Студопедия — ЭКСПО-2017 жаңалықтары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ЭКСПО-2017 жаңалықтары






 

1. АСТАНА. 19 мамыр, 2014 жыл. Baq.kz - Қазақстан 2017 жылға қарай соңғы буынды технологияларға негізделген 5G байланыс стандарты енгізіледі. Бұл туралы бүгін «ASTEX-2014» көрме-конференциясы аясында журналистерге ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Сәрсенов айтты.

«Әлемде бүгінде 5G жобасы даярлануда. Оны қабылдау 2017 жылға жоспарланып отыр. Менің ойымша, Қазақстан осы кезде бұл стандарттарды енгізуге дайын болады», -деді С. Сәрсенов.

5G жаңа буынды телекоммуникациялық стандарт болып табылады. Мамандардың деректеріне қарағанда, 5G стандарты LTE (4G) жүйесімен салыстырғанда мәліметтерді жіберу өткізу жылдамдығын еселеп арттыратын болады.

2. Астана. 18 сәуір. Baq.kz – Астанада «EXPO – 2017» көрмесі қарсанында 73 қонақ үй салыну жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл жөнінде Астана қаласы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының төрағасы Айталап Қорғамбаев «EXPO – 2017» бүкіләлемдік бірегей көрмесіне қызметкерлер дайындау тақырыбында өткен отырыста мәлімдеді. Бүгінгі күні Астана қаласы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы «EXPO – 2017» бүкіләлемдік бірегей көрмесін ұйымдастыруға белсенді дайындық үстінде екендігін айтқан ол:

- Қазір Астанада түрлі деңгейлі 178 қонақ үй кешені бар. Өткен жылғы статистикалық ақпараттар бойынша қонақ үйлер орташа 38-40 пайызға толады екен. Бұл өте жақсы көрсеткіш деп білемін. Сонымен қатар, «EXPO – 2017» көрмесіне дайындық аясында қалада тағы да 73 қонақ үй салыну жоспарланып отыр. Оның 43-і бүгінгі күні жобалау үстінде болса, кейбіреулері құрылыстарын бастап та кеткен, - деді ол.

Бәсекелестік бар жерде даму бар демекші, осындай құрылыстардың арқасында ғана қонақ үйлердің сапасы жоғарылап, сапасыздары біртіндеп ығыса бастайтындығын атап өткен төраға:

- Бүгінгі күні біз туризм, қонақ үй мен мейрамхана бизнесі және Астанаға келген туристердің қолданатын қызметтері жөнінде білу үшін әлеуметтік сауалнама мен мониторингке Мемлекеттік тапсырыс бердік, - деп, осыған байланысты Астанадағы жетекші қонақ үй-мейрамханалық кешендерінің басшыларына бизнестің осы саласын оң жолға қою мақсатында аталмыш сауалнамаға белсене қатысып, әріптестік орнатуға ұсыныс жасады.

Айта кетейік, Астанада «EXPO – 2017» көрмесі аясында 38 әлемдік брендтегі қонақ үй ашылады. (Айнұр Ракишева, http://baq.kz/ сайтынан алынды)

3. Астана. 31 наурыз. Baq.kz – «EXPO -2017» қалашығының салынуы жақын күндері басталады. Бұл жайында бүгін ОКҚ-нің кезекті брифингі барысында «Астана ЭКСПО-2017 ҰҚ» АҚ Басқармасының төрағасы Талғат Ермегияев ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

«EXPO -2017» көрмесінің негізінде салынғалы жатқан «EXPO» қалашығының аумағы Астананың жаңа технологияларды қамтыған бірегей бөлшегі болмақ.

«EXPO-city әлемдегі электр энергиясымен тек дәстүрлі қуат көздерінің ғана емес, жаңартылатын энергия көздері есебінен де қамтамасыз етілетін алғашқы нысандардың бірі болуы тиіс. EXPO көрмесі өтетін қалашықтың аумағында «Smart Grid» жүйесі қолданысқа енгізілетін болады. «Smart Grid» дегеніміз - қалашық учаскесіндегі сумен жабдықтау және электр қуатымен қамтамасыз ету желілерін мониторингілей алатын «ақылды жүйе». Бұл жүйе EXPO аумағында орналасатын инфрақұрылымды, оның ішінде қауіпсіздік желісін де толық бақылайды», - деді басқарма төрағасы.

Сондай-ақ, ол осы қалашықта көрме өткеннен кейін тұрып, қызмет ететін адамдар үшін барлық жағдайдың да ойластырылып жатқандығын айтты. Жаңа технологиялардың арқасында күн, су, жел арқылы пайда болған энергияны арнайы батареяларда сақтап, ақылды желілер арқылы қолдану көзделіп отыр. Сонымен қатар, құрылыс материалдарында энергияны үнемдейтін жабдықтар пайдаланылады. Ол біздің бүгінгі пайдаланып жүрген энергиядан 50 пайыз арзан болмақ. «Елбасы Жолдауында және «Қазақстан 2050» Стратегиясында көрсетілген индустриялды инновациялық дамуды, әлеуметті қамтамасыздандыруды, тұрғын үйлерді модернизациялау, денсаулық сақтау, білім жүйесін қамтитын «ЭКСПО» қалашығы әлемнің өзге қалаларына үлгі болады», - деді Т.Ермегияев.

4. АСТАНА. 24 мамыр. 2014 жыл. BAQ.KZ – Дүниежүзілік туристік ұйымның бас хатшысы Талеб Рифай Астанада ЭКСПО-2017 өткізу Қазақстанда туризмнің мықтап дамуына ықпал етеді деп санайды.

Өзінің VII Астана экономикалық форумына бейнежолдауында «Қазақстанда ежелгі қалалар, мәдени мұра бар... Туризм әлеуметтік-экономикалық әл-ауқат үшін саясаттың басты басымдығы болуы тиіс. ЭКСПО-2017 Қазақстанды әлемдік туристік картаның бел ортасына қояды», - деді Талеб Рифай.

Оның айтуынша, туризм - серпінді дамып отырған сала. Егер 1950 жылы әлемде 22 миллион турист саяхаттаған болса, ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 1 миллиард адамға жеткен. Оның үстіне 5,5 миллиард адам өз елдерінің ішінде саяхаттайды. Оның айтуынша, бұл сектор өсімін жалғастыра түседі. «Біз 2030 жылға қарай халықаралық туристер саны 1,8 миллиард адамға дейін жететінін болжамдап отырмыз. Олар триллион доллардан астам қаржыны экспортқа шығарады және бұл әлемдік ІЖӨ-нің 9 пайызын құрайды. 11 адамның біреуі туризм саласында жұмыс жасайтын болады», - деп атап көрсетті ол.

5. Астана. 2 сәуір, 2014 жыл Baq.kz - Астана – студенттер көп шоғырланған жалынды жастар қаласы. Сондықтан да белсенді жастар ғана емес, қарапайым студенттер де «Экспо-2017» көрмесін өткізуге барынша атсалысуы керек деп хабарлайды 24 kz.

Бұл – бүгінгі еріктілердің ұраны. Күллі әлем көз тіккен айтулы шараға қоғамдық бірлестіктер дайындықты қазірден бастап, еріктілер қозғалысы жөніндегі басқарманың қолдауымен «Команда-2017» ұжымының тұсауы кесілді. Тараптар алда атқарылар шараларды пысықтап, міндеттерін айқындады. Бұл ұжымға әрбір азамат қосыла алады. Жастар комитеті негізінен шет тілдерін жетік меңгерген студенттерге басымдық бермек. Сәйкесінше түрлі тренигтер мен семинарлар өткізіліп, білікті де білімді еріктілер дайындау жолында қыруар шаруа атқарылмақ. Бастаманың басты мақсаты – азаматтық көзқарасты білдіре отырып, қоғамға өзіндік үлес қосу.

Олар әзірге флэшмобтар мен түрлі спорттық сайыстарда шеберлігін шыңдайтын болады. Жақып Асланбек, «Ел қанаты» ҚҚ президенті:

- Біздің еріктілер қазірден сақадай сай. Көздерінде оты бар. Алдағы келе жатқан мемлекеттік маңызы зор шараларға өз құштарлығын көрсетіп жатыр. Осы жастар – біздің мақтанышымыз.

 

 







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 668. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия