Студопедия — ДЕБИЕТТАНУ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ДЕБИЕТТАНУ






Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайында» алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 ж. Москвада шығарды. Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі. Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі — мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады.Байтұрсынұлы Еуропа жұртындағы сындар әдебиетінің бай тәжірибесін меңгеруге бет алушылық, қазақ көркем сөз ізденістерінде сәйкестік, үйлесімділік тапқанын айтады. Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетінің даму процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар әдебиетіне ортақ сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады.Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар.

Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек», А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.

Лекция. Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920). а/Шығармашылық өмірбаяны. ә/ Лирикасы. Кедей», «Қайғы», «Айтыс» поэмалары. д/ Көсемсөз саласына қоқан үлесі. е/ Сұлтанмахмұт мұрасының зерттелуі

Қамтылатын мәселелер:

1. Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920).

2. а/Шығармашылық өмірбаяны.

3. ә/ Лирикасы. Кедей», «Қайғы», «Айтыс» поэмалары.

4. д/ Көсемсөз саласына қоқан үлесі.

5. е/ Сұлтанмахмұт мұрасының зерттелуі

XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және тарихи-әлеуметтік оқиғаларға, қазақ, жеріндегі өзгерістерге өзінің азаматтық, ақындық үнін қосқан талантты қазақ ақындарының бірі — Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ақын өмір сүрген тарихи кезең патшалық Ресей жеріндегі алапат сілкіністер мен төңкерістер заманы еді. Сол себепті де Сұлтанмахмұттың ой-санасы ерте оянды. Жасынан жетімдік пен жоқшылықтың қиындығын көп көрген ол айналасына сергек қарады. Алдына биік-биік мақсаттар койды. Соған жетуді ойлады. Ілгері ұмтылды. Оқуға, білуге құштар болды. Мақсатын, жүрек қалауын қашанда ашық айтты:

Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,

Разымын, не көрсем де осы жолда.

Шаршармын, адасармын, шалдығармын,

Бірақ бір табамын деп көңілім сонда,- деп өзі айтқандай, ақынның барлық саналы өмірі шындыққа, әділетті заманына жетсем, жақсылықты көрсем, халқыма осы жолда қызмет етсем деген ізгі арманның жетегінде өтті. Сол жолда өзінің қиналатынын, шаршайтынын, адасатынын сезсе де, қайраткер ақын оның бәріне көнуге өзіне-өзі серт береді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында осындай жігермен алға ұмтылған ол туған халқының тарихындағы от жүректі ақын әрі қоғам қайраткері, ұлтын шексіз сүйген азамат дәрежесіне көтерілді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 29 қазанда қазіргі Ақмола облысының Қызылту ауданында туады. Бір жасында анасы өліп, әжесінің тәрбиесінде болған оның балалық, жастық шағы Баянауыл өңірінде өтеді. Кедейлігінен "ІПоқпыт" атанған әкесі Әбубәкір ақ көңіл, жомарт әрі айтқанынан қайтпайтын қайсар да қайратты адам болады. Сұлтанмахмұт алты жасында әкесінен оқып, хат таниды. Бұдан кейін де Шоқпыт бірде өзі оқытып, енді бірде ауыл молдаларына беріп, баласының оқуын үзбейді. Болашақ ақын 1902—1903 жылдары — Әлі, 1904—1905 жылдары — Тортай, 1906—1907 жылдары Мұқан деген молдалардан дәріс алады. Сұлтанмахмұт үшін әсіресе Мұқан молданың тәрбиесі ерекше болады. Мұқан молда көп оқыған, әдебиеттен хабары бар, өзі де аздап өлең жазатын адам болады. Оқушыларын үнемі қазақ ауыз әдебетінің, шығыс әдебиетінің үлгілерімен таныстыра отырып, шәкірттерін өлең жазуға баулады.

Сұлтанмахмұттың он үш жасында жазылған "Секілді өмір қысқа, жарты тұтам" деп аталатын алғашқы өлеңі, міне, осы Мұқан молданың ықпалымен туған еді.

Секілді өмір қысқа, жарты тұтам,

Надандар деп ойлап жүр өмірді ұтам.

Аз өмірді ақындық жолға бердім,

Лепес қьш түкірген соң молда Мұқан, — деп жазады бұл өлеңінде болашақ ақын.

1908—1910 жылдары Сұлтанмахмұт Баянауылдағы медреседе оқиды. 1911 жылы Троицк қаласынан көрші ауылға келіп, молдалық құрған Нұрғалидан дәріс алады. Нұрғалидың көмегімен бұл кезде ол қазақ, татар тілінде шыққан кітаптарды, газет-журналдарды көп оқиды. Өлең, әңгіме жазуға ден қояды. Білімі толысып, өнерге құштарланған Сұлтанмахмұт қаламынан бұл кезеңде "Дін", "Сарыбас", "Соқыр сопы", "Кезек қашан келеді", "Оқу" атты бірқатар өлеңдер мен "Зарландым" деген әңгіме туады. Оларда талапкер ақын ескі оқу мен жаңа оқудың айырмасы, өнер мен білімнің пайдасы, байлық пен кедейлік, т.б. туралы толғанады.

1912 жылдың күзінде Сұлтанмахмұт оқу іздеп Троицк қаласына барып, осындағы медресеге түседі. Қуанышында шек болмайды. Көңілін шабыт кернеп, "Оқудағы мақсат не?", "Анау-мынау", "Қандай?", "Зарлау" тәрізді бірқатар өлеңдерін жазады. Әйтсе де бұл медреседе көп оқи алмайды. Қыс өте науқастанып, амалсыздан Троицк маңындағы қазақ ауылдарына барып, бала оқытады. Өзі де көп оқиды, өлеңдер жазады. Осында жүріп "Ауырмай есімнен жаңылғаным" деген белгілі әңгімесін жазады. 1913 жылдың күзінде Троицкіге оралып, осында шығатын "Айқап" журналына қызметке орналасады. Бұл Сұлтанмахмұттың шығармашылық жолындағы аса абысты кезең болды. Шабыты толысқан ол әр түрлі жанрда көптеген шығармаларын жазады. Атап айтқанда, "Қамар сұлу" романы, "Өлең және айтушылары", "Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан", "Қазақ ішінде оқу оқыту жайы қалай?" деген тәрізді мақалалары, бірсыпыра өлеңдері осы "Айқап" редакциясында қызмет істеп жүрген уакытында дүниеге келеді. Осында жүріп "Тентектің жинаған шоқпары", "Тамшы" атты жинақтарын әзірлейді. Өкінішке орай, бұл кітаптары жоғалып кетеді.

1914 жылдың жазында ауылда біраз болып, қаржы жинап, үлкен қалалардағы оқуға бармақ ниетпен Сұлтанмахмұт Баянауылға келеді. Ел ішінде бала оқытады, жастар арасында оқуға, мәдениетке шақыратын насихаттық жұмыстар жүргізеді. "Шоң" деп аталатын мәдени-ағарту ұйымын құрады.

Күзде орысша оқу мақсатымен Семейге барады. Бірақ оқуға іліне алмайды, қаржысы таусылады. Көп қиындық көреді. Ақырында Шығыс Қазақстандағы Қатонқарағай деген жерге барып, екі жылдай осы аймақта бала оқытады. Арасында өзі де орысша оқиды. Бірқатар өлеңдерін, "Кім жазықты?" деп аталатын өлеңмен жазылған романын жазады.

1916 жылдың күзінде Томскіге барып, курсқа ілігеді. Әдебиет, тарих, философия кітаптарын көп оқиды. Қиындықтарға кездеседі, жоқшылық көреді.

Ресей патшасы тақтан құлаған 1917 жылдың көктемінде Сұлтанмахмұт Семей қаласына келеді. Қазақтың оқыған азаматтарымен танысады, араласады, қызметке кіреді. Алаш қозғалысына белсене ат салысады.

1918 жылдың жазында кеңес өкіметі құлаған аласапыран тұсында емделу мақсатымен Сұлтанмахмұт Баянауылға келіп, шығармашылық жұмысын жалғастырады. "Социализм" атты мақала, "Неге жасаймын?", "Осы да әділдік пе?", "Адасқан өмір", "Кедей" поэмаларын жазады. Бұл шығармаларында ақын айналасына көзқарасын білдіреді, өмірге үмітпен қарайды. Өзінің демократтық ой-пікірлерін, түсінігін алға тартады.

1919 жылдың соңында Сұлтанмахмұт Павлодарға келіп, біраз уақыт кеңес өкіметіне қызмет етеді. Бірақ көп ұзамай бойындағы науқасы меңдеп, төсек тартып жатып қалады. 1920 жылы 20 мамырда 27 жастағы Сұлтанмахмұт дүние салады.

Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қысқа ғұмырында халқына мол әдеби мұра қалдырып кетті. Ол әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек еткен талантты қаламгер еді. Оның қаламынан жүзден астам өлең, бес-алты поэма, екі роман, он шақты мақала туды.

Сұлтанмахмұт шығармаларының тақырыбы — өз заманының шынайы көріністері, қазақ халқының сол бір аласапыран кездегі тұрмысы, ой-арманы. Ол өмір шындығын Абай үлгісінде бейнеледі. Сыншыл көзбен қарады. Өйткені өмірді жақсарту мен адамды түзеу, ең алдымен, ондағы кемшіліктерді әшкерелеп, сын тұрғысынан бағалап, одан арылудың жолын іздеуден басталады.

Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдерінің сипаты әр алуан. Оларда өмір тауқыметінен шаршаған ақынның қайғы-мұңы да, өкініш-наласы да, халықтың басындағы ауыр халге жүрегі сыздаған аяныш пен жанашырлық сезім де, болашаққа сенген, сол үшін күрескен азаматтық перзенттік патриотизмі де бар. Бірақ ақын өлеңдеріндегі мұң-зар жігерсіз, жасық қайғы емес. Ақын алдағы өміріне зор үмітпен қарайды.

Сұлтанмахмұт өз заманының өзекті мәселелеріне арнап бірнеше поэма жазды. Атап айтқанда, "Кедей" поэмасы ғасыр басындағы қазақ кедейлерінің хал-жағдайын, сезім-күйін, ауыр тұрмысын бейнелесе, "Адасқан өмір" поэмасында ақын айналасында болып жатқан оқиғаларға, өмір құбылыстарына өз сезімі арқылы шолу жасайды. Қала ақыны мен дала ақынының айтысы түрінде жазылған "Айтыс" поэмасында қазақ даласындағы өзгерістер, әлеуметтік өмір көріністері суреттелсе, "Таныстыру" поэмасында төңкерістер заманындағы қазақ елін өрге жетелеген қайраткер азаматтар бейнесін сомдауға талпыныс жасалады.

Сұлтанмахмұттың "Қамар сұлу" (1914), "Кім жазықты?" (1915) романдары қазақ әдебиетінің даму тарихынан елеулі орын алады. Көркем прозаның туу, қалыптасу кезеңінің бастауында дүниеге келген бұл романдарда өз заманының ащы шындығы бейнеленеді. Сол дәуірдегі әйелдердің бас бостандығы, қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздік мәселелері мен жаңа психология арасындағы тартысты, қоғамдағы адамдардың түсінік-танымындары кереғар құбылыстарды бейнелеу арқылы Сұлтанмахмұт туған халқының болашағы туралы толғанады.

Сонымен қатар, Сұлтанмахмұт "Зарландым", "Ауырмай есімнен жаңылғаным" атты шағын көлемді прозалық шығармалар, "Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан", "Қазақ ішінде оқу жайы қалай?", "Өлеңмен жазылмақ драманың материалдары", "Өлең мен айтушылары", "Социализм" тәрізді бірқатар мақалалар жазды

Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдерінің сипаты әр алуан. Оларда өмір тауқыметінен шаршаған ақынның қайғы-мұңы да, өкініш-наласы да, халықтың басындағы ауыр халге жүрегі сыздаған аяныш пен жанашырлық сезім де, болашаққа сенген, сол үшін күрескен азаматтық перзенттік патриотизмі де бар. Бірақ ақын өлеңдеріндегі мұң-зар жігерсіз, жасық қайғы емес. Ақын алдағы өміріне зор үмітпен қарайды.

Сұлтанмахмұт шығармаларының тақырыбы — өз заманының шынайы көріністері, қазақ халқының сол бір аласапыран кездегі тұрмысы, ой-арманы. Ол өмір шындығын Абай үлгісінде бейнеледі. Сыншыл көзбен қарады. Өйткені өмірді жақсарту мен адамды түзеу, ең алдымен, ондағы кемшіліктерді әшкерелеп, сын тұрғысынан бағалап, одан арылудың жолын іздеуден басталады. Қыршын кетуі үстіне Сұлтанмахмұттың осы қысқа өмірінің бәрі кемшілікте,мұқтаждықта,азапта,тартыс-күресте өтті.Жасынан жетім қалды,өгей ана қолына қарады.Кедей болды,ішер асқа,киер киімге жарымады.оның шетке кетіп оқуға,кең білім беретін мектепке түсіп оқуға қаржысы болмады. Әлгі кемшілік пен мұқтаждық,тән азығын да,жан азығына да тарығу оны ауруға шалдықтырды. Бірақ Сұлтанмахмұт мұның бірде-біріне қажып,мұңаймады.

Тұрмыста үмітім көп жеңем деген,

Жеңуге жігеріме сенем деген..

Менде жоқ, қажу деген, ашу деген,

Тарығып,болымсызға сасу деген, - деп, үнемі, жарғақ құлағы жастыққа тимей, өнер, бақыт, шындық іздеумен болды. Өмірі құлшыныс, күреспен өтті.

Ақын шығармашылығының бірімен-бірі тұтасып жатқан екі түрлі негізгі қасиеті бар. Ол – шығармаларының реалистігі мен халықтығы. Жазушы шығармаларының тақырыптары түгелдей шын өмір,қазақ халқының Сұлтанмахмұт тұсындағы тұсындағы өмірі.

Сұлтанмахмұт шығармаларының жиыны қазақ халқының Ұлы Октябрь социолистік революциясынан бұрынғы,революция жылдарындағы қоғам тіршілігінің,дүние,қоғам тануының,әдет-ғұрпы мен мінез-қылығының әрі нағыз шындығы,әрі әділ сыны,халықтың ой арманы тілек-мақсаты.Сұлтанмахмұт революциядан бұрынғы бірсыпыра өлең жырларында қамығып, қайғырады,қайғы-шерді шертеді.Оның аяқ зар, мұң, қайғы, уайым, өкініш, налу болып келеді. Ақын бұлардың бірінде жеке адамның басына түскен қайғы –қасіретті, мұң-шерді айтып, мұңданса, екіншісіне жалпы халықтың, еңбекші бұхараның басындағы ауыртпалықты, аянышты халды айтып зарлайды. Сұлтанмахмұттың тағы басқа бірқатар өлең, поэмаларында халық басындағы ауыртпалықты, жалшы, малшының жоқшылығын, аяныш шеккен, кекті, шерлі адамдардың көзімен бейнелейді.

Сұлтанмахмұт шығармаларының негізгі қасиеті – олардың реалистігі мен халықтығы. Ақын қазақ халқының өз тұсындығы өмірін бар шынайылықпен бейнеледі.Қазақ халқының Октябрь революциясына дейінгі,кейінгі қоғамдық өмірінің көкейтесті көптеген күрделі мәселелерін қозғады. Соның баршасын халықтың тұрғыдан баяндады.С.Торайғыров қиян-кескі күрес-көтерілістер, сұрапыл соғыстар,ұлы революциялар дәуірінде жасады. Өз заманының азамат та, асқан ойшыл ақыны болды. Өз ұлтының ұлы орыс халқынан үлгі-өнеге алып,ілгері дамуы,саясат,шаруашылықпен, мәдениет жағынан тегіс жетілуі жолында күресті.Бұл жағынан ол ұлы Абайдың жолын дамытушы

«ҚАМАР СҰЛУ» РОМАНЫ

XX ғ. басындагы қазақтың іріп-шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген "Қамар сұлу" шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы - оны қазақ әдебиетіндегі демократтык әдебиеттің ірі өкілі етті.

«Қамар Сұлу» романындағы Қамардың бейнесін автор:

Жіңішке сымға тартқан әні қандай,

Балауыз балбыраған тәні қандай.

Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,

Толықсып толып тұрған сәні қандай?

деп ақын Қамардың «Ойы көркіне сай» қазақ қызын бейнелейді. Ал

Қамардың бет-ажар сұлулығын бейнелегенде:

Еріткен іші-баурыңды көзі қандай,

Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай.

Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп,

Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай!

Күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі,

Қайнамас оны көріп кімнің іші?

Алмас қылыш жүзіндей аударылған,

Сүйгізіп көлеңкесін әрбір ісі.

Нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып,

Бойының мінсіздігі оның асып.

Өзгеден сып-сыпайы һәм сүйкімді,

Ең арты жүрсе-дағы аяқ басып.

Осылайша автор қазақ қызына тән барлық қасиеттерді жырлайды. Қамардың бойына барлық қазақ қыздарының түрлі қасиеттерін біріктіреді. Қамардың бейнесін ашқанда жоғарыдағы асты сызылған күрделі эпиеттерді қолданған.

Қамар мен Ахмет

Ахметтің Қамарға бірінші жазған хатында:

...Амалсыз арды түйіп қалам алдым,

Кеткен соң ғашық оты бойымды алып...

...Шығаршы жүректегі шын сырыңды,

Жаутаңдап екі көзді мөлдіретпей.

деген өлең жолдарында С.Торайғыров Ахметтің жан-күйін сипаттағанда ғашық оты; шын сыр; жаутаңдаған көз сияқты эпитеттер қолданған.

Талпынып, қол сермедім ұшқан құсқа,

Болса да жетер ме деп қолым қысқа

Негізінен «Қамар сұлу» романынды қазақ салт-дәстүрлері сынға алынған. Ең көрнекті көрсетілген мәселесі қазақ қыздарының қалымға сатылуы, қыз-әйел баласының өмірде алатын орны болып табылады. Ал жоғарыдағы келтірілген шумақта кедей Ахметтің байдың қызы Қамарға «қолы қысқа болса да, ұшқан құсқа қол сермеуі» деп мәселенің түп-төркінің дөп басқан. Ұшқан құс, қысқа қол эпитеттеттерін қолдана отырып сол кездердегі әлеуметтік –теңсіздік мәселесінің қозғалғанын байқаймыз.

Қамардың Ахметтің хатына жазған жауап хаты:

Қарасам, сүйгендіктен қарамаймын,

Сүйсем де, сол сөзіне жарамаймын.

Арыстан айға шауып мертігіпті,

Секірме, қолың жетпес көктегі аймын.

Сен шыда, күйіп тұрсың, бір-ақ отқа,

Болсаң да қандай қызу жалын шоқта.

Аузың айтып, ар жағың біліп тұр ғой

Екі оттың арасында тұрғам жоқ па?!

Деп Қамар Ахметке қатал да, ойлы хат жібереді. Мұндай хаттың жолдауының себебі «Аш бала мен тоқ бала ойнамайды» дегендей. Және Ахметтің кедей отбасынан шыққаның ескерсек онда Қамардың данышпандығына сүйсінуге болады. Бұны өлең жолының бірінші шумағынан байқауға болады.Ол өзінің махаббатын болашақта Ахметтің амандығына қияды десе де болады.

Бұл хатты алған Ахметтің толғанып Қамарға жазған екінші хаты:

Ол рас менен гөрі малың тәуір...

Не шара, айтқан сөзім ем болмаса,

Сұңқар мен сұқсыр үйрек тең болмаса

Сен үшін мұнша қапа болмас та едім:

Алды-артым бәрі қысқа кем болмаса.

Өз жағдайын осылай бағалайды, бірақ өзінің шың махаббатынан қол үзбейді.

Екеу арасындағы сезімдерін ашқан ақ хаттар осылай өтіп жатады.
Бірақ «Жазмыштан озмыш жоқ» дейді ғой қазақ, бірін-бірі сүйген жандардың тағдырына бірге болу жазбаған. Жол айрықта екі жаққа айырылғанмен махаббатары еш өшпейді. Қамарға жорға Нұрым деген бір шал көз салып, оны:

Ататай, болдым ғашық мұрыныңа,

Көк бурыл иектегі құрымыңа.

Кірпідей аяқ-қолы жиырылған,

Қосылар күн болар ма тұлыбыма?

Қамар сарказммен осылай суреттейді. Бұны сатиралық түрдегі мысқыл да секілді.Бірақ бұл өмірдің қайда апарарын білмейсін ғой. Солай да Қамарды он бепс жасында жорға Нұрымға тұрмысқа шығарады.Кейін Қамар қатты ауыруға шалдығып, күннен-күнге халі нашарлайды. Жорға Нұрым өзінің надандығынан әртүрлі сөзі майлы бақсыларға сеніп, Қамардың жағдайын одан бетер ауырлатады. Қамардың қалған соңғы күндерінде Ахмет Қамарға келеді. Сонда Қамардың айтқаны:
Қазақта қыз туған жоқ менен артық,

Құлпырдым он бескеше бағым артып,

Майысып пісіп тұрған дер кезімде,

Малды шал анталады иттей тартып.

Ғибрат ал мен сорлыдан, қазақ қызы!

Түйрейтін мал менен шал-саған бізі.

Оңбайды бұл әдетпен қазақ халқы,

Бол себеп ақырында қалмасқа ізі.

Естіп жанында тұрған Ахмет естіген сайын өнбойы шымырлап,

үзіліп кете жаздағандай болып, егіліп жылап отырып мынаны айтады:

Сені кім отқа салған шырылдатып,

Қойыпты тамағыңды қырылдатып.

Құтырған көк төбеттей арс-ұрс етіп,

Бақсыны кім әкелген ырылдатып.

Келіп ем көзі барда көрейін деп,

Көрген соң, күйігіңнен өлейін деп.

Шыдамай бұл қорлыққа мен отырмын,

Өзімді сенен бұрын көмейін – деп Ахмет бұл әділетсіздік өмір күресіне қате жол таңдап, жорға Нұрымға қол салады.

-Қарағым Қамар, міне сенің үшін жаным, қасықтай қаным, қош!-деп Ахмет соңғы сөзін айтады. Бұл өмір шындығы. Қазақ тарихының ұйқыдағы қазағымның ұзын да ұзақ қаралы жолы.

«КІМ ЖАЗЫҚТЫ» РОМАНЫНДА ҮШ ҰРПАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ СУРЕТТЕЛУІ

«Кім жазықты» романы да Сұлтанмахмұттың өз дәуірі туралы толғанысын тереңдете ашуға арналады. Мұнда ол қазақ қоғамы жайлы ойларын ел тағдырын ұстап тұрған беделді, белді адамдардың бейнесі арқылы көрсетеді, олардың өмір жолы, тәрбиесі, ісі, мінез-құлқы жан-жақты суреттеледі. Жасынан тәрбиесіз өскен бай баласы Әжібайдың жеке өмірі де, қоғамдық-болыстық қызметі де халық көңілінен шыға алмайды. Ол зорлық-зомбылықты, қара күшті жақтап, өзі тектес әлділермен байланыс жасап, іргесі шайқалған шаруасын реттеуге, ауылға кіре бастаған жаңалықтарды өршітпеуге, тіпті қуып шығуға (Әнуар бейнесі) күш салады. Жазушы Әжібайды жеке адам ғана емес, қазақ қоғамын салмағымен басып қорғап, жаңаруына бөгет болып отырған ауыртпалықтың жиынтық бейгесіне (әжібайшылдыққа) көтереді. Әжібайшылдықты тудырып отырған да - қазақтың ескі тәртібі, ортасы, тәрбиесі. Ол есейіп алып, сол тәртіпті қорғаушыға айналады. Оның айналасы - рулық дау-жанжал, таптық тартыс, жылаған әйелдер, жаңалықты қабылдамайтын меңіреу, мылқау топ. Жазушы әжібайшылдықтың әлеуметтік тегін іздейді, осыларға «Кім жазықты» деген сұрау қояды. Бұл романдар - дәуірдің тарихи тақырыбын тап баса білген жаңашыл шығармалар. Әрине, ақын тарихшы емес. Ол тарихи уақиғаны түгендемейді. Мәселе - заманның рухын, дәуір сырын аңғартар моменттерді дәл басып, оған тән белгілерді айқындауда. Бұл жағынан Сұлтанмахмұт романдары - XX ғасырдың басындағы қазақ аулы өмірін, ескішілдік жайлап тозып, іріп бара жатқан салт-сананың көріністерін энциклопедиялық суреттеген іргелі туындылар, ол көпті қинаған шындықты ашынып, батыл, ашық айтып, онымен күреске шықты. Бұл - Сұлтанмахмұт реализмінің ең бір биікке көтерілген тұсы. Мұның бәрі Сұлтанмахмұттың жаңа жол - «шындықтың аулын іздеуге» ұмтылуының заңдылығын көрсетеді.

«АДАСҚАН ӨМІР», «КЕДЕЙ», «ҚАЙҒЫ», «АЙТЫС» ПОЭМАЛАРЫ

Адасқан өмір» поэмасы жалпы қоғамдық әділетсіздіктің туу себептері мен теңдік жолын іздеу туралы лирикалық толғаныс түрінде жазылған. Ақын қазақ аулы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамдық құрылысқа тән қайшылықтарды суреттейді. Жеке адамның өмір кезеңдерін суреттеу арқылы ол қанауға негізделген қоғам жағдайындағы адам тағдыры туралы ой түйеді. Өмірге таза, адал ұғыммен келген сәбидің еркін алып, талқыға түсірген өмірдің әділетсіздігін ақын адамды адамның қанауының жағдайларынан көреді. Ондай қоғамда биік мансап иесі болу да, әскер басы, ғалым болу да оны бақытқа жеткізбейді. «Дене азығы» «ар азығына» жол бермейді. Сондықтан поэманын лирикалық кейіпкері «әділдіктен басқа жолдың бәрін қарғап, әділет жолы - адамзатқа теңдік әкелетін социализм деп ұғады». Сол қоғамның өз түсінігіне сәйкес сипаттамасын береді. «Кедей» поэмасы - осы үлгідегі қазақ кедейінің сыры мен мұңы. Онда да лирикалық кейіпкер өзі басынан кешкен өмір өткелдерін әңгімелеп, өз заманынан бақыт таба алмай қиналады. Ауыл кедейінің тағдырын шешетін қоғамдық әділетсіздіктің көріністерін ақын жан-жақты ашып суреттейді. Шығарма соңында өз ортасымен сыйыса алмай, одан бөлініп шығып тұрған кейіпкерді танимыз, бірақ ол барар жолын білмейді, тек «мақсатым - оқу, оқу көңіліме алған» дейді. Ал оқу қайда апарады, ол да түсініксіз. Дегенмен заман, дәуір өзгерістері кейіпкер көңіліне демеу, ол соған қосылуға ұмтылады. «Жүрегімді белгісіз нәрсе қысып, шақырып тұр, мінеки кеттім сонда» дейді. Бұл поэмада да Сұлтанмахмұттың өз заманымен сыйыса алмай, алдан жаңа өмір күткенінің белгісі. Жаңа өмірді, өзі әділдік деп аңсаған социализм дәуірі туғанын Сұлтанмахмұт шығармаларына азық ете алмады. Бірақ ол елінің Колчак тәртібінен босап, Кеңес өкіметін жақтап шыққанын көрді. Ауруына қарамай, Павлодарға барып Қызыл Армияны құттықтады. Уездік революциялық комитетгің төрағасы Г. Жигаревқа жолығып, Шідерті болысына революциялық комитеттің бастығы болып барды. Онда екі-үш айдай жүмыс істеп, ауылдағы қоғамдық әділетсіздікті реттеуге, қазақ кедейінің хұқын қорғауға қатысты. «Айтыс» - қазақтың ұлттық психологиясынан туған, соны жырлайтын шығарма. Нағыз поэзия қашанда әуелі халқына, ұлтына, сол арқылы адамзатқа қызмет етпек. Өйткені ол адамды сүюге, болашаққа сенуге үйретеді, «Айтыстан» алатын тағлым да осындай. Мұнда да адал, шыншыл, ізденімпаз, драмалық шиеленіске толы, қуаныш-қайғысы аралас ақын тағдыры суреттелген.

КӨСЕМСӨЗ САЛАСЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері (1907 – 11) көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің теке-тіресін бай мен кедей ұлының өмірі арқылы көрсетуге тырысқанымен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. “Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады”, тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді (“Осы да әділдік пе?”, “Бір адамға”, т.б.). Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман (“Қамар сұлу”, “Кім жазықты?”), төрт поэмасын “Таныстыру” (1917 – 18), “Адасқан өмір” (1918), “Кедей” (1919), “Айтыс” жариялады. Торайғыров “Қамар сұлуда” әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеум. тұрғыда талдаса, “Кім жазықты?” романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды.

СҰЛТАНМАХМҰТ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Сұлтан­махмұт шығар­ма­ларын жи­нау, бас­ты­ру, зерт­теу ісінің де ұзақ та­рихы бар. Ақын­ның өз ба­сы да, әде­би мұра­сы да дау-да­майға көп түскені мәлім. Осын­дай уақыт­та ақын­ның кейбір өлеңдері жоғал­ды, та­былғаны дау туғыз­ды. Қол­да ба­рының кейбірі ұлтшыл­дық қарғыс таңба­сы ба­сылып, қай­та жа­был­ды. Сон­дай шығар­ма­сының бірі- «Ай­тыс» (қала ақыны мен да­ла ақыны­ның ай­тысқаны) ата­латын дас­та­ны. Бұл-аяулы ақын­ның ке­мел ой­лап, кең пішкен шығар­ма­сы. Аяқтал­ма­уы өкініш. Мұнда Сұлтан­махмұт еге­менді еліміздің тәуелсіздігі, тіл теңдігі, төл өнеркәсіп, Ұлттық қорғаныс тәрізді аса ірі және көкей­кесті мәсе­лелерді сол кез­де-ақ – 1919 жы­лы қозғап, та­маша жыр­лағанын көреміз. Жи­ыр­ма жеті жа­сын­да дерт меңдеп, тағдыр кер­месіне ілінген ақын! «Тым бол­ма­са екі жыл тұрма­дым, іштегіні түгел жа­рыққа шығара ал­май кетіп ба­рамын», — деп, «Ай­тыс­ты» тәмәмдай ал­мағанын зор өкініш етіпті.

«Ай­тыс» С. То­райғыров қай­тыс болған­нан кейін, со­веттік за­ман­да- 1922 жы­лы Қазан қала­сын­да белгілі ақын Бер­ни­яз Күле­ев бас­тырған «Адасқан өмір» және 1933 жы­лы Қызы­лор­да­да шыққан «Сұлтан­махмұт То­райғырұлы­ның то­лық шығар­ма­лар жи­нағы» кітап­та­рын­да жа­ри­ялан­ды.

1933 жы­лы ақын жи­нағын Жүсіпбек Ай­ма­уытов бас­паға дайын­да­ды. «Сұлтан­махмұт өлген соң (1920ж) оның шығар­ма­ларын он жыл бойы жи­нап – теріп, бас­паға әзірлеп, өмір та­рихын жазған Ж. Ай­ма­уытов­тың еңбегі ай­рықша екенін ба­са ай­ту ке­рек. Жүсіпбек бол­ма­са То­райғыров­тың то­лық жи­нағының шығуы, оның то­лық өмір та­рихын білуіміз неғай­был еді.», -дейді Қайым Мұха­мед­ха­нов.

По­эма­ны С. То­райғыров­тың 1922 және 1933 жыл­да­ры жи­нақта­ры бойын­ша бас­паға дайын­даған – фи­лоло­гия ғылым­да­рының кан­ди­даты Арап Ес­пенбе­тов.

С. То­райғыров­т







Дата добавления: 2015-06-12; просмотров: 2841. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия