Студопедия — Азақстанның табиғатын қорғау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстанның табиғатын қорғау






Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылықты дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Жарлығы – 2003 жылы 3 желтоқсан күні Астанада қабылданды. Табиғатты қорғау мәселесіне қазірде де зор көңіл бөлінуде. Біздің елде «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылған. Мұнда аңның 21 түрі және сирек кездесетін аңдар мен құстардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері «Қызыл кітаптан» алынған. Республика табиғатын қорғау ісіне барлық азаматтар ат салысуы тиіс. Табиғатты қорғау саласында арнайы құрылған ұйымдардың ішінде Қазақстанның Табиғат комитеті көрнекті орын алады. Елімізде Табиғат қорғау қоғамы жұмыс істейді.

Тапсырмалар:

1.Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, аударыңыздар.

2.Мәтінді аударыңыздар.

3.Мәтінді әңгімелеңіздер.

4.Мәтіннен салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, талғаулықты және себеп-салдар салалас жасаңыздар.

 

 

Азақстан экологиясы

Табиғат – күрделі де жұмбақ құбылыс. Адамзат әлі табиғат қырларын толық ашып біткен жоқ. Жер табиғатының да небір ашылмай жатқан құбылыстары өте көп.

Қазіргі кезде адамдар да, ғалымдар да жер табиғатын таза ұстау, оны күту, аялау мәселелері үшін күресуде. Экологиялық мәселе – мәселелердің мәселесі. Экологиялық пост, аймақ, аудан және орталықтар құрылуда. Жер - адамзат үйі. Оны күтіп аялауымыз керек. Ортаның ластануынан адамға және өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне орасан зор шығындар келеді.Тұщы су мәселесі – болашақтағы басты мәселе. Өте күшті ластанған өзендердің қатарына Рейн, Дунай, Сена, Тибр, Волга, Днепр, Ніл, Ганг өзендері жатады. Әр түрлі жану нәтижелерінде миллиардтанған газ тонналары ауа қабаттарын ластайды. Осының нәтижесінде қышқылды жаңбырлар пайда болады. Олар өнімнің түсімін кемітеді, орманды және басқа өсімдіктер жамылғысын құртады, тұщы судағы тіршілікті жояды.

Тапсырмалар:

1.Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.

2.Мәтінді мәнерлеп оқып, аударыңыз.

3.Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Табиғат қандай құбылыс?

ә) Қазіргі кезде адамдар не үшін күресуде?

б) Ортаның ластануынан қандай шығындар болады?

в) Өте күшті ластанған өзендерді атаңыз.

г) Қышқылды жаңбырлар қалай пайда болады?

4. Мәтіннен салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыздар.

 

АСБЕСТ

Асбест – көкшіл-сұр түсті жұмсақ тастар түрінде кездесетін тау жынысы, серпентин тобына жатады. Асбест тұтанып жанбайды, сілтілер әсеріне тұрақты, оның талшықтарының беріктігі жоғары. Цементті, суды және асбесті бірге араластырғанда әр түрлі құрылыс материалдары мен бұйымдарды қалыптауға жарамды, иілгіштік ерітінді береді. Одан асбестцементті бұйымдар өндіріледі. Асбестің екі түрі бар: хризотилді – ашық көгілдір түсті, жіңішке талшықты (0,0001мм) және жоғары берік. Амфиболды түрін құрамы жағынан хризотилді түрінен бірден ажырату қиын және жалған мүйізді минералдар тобына жатады. Құрылыс өндірісінде негізінен хризотилді асбест қолданылады. Оның балқу температурасы 1500°С. Асбесті отқа төзімді маталар, шатырлы асбестцементті бұйымдар, асбесті картон және жылудоғарғыш материалдар өндіруде жиі қолданылады.

Тапсырмалар:

1.Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, аударыңыздар.

2.Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

3.Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

4.Мәтіннен салалас құрмалас сөйлемдерді табыңыздар.

 

Сынылатын әдебиеттер.

1.Ш.А.Жетпісбай., А.Ә.Ботабек., Г.С.Байпелова., Ғ.М.Әбілқасов., Г.Қ.Сағатова. Қазақ тілі. ҚарМТУ, 2004.

2.Г.М.Нұрғожина, А.Б.Кинбаева. Қазақ тілі (Кредиттік технология жүйесі бойынша оқыту) Оқу құралы. Қарағанды, ҚарМТУ, 2007.

3.С.К.Нүрпейісова,Т.Ж. Жөкебаева. Техникалық мәтіндер мен сөздіктер жинағы

ҚарМТУ, 2002,

4.Ж.О.Байжанов. Бетон, бетон мен темірбетон бұйымдары және түзілістерінің технологиясы бойынша дәрістер бағамы. Қарағанды, 2003.

СӨЖ

Сұхбат. Табиғатты қорғау - әр адамның міндеті. Реферат. Қазақстанның табиғаты.

СОӨЖ.

1.Талғаулықты және себеп-салдар құрмалас сөйлемнің түрлеріне жаттығулар орындау. 2.Тест тапсырмаларын орындау.3.Мәтінмен жұмыс.

 

 

Тақырып. Жер құнары - өмір нәрі. Ақ бидай - ертегі. Портландцемент және композиционды цементтер. Сабақтас құрмалас сөйлем. (Мезгіл, мекен, мақсат).

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

 







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 584. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия