Студопедия — Университет – білім ордасы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Университет – білім ордасы.






Мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде оқимын. Мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетініңіргетасы 1939 жылы қаланды. Сол кезде университет «Мұғалімдер институты» деп аталған. Ең алғаш математика, физика, тарих, география факультеттері ашылған. Оқу ордасы университет мәртебесін 1993 жылы алған. Ахмет Байтұрсынов есімі 1996 жылы берілді.Университет мәртебесін алғаннан кейінгі бірінші ректор белгілі АкадемикЗұлқарнай Алдамжар болған.

Ахмет байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универстеті – Қазақстан Рспубликасының солтүстік өңірінің білім беретін жетекші, ғылыми, әдістемлік және мәдени орталығы.

Универстеттің 7 факультетінде сегіз мыңнан астам студенттер мен магистранттар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқиды.

Оқу-тәрбие үрдісін жоғары білікті професорлық-оқытушылар құрамы жүзеге асырады. Универстеттің 35 кафедрасында екі жүзден астам ғылыми атақтары мен дәрежесі бар оқытушылар сабақ береді, оның жиырмасы – ғылым докторлары.

Біздің университет еліміздің академиялық еркіндігі бар ЖОО-ның тізіміне кіреді, білім берудің барлық деңгейі бойынша дайындық жүргізеді, пән таңдаудың кең ауқымы мен оқытудың қолайлы үлгісі бар. Сонымен қатар бәекеге қабілетті мамандарды ойдағыдай дайындау үшін жаңа мультимедиялық және нтернет-технологияларды пайдалану арқылы қазіргі білім беру технологиялары кеңінен қолданылады.

Ең жаңа талаптармен жабдықталған «Білім орталығы» ақпараттық-білі беру орталығы униврситетіміздің мақтанышы. Мұнда студент пен оқытушы үшін, қажеттің бәрі: оқу және ғылыи әдебиеттің, мерзімдік басылымның бай қоры, тамаша материалдық-ткхникалық база, осы заманғы компьютерлік және оргтехника, Интернет-зал, әдеби қонақжай бөлме, жұмыс істеу үшін жеке кабиналар бар.

Жыл сайын Қостанай мемлекеттік университетінің базасында Ресей мен алыс шетелдердің қатысуымен шамамен 5 халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Әр жылда университет оқытушылары екі-үш докторлық және жиырмаға жуық кандидаттық диссертация қорғайды.

Университетте 7 факультет бар, 9000-ға жуық студент оқиды. Университетте сабақ кредиттік жүйемен, бекітілген сабақ кестесі бойынша 50 минуттан өткізіледі. Университетте 37 кафедра бар, 160-тан астам ғылыми атақтары мен дәрежелері бар оқытушылар, 40 ғылым докторлары мен профессорлар дәріс, семинар сабақтарын жүргізеді. Университет 35-тен астам мамандық дайындайды. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті – Қазақстанның солтүстігіндегі алдыңғы қатарлы, аймақтық университеттердің бірі.

Азақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында

Оғам – адамзат өркениетінің білігі мен біліміне, адамгершілік-этикалық нормаларына тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміт артары – жастар. Мемлекет тәуелсіздігінің бүгінгі даму сатысында ел жастарына артылып отырған сенімнің жауапкершілігі – ауыр, күтілетін үміттің үлесі мол. Жастарға сенім артып, жастардан үкілі үміт күту – қай қоғамның да басында бар болатын құбылыс. Алайда, біздің қоғамның жастардан күтер үміті айрықша. Олай дейтініміз, бүгінгі жастар – мемлекетіміздің егемендігімен тұстас, санасы кешегі қызыл қоғамның идеялық ұстанымымен уланбаған ұрпақ.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі №581 тұжырымдамасы» бойынша, жастар дегеніміз – Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары. Халықтың үштен бірін құрайтын жастар – қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын капиталы, бүгінгі стартегиялық мақсатардың ертеңге жүзеге асырушысы. Сондықтан да жастардың білімді, дәстүрмен қатар заманнның озық құндылықтарын меңгерген, бәсекеге қабілетті болғаны дұрыс.

Бүгінгі күнде Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында осы жастардың алты жүз мыңнан астамы студент атанып білім алып жатыр. Бүгінгі жастарға, оның ішінде жоғарғы оқу орны қабырғасында білім алушы жастарға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған түрлі мазмұндағы (материалдық, әлеуметтік, т.б.) көмек жеткілікті десек артық айтпаймыз. Мәселен, бүгінде елімізде Қазақстанның ғылыми-техникалық дамуының ұзақ мерзімді ұлттық әлеуетін анықтау бойынша алдын ала зерттеулер жүргізілуде. ҚР Бірінші Президентінің Қоры жанынан ғылыммен айналысатын жас мамандардың басын қосатын жас ғалымдар кеңесі құрылды. Білім бағдарламаларын жақсы меңгеріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласқан ЖОО студенттері мен магистранттарын қолдау үшін әл-Фараби, Қ.Сәтбаев, А.Жұбанов, Абай, Шәкәрім және басқа да қоғам қайраткерлері атындағы атаулы стипендиялар бар.

 

 







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 3712. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия