық артериясы-a.brachialis-қолтық артериясының тікелей жалғасы болып табылады.Иық артериясының тармақтары: 1.a.profunda brachii-терең иықтың артериясы. 2.A.collateralis ulnaris superior-шынтақтың жоғарғы жанама артериясы. 3. A.collateralis ulnaris inferior-шынтақтың төменгі жанама артериясы.Кәрі жілік а.-a.radialis-бағыты жағынан иық артериясының жалғасы болып табылады.Шынтақ а.-a.ulnaris-иық артериясының екі соңғы тармақтарының бірі болып табылады.Қол ұшы доғалары мен артериялары.Білезік аймағында екі топ бар: біреуі алақан торы-rete carpi palmare, екіншісі қол сырты торы-rete carpi dorsalе.Қол веналары терең және беткей болып бөлінеді.Беткей н/е теріасты веналары,өзара анастомозданып,кеңтұзақты тор түзеді,оның әр жерінен ірілеу сабаулар бөліктеніп шығады.Бұл сабаулар мыналар: 1.V.cephalica-қолдың латералды теріасты венасы.2. v.basilica-қолдың медиалды теріасты венасы.3.V.intermedia cubiti-аралық шынтақ венасы.Терең веналар әдетте әрбәр аттас артериялардың қасында екіден қосарлана жүреді.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 4271. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия