Студопедия — ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ» МОДУЛІНЕН МЕРЗІМДІК БАҚЫЛАУ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ» МОДУЛІНЕН МЕРЗІМДІК БАҚЫЛАУ






Мақсаты:

  1. аудиториялық және аудиториядан тыс өткізілген тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалау

Бақылау міндеті:

  1. Өткізілген тақырып бойынша білімдерін бекіту

 

Студенттер білімін бақылаудың сұрақтары:

1. Ішкі сөлденіс бездері қызметінің орталық реттелу тетіктерінің бұзылыстары (транс- және парагипофиздік реттелу), себептері, даму тетіктері. Кері байланыс тетігінің бұзылысы.

2. Ішкі сөлденіс бездері қызметінің бұзылыстарына әкелетін дерттік үрдістер.

3. Гормондар белсенділігінің бұзылуының шеткері (безден тыс) тетіктері.

4. Қалқанша безі қызметінің бұзылуы. Гипотиреоз, этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.

5. Гипертиреоз, этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.

6. Бүйрек үсті бездерінің жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.

7. Гиперкортицизм, этиологиясы, негізгі көрністерінің патогенезі.

  1. Инсулиннің бездік және безден тыс жеткіліксіздігі, даму тетіктері.
  2. Қантты диабеттің I және II түрінің этиологиясы мен патогенезі
  3. Гипергликемиялық және гипогликемиялық команың патогенезі.

СЫНАМАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

1. Парагипофиздік реттелу бұзылысының себебі

A) ТШҚҰ- синдромы кезіндегі гипофиздің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы

B) нейрогипофиздің зақымдануы

C) гипоталамустың нейросөлденістік жасушаларының уыттанулық иммундық зақымдануы

D) гипофиздің өспесі

E) жүйкелік өткізгіштердің зақымдануы

2.Трансгипофиздік реттелу бұзылысының себебі

A) қалқанша бездің аденомасы

B) нейрогипофиздің зақымдануы

C) жүйкелік өткізгіштердің зақымдануы

D) аденогипофиздің өспесі

E) орхит

3.Трансгипофиздік реттелудің бұзылысына әкелмейтіні

a) либерин түзілуінің бұзылысы

b) статин түзілуінің бұзылысы

c) гипофиздің тропты гормондары түзілуінің бұзылысы

d) шеткері бездердің денервациясы

e) психикалық жарақат

4. Трансгипофиздік реттелу, негізгі болып табылады

А) бүйрек үсті безінің қыртысының шоғырлы аймағына+

В) ұйқы безіне

С) бүйрек үсті безінің шумақты аймағына

D) қалқанша маңы безіне

Е) айырша безіне

5. Трансгипофиздік реттелу негізгі болып табылады

A) нейрогипофизге

B) ұйқы безіне

C) жыныс безіне

D) қалқанша маңы безіне

E) эпифизге

6. Кері байланыс тетігінің бұзылысының негізінде жатады

a) қандағы гормондар мөлшерінің өзгерісін қабылдайтын гипоталамус орталықтары сезімталдығының төмендеуі

b) тропты гормондар өндірілуінің жоғарылауына жауап ретінде либериндер өндірілуі азаюы

c) шеткері бездердегі гормондарының деңгейі жоғарылағандықтан статиндер өндірілуінің артуы

d) либериндер өндірілуі жоғарылағандықтан аденогипофиз гормондары өндірілуінің артуы

e) тропты гормондар өндірілуінің төмендеуінен либериндер өндірілуінің артуы

7. Кері байланыс тетігінің бұзылысы байқалады

A) тропты гормондар мөлшері төмендегендіктен, статиндер өндірілуінің азаюында

B) шеткі бездегі гормондар деңгейінің жоғарылауынан либериндер өндірілуінің азаюы

C) шеткі бездердің аденомасында

D) шеткі бездердегі гормондар мөлшері азаюынан аденогипофиз гормондары өндірілуі артуында

E) психикалық қозу кезінде либериндер өндірілуінің артуы

8. Гормондар белсенділігінің шеткері, безден тыс тетіктерінің бұзылысына жатады

a) бездердің өспесі

b) без гормондарының биосинтезі бұзылысы

c) бездің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысы

d) без дамуының туа пайда болған ақауы

e) гормондық қабылдағыштардың бөгелуі

9. Эндокриндік бездер қызметінің алғашқы бүлінісіне әкелуі мүмкін

a) нысана жасушаларда гормонды қабылдағыштар санының азаюы

b) бездің қабынуы

c) глюкокортикоидтардың қолдаушы (пермиссивті) әсерінің бұзылысы

d) айналымдағы гормонның бөгелуі

e) гормондардың әсерсізденуінің бұзылысы

10. Без гипофункциясына әкелуі мүмкін

a) гипоталамус либериндерінің тым артық өндірілуі

b) без аденомасы

c) без атрофиясы

d) гипоталамус статиндері сөлденісінің төмендеуі

e) нәруыздар мен гормондар байланысуының төмендеуі

11. Бездер гиперфункциясының көріністерін дамытады

a) прогормонның гормонға тым артық айналуы

b) гормондық қабылдағыштардың бөгелуі

c) гипофиздің тропты гормондарының сөлденісі төмендеуі

d) бездің қабынуы

e) бездің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысы

12. Гиперкортизолизмге әкелмейтін жайт

a) кортиколиберин сөлденісінің жоғарылауын дамытатын гипоталамус, таламустың зақымдануы

b) АКТГ сөлденісі жоғарылауымен сипатталатын гипофиздің базофилдік аденомасы

c) глюкостеромалар

d) бүйрек үсті бездері қыртысының шумақты аймағының өспелері

e) бронх өспелері кезінде АКТГ-нің эктопиялық түзілуі

13. Гиперкортизолизм кезінде нәруыз алмасуы бұзылуының салдары болады

A) антиденелер өндірілуінің жоғарылауы

B) бұлшықет атрофиясы, остеопороз

C) глюконеогенездің төмендеуі

D) қандағы қалдық азоттың төмендеуі

E) жұқпаларға төзімділіктің жоғарылауы

14. Гиперкортизолизм кезіндегі гипергликемияның патогенезінде маңызы бар

a) глюконеогенездің белсенділенуі

b) липогенездің белсенділенуі

c) гликогеногенездің белсенділенуі

d) гликогенолиздің тежелуі

e) липолиздің тежелуі

15. Гиперкортизолизм кезіндегі су-электролит алмасуының бұзылысына жатады

a) гипернатриемия, гипокалиемия, ішекте кальций сіңірілуінің тежелуі

b) гипонатриемия, гиперкалиемия, АҚК-нің (ОЦК) жоғарылауы

c) гиперкәлциемия, АҚК-нің азаюы

d) гиповолемия

e) гиперкалиемия, гиперволемия

16. Гиперкортизолизм көрінісіне жатады

A) артериялық гипотензия

B) жүдеу

C) аяқтарда майдың жиналуы

D) гипогликемия

E) іштің, иықтың, санның терісінде жолақтардың пайда болуы

17. Гиперкортизолизм көрінісіне жатады

A) артериялық гипотензия

B) жүдеу

C) майдың бет, мойын, іште жиналуы

D) толық және жартылай салданулар

E) экзофтальм

18. Гиперкортизолизм кезіндегі остеопороздың патогенезінде маңызы жоғы

a) сүйек тіні нәруыздарының ыдырауы жоғарылауының

b) сүйектің нәруыздық бетіне кәлций бекітілуі бұзылуының

c) ішекте кәлций сіңірілуі төмендеуінің

d) салдарлық гиперпаратиреоз дамуының

e) гипопаратиреоз дамуының

19. Бүйрек үсті бездерінің жіті жеткіліксіздігінің себебі болуы мүмкін

a) бүйрек үсті бездері қыртысты қабатының аутоиммундық зақымдануы

b) бүйрек үсті бездерінің туберкулезі

c) бүйрек үсті бездерінің қыртысына өспелердің метастаз беруі

d) ТШҚҰ-синдромы кезінде бүйрек үсті бездері артерияларының тромбозы

e) бүйрек үсті бездерінің туа біткен гипоплазиясы

20. Аддисон ауруына тән

A) терінің гиперпигментациясы, гипонатриемия, гиперкалиемия+

B) терінің гиперпигментациясы, гипернатриемия, гипокалиемия

C) тырысулар

D) артериялық гипертензия

E) семіру

21. Аддисон ауруы кезіндегі тері және шырышты қабықтар гиперпигментациясы патогенезінің көрсетілмеген тізбегі:

Кортизол тапшылығы → кері байланыс тетігі бойынша? өндірілуінің артуы → тері және шырышты қабықтарда меланин жиналуының жоғарылауы → гиперпигментация

a) АКТГ

b) АДГ

c) СТГ

d) ТТГ

e) ГТГ

22. Бүйрек үсті бездерінің созылмалы жеткіліксіздігінің себебі болуы мүмкін

a) бүйрек үсті бездерінің туберкулезі+

b) бүйрек үсті бездері қыртысты қабатына қан құйылу

c) ТШҚҰ-синдромы кезінде бүйрек үсті бездері артерияларының тромбозы

d) глюкокортикоидтармен емдеудегі доғару синдромы

e) екі жақты адреналэктомия

23. Бүйрек үсті бездерінің жіті жеткіліксіздігіне тән

a) артериялық гипертензия

b) гипернатриемия

c) гипокалиемия

d) гипергликемия

e) артериялық гипотензия

24. Бүйрек үсті бездері қыртысты қабатының қызметі бұзылуы салдарынан дамитын эндокринопатияларға жатпайтыны

A) Конн синдромы

B) Иценко-Кушинг синдромы

C) Симмондс ауруы

D) Аддисон ауруы

E) адреногениталды синдром

25. Гипотиреоз кезінде сөлденісінің жеткіліксіздігі дамиды

A) тироксин, трийодтирониннің

B) АКТГ

С) ДҚГ

D) СТГ

E) глюкагонның

26. Гипотиреоз көрінісіне жататыны

a) негізгі алмасудың жоғарылауы, жүдеу

b) дене қызымының жоғарылауы, тершеңдік

c) гиперхолестеринемия

d) тахикардия, артериялық гипертензия

e) қалқанша безінің ұлғаюы, экзофтальм

27. Гипотиреоз көрінісіне жатпайтыны

A) аутоиммундық тиреоидит

B) тиреотропиномалар

C) тағаммен йодтың жеткіліксіз түсуі

D) струмэктомия

E) радиобелсенді йодтың әсері

28. Тиреоидты гормондардың жеткіліксіздігінен дамиды

A) гиперкинездік диарея

B) дисметаболизмдік кардиомиопатия

C) тахикардия

D) холестерин деңгейінің төмендеуі

E) гипергликемия

29. Гипотиреоз кезінде қанда ТТГ мөлшерінің жоғарылауы, дерттік үрдістің орналасқанын көрсетеді

a) гипофизде

b) гипоталамуста

c) мый қыртысында

d) таламуста

e) қалқанша безде

30. Гипотиреоз кезінде қанда ТТГ мөлшерінің азаюы, дерттік үрдістің орналасқанын көрсетеді

a) аденогипофизде

b) қалқанша безде

c) бүйрек үсті безінде

d) нейрогипофизде

e) таламуста

31. Эндемиялық жемсау патогенезінің көрсетілмеген тізбегі:

Йод тапшылығы ® тиреоидты гормондардың (Т3, Т4) түзілуінің төмендеуі® қанда Т3, Т4 мөлшерінің азаюы ®? ® қалқанша безінің гиперплазиясы

a) ТТГ (тиреотропин) сөлденісінің жоғарылауы

b) соматостатин сөлденісінің жоғарылауы

c) соматомединдер сөлденісінің жоғарылауы

d) тиреолиберин сөлденісінің азаюы

e) кортиколиберин сөлденісінің төмендеуі

32. Балалық шақтағы қалқанша бездің гипофункциясына жатпайтыны

A) ақыл-ой дамуының идиотияға (кретинизм) дейінгі кемістігі

B) еңбектің ұзақ уақыт бітпеуі

C) сүт тістері ауысуының кешеуілдеуі

D) жыныстық және ақыл-ой дамуының уақытынан ерте дамуы

E) бой өсуінің артта қалуы

33. Гипертиреоз дамуы мүмкін

a) АКТГ-ның артық сөлденісінде

b) нейрогипофиздің аденомасында

c) тиреостатин артық сөлденісінде

d) организмге глюкокортикоидтарды енгізгенде

e) тиреоынталандыратын иммуноглобулиндердің түзілгенінде

34. Гипертиреоз кезінде зат алмасу өзгерістеріне жатады

a) Тотығу-тотықсыздану үрдістерінің қарқыны төмендеуі

b) АҮФ түзілуінің күшеюі

c) негізгі алмасудың жоғарылауы

d) гиперхолестеринемия

e) липогенездің белсенділенуі

35. Гипертиреоздың көріністеріне жататыны

A) қалқанша безінің ұлғаюы, микседема, брадикардия

B) қалқанша безінің ұлғаюы, экзофтальм, тахикардия

C) қалқанша безінің ұлғаюы, шаштың түсуі, терінің құрғауы

D) қалқанша безінің ұлғаюы, іш қатуы, іштің кебуі

E) сүт тістері алмасуының кідіруі, физикалық және ақыл-ой дамуының кешеуілдеуі

36. Қантты диабеттің I түріне тән

a) инсулиннің ұйқы бездік жеткіліксіздігі, HLA антигендерімен бірігуі

b) инсулиннің ұйқы безінен тыс жеткіліксіздігі, HLA антигендерімен бірігуі

c) ангиопатияның кеш дамуы

d) жас 40-тан асқанда

e) біртіндеп басталу, жеңіл өту

37.Қантты диабеттің II түріне тән

A) инсулиннің ұйқы бездік жеткіліксіздігі

B) инсулиннің ұйқы безінен тыс жеткіліксіздігі

C) диабеттік кома дамуына бейімділік

D) ангиопатияның ерте дамуы

Е) HLA антигендерімен бірігуі

38. Қантты диабет синдромы симптомдарының бірізділігін көрсетіңіз

a) глюкозурия, гипергликемия, полиурия, полидипсия

b) полидипсия, полиурия, гипергликемия, глюкозурия

c) гипергликемия, глюкозурия, полиурия, полидипсия

d) полиурия, полидипсия, гипергликемия, глюкозурия

e) полиурия, гипергликемия, глюкозурия, полидипсия

39. Қантты диабеттің I түрі кезіндегі гипергликемияның патогенезінде маңызы жоғы

a) гликогеногенез белсенділенуі

b) жасушалардың глюкозаны пайдалануының төмендеуі

c) глюконеогенездің күшеюі

d) қанда инсулиннің қарсыластарының артуы

e) гликогенолиз белсенділенуі

40. Қантты диабеттің бастапқы сатысындағы глюкозурия, салдары болып табылады

A) кетонемияның

B) гипергликемияның

C) гиперлипидемияның

D) полиурияның

E) гиперлактатацидемияның

41. Қантты диабет кезіндегі полиурияның патогенезінде маңызы бар

a) алғашқы несептің осмостық қысымы жоғарылауының

b) бүйрек өзекшелерінде судың кері сіңірілуі жоғарылауының

c) Боумена-Шумлянский қапшығында қысым жоғарылауының

d) бүйректің проксималды өзекшелерінің тектік ақауының

e) бүйрек өзекшелерінің АДГ-ға сезімталдығының төмендеуі

42. Диабеттік кома патогенезінде маңызы жоғы

a) гиперосмолялды дегидратацияның

b) кетоздың

c) гипогликемияның

d) ацидоздың

e) гиперазотемияның

43. Гиперосмолялды диабеттік команың патогенезінде маңызы бар

a) айқын гипернатриемия

b) күрт айқын гипергликемия және жасуша дегидратациясы

c) теңгерілмейтін кетоацидоз

d) гиперкалиемия

e) айқын гиперлактатацидемия

44. Кетоацидоздық диабеттік команың патогенезінің негізгі тізбегі

a) өте айқын гипергликемия

b) гиперкетонемия және теңгерілмеген ацидоз

c) қан және жасушааралық сұйықтықтың гиперосмиясы

d) жасушалардың айқын сусыздануы

e) сүт қышқылының көп жиналуы

45. Микроангиопатия патогенезінде маңызы жоғы

A) гипергликемияның

B) ұсақ қантамырларының негізгі мембраналарына нәруыздардың глюкозамен байланысуының

C) глюкозаның сорбитолға ауысуының белсенділенуі және оның ұсақ қантамырларының қабырғасында жиналуының

D) қан тамырлары қабырғасы нәруыздарының антигендік қасиетке ие болуы және ұсақ қан тамырлары қабырғаларының иммундық зақымдануы

E) артериялардың атеросклерозының

46 Макроангиопатия патогенезінде маңызы жоғы

A) атерогендік төмен тығыздықты липопротеидтер деңгейі жоғарылауының

B) жоғары тығыздықты липопротеидтер деңгейі төмендеуінің

C) тромбоксан А2 түзілуі күшеюінің

D) артериялардың тегісет жасушалары өсіп-өнуі түрткіленуі

E) NO түзілуі жоғарылауының

47.Қанда қант - 20 ммоль/л,несепте глюкоза мөлшері - 3 ммоль/л, несептің салыстырмалы тығыздығы - 1035, тәуліктік диурез - 3500 мл. Сіздің тұжырымыңыз:

A) қалыпты

B) қантты диабет

C) қантсыз диабет

D) бүйректік глюкозурия

E) фосфаттық диабет

48. Тәуліктік диурез - 3500 мл, қанда қант мөлшері 3,3 ммоль/л, несепте глюкоза мөлшері - 1 ммоль, несептің салыстырмалы тығыздығы – 1030.

Сіздің тұжырымыңыз:

A) қалыпты

B) қантты диабет

C) қантсыз диабет

D) бүйректік глюкозурия

E) фосфаттық диабет

49. Йодтың суда және тағамда жетіспеуінен дамиды

a) аутоиммундық тиреоидит

b) гипертиреоз

c) гипопаратиреоз

d) эндемиялық жемсау

e) жайылған уыттық жемсау

50.Мориак синдромының патогенезінде маңызы жоғы

a) инсулиннің тапшылығы

b) кортизолдың артық өндірілуі

c) глюкагонның артық өндірілуі

d) қанда бета-липопротеидтер мен БМҚ жоғарылауы

e) жыныс гормондары сөлденісінің артуы

 

ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

 

1. Эндокринопатиялардың пайда болуы мен көріністерінің патогенезінің тетіктерін түсіндіре білу

Оқыту құралы

1) Оқу –әдістемелік материалдар электронды түрде

2) Сабақтарға көрсетілімдік материалдар

№ тақырып Тақырып Көрнекті құралдар түрі №№ кестелер және папкалар
  Ішкі сөлденіс жүйесінің патофизиологиясы Таратылатын материалдар Кестелер   Қабырға газеті Слайдтар Жануарлар Жабдықтар ЖМ 4-ТЖ   21.1 қыртысты қабаттың реттелуі 21.2 Шеткері бездерге аденогипофиздің әсері 21.3 Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері жүйесі С-3.5 Эндокринопатиялардың жалпы тетіктері СЛ-21.1 Ішкі сөлденіс жүйесінің патофизиологиясы (жиынтық) Егеуқұйрық, тышқандар Глюкометрлер, піспелер, жануар табиғатты жай инсулин, глюкоза ерітіндісі (20%)

 

 

2. СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР сабаққа арналған есептерді қараңыз

Ситуациялық есептердің жауаптары:

Есеп

1. Алынған мәліметтер қалқанша бездің қызметі қалай өзгергендігін көрсетеді, гипер- немесе гипофункциясы ма?

Мәліметтер гипотиреозды көрсетеді

2. Дерттік үрдіс қайда орналасқан? Үрдіс қалқанша безінде орналасқан.

Есеп

1. Ит не себепті өлді? Бүйрек үсті бездерінің жіті жеткіліксіздігі дамыды.

2. Қыртысты қабат гормондары жеткіліксіздігінен бе, әлде милық қабат гормондары жеткіліксіздігінен бе? Қыртысты қабат гормондары жеткіліксіздігінен милық қабат гормондары дербес жүйке жүйесінің түйіндерінде де өндіріледі.

Есеп

1. Гипоталамус және гипофиз (Иценко-Кушинг ауруы) немесе бүйрек үсті безі (Иценко-Кушинг синдромы), немесе АКТГ эктопиялық түзілуі

2. АКТГ деңгейін анықтау, гипофиз және бүйрек үсті бездері мөлшерлерін анықтау

3. Көрсетілген өзгерістердің патогенезі қандай?

 

Гиперкортизолизм Зат алмасудың бұзылысы
Нәруыз алмасуы Бұлшықетте және дәнекер тіндерінде нәруыз ыдырауының күшеюі, нәруыз түзілуінің төмендеуі ↓ Гиперазотемия, теріс азоттық баланс
Көмірсу алмасуы - глюконеогенез күшеюі - глюкозаның майға айналуының тежелуі - глюкоза-6-фосфатаза белсенділігінің артуы→глюкозаның қанға шығуы ↓ гипергликемия (стероидты қантты диабет)
Май алмасуы Үшацилглицериндер түзілуінің жоғарылауы, бауыр мен май тінідерінде май қышқылдары тотығуының азаюы ↓ Бетте майдың артық жиналуы («ай тәрізді бет», кеудесінде, ішінде, мойнында «бизоний өркеші»)
Су-минералдар алмасуы · глюкокортикоидтар→ангиотензиноген түзілуінің және ангиотензинге айналдыратын ферменттің жоғарылауы → әлдостерон сөлденісінің жоғарылауы→ натрийдің қайта сіңірілуінің күшеюі, калийдің қайта сіңірілуінің төмендеуі ↓ гипернатриемия, гипокалиемия ↓ Жасуша сыртында судың жоғарылауы, АҚК ұлғаюы   · ішектерде кәлций сіңірілуінің тежелуі, несеппен кәлций бөлінуінің артуы ↓ салдарлық гиперпаратиреоз
Негізгі көріністері
Артериялық гипертензия · ренин-ангиотензин-әлдостерон жүйесінің белсенділенуі → АҚК артуы және шеткері қан тамырларының кедергісінің артуы · катехоламиндерге (гипернатриемия) тамыр қабырғасының сезімталдығының жоғарылауы · ОЖЖ қозу үрдісінің күшеюі (аммиак концентрациясы артуы) → тамыр қозғалтқыш орталығы межеқуатының жоғарылауы
Стероидты кардиомиопатия Жүрек бұлшықетінде зат алмасу бұзылыстары, гипоксия
«Кушинг тәрізді келбет» Майлардың көптеп жиналуы және денеде көптеп таралуы: бетте, мойында, іште, кеудеде майдың артық жиналуы, аяқ-қолда майдың азаюы
Бұлшықеттік әлсіздік Жасуша ішілік калийдің азаюы, жасуша сыртында натрийдің жоғарылауы, қаңқа еттерінің дистрофиялық өзгерістері
Остеопороз, сүйек деформациясы мен сынуы балаларда бой өсуінің тежелуі · сүйек тінінде нәруыз ыдырауының артуы, сүйектің нәруыздық негізіне кәлций бекуінің бұзылуы · ішектерде кәлций сіңірілуінің төмендеуі →салдарлық гиперпаратиреоз дамуы
Іштің, иықтың, санның терісіндегі сызықтар - көгілдір түсті дистрофиялық «созылу сызықтары» · теріде нәруыз түзілуінің тежелуі → коллаген, эластин ж.б.жеткіліксіздігі · тері асты шел май қабатының майда қантамырлары, сызықтар аймағында көрінуі · тері асты шел май қабатында веналық қан іркілуі
Маскулинизация - әйелдерде ерлерге тән екіншілік жыныс белгілерінің пайда болуы: сақал, мұрттың өсуі, дауыстың өзгеруі (барифония) · бүйрек үсті бездері арқылы жыныс гормондарының өндірілуі артуы →гипофизде гонадотропты гормондар өндірілуінің тежелуі → жыныс бездерінің қызметінің тежелуі
Трофикалық жаралар, іріңдік зақымданулар, жұқпаға төзімділіктің төмендеуі · глюкокортикоидтардың артық мөлшерінен пайда болған иммунодепрессия · нәруыз түзілуінің төмендеуі
     

 

№ 4 есеп

1. Бұл көріністер қай бездің зақымданғанын көрсетеді? Бүйрек үсті безінің қыртысты

қабатының

2. Ауру қалай аталады? Аддисон ауруы (бүйрек үсті безінің созылмалы жеткіліксіздігі)

3. Байқалған көріністердің патогенезі қандай?

 

 

Патогенездегі негізгі тізбек: бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жеткіліксіздігі
Зат алмасу бұзылыстары
Су -электролит алмасуы Әлдостерон жеткіліксіздігі, кортизол мен кортикостеронның мөлшері аз болуы ↓ натрийдің қайта сіңірілуінің төмендеуі, бүйрек өзекшелері арқылы калийдің қайта сіңірілуінің жоғарылауы ↓ гипонатриемия, гиперкалиемия, АҚК азаюы
Көмірсу алмасуы Глюкокортикоидтар жеткіліксіздігі ↓ - глюконеогенез және гликогенолиз төмендеуі - инсулин белсенділігінің жоғарылауы - глюкоза-6-фосфатаза белсенділігінің төмендеуі - ішектерде глюкозаның сіңірілуінің төмендеуі ↓ гипогликемия
Нәруыз алмасуы глюкокортикоидтардың қолдаушы әсерінің жойылуы, андрогендердің жеткіліксіздігі ↓ Нәруыз түзілуінің төмендеуі, нәруыз ыдырауының басым болуы ↓ гиперазотемия, теріс азоттық тепе-теңдік
Негізгі көріністері
Бұлшықеттік әлсіздік, шаршағыштық, адинамия - миоцитте иондар тепе – теңсіздігі → қозудың, өткізгіштіктің, жиырылғыштықтың бұзылыстары - Гипогликемия→ энергиямен қамтамасыз етілудің жеткіліксіздігі - миоциттер салмағының азаюы, андрогендердің анаболизмдік әсерінің төмендеуі салдарынан дистрофиялық өзгерістер
Артериялық гипотензия - АҚК азаюы - Тамыр қозғалтқыш орталығы межеқуатының төмендеуі - Артериолалардың тегісет жасушалары межеқуатының төмендеуі - катехоламиндерге тамыр қабырғасының сезімталдығының жоғарылауы - Жүректің жиырылғыштық қызметінің төмендеуі
Анорексия, лоқсу, құсу, іш аймағында ауыру сезімі   - асқазан және ішектер сөлденісінің жеткіліксіздігі, ұйқы безі сөлденісінің төмендеуі - Натрий бөлінуі салдарынан дамыған осмостық диарея - қуыстық және мембраналық асқорытылудың бұзылысы
Бүйрек үсті бездерінің алғашқы жеткіліксіздігіндегі тері мен шырышты қабаттардың гиперпигментациясы кортизол жеткіліксіздігі ↓ кері байланыс тетігі бойынша АКТГ, бета-липопротеин және меланоцит күшейткіш гормондар сөлденісінің жоғарылауы ↓ Теріде, шырышты қабаттарда, әсіресе, ашық аймақтарда, тыртықта және тері қыртыстарында, ұрт, ерін, тілдің шетіндегі шырышты қабаттарда меланиннің шөгуі

 







Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 4290. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия