Студопедия — Адам мінезін түрі арқылы анықтау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Адам мінезін түрі арқылы анықтау






Ғылыми жұмыстар жүргізген адам табиғатын зерттеушілердің, көнекөз қариялардың болжамы бойынша «Адамның беті – ішкі (1) жан-дүниесінің айнасы».

1. Дөңгелек жүзді (2) адам айналасына жайлы, төңірегіндегілерге қолайлы (3) жағдай жасай алатын жан. Олар турашыл (4), еңбекқор (5), жақсы қасиеттері үнемі көбейе түсетіндер.

2. Маңдайы жалпақ, иегі сүйірленіп, үшбұрыштанып келген адамның есте сақтау қабілеті жақсы, бірақ мінезі құбылмалы (6). Өте сезімтал, содан қолға алған ісінен тез жалыға салатын кездері көп.

3. Ат жақты кісі жұртты бір іске бастауға икемді, зиялы, ұйымдастыру қабілеті мол. Қажыр-қайраты, ерік-жігері бір басына жеткілікті.

4. Қырынан қарағанда томпақ бет болып көрінетін адам қалжыңқой (7), ақжарқын.

Бет-әлпеттің жеке бөліктері бойынша:

5. Кең маңдай - ақыл-ой кемелділігінің белгісі.

6. Тар маңдайлы адам құнтты, пысық (8).

7. Орташа маңдай – есті (9) адамның белгісі.

8. Жіңішке қас – талғампаз, кірпияз, ашуланшақ (10) жанға тән.

9. Түзу қастың иесі – елгезек, тіл алғыш.

10. Қиылған қарлығаш қас – қиялшыл, арманшыл адамдарға бітеді.

11. Екі қастың арасы бір-бірінен алшақ тұрса, ондай адам басқалардың ықпалына тез түскіш.

12. Қастың арасы түйісіп тұрса, ол адамның жүйкесі мықты (11).

13. Дөңгелек көздің иесі – кім көрінгенге сене салатын аңқау (12).

14. Қиықша көз – зеректіктің, тіпті кейде қулықшылдықтың да белгісі.

15. Қысық көз – шулы жерді ұнатпайтын кісікиік жандарда болады.

16. Үлкен мұрын – қызба, ұрыншақ, қызуқанды адамдарға бітеді.

17. Кішкентай мұрын – өмірден көп нәрсе талап ете бермейтін жанға тән.

18. Қусырылған мұрын – ашуланшақ, ызақор адамдардікі.

19. Жалпақ мұрын иесі – қамсыз, уайымсыз, сөзінде тұра бермейтін кісі.

20. Ұзын мұрын – иесінің қорқақ (13), сақ екенін танытады.

21. Кішкентай мұрынды адам – жайдары мінезді.

22. Мұрыны орташа адам – шыншыл, сенімді.

23. Үлкен ауыз – ақкөңілділіктің және елден ерекшеленіп көрінуге құштарлықтық белгісі.

24. Кішкентай ауыз – уақ, сараң, өзімшіл адамдарға тән.

Екі иттің достығы (ертегі)

Ерте-ерте ертеде ақылы асқан, қайраты тасқан бай бір бай өмір сүріпті. Қорасы төрт түлік малға тола болыпты. Сол байдың екі төбет иті болған екен, біреу Төрткөз, ал екіншісі Мойнақ. Бірінші иттің түсі қара, екі көзінің үстінде екі сары белгісі болыпты. Сол итті шақырғанда, ол еркелеп, басын төмен түсіріп қарағанда, әлгі екі белгі екі көзге ұқсап кетеді екен. Ал екінші қап-қара итті иесі мойнындағы ақ белгісі үшін Мойнақ деп атаған екен. Екі ит өте ақылды болыпты, күндіз бекерден бекер үрмей, адамға шаппай тыныш жатып, қараңғы түсе сала қора-қонысты, малды күзетіп, ұрыны да, қасқырды да жақын келтірмейді екен. Иттердің иесі оларға өте разы болып қатындарынан:

- Әй, ана Төрткөз бен Мойнаққа тамақ беруді ұмытпадыңдар ма? –деп сұрайды екен. Бірде, түс мезгілінде мал өрістен оралып, ал малшылар анда-санда "шәйт" деп қойып, демалып жатады. Байлар той-томалақта қарындарын тойғызып ауылға оралады, ал жас жігіттер мен қыздар әзілдесіп, әңгіме құрып, көңіл көтеріп жатады.

Әлгі екі ит те қарындарын тойдырып, үйдің алдында күнге қыздырынып, өзара әңгіме-дүкен құрады. Олар жақсылық пен жамандық, жомарттық пен сараңдық, анау-мынау туралы әңгімелеседі, ақырында достық пен дұшпандық тақырыбы қозғалады. Сонда бәрін білгіш Мойнақ айтқан екен: - Төрткөз! Менің ойымша, достықтан артық ештеңе жоқ. Осы екеуміз өзара таласпайтын күн болады ма екен? Түкке тұрмайтын зат үшін ұрсысып таласамыз, бір-бірімізге жылы шыраймен ешқашан қараған емеспіз. Ешқашан тату әңгімелесіп бірге жүрмейміз. Күнде – ұрыс, төбелес. Осылайша қартаямыз! Екеуміз ұрсып, таласып жатқанда, таласқан затымызды Құтбан немесе Жолдыаяқ қөтеріп кетеді. Менім байқауымша, Жолдыаяқ, Құтбан және Бөрібасар бізге қарағанда татулау екен, тұрмысын да табысын бірге бөліседі екен. Екеуміз де тату өмір сүрейік те! Дос болайық, ұрысты тоқтатайық! Егер нағыз дос болсақ, бір-бірімізді сыйлап, алты күн аш жүрсек те, бөлек тамақ іше алмаспыз. Сонда уақыттың қалай заулап өткенін байқамай да қаламыз! Қалай қарайсың, достым? Төрткөз керіліп, құйрығымен бұлаңдап, қабағын көтеріп, Мойнақтың айтқан сөзі өтіп кеткендей оған былай деп жауап айтқан екен: - Мойнеке, сөздерің дұрыс! Бірінші сұрақ — оны мен де ойлағам, неге біз таласқыш және ызақор болып кеттік? Бізге не жетіспейді? Қарнымыз тоқ, иеміз (аман-есен болсын) бізді ренжітпейді, ұрыспайды, ұрмайды. Өте сыйлайды. Болар іс болды – бәріне де өзіміз кінәлі! Болмас нәрсеге таласамыз! Өз басым ойлаймын: біздің ата-бабаларымыздың арасында осындай жағдай болмаған! Бізге неге сол ата жолын қумасқа? Ата-бабамыздың өткен жолынан артық әділетті жол таба алмаспыз! Мойнақ жолдасына қарап, құйрығын қысып, не істерін білмей: "Ал ендеше дос болайық!", деп айтқысы келіп, бірақ қорқып тұрады. Сол кезде Төрткөз оны құшағына алып:

- Осыдан кейін біз айрылмас доспыз, ешкім де, ешнәрсе де бізді ажырата алмас! Аштан өлсек те, тамаққа таласпаймыз!— деп анттасып, бір-бірінен ажырай алмай тұрған кезінде, үйден лақтырылған бір қу сүйек екеуінің ортасына құлайды. Екеуі де әлгі сүйекке бірдей бас салады. Бір-біріне ырылдап, төбелесіп, таласады. Жүндері жан жаққа ұшып, таласып жатқандарын естіп қойған Жолдаяқ, Құтпан және Бөрібасар жүгіріп келіп, әлгі екеуі таласқан сүйекті іліп кетеді. Шуды естіген қойлар қашады, ал малшылар екі итті сумен ажыратып, сабап тастайды. (http://www.tobet.kz/ сайтынан алынды)

 

 







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 1909. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия