Студопедия — Мамандық таңдау – өмірлік маңызды мәселе
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мамандық таңдау – өмірлік маңызды мәселе






 

Егер сен бала кезіңнен дәрігер немесе инженер болғың келсе және осы уақытқа дейін өз таңдауыңның дұрыстығына күмәнданбасаң – сен. Анаң және апаң не айтса да, химия және биология бойынша оқулықтарға қызығушылық танытасың немесе «жас физик» үйірмесіне барасың және мектеп бітірген соң не істейтініңді жақсы білесің.

Егер осылай болса, онда сен бақыттысың. Өйткені соңғы қоңырау соғылған кезде көптеген балаларда «кім боламын», қайда оқуға түскім келеді және жалпы оқу орынына барғым келе ме деген мәселелер шешілмеген.

Мамандықты таңдау мәселесінің мазалауы өте жақсы - бұл сенің әлеуметтік және психологиялық кемелденгеніңді білдіреді. Егер саған бәрібір болса, ең жаманы сол: ата-анаң қолыңнан жетелеп заңгерлік институтқа апарады (өйткені саған тарих «ұнайтын сияқты»), содан соң саған қағаздармен жұмыс істеу және адамдармен қарым-қатынас жасау ұнамайтындығы анықталады.

Кәсіби өз тағдырын өзі шешудің қиыншылықтары балалардың екі бөлімде пайда болады. Біріншілері осы өмірде әлі қызықты еш нәрсе тапқан жоқ. Мұғалімдері мұндай балаларда қандай да бір пәнге деген қызығушылық тудыра алмаған, ал таланттары жерге көмілген. Мұндай балалар жақсы оқи алады, бірақ ештеңеге әуестіктері жоқ, олардың өмірі зеріккен немесе бір сарынды. Міне, сондықтан немен айналысатындығын анықтай алмайды, өйткені өмірде оларды ешнәрсе өзіне ерекше еліктіре алмайды.

Неден таңдау жасайды? Әдетте, олар оқуда және белсенділіктің формалары, мамандықтар әлеміндегі бағдары нашар балалар. Балалардың екінші категориясы оқуда да және белсенділіктің басқа формаларында да өте белсенді. Оларға барлығы қызықты, бір уақытта үш үйірмеге, бес факультативке және он спорттық секцияға қатысады. Олардың қолынан бәрі келеді. Егер адам талантты болса, онда барлығында талантты дегендей. Қолына не алса да, барлығында табысқа жетеді. Бірақ.... ол да өзіне не ұнайтынын, өз өмірін немен байланыстыратынын анықтай алмайды. Өзіңді қалай тануға болады? Психологтардің есептеуінше, мамандықты таңдауда адамның психологиялық ерекшеліктері мен мамандықтың сәйкесінше сипаттамалары сай келуі керек. Мамандық қызықты болуы тиіс. Егер саған өсімдіктер, жануарлар ұнаса, онда өз кәсіби іс-әрекетіңде тірі табиғат объектілерімен кездесу сен үшін қызықты болады. Егер сен техниканы ұнатсаң – онда оған деген қызығушылық инженер – конструктор немесе физик-теоретик іс-әрекеттерінде қолдау табады.

Кез келген мамандық адамда «кәсіби маңызды сапалар» деп аталатын сапаларды талап етеді, мысалы, корректорға зейінділік, суретшіге – бейнелік ойлау және т.б. Сондықтан, қандай да бір мамандықты таңдай отырып, сенде кәсіби маңызды сапаларға сәйкес қабілеттер бар ма екендігін ұғыну қажет. Мамандықты таңдауда күмәнділік жағдайында, сенің қабілеттерің толығымен жүзеге асатын болса, бұл іс-әрекетте үлкен жетістіктерге қол жеткізесің. Жүзеге асыратын мамандық типі сенің тұлғалық, мінездік типіңмен сәйкес келуі керек. Егер сен қарым-қатынасқа жоғары деңгейде түсе алатын болсаң, онда саған көптеген қарым-қатынастар орнатумен байланысты мамандық таңдау қажет. Егер эмоционалды тұрақты емес болсаң, онда сен ұзақ уақыттық зейін шоғырланушылығын талап ететін, бір сарынды іс-әрекеттермен шұғылдана алмайсың.

Сонымен, мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзіңді тануың қажет. Сен өзіңе «Мен қандаймын?», «Осы әлемде мен кіммін?», «Немен өмір сүремін?» деген сұрақтарды жиі қоятын шығарсың. Өзіңді жақсы тануға және бұл сұрақтардың бір бөлігіне жауап беруге (бұл сұрақтарға толығымен ешқашан жауап бере алмайсың) қарапайым жаттығу көмектеседі: өзіңе басқа адамның көзқарасымен қара. Өзің жақсы білетін нақты адамның, мысалы, досыңның, партада бірге отыратын көршіңнің, анаңның немесе сүйікті қызыңның көзқарасымен. Өз қылықтарыңды басқа адам шынайы мотивтерін білмей қалай түсіндіре алса, сондай етіп түсіндіруге тырыс. Сені басқа адамдар қалай көретінін түсінесің, бірақ екінші жағынан, субъективизмнен айырыласың, өйткені өз кемшіліктерін көру адам үшін өте ауыр. Сенің мінезің әлі қалыптасуда, сондықтан өзіңе ярлык жапсыруға және артист мамандығынан сен өзіңді «ұялшақпын» деп есептеуіңе байланысты бас тартуыңа болмайды. Күрес, өзіңмен жұмыс жаса, өзіңді таны.

Адамның психикалық қасиеттері (қабілеттер, қызығушылықтар немесе мінез сипаттары) өте майыспалы, өзгергіш сапалар екенін естен шығарма. Музыкаға деген қабілеттері жоқ, бірақ онымен айналысуға тілектері өте жоғары адамдарда, музыкалық естуді дамыта алғандықтары жайлы жағдайлар өте көп. Ең бастысы-қызығушылық; қабілеттер іс-әрекет барысында қалыптасатындығын есте сақта. Еңбектенуге, жұмыс істеуге дағдылан. Жалғыз қабілеттермен алысқа бармайсың. Екінші жағынан, қызығушылық – тұрақты зат емес. Көптеген балалар қандай да бір оқу пәнін жақсы көреміз деп ойлайды, бірақ шын мәнінде оларға мұғалім өте ұнайды. Сонымен бірге саған психология немесе экономика пәндерінің ұнайтындығын түсіну қиын, өйткені бұл пәндерді мектеп қабырғасында оқытпайды....

Мамандық таңдауда қателік жасамас үшін мамандықтар әлеміне деген қатынас шеңберін кеңейту керек. Ересектерге олардың кәсіби іс-әрекеттері жайлы сұрақтар қойыңдар - әдетте, адамдар өздерінің нақты жұмыстары және студенттік өмірлері жайлы үлкен тілекпен айтып береді. Сол кезде сен бұл аймақ саған қызықты ма, әлде сен өз құжаттарыңды тапсырғалы отырған мамандықтың тек атын ғана білетіндігіңді саналы шеше аласың.... Сонымен, өз қабілеттеріңді, қызығушылықтарыңды және тұлғалық сипаттарыңды біле отырып, енді сен мамандықты емес, жоғары оқу орынын немесе факультетті таңдайсың. Сені қызықтыратын іс-әрекет түріне қандай мамандықтар және маманданулар сәйкес келетінін анықта.

Бұл тек бір жақты сәйкес келулер емес (мысалы, жаңа бағдарламалар жасау үшін, «Информатика» мамандығын алу қажет). Шешім қабылдау психологиялық емес көптеген факторларға негізделуі керек: университеттің беделі және сайыс, достардың, ата-ананың пікірлері, оқу ақысы.

Қағазға ерінбей әрбір нұсқаның оң және теріс жақтарын тізіп жазып шық. Алынған мәліметтерді достарыңмен және туыстарыңмен талда. Ең соңғы таңдау тек өзіңде, өйткені мамандықты таңдай отырып, тағдырыңды таңдайтыныңды ешқашан естен шығарма. Мамандық қанағаттанушылық әкелуі (тек оң эмоциялар) және сенің (қоғамға пайдалы) мүмкіндіктеріңнің толықтай жүзеге асуын қамтамасыз етуі тиіс (http://www.vkgu.kz сайтынан алынды)

 

 

Нағыз ғылым дегеніміз – ғалам мен ондағы құбылыстардың астарына үңіліп, шынайы мәнін ұғыну және оның арқасындағы Ұлы Құдіреттің мұратын сезіну. Табиғатты өзіне бағындырарлықтай мүмкіндікте жаратылған адам баласы ғаламды танып-білуге, білгендерін көкейінде түюге тиісті. Көңілге түйіп, көкейге тоқығандары арқылы табиғатты құрық атып бас білдірген тайыншадай дегеніне көндіріп, ықпал жасаудың жолдарын қарастырады. Бұл табиғаттың адамға аманат етілуі, ал адамның Жаратушының әмірлеріне мойынсұнып, құл екенін сезінуі дегенге саяды. Қазіргі жағдайға ой жүгіртсек, физика, химия, астрономия, медицина, т.б. ғылым салалары уақыт озған сайын адам баласының игілігі үшін түрлі жетістіктерін алға тартуда. Осыған қарап ғылым мен технология адам баласының игілігі үшін екендігін пайымдаймыз. Бұдан үрейленіп қорқудың да жөні жоқ. Басқа келер қатерді ғылым-білімнен немесе ғылым-біліммен қаруланған дүниеден іздеу бос әурешілік, нағыз қатер надандықта, санасыздықта және жауапкершіліктен жалтарған табансыздықта. Кейде ғылым-білімге сүйеніп, он ойланып, тоғыз толғанған іс-әрекеттеріміздің өзі оңды нәтиже бермей жататындығы белгілі. Бұған түсіністікпен қараған жөн. Ал бірақ білімсіздіктің, жоспарсыздықтың әрдайым тұйыққа тірейтіндігін ұмытпау қажет. Сондықтан да ғылым мен технологияның жетістіктеріне қол сілтеп теріс айналудың орнына оны адамзат игілігі үшін қолданудың жолдарын іздеген жөн. Бұл бүгінгі таңда адамзаттың ең үлкен мәселесі болып отыр. Әйтпесе, ғылымды тек ядролық бомба жасау мен табиғатты тағылықпен ойрандау деп түсінетін сана-сезімнен құтылуымыз неғайбыл. Ендеше, алдымызда бір ғана таңдау тұр: ғылым мен технологияны, оның жетістіктерін теріс мақсатта қолданып, адамзатты орны толмас қасіретке ұрындырғандардың тар шеңгелінен босату қажет. Осылайша, ғылым мен технологияның қуатын пайдаланып, екі дүние бақытын қатар көздейтін жасампаз жаңа көзқарас қалыптастыру керек. Әйтпесе, қол қусырып қарап отырып, өндіріс машиналары мен зауыт-фабрикаларға лағынет айтудың ешбір мәні жоқ. Өндіріс машиналары да, зауыт-фабрикалар да қажет. Бізге рухани құндылықтар мен ғылым-білімді қос қанат қылып, жүрек пен ақылды бір арнада тоғыстырған ізгілік жаршыларының үрей мен үмітсіздіктен бойын арылтқаны керек. Әйтпесе, жүгі ауыр жауапты іске бел буып кіріскенге дейін адамзат ғылымды теріс мақсатта қолданудан туындайтын қасіреттен құтылмасы анық. (Фетхуллаһ Гүлен. http://kz.fgulen.com сайтынан алынды)

 

Майкл Фарадей (1791 – 1867)

 

Фарадей, Майкл ағылшын физигi, 1791 жылы 22 қыркүйекте Лондон маңында шебердiң отбасында дүниеге келген. Г. Дэвидiң қамқорлығының арқасында Корольдiк ассоциациясына ассистент қызметіне алынды. 1821 жылы ол магниттiң токтағы өткiзгiш бойымен айналатынын және токтағы өткiзгiштiң магнит бойымен айналатынын бақылап, электр қозғағыштың алғашқы моделiн жасады. 1831 жылы барлық тұрақты және айнымалы ток генераторларының жұмысы негiзделген – электромагниттiк индукцияны ашты. 1824 жылы Фарадей Корольдiк қоғамының мүшесi болып сайланды, ал 1825 жылы Корольдiк ассоциация зертханасының (лабораториясының) директоры болды. 1833 жылдан Корольдiк институттың химиядан Фуллерлiк профессоры болып 1862 жылға дейiн iстедi. Фарадейдiң жарияланған лекциялары кең таралды. Үлкен тәжiрибелiк деректерге сүйенiп, Фарадей ол кезде белгiлi электр “түрлерi", “жануардың", “магниттiк", термоэлектрлiк, гальваникалық электрлiк және басқалардың өрнекттелетiнiн дәлелдедi. Электр тогының тұздардың, қышқылдардың және басқаларының қоспаларынан өтуi оны электр тогының табиғатын ашуға итермеледi. Зерттеу нәтижесiнде 1833 жылы электролиз (Фарадей) заңын ашты. 1845 жылы Фарадей жарықтың поляризация жазықтығының магнит өрiсiнде айналу құбылысын (Фарадей эффектiсiн) байқады. Сол жылы диамагнетизмдi ашты, ал 1845 жылы – парамагнетизмдi ашты. Ол бiрнеше ұғымдарды енгiздi – қозғалғыштық (1827ж.), катод, анод, иондар, электролиз, электродтар (1834ж.); вольтметрдi ойлап тапты (1833ж.). 1830 жылдары өрiс ұғымын ұсынды, 1845 жылы алғаш рет “электромагниттiк өрiс" терминiн пайдаланды, ал 1852 жылы өрiс концепциясының формуласын жазды. Фарадей электр және магнетизмнен негiзгi еңбектерiн Корольдiк қоғамға – Электрден тәжiрибелiк зерттеулер (Experimental Researches in Electricity) – атты баяндамалар сериясы ретiнде тапсырып отырды.

Фарадей 1867 жылы 25 тамызда Хэмптон-Кортта қайтыс болды. (http://www.kitaphana.kz/ сайтынан алынды)

 

Эйнштейн Альберт (1879-1955)

 

А.Эйнштейн 1879 ж. Ульмада туылған (қазiргi ФРГ). 14 жасында Швейцарияға көшiп 1900 ж. Цюрих политехникумын бiтiредi. 1902-1908 ж.ж. Бернде патент бюросында эксперт болады, 1909-1913 ж.ж. Цюрих политехникумының профессоры, 1914-1933 ж.ж. Берлин университетiнiң профессоры және физика институтының директоры болған. Фашистер үкiметi құрылғаннан кейiн Германиядан кетуге мәжбүр болады. 1933 ж. АҚШ-қа көшедi, өзiнiң өмiрiнiң соңына дейiн Принстон институтының перспективтi зерттеуiнде қызмет етедi. Эйнштейн кеңiстiк, уақыт және материя туралы түсiнiктi түбегейлi түрде өзгертiп салыстырмалылықтың арнайы және жалпы теориясын құрды. Өзiнiң теориясына 2 постулатты енгiздi: Галилейдiң салыстырмалы механикалық принципiнiң жалпыламасы болатын салыстырмалылықтың арнайы принципi және вакуумдегi жарық жылдамдығының тұрақтылық принципi. Сол теориясының негiзiнде 1905 ж. масса мен энергияның байланыс заңын ашты. Эйнштейн кванттық теорияны құруда да маңызды рөл атқарды. Егер 1900 ж. Макс Планк материалды осциллятордың энергиясын ғана кванттаса, ал Эйнштейн 1905 ж. жарықтық сәуле шығаруды, жарық квантының немесе фотондардың ағыны деп қарастырып, кванттық, дискреттiк құрылымын зерттедi. Жарықтың кванттық теориясының негiзiнде фотоэффект құбылысын түсiндiрдi (http://www.kitaphana.kz/ сайтынан алынды).

 







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 774. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия