Студопедия — Тақырып. Коммерциялық банктердің қор нарығындағы операциялары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Коммерциялық банктердің қор нарығындағы операциялары






Жалпы банк қызметіндегі инвестицялаудың өзіндік ерекшелігі бар. Кең мағынада, банктік инвестиция - пайда табу мақсатында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы.

Ал, тар мағынада, банктік инвестиция - табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.

Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп негізгі капиталға жұмсаған қаражаттарды да түсінуге болады.

Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады.

Банктердің инвестициялық саясаты - банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелілігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Жалпыға ортақ бағалы қағаздар портфелінің қалыптасу принциптеріне мыналар жатады:

- қауіпсіздік;

- табыстылық;

- өтімділік;

- капиталдың өсуі.

Бағалы қағаздар портфелін басқарудың екі әдіс бар: активті және пассивті. Активті басқару әдісі бағалы қағазбен тұрақты жұмыс жасауды сипаттайды. Активті басқарудың әдістері мынадай жолдармен жүзеге асады:

- белгілі бір бағалы қағаздарды таңдау;

- бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату мерзімін белгілеу;

- бағалы қағаз портфелінде тұрақты свопинг (ротация) жүргізу.

Егерде ҚР Ұлттық банкі қайта қаржыландыру мөлшерлемесін төмендетін болса, онда төменгі купондық табысы бар ұзақ мерзімді облигацияларды сатып алған дұрыс, себебі, қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің төмендеуі облигация бағамын жоғарлатады. Мұндай жағдайда купондық табысы жоғары қысқа мерзімді облигацияларды сатып жіберу қажет, өйткені олардың бағамы төмендеуі мүмкін.

Бағалы қағаздар портфелін пассивті басқару мынадай әдістер арқылы іске асады:

- диверсификациялау;

- индекстік әдіс;

- портфелді сақтау.

Диверсификациялау әдісі бағалы қағаздар портфелін әр түрлі қағаздардан қалыптастыру шараларын білдіреді. Диверсификацияланған портфелдің құрылымы инвестор-банктердің мақсатымен сәйкес келуі қажет.

Индекстік әдіс бойынша басқарғанда белгілі бір портфелді эталон ретінде алады. Эталон-портфелдің құрылымы белгілі бір индексермен сипатталады. Бұл әдісті пайдалану қиындығы негізінен эталон ретінде портфельді таңдаумен байланысты.

Портфелді сақтау әдісі портфелдің жалпы сипатының деңгейін сақтау және оның құрылымын қолдап отыруды білдіреді. Бағалы қағаздармен ірі сомада операция жүргізгенде, олардың бағамдарында өзгерістер болуы мүмкін, ол өзгерістер өз кезегінде, активтердің ағымдағы құндарының өзгеруіне жол береді. Айталық, компанияның акционерлерінің сатқан акцияларының құны олардың сатып алғандағы құнынан жоғары болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, бағалы қағаздар портфелінің бір бөлігін сату қажет, сол арқылы, компанияға қайтарған акционерлерді акцияларының құндары өтеледі. Сондай-ақ акционерлердің акцияларды компанияға көп мөлшерде сатуы, олардың бағамдарының төмендеуіне жол беріп, нәтижесінде компанияның қаржылық жағдайына теріс әсер етеді.

Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды сипаттайды.

Заңмен рұқсат етілген елдердегі коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын мынадай үш топқа бөлуге болады:

- банктің эмитент ретіндегі операциялары;

- инвестор ретіндегі операциялары;

- делдал ретіндеге опеациялары.

Коммерциялық банктер эмитент ретінде төмендегідей бағалы қағаздарды шығарады: акция, облигация; банктік сертификат; вексель; туынды бағалы қағаздар.

Акцияларды шығару арқылы банктер акционерлік қоғам ретінде құрылып, оның жарғылық капиталын қалыптастырады.

Облигация, сертификаты және вексельді шығару арқылы банктер қосымша қаражаттар тартады және төлем құралын айналысқа шығарады.

Банктің инвестор ретіндегі қызметі нәтижесінде банктің бағалы қағаздар портфелі қалыптасады.

Бұл жерді банктер табыс алу мақсатында өзге эмитенттердің бағалы қағаздарына қаражаттарын салады. Әрине қаражат салуда мынадай факторларды ескереді:

- тәуекел деңгейі;

- өтімділік дәрежесі;

- табыстылық.

Тәуекел – бұл қор нарығындағы өзгерістердің әсерінен бағалы қағаздардың нарықтық құндарының төмендеу қауіпін сипаттайды.

Тәуекел деңгейіне қарай бағалы қағздар тәуекелсіз және тәуекелді деп екіге бөлінеді. Тәуекелсіз бағалы қағаздарға тек қана мемлекеттің бағалы қағаздарын жатқызуға болады.

Тәуекел деңгейіне қарай бағалы қағздар тәуекелсіз және тәуекелді деп екіге бөлінеді. Тәуекелсіз бағалы қағаздарға тек қана мемлекеттің бағалы қағаздарын жатқызуға болады. Қалған бағалы қағаздардың барлығы тәуекелді бағалы қағаздарға жатады.

Мемлекеттің бағалы қағаздары – эмитенті мемлекет болып табылатын мемлекетттің ішкі қарызының болу формасы немесе борыштық бағалы қағаздарды білдіреді.

Мемлекеттің бағалы қағаздарын мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер шығарады.

Демек, қандайда да бір бағалы қағазды сатып алу барысында банк инвестор ретінді эмитенттің қызметіне байланысты туындайтын және оған қатыссыз болатын тәуекелге баратыны сөзсіз. Мұндай тәуекелді екі түрге бөледі:

- Жүйелік тәуекел, яғни эмитент компанияның қызметіне байланыссыз тек қана нарықтағы өзгерістергі тиеслі экономикалық факторларға негізделген тәуекел. Мұндай тәуекел диверсификациялауға жатпайды, сондықтан оны диверсификацияланбайтын тәуекел деп атайды.

- Жүйелік емес, яғни эмитенттердің қызметіне негізделген тәуекел. Мұндай тәуекелдерді инвестициялық қоржынды диверсификациялау арқылы немесе өзге эмиттенттердің бағалы қағаздарына қаражат салу арқылы қалыпқа келтіруге болады.

Тәукелдің алдын алу үшін банктер қоры нарығына мынадай талдаулар жүргізеді:

- түпкілікті талдау;

- техникалық талдау.

Түпкілікті талдау эмитенттің табысын, сату көлемін, активі мен пассивін, меншікті капиталға қатысты пайдасын және менеджментінің деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерге баға беруді білдіреді. Талдау көзіне эмиттентің пайда немесе зиян туралы есебі, балансы және өзге құжаттары жатады.

Техникалық талдау эмиттенттің бағалы қағазына деген сұраныс пен ұсынысты, олармен жасалған операциялар көлемі және бағамын бағалауды сипаттайды.

Банк қаражтарының бір бөлігін мемлекеттік емес бағалы қағаздарға орналастырады. Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға корпоративтік бағалы қағаздарды жатқызамыз.

Корпоративтік бағалы қағаздарды корпорациялар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және өзге кәсіпорындар мен ұйымдар шығарады.

Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады: акциялар; облигациялар; ипотекалық куәліктер; фьючерс және опцион; депозитарлық қолхаттар.

Осылардың ішінде инвестицялау операциялары акциялар мен облигацияларға байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы әлі өз деңгейінде дами қойған жоқ.

Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

Акцияға инвестициялаудан банк дивидент түрінде табыс алады. Жай акция бойынша дивидент мөлшері белгіленбейді және оның көлемі акционерлік қоғамның пайдасын тікелей тәуелді болып табылады.

Облигацияоның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып беру туралы міндетемесін растайтын бағалы қағаз.

Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылыған қарай екі түрге бөлінеді:

- Купондық облигация - инвестор-банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;

- Дисконттық облигация - инвестор-банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арысындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.

Депозиттік және жинақ сертификаттарын банктердің өздері шығарады және оған инвестиция жұмсайды.

Банктік сертификаттар бағалы қағаз болып табылатындықтан, олар инвесторлар тартуға мүмкіндік береді. Шетел тәжірибесінде банктік сертификаттар мемлекеттің бағалы қағаздарынан кейін тұрақтылығы мен өтімділігі жағынан екінші орынды алады.

Ипотекалық куәліктер – бұл ипотекалық несиенің қамтамасыз беру барысында кепілге алынған жылжымайтын мүлік құнымен қамтамасыз етілген, яғни базалық активі жылжымайтын мүлік туынды бағалы қағаз.

Қазақстанда мұндай бағалы қағаздарды Қазақстан Ипотекалық команиясы екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп шығарып отыр. Банктер мұндай қағаздарды сатып алуға ынталы, себебі олар өтімді және тұрақты, сондайақ табысты бағалы қағаздар түріне жатады.

Депозитарлық қолхат – депозитар банкте сақталған шетел компанияларының акцияларына шығарылған туынды бағалы қағаз.

Мұндай бағалы қағаз сертификат немес құжатсыз формада айналысқа шығарылады.

Шетел тәжірибесінде екі депозитарлық қолхат кеңінен қолданылады:

1. АДР – американдық депозитарлық қолқат, яғни тек америка қор нарығына айналысқа жіберілген.

2. ГДР - ғаламдық депозитарлық қолқат, онымен Еуропа қор нарығында және өзге елдерде операциялар жүзеге асыруға болады.

Туынды бағалы қағаздар – құны базалық активтің құнына тәуелді болып келетін екінші реттегі бағалы қағаздар.

Банктердің туынды бағалы қағаздармен операцияларына фьючерс және опционмен жасалатын операцияларды жатқызуға болады.

Фьючерс – мәмілеге қатысушы тараптардың келісім-шарт жасаған уақытта бекіткен бағасы бойынша алдағы уақытта немесе белгілі бір мерзімнен кейін биржалық активті сатып алу-сату туралы стандартты биржалық контрактіні білдіреді. Мұнда биржалық активке бағалы қағаздар, соның ішінде акциялар жатады.

Опцион – сатушының белгілеген күнінде немесе одан бұрын базалық активті сатып алуға (сатуға) құқық алатын немесе сыйақы төлеп қана мәміленің орындалуынан бас тартуға құқылы, біреуі осы котрактінің иесі (немесе сатып алушысы) болып табылатын екі қатысушысының арасында жасалатын келісім-шарт.

Опционның екі түрі болады: опцион “колл” және опцион “пут”. Опцион “колл” бағалы қағазды сатып алуға құқық берсе, ал, опцион “пут” оны сатуға құқық береді.

Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларда делдал ретінде бола отырып, банктер клиенттердің тапсырмалары бойынша оларды сату, қайта сату, сақтау, есепке алу, басқару және табыстарын алу сияқты операцияларды орындайды.

ҚР екінші деңгейдегі банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асырады: брокер қызметі, дилер қызметі; депозитарий қызметі; кастодиандық қызмет; тізілім жүргізуші немесе тіркеуші қызметі; бағалы қағаздарды басқару.

Брокер қызметі – кленттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен бағалы қағаздармен операциялар жүргізу.

Дилер қызметі - өзінің атынан және өзінің есебінен бағалы қағаздармен сауда-саттық операцияларын жүзеге асыру.

Депозитарий қызметі – бағалы қағаздардың иелерін құқықтарын есепке алу және растауға, бағалы қағаздармен мәміле жасауда техникалық жағынан қамтамасыз етумен байланысты банктердің қызметі.

Кастодиан қызметі – бағалы қағаздарды сақтаумен және олармен жасалатын мәмілеге бақылау жасаумен байланысты банктердің қызметі.

Бұл аталған кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға банктердің арнайы лицензиясы болуы тиіс.

Қазақстанда брокер-дилер қызметіне кешенді лицензия беріледі. Оның екі түрі бар:

- 1-санатты брокер-дилер қызметіне арналған, яғни номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шотын жүргізуге арналған;

- 2-санатты брокер-дилер қызметіне арналған, яғни клиенттердің шотын жүргізуге құқық бермейтін.

Сонымен қатар, банктер бағалы қағаздармен андеррайтинг қызметін жүзеге асырады. Андеррайтинг қызметі – эмитентпен келесім-шарт негізінде жаңа шығарылған бағалы қағаздарды орналастыруға байланысты брокер-дилер қызметін сипаттайды

Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг – бұл бағалы қағаздарды сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаражаттың келіп түспейтіндегі туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді.

 

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі: [ 4. 39-48, 5. 38-47, 6. 41-54 бет],

Қосымша: [ 5. 3-11 бет]

 

Бақылау сұрақтары

1) Банктің инвестициялық операциялары дегеніміз не?

2) Мемлекеттің бағалы қағаздарының инвестициялау тиімділігі неде?

3) Мемлекеттік бағалы қағаздарға нелер жатады?

4) Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға не жатады?

5) Банктердің мемлекеттік емес бағалы қағаздармен операциялары қалай жүзеге асады?

 







Дата добавления: 2015-06-12; просмотров: 2633. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия