Студопедия — Билет 11.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Билет 11.






1. Нобель сыйлығы

2. Пысықтауыш

3. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз

Тапсырманы орындау кезінде Н. Әбдіров бірнеше дзотты, зенит артиллериясының 2 нүктесін, 6 танкті жойды, бірақ өзінің ұшағы да зақымданды. Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап, капитан Н.Ф. Гастелло сиякты қаһармандықпен қаза тапты. Ростов облысының Вешенск ауданының Н. Әбдіров жерленген Коньки хуторында, Қарағанды қаласында, сондай-ақ өз есіміндегі ауылда (батырдың туған жерінде) Н. Әбдіровке ескерткіштер орнатылған. Қарағандыда Н. Әбдіров атындағы даңғыл бар. Жыл сайын Н. Әбдіров атындағы жүлде үшін еркін күрестен жарыс өткізіледі.

Ответы:

1. Нобель сыйлықтары (шведше: Nobelpriset, ағылш. Nobel Prize) — жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі.1895 жылы құрылған және келесі бес бағыттың өкілдеріне сыйлық беруді қарастыратын Альфред Нобельдің өсиетнамасына сәйкес құрылған:1. Әдебиет2. Физика3. Химия4. Физиология және медицина5. Бүкіл әлемде бейбітшілік жасауға іс-әрекет.

2. Пысықтауыш – Сөйлемде етістіктен болған мүшенің қимылдық, іс-әрекеттік сапасының сынын білдіріп, сипаттап тұратын тұрлаусыз мүше. Мезгіл пысықтауышы – іс-әрекеттің мезгілін білдіріп, қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап береді. М: Фирма президенттері бүгін кездеспекші болды. Мекен пысықтауышы – іс-әрекеттің болу орнын білдіреді. Қайда? сұрағына жауап береді. М: «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі бүгін Ресейге ұшып кетуі мүмкін. Мақсатпысықтауышы – іс-әрекеттің мақсатын білдіріп, не мақсатпен? деген сұраққа жауап береді. Пікірді конференцияда оқу үшін жаздым. Хабар тыңдағалы келдік. Ол әдейі істеді. Себеп пысықтауышы – іс-әрекеттің себебін білдіріп, не себептен? неліктен? деген сұраққа жауап береді. М: Қызметін жақсы атқарғаны себепті, сыйлыққа ұсынылды. Амал пысықтауышы – іс-әрекеттің сапасын, сан мөлшерін білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап береді. М: Біздің банктің президенті жылдам сөйлейді екен

Билет

1. Әлеуметтік зейнетақы ұйымдары.

2. Сұраулы сөйлем

3. Берілген шағын мәтінді жалғастырып, аяқтаңыз.

Махмұд Қашқари – түркі халқының XI ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі. Ол Жүсіптің замандасы. Бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз, ғалымдар оның атақты шығармасы «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») 1072 немесе 1078 жылдары жазылған деп шамалап жүр.

ОТВЕТЫ:

1.) Әлеуметтік зейнетақы ұйымдары

Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс-әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады.

2. Сұраулы сөйлем. Бір нәрсе жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлем 2 жолмен жасалады: 1. Сұраулық шылаулар-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жалғаулары арқылы. Мысалы: Сен келдің бе? 2. Сұрау есімдіктері(қай? қашан? кім? қайда? не? қайдан? неге?) арқылы жасалады. Мысалы: Студенттер қайда? Мына бала кім? Қашан келді?

Кейде сұраулық шылау лары түбір сөз бен жіктік жалғауларының арасынан келіп -мы, -мі, -бы, -бі, -сы, -ні формасында да кездеседі. Мысалы: Бұл қай сы ң, Мұрат пы сың?

Билет

1. Ерлік туын көтерген ерлер

2. Салалас құрмалас сөйлем: ыңғайлас, қарсылықты салаластар

3. Кіші әріппен берілген жалқы есімдерді (жер, су аттарын) бас әріппен жазып, мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

Ертіс – солтүстік мұзды мұхитқа құятын үлкен өзен. Ол қытайдан басталып, қазақстанға қара ертіс деген атпен еніп, зайсан көлінен шыққанда, өзен ертіс деп аталады да, обь өзеніне барып құяды. Ертіс алғашқыда ойлы-қырлы жазықпен ағады. Одан әрі алтайдың нарын, қалба жоталары және басқа тау сілемдерінің аралығындағы тар шатқалдармен өскемен қаласына дейін ағады.

Ответы:

1. 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төрт шамасында фашистік Германия әскері КСРО–ның батыс аймағынан Ленинградты қоршады. Кинохроника Германияның КСРО–ны басып алу жоспары «Барбаросса» деп аталды. Ол бойынша КСРО-ны алты, сегіз аптада жаулау алу жоспарланды. Бұл соғыс Германия тарапынан әділетсіз, агрессиялық соғыс болды. Кеңес елінің тарихында «Ұлы Отан» соғысы деп аталды. Бұл екінші дүние жүзілік соғыстың аяғы болды.

2. Салалас құрмалас-құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі. Ыңғайлас салалас -құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуы.Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, та, те, да, де, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Сиырдың тұқымы да жақсы, бабы да келіскен екен. Қарсылықты салалас -құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріне қарама-қарсы мәнде айтылғандықты білдіретін салаластың түрі.Жалғаулықты қарсылықты салалас.Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сонда да, сөйтсе де, әйткенмен деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды.50 Түсіндірмелі салалас - Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, іргелес байланысады. Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынау, мынаны, сол, сонша, соншалық, сондай) болады.

Билет

1. Әлемдегі ең бай адамдар

2. Мақсат бағыныңқылы, амал бағыныңқылы сабақтастар

3. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз

Аймақтық экологиялық проблемалар көлемі бірнеше аудан мен облысты қамтиды. Мысалы, Балқаш, Арал, т.б. проблемалары. Ал, әлемдік экологиялық проблемалар бүкіл биосфераны қамтиды. Оларға озон қабатының жұқаруы, қышқыл жаңбырлар, мұхиттар мен теңіздердің ластануы жатады. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) мәліметтері бойынша, атмосферадағы озон қабатының жұқаруынан қатерлі ісік ауруларының 1%-ға көбейгендігі анықталған. Азот қосылыстары атмосфераға көбінесе, орман өртінен, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін түтінен жинақталады. Адам азот оксидімен дем алғанда – тыныс жолдарының қабынуы, бронхит, ентікпе аулуларынан зардап шегеді. Улы түтін өнеркәсіп орындарында, жылу электр станцияларында көмір мен мазутты жаққанда пайда болады.

Ответы:

1.Биыл да бірінші орынды мексикалық медиа алпауыт Карлос Слим иеленді. Форбс Слимнің қазына-мүлкін 69 миллиард долларға бағалаған. Ал екінші орынға Майкрософтың негізін қалаған Билл Гейтс шықты. Форбс Гейтстің жиған-тергенін 61 миллиард долларға бағалаған. Тағы бір АҚШ азаматы қаржыгер Уоррен Баффет үшінші орынды иеленді. Журнал сарапшылары оның байлығын 44 миллиард долларға бағалапты. Ал Еуропаның ең дәулеттісі, франциялық Луи Виттон концернінің басшысы Бернар Арно 41 миллиард доллармен төртінші орында.

Билет

1. Қазақстандықтардың ғылыми жаңалықтары

2. Себеп-салдар, талғаулы, кезектес салаластар

3. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 581 тұжырымдамасы» бойынша, жастар дегеніміз – Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары. 2009 жылы жүргізілген санақ бойынша, 14 пен 28 жас аралығындағы жастарымыз саны – 4 044 660. Халықтың үштен бірін құрайтын жастар – қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын капиталы, бүгінгі стратегиялық мақсаттардың ертеңге жүзеге асырушысы. Сондықтан да жастардың білімді, дәстүрмен қатар заманнның озық құндылықтарын меңгерген, бәсекеге қабілетті болғаны дұрыс.

Ответы:

1.Осы аптадағы ең қызықты деген жаңалықтар ғылыми журналдар бетінен табылып отыр. Ғылыми басылымдарға қарай келе, біз назар аударатын үш оқиғаны таптық. Африкада жұмыс істейтін биологтар мүйізтұмсық түрлерінің жойылып бара жатқанын айтады. Геологтар мұхит түбінен бұзылмаған жартас тапса, Ұлыбританиялық ғалымдар адамның нерв жүйесін дамыту үшін жібек жіптің бір түрін пайдаланып жатқанын жазған..Африка континенті тығыз да жасыл жунглиясы мен қатар арыстан, піл және мүйізтұмсықтар кезіп жүретін ашық та кең дала көрінісімен белгілі. Бірақ бүгінде ол көріністер солай болып қалмауда, өйткені Африка аңдары барған сайын жойылып барады...Осы жылдың басында үш ғылыми маман қандайда бір мүйізтұмсықтың түрін іздеп және олардың тірішілікте бар жоғын анықтау үшін солтүстіктегі Камерунға барған. Екінші ғылыми жаңалық== Коста Риканың батысынан 640 шақырымдай жерде желкен қайықтан мұхит теңізінің түбіне жаттықтырушыларды жіберіп, төменге жүздірген. Бұл жақында ғана Тынық мұхитында ең терең жүзушіні анықтауға арналған жоба бойынша халықаралық ғалымдар тобының жоспары болды. Оның нәтижесінде, ғалымдар теңіз түбінен бұрын соңды көрмеген әрі қатты сақталып еш бұзылмаған геологиялық жартасты тапқан. Ғалымдар енді ол мұзға айналған әрі қатты сақталған геологиялық денені зерттеп жатыр. Үшінші ғылыми жаңалық==Жібек матаны әлемдегі адамдар әдемілігі мен жұмсақтығы үшін бағалайды. Дегенмен, қазір Ұлыбританияның зертттеушілер тобы жібек жіпті басқалай мадақтайтын себеп тауып отыр. Ол келешекте адамдардың үзілген немесе нұқсан келген жүйкесін жібекпен жалғауға болады екен.Екі түрлі лабораториялық және жануарлардағы зерттеулерде жібек жіптің арнайы түріне сынақ жасалған. Сол себепті жібек жіптермен жұмыс жасаған зерттеушілер алдағы кезде оны жүйкені жөндеуге пайдалану мүмкіндігін айтып отыр.

2.Себеп-салдар салалас -құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін құрмаластың түрі. Жалғаулықты се,беп-салдар салалас сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар арқылы жасалады. Мысалы: Жүрген жерін білетін шығар, өйткені ол да жақында Жайық бетінен келді. Талғаулы салалас-құрамындағы жай сөйлемдерінің тек біреуіндегі іс-оқиғаның жүзеге асатындығына болжал жасауды білдіретін салаластың түрі.Талғаулы салалас не, немесе, я, болмаса, әлде деген шылаулар арқылы жасалады. Мысалы: Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрамын. Кезектес салалас-құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас құрмалас түрі.Кезектес салалас бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Машина жүрісін бірде шапшаңдатады, бірде баяулатып әндетеді.

Билет

1. Ұлы ғалымдар өмірі

2. Қарсылықты бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы сабақтастар

3.Мына сөйлемдердің қайсысы салалас құрмалас, қайсысы сабақтас құрмалас екенін ажыратыңыз.

1. Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек. (Абай).

2. Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрамын. (Х.Е.).

3. Халық өз бақыты үшін күресетінін өзі білсе, оған ешбір жау төтеп бере алмайды. (Х.Е.)

4. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезрек қолға түседі (Абай).

ответы:

2. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас -басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтас. Себепті бағыныңқы сабақтас -бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтас.

Билет

 

1. Қазақстанның экологиясы

2. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: Анықтауыш

3. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз

Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар - күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады. Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады. Жер бір жылда (365 тәулікте) Күнді бір рет айналады. Жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күн төңірегіндегі қозғалысына байланысты туындайды. Күннің тұтылуы табиғат құбылыстарының бірі болып табылады.

Ответы:

 

1.) Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарды көрсетуге болады: Бірінші аймаққа – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы мәселе – табиғи ортаның мұнаймен ластануы. Екінші аймаққа еліміздің солтүстік-шығыс облыстары – Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола жатады. Бұл аймақтарда ҚР-ның өнеркәсібі жоғары дамыған. Ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық комплекс шоғырланған. Семей полигоны Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында АҚШ әлдеқайда алда келе жатты. Невада-Семей» қозғалысының шерулерінде 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында 40 жыл қырғын болды, 500-ге жуық бомба жарылды.

2. Анықтауыш - сөйлемде сандық, сындық, мөлшерлік мағынаны білдіретін тұрлаусыз мүше. Ол қандай? қай? кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Анықтауыш негізгі, туынды сын есімдерден, сан есімнен, заттанған есімдерден, есімдіктен, есімшеден жасалады.

Билет

1. ҚР Атазаңы

2. Бұйрықты сөйлем

3. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз

Бәсекеге қабілеттілік – жастардың жаңа заман жаңалығын меңгере отырып, Қазақстан азаматы ретінде дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілетті болып, әлем жастарымен терезесін теңестіруі. Техниканың құлағында ойнап, қазақ тілін меңгеріп, ал әлем тілдерінде еркін сөйлеген азаматтың алар шыңы алда. Ол өзін ғана жетілдіріп қоймай, Абай айтпақшы, «атасының ғана емес, адамның баласы болып», адамзат игілігі, ел дамуы үшін еңбек етері сөзсіз.

Ответы:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, адамзаттық даму жолына орныққан қоғамның және мемлекеттің негізгі, басты құжаты/ Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған. Адам құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасын адам және азамат құқығын құрметтеп сыйлайтын мемлекет ретінде айқындайтын бірден бір белгі – Қазақстан аумағын мекендейтін халық мүддесінің мемлекет мүддесінен үстем тұруы, оған басымдылықтың берілуі.

2. Бұйрықты сөйлем. Біреуге бұйыру, зеку, тілек, өтініш немесе бір нәрсені талап ету мақсатымен айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады. Мысалы: Балам жөніңді айтшы.

Билет

 

1. Жарнама – ақпараттың бір түрі

2. Сабақтас құрмалас сөйлем (анықтамасы, түрлері, жасалу жолдары)

3. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз

Балқаштағы су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде ондатра өсіру кәсіпшілігі құлдырап кетті. Бағалы балықтар аулау жылына 40 мыңнан 8 мың центнерге дейін кеміген. Өзен жағалауындағы тоғайлы ормандар жоғала бастады. Бүкіл жағалауда шөлдеу процесінің басталуы көлдің жағасындағы қамыстардың жойылуына әкеліп соқты.

Балқаштағы экологиялық жағдай тек Балқаш көлін сақтап қалу ғана емес, бүкіл Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлауды талап етеді. Экология заңдарын білу, қала мен өндіріс орындарының тиімді тығыздығын анықтау, Оңтүстік Қазақстандағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Ответы:

1. Жарнама - ақпараттың бір түрі

Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Қазіргі мағынадағы жарнама Қазақстанда 1920 жылдардағы жаңа экономикалық саясат кезінде пайда болды. Одақ көлемінде В.Маяковский, В.Лисицкий, А.Родченко, А.Мандрусов сияқты белгілі тұлғалар жарнаманы саяси ұрандар тілімен сөйлете білді

 

2.Сабақтас құрмалас -құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.Сабақтас құрмаластың бірінші жай сөйлемдерін (бағыныңқы сөйлемдер) өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені олар тиянақсыз. Мысалы: Таңертеңгі тұнық ауа мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты. (Т.Абдрахманова.) Екінші сөйлемдері (басыңқы сөйлемдер) тиянақты, олар өздігінен дербес айтыла береді.

Билет

1. Ұлттық байлық

2. Сабақтас құрмалас сөйлем: мезгіл бағыныңқы, шартты бағыныңқы сабақтастар.

3. Мәтінді оқыңыз, әңгімелеңіз, орыс тіліне аударыңыз:

Ұлттық байлық дегеніміз не?

Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш – қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі.

Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады:

а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата – бабаларының қалдырған барлық мұрасы.

ә) Табиғатымыздың және жер асты байлығымыз.

б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.

Ответы:

1. Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У.Петти есептеп шығарған. Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады:а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-бабаларының қалдырған барлық мұрасы.ә) Табиғатымыздың және жер асты байлығымыз.б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.

 

2. Мезгіл бағыныңқы сабақтас -бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін сабақтас.Сұрақтары - қанша? қашаннан бері? қашанға шейін? Шартты бағыныңқы сабақтас -бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі істің шарты болып келетін сабақтас

Билет

1. Халықаралық бизнес тілдер

2. Толықтауыш

3. Берілген сөйлемдерден пысықтауышты тауып, сұрақ қойыңыз.

Біз кейін қарай үйге қайттық. Сәкен сабақтан соң кітапханаға кетті. Терезе оңтүстікке қарай орналасқан. Кітап сөрелерін мына қабырғаға ілеміз. Биыл егін мол шықты. Мен сырттай оқимын.

ОТВЕТЫ:

1. Халықаралық бизнес — түрлі мемлекеттердің фирмалары бірлесіп қатысатын және халықаралық капитал пайдаланылатын кәсіпкерлік қызмет. Пайда алу мақсатымен жүзеге асырылады және халықараралық экономикалық аяда қолданылады.

2. Пысықтауыш – Сөйлемде етістіктен болған мүшенің қимылдық, іс-әрекеттік сапасының сынын білдіріп, сипаттап тұратын тұрлаусыз мүше. 1. Мезгіл пысықтауышы – іс-әрекеттің мезгілін білдіріп, қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап береді. М: Фирма президенттері бүгін кездеспекші болды.

Билет

1. Қазақстанның пайдалы қазбалары

2. Мезгіл бағыныңқылы, шартты бағыныңқылы сабақтастар

3. Көп нүктелердің орнына ыңғайлас салаластың екінші жай сөйлемін құрастырып жазыңыз.

Республика азаматтарының құқықтары мен міндеттерін Конституция анықтайды да,...................

1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті де,..............................

Қазақ халқы бостандық, азаттық үшін күресті де,..........................

Жаңа ғана аспан шайдай ашық еді,...........................

Жұмыс басталып кетті де,................................

ОТВЕТЫ:

1. Қазақстан Республикасы – экономикалық өсімінің негізгі көзінің бірі пайдалы қазбалар өндіру болып саналатын индустриялық ел. Республика әлемде мырыш, вольфрам және бариттің барланған қоры бойынша – бірінші орын, күміс, қорғасын және хромит қоры бойынша – екінші, мыс және флюорит бойынша – үшінші, молибденнен – төртінші, алтын қоры жөнінен алтыншы орын алады.

 

2. Мезгіл бағыныңқы сабақтас -бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін.

Шартты бағыныңқы сабақтас -бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі істің шарты болып келетін сабақтас

Билет

1. Р.Қошқарбаев естелігі

2. Ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалстар.

3. Берілген жай сөйлемдерден салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыз.

Жаман дос – көлеңке. Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың. Басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың.

Өнер кейде адамды асқақ сезімге бөлейді. Адамның жан дүниесін нұрландырады. Жан дүниесін байыта түседі.

Жұмыстың нәтижесі көбінесе оқу орнындағы жалпы тәртіпке байланысты екенінде дау жоқ. Тәрбиеленушімен бірге жұмыс істеп отыратын тәрбиешінің өзіне байланысты болады емес пе.

Адамды мақтап қою қажет. Ол өзін-өзі құрметтеу сезімін тудырады, шығармашылық күш-қуатын дамытып, сезімін арттырады.

ОТВЕТЫ:

1. Рақымжан Қошқарбаев естелігінен

Батальонның саяси жетекшісі, аға лейтенант Васильченко терезе рамасының сынығынан сап жасалған жалауды маған тапсырды. Мен оны қалың қара қағазға орап алдым. Кешкі сағат он шамасында рейхстагқа 756-шы атқыштар полкінің командирі полковник Зинченко келді. Ол бәрімізді жақындап келе жатқан жеңіспен құттықтады. Осынау «Жеңіс!» деген қуанышты сөзді біз 30 апрельдің кешінде, соғыстың 1410-шы күнінде, рейхстагтың алдында естідік.

2. Ыңғайлас салалас -құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуы.Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, та, те, да, де, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Сиырдың тұқымы да жақсы, бабы да келіскен екен. Қарсылықты салалас -құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріне қарама-қарсы мәнде айтылғандықты білдіретін салаластың түрі.Жалғаулықты қарсылықты салалас.Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сонда да, сөйтсе де, әйткенмен деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды. Түсіндірмелі салалас - Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, іргелес байланысады. Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынау, мынаны, сол, сонша, соншалық, сондай) болады.

Билет

1. Астана – әсем қала.

2. Себеп-салдар, талғаулы, кезектес салаластар

3. Көп нүктелердің орнына тиісті шылауларды қойып, салаластың түрлерін ажыратыңыз.

Оспан өзінің берген уәдесінде тұра алмады,.................... өзінің ойлағанындай шықпады.

................... айқайлаған дауыс қатты естілді,.................. ақырын естілді.

Кешке ол жазуына кіріседі,................... теледидар көреді.

Сабыр түбі – сары алтын,................... сарғайған жетер мұратқа.

Асығыс түбі – өкініш,..................... асыққан – қалар ұятқа (Абай).

Ол сенен үлкен,................... сен оны құрметтеуің керек.

Әдемі айтқан сөзі менің жүрегімді тербетті,.............. сөздің мән-мағынасы терең жатыр емес пе?!

Керекті шылаулар: Себебі, біресе, бірде, кейде, өйткені, сондықтан.

ОТВЕТЫ:

2. Себеп-салдар салалас-құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін құрмаластың түрі. Жалғаулықты се,беп-салдар салалас сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар арқылы жасалады. Мысалы: Жүрген жерін білетін шығар, өйткені ол да жақында Жайық бетінен келді. Талғаулы салалас-құрамындағы жай сөйлемдерінің тек біреуіндегі іс-оқиғаның жүзеге асатындығына болжал жасауды білдіретін салаластың түрі.Талғаулы салалас не, немесе, я, болмаса, әлде деген шылаулар арқылы жасалады. Мысалы: Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрамын .Кезектес салалас-құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас құрмалас түрі.Кезектес салалас бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Машина жүрісін бірде шапшаңдатады, бірде баяулатып әндетеді.

1. Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстары,түсінікте тату-тәтті өмір сүріп жатқан тұрғындардың достық қарым-қатынасы, ынтымақ –бірлігі, Отан сүйгіштігі, ел жандылық сезімдері ой арқауына айналған.Тарихымен табиғаты, сәулетімен бүкіл тіршілігі дара, ғажап үлгілі күйіміздің күмбірі, көңіліміздің жыр-гүлі жас қала Астана күн сайын енсесі биіктеген қалаға айналуы өзімізді сүйсіндіріп, әлем жұртын көркімен тамсандырды. Тарих үшін 10 жыл — өте қысқа уақыт.Мереке құшағындағы Астана қыз жасауындай құлпырып, сән-салтанатын асқақтата түскен.Бүгін көк аспанды кереукелеген ақшанқан бұлттар да ыдырап, шілденің арайлы күні нұрлы шуағын жомарттана тойы тұр. Астана дегеніміз- алдымен адамдар. Астана-толассыз түлеу, дамылсыз даму үстінде әсем қала.Бұл біздің Астанамыз жайқалған жас қаламыз ұрпақтан ұрпаққа айтылатын аңыз болып айтылар ардақты Астанамыз!

 







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 728. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия