Студопедия — ЖЕР ҚҰНАРЫ - ӨМІР НӘРІ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ЖЕР ҚҰНАРЫ - ӨМІР НӘРІ






Жер деген - әркімнің туған анасы тәрізді. Жалпы адамзат баласының өмір сүрген ортасы жер планетасы болғандықан, жерде өсетін өнімдер түрлі жеміс-жидек көкөністер мен олардан бөлінетін дәрумендер адам организміне өз пайдасын тигізеді. Жердің құнары – адам өмірінің нәрі. Егер жерді сүйсең, сырын білсең, ол саған құнары мен нәрін береді. Жер – ана тәрізді, жыламасаң, еңбек етіп тер төкпесең, ештеңе бермейді. Жер еңбек еткенді сүйеді. Еңбек оны түрлендіреді. Еңбек жердің қасиетін, құдіретін аңызға айналдырады. Біздің осы көп өнім алып жүрген жеріміз күнделікті түрлендіріп, гүлдендіріп бағып - күтуді талап етеді.

Мысалы: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақал-мәтелдерде осының дәлелі. Сол себепті «жердің қасиетін арпа,бидай дән егіп, оны орған біледі» демекші, күнделікті өмірде тұтынатын тағамдар мысалы, нанның өзі жерден өсіп шығатын арпа, бидайдан алынатынын білеміз.

Жерді сүйіп қана қою жеткіліксіз, оны баптап, аялай білу керек. Жерді білу дегеніміз – оның қасиетін, топырағының қасиетін, білу деген сөз.

Тапсырмалар:

1.Мәтін бойынша сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.

2.Мәтінді оқып аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.

3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

4. Мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыздар.

5.Жер, өнім, өмір, еңбек, аяла сөзерін қатыстырып сөйлем құрастырып жазыңыз.

6. Жер, еңбек туралы 5-6 мақал-мәтел жазып, жаттап келіңіздер.

 

АҚ БИДАЙ

(ертегі)

Есте жоқ ерте заманда бидай өз бетімен өседі екен. Бір жылы қуаңшылық болады. Тіршілік үшін жанталасқан өсімдік атаулы Ақ бидайды жан-жағынан қаумалап, астындағы суды тартып алады. Кейбір бойшаң бұталар күннің көзіне қасақана тұрып алып, жарық түсірмейді. Сөйтіп, Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай бастайды. Ақырында өлер халге жетеді. Содан соң олай-бұлай өткен әр түрлі аңдардан жәрдем сұрайды. Үстінен әрлі-берлі қалықтап ұшып жатқан үлкенді-кішілі құстарға жалынады. Бірақ оның өтінішіне ешкім құлақ аспайды. Енді өлдім ғой деген сәтте, Ақ бидайға садақ асынған, қолында найзасы бар, аң аулап жүрген Адам тап болады. Бидай байғұс көзінің жасын төгіп тұрып, Адамға мұңын шағады. Адам ойланып тұрып, ақырында оның өтінішін қабыл алады. Садағын жерге қойып, найзасын бұтаға сүйей салады да, білегін сыбанып жіберіп, іске кіріседі. Ақ бидайдың айналасындағы шөптің бәрін қолымен жұлып, тап-таза қылады. Бұлаққа барып тақиясына толтырып су әкеледі. Әлсіреп қалған Ақ бидай мөлдір суға қанып бой түзеп, құлпырып сала береді.

Адам да жиі-жиі келіп, бидайға қамқор болып жүреді. Арам шөп, тікендерді оның қасына жуытпай, мезгіл-мезгіл суарып тұрады. Күзге қарай бидай піседі. Піскен дәндерінің біреуін де шашпай, Адамға сыйлайды. Адам сыйға алған дәнін бір қыс сақтайды. Көктем шыққанда ол үйшігінің жанындағы жақсылау жерді қопсытып, соған әлгі дәнді себеді. Жаз бойы арам шөбін жұлып, мезгілімен суарып, баптап тұрады. Ақырында еңбегі босқа кетпей, күзде Адам бір дорба бидай алады. Келер жылы бір қап, содан соң он қап, одан соң мың қап, қойшы, бірте-бірте миллион қап етіп алатын болды.

Адам мен Ақ бидайдың айырылмас достығы ерте заманда осылай басталған екен.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып аударыңыз.

2. Мәтін бойынша он сөзді аудармасымен жазыңыз.

3. Мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыздар.

4. Ертегіні өз сөздеріңізбен әңгімелеңіздер.

5. Ертегі бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

 

ПОРТЛАНДЦЕМЕНТ ЖӘНЕ КОМПОЗИЦИОНДЫ ЦЕМЕНТТЕР

Күл және отынды қождарды портландцемент клинкерінің және активті минералдарда шикізат компоненті ретінде, сондай-ақ композиционды күлді және қожды цементте қолданады. Күлді - қож қалдықтарының бағасын шикізат қоспасының компонеті ретінде силикатты модульдің шартты мәні бойынша анықтайды. Клинкер өндірісінде жоғары техникалық-экономикалық көрсеткішке құрғақ күл қолдану арқылы ие болуға болады. Күлдің құрамында 10 % аралығында отынның жанбай қалған қалдықтарының болуы цемент өнеркәсібінде өте бағалы. Яғни, бұл 1 млн. тонна күлді шикізат компоненті ретінде қолданғанда, цемент өнеркәсібі қосымша 100 мың тонна отын алады. Күлде су саздан аз болғандықтан, оны шикізат құрамына қолдану шламның ылғалдылығын 33-34%, отынның шығынын 7-10% төмендетеді және айналмалы пештердің өнімділігін жоғарылатады.

Тапсырмалар:

1.Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, аударыңыздар.

2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, сабақтас құрмаласқа айналдырыңыздар.

3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

 







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 898. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия