Студопедия — Мағжан публицистикасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мағжан публицистикасы






Жұмабайұлы аударма саласына үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю. Лермонтов, А.А. Фет, И.И. Дмитриев, И.П. Мятлов, А.А. Блок өлеңдерін, А.М. Горький, В.В. Иванов, Д.Н. Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Таңдаулы прозалық шығармалар аударумен қоса Жұмабайұлы “Шолпанның күнәсі” әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді.

 

 

Лекция. Жүсіпбек Аймауытов. Өмірі мен қоғамдық қызметі, қазақ прозасын дамытуға қосқан үлесі. «Қартқожа», «Ақбілек» романдарың жанрлық сипаты, образдар әлемі, шеберлік қырлары, Қартқожа, Ақбілек т.б. образдардың сомдалу ерекшеліктері. Драмалық шығармалары, «Шернияз» пьесасы.

Қамтылатын мәселелері:

1. Жүсіпбек Аймауытов. Өмірі мен қоғамдық қызметі, қазақ прозасын дамытуға қосқан үлесі.

2. «Қартқожа», «Ақбілек» романдарың жанрлық сипаты, образдар әлемі, шеберлік қырлары, Қартқожа, Ақбілек т.б. образдардың сомдалу ерекшеліктері.

3. Драмалық шығармалары, «Шернияз» пьесасы.

Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты. Ол қазақ әдебиетінде көркем прозада алғаш лиризм әкелген, сондай-ақ пейзаждың үздік үлгісін, психологизмнің терең иірімдерін тамыршыдай дәл басқан нәзік стилист суреткер. 1918 —19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, №2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, №3) деген мақалалар жазды. А-тың көркем шығармалары эстет. бояуының қашықтығымен, көркемдік қуатымен, стильдік даралығымен қазақ әдебиетінде соны бағыт қалыптастырды. А. пед. оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақтың жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Оның пед., псих. және методика саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында елеулі рөл атқарды. Олардың ішінде «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) т.б. бұл бағыттағы ғылымның бастауында тұрған ірі ғылыми еңбектер Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген. [3]

Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Пси­хология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.

Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.

 

Лекция. Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылық қызметі, поэзиялық мұралары, қазақ поэмасын дамытуға қосқан үлесі. Прозалық еңбектері, «Раушан коммунист» повесі. Драмалары, «Майдан», т.б Сәкен Сейфуллиннің қазақ кеңес әдебиетіне сіңірген еңбегі. Ақынның поэзиялық мұралары, жаңашылдығы. Поэмалары, «Көкшетау» поэмасының тарихи маңызы. Драмалары мен прозалық мұралары, «Тар жол, тайғақ кешу» романындағы замана көрінісі. Ілияс Жансүгіровтің өмірбаяны, қайраткерлік қызметі. Ақынның қазақ поэзиясын өркендетуге қосқан үлесі, прэмалары, «Құлагер» поэмасының көркемдік қуаты, жанрды дамытудағы өзіндік орны. «Жолдастар» романы, драмалық еңбектері.

 

Қамтылатын мәселелер:

1. Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылық қызметі, поэзиялық мұралары, қазақ поэмасын дамытуға қосқан үлесі.

2. Прозалық еңбектері, «Раушан коммунист» повесі. Драмалары, «Майдан», т.б Сәкен Сейфуллиннің қазақ кеңес әдебиетіне сіңірген еңбегі.

3. Ақынның поэзиялық мұралары, жаңашылдығы. Поэмалары, «Көкшетау» поэмасының тарихи маңызы.

4. Драмалары мен прозалық мұралары, «Тар жол, тайғақ кешу» романындағы замана көрінісі.

5. Ілияс Жансүгіровтің өмірбаяны, қайраткерлік қызметі. Ақынның қазақ поэзиясын өркендетуге қосқан үлесі, прэмалары, «Құлагер» поэмасының көркемдік қуаты, жанрды дамытудағы өзіндік орны. «Жолдастар» романы, драмалық еңбектері.

 

Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартты «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабын» (1929); «Күш» - сауаттылығы төмендерге арналған оқулықты (1930); «Жаңаша оқы және жаз» құралын (1931) және Ғабит Мүсіреповпен және А. Ситдыковпен бірге «Сауатсыздарға арналған әліппені» (1935-1936) жазып шығарды.[1]

Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады.Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан.

1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған.

1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазу­шылықпен шұ­ғылдана бас­тай­ды. «Қа­зақ», «Ауыл» газеттері мен «Айқап», «Садақ» (Садақ журналы) журнал­дарына жа­зып тұрады. Бейімбет Майлин «Еңбекшіл қа­заққа» «Еңбек туы» болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған. Алғаш мақалала­рымен қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлім меңге­рушісі, хатшысы да болған, редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген.

1920-1922 жылдары газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін жекелеген тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Бейімбет Майлин секілді жеті-се­гіз адам жетекшілік ет­кені мәлім.Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925). 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатысты (1928-1932). Мұнан кейінгі 30-шы жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті» басы­лымдарының бас редак­торы болып істейді.

1938 жы­лы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды.

Бейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында (1913), «Айқап» журналында (1914), «Қазақ» газетінде (1915) жарияланған алғашқы өлеңдеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң мұқтажын, арман аңсарын, әсіресе азаттық теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.

Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.

Бейімбет Майлы дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.

Бейімбет он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол ірілі ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы.

Бейімбет Майлиннің шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады.[3]

Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894 - 1938) – ақиық ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Ақмола уезі, Нілді болысында дүниеге келген. Туған жері әкесінің қыстауы Ортаудағы Қарашілік (қазіргі Шет ауданының жері) деп аталып жүр. Ал туысқандары Ә.Ахыбеков, С.Бармұханбетовтердің айтуынша күз айларында, Иманақтауларына жақын жерлердегі Сейфолланың жайлауында (қазіргі Жаңаарқа ауданының жері), қыстауға көшпей тұрғанда туған.

Сәкен 1905-1909 жж. Нілді кенішіндегі бастауыш мектепте, 1909-1911 жж. Ақмоладағы екі сыныпты приход мектебінде, 1913 ж. Омбыда құрылған қазақ жастарының «Бірлік» мәдени – ағарту ұйымының сол қанатын басқарады. 1917ж. мамыр айында Ақмолада Қазақ комитетін құруға қатысады. Әуелде орынбасары, кейін төрағасы болады. Осы комитетпен қатар «Жас қазақ» ұйымын құрып, оның «Тіршілік» газетінің жұмысын басқарады. 1917 ж. күзде Ақмолада ұйымдасқан Совдептің президиум мүшесі, Ақмола уезіндегі ағарту ісінің комиссары болып сайланады. 1918 ж.Колчак әскері Ақмоланы алып, қаңтар айында ішінде Сәкен бар Совдеп мүшелерін Қызылжарға (Петропавл) жаяу айдады. Одан атаман Анненковтың азап вагондарына мінгізіп, Омбыға, Новосибирьге, Барнаулға, Семейге апарып, сол жолмен қайта Омбыға алып келді. Сәкен Омбыдағы тұтқын лагерінен 1919 ж. наурыз айында қашып шығып, Алтай губерниясы арқылы Павлодарға, одан Баянауылға барып паналайды. Сол Жылы Күзге таман Есен бойындағы елге келіп, біраз аялдап, Бетпақ дала арқылы Кеңес үкіметі билеп тұрған Әулиеатаға (Тараз) жетеді. 1920 ж. мамыр айында Ақмолаға оралып, уездік атқару комитетінің төрағасының орынбасары және іс басқару бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалады. 1920 ж. жазда бүкіл қазақ өлкесін басқаратын Ревкомның құрамына сайланады. Осы жылы 12 қазанда ҚазКСР Орталық атқару комитетінің президиум мүшесі болып сайланды. 1922 ж. «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, оқу халық комиссарының орынбасары болып тағайындалады. 1922 -1924 жж. ҚазАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. 1925 -1928 жж. Қызылорда халық ағарту институтында, 1928 – 1929 жж. Тәшкен педагогикалық институтында, 1930-1937 жж. Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтында қазақ әдебиеті тарихынан сабақ береді. 1927 – 28 жж. «Жыл құсы» альманахы мен «Жаңа әдебиет» журналын шығаруға белсене қатысады. Ұзақ уақыт «Әдебиет майданы» журналының редакторы қызметін атқарды. 1934 ж. Қазақстан коммунистік журналистика институтының профессоры болды. Әдеби шығармаларынан: 1914 ж. «Өткен күндер», 1922 ж. «Асау тұлпар» өлеңдер жинағын шығарды. 1917 ж. «Бақыт жолына», 1920 ж. «Қызыл сұңқарлар» пьесаларын жазды. 1924 ж. «Домбыра», 1926 ж. «Экспресс», 1928 ж. «Тұрмыс толқынында» жинақтарын, 1927 ж. «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі мен «Жер қазғандар» повесін, 1929 ж. «Көкшетау» поэмасын жариялады. 1933 ж. «Альбатрос», «Қызыл ат» поэмаларын, 1935 ж. «Социалистан» атты өлеңдер жинағын шығарды. 1934 – 35 жж. Дейін «Айша» әңгімесі, «Біздің тұрмыс» романы, «Жемістер» атты публицистикалық хикаяты, көптеген өлеңдері жарық көрді. 1936 ж. ақын шығармашылығының 20 – жылдығы кеңінен аталып өтті. Сәкен қазақ жазушыларының ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1937 жылы Сәкен Сейфуллин «халық жауы» деген айып тағылып ұсталып, 1938 ж. 23 ақпанда Алматы қаласында атылды. 1957 ж. 21 наурызда бұрынғы қылмыстық ісі тоқтатылып, толық ақталды.







Дата добавления: 2015-06-12; просмотров: 1230. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия