Студопедия — Азақстанның географиялық орны.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстанның географиялық орны.






Қазақстанның жер беті әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биіктігі орташа таулы қыраттар да, кең-байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар. Қазақстан Евразия материгінің ортасында орналасқан. Қазақстан Республикасы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен шектеседі. Республика шығысында Қытай мемлекетімен, ал батысында Каспий теңізімен шектеседі. Жерінің көлемі 2724,9 мың шаршы км. Республиканың оңтүстік-батысында Маңғыстау түбегі орналасқан. Қазақстанның оңтүстік –шығысында биіктігі 7000 м жететін Хан-Тәңірі тау массиві бар. Арал теңізінен солтүстікке қарай Үлкен және Кіші Борсыққұм массивтері және Арал маңы Қарақұмы жатыр. Қазақстанның орталық бөлігін Сарыарқа алып жатыр. Сарыарқада Қарқаралы, Ұлытау тау массивтері бар. Сарыарқаның оңтүстік бөлігі бірте-бірте сусыз шөл Бетпақдалаға ұласады.Оның оңтүстігінде Мойынқұм жатыр. Бетпақдаланың шығысында үлкен аймақ бар. Ол аймақ Балқаш көліне құятын 7 өзенге байланысты Жетісу деп аталады.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

3. Мәтін бойынша сөздік жасаңыз.

4. Мәтіннен салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыздар.

 

 

АЗАҚСТАН КЛИМАТЫ

Қазақстан климаты шұғыл континентті құрғақ келеді, сондықтан өзен торы, әсіресе орталық бөлігінде аз. Еліміздің ірі өзендері Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл, Есіл бүкіл жыл бойына мол су деңгейлерін сақтайды. Қазақстан көлдерінің гидрологиялық ерекшелігі – деңгейлерінің маусымдық және жылдық ауытқу мөлшерінің өте жоғары болуы. Шағын көлдер қуан жылдары түгелдей тартылып, құрғап қалады. Басты көл айдындары – Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз, Сілеті. Орта ендіктерде орналасуына байланысты Қазақстанда қоңыржай белдеудің табиғат зоналары таралған. Қиыр солтүстігінде орманды – дала зонасы қалыптасқан; бұл оңтүстікке қарай далаға, шөлейтке және шөлге ауысады. Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде биік таулы аймақтар алып жатыр. Бұл өңірлердегі тау массивтері жер асты су қорына бастау беретін ылғалдың қуатты конденсаторы болып есептелінеді. Қазақстан жер аумағының 3,3-інде орман. Ормандарда негізінен жапырақты және қылқан жапырақты ағаш алқабы басым өседі.

Тапсырмалар:

1.Мәтінді оқып аударыңыз.

2.Мәтін бойынша 20 сөздік құрастырыңыз.

3.Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, сөйлем құрастырыңыз.

4.Салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыздар.

 

 

АҒАШТЫҢ ТҮРЛЕРІ

Арша – Орта Азияның тау бөктерінде өсетін аршалар, тұқымдас бұтақтардың түсіне өте ұқсас. Арша бағанасы тік, бірақ бұтақтары көп, оңай кесіледі. Қарағаймен салыстырғанда аршада шайыр аздау, сондықтан ылғалды ортада тез шіриді. Керісінше кебу жерлерде арша ағашы шірімейді және ұзақ уақыт сақталады. Арша ағашы 350 жылдай өседі. Балқарағай – Ресейде, әсіресе, Европаның солтүстік шығысында өседі, беріктігі жоғары, ауыр және қатты ағаш, қоңыр қызылдау түсті. Ылғал мен судың әсеріне төзімді. Балқарағай ағашын жиһаз өндірісінде аз қолданылады, себебі оның қатты және шайырлы болуының салдарынан өңдеуге қиындау. Самырсын – негізінен Ресейде және Европаның ылғалды жерлерінде өседі, 600-7000- жыл өмір сүреді. Бағанасы түзу және ұзын. Сондықтан құрылыста көбіне бөрене және тілінген тақтайша, есік, терезе сияқты дайын бұйымдарды әзірлеуде қолданылады.

Тапсырмалар:

1.Жаңа сөздерді аударыңыздар.

2.Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

3.Мәтінді аударыңыздар.

4.Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, ыңғайлас және қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.

 

Сынылатын әдебиеттер.

1.Н.Т.Нығметова, Қ.Қ.Нұржанова. Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы. ҚарМТУ, 2009.

2.Ш.А.Жетпісбай, А.Ә.Ботабек, Г.С.Байпелова. Ғ.М.Әбілқасов, Г.Қ.Сағатова. Қазақ тілі. ҚарМТУ, 2004.

3.З.Күзекова. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.

4.А.Ә.Ботабек, Г.Қ.Сағатова. Инженерлік-құрылыс факультеті студенттеріне арналған техникалық мәтіндер мен сөздіктер жинағы. ҚарМТУ, 2009.

СӨЖ

Сұхбат. Қазақстанның климаты.

СОӨЖ

1.Ыңғайлас және қарсылықты салалас сөйлемдерге жаттығулар о орындау.2.Мәтінмен жұмыс. 3.Тест.

 

Тақырып. Қазақстан экологиясы. Қазақстанның табиғатын қорғау. Асбест. Салалас құрмалас сөйлем. Талғаулықты және себеп-салдар салалас сөйлемдер.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

 







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 670. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия