Студопедия — Дәріс. Салықтардан жалтару мен ауыртпалығын аудару
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс. Салықтардан жалтару мен ауыртпалығын аудару






Салықтар ауыртпалығын аудару салық төлеушінің салық ауыртпалығын соңғы салық тасушыға – салықтың негізгі ауыртпалығын өзіне алатын халыққа ауыстыру үдерісі болып табылады.

Салықтар ауыртпалығын аудару тек қана салық төлеуші мен тасушының ғана емес, сонымен қатар салық объектісі мен салық көзінің сәйкес келуімен байланысты.

Аудару жасырын түрде өндіріс саласында және айналым саласында болады.

Өндіріс саласындағы пайда мен табыс есебінен төленетін салықтар жалданған жұмысшылардың еңбегін интенсификациялау, яғни қажетті жұмыс уақытын салыстырмалы түрде қысқарту және қосымша уақытты көбейту жолымен аударылуы мүмкін. Бұл салықты жалданған жұмысшыларға аударудың ең жасырын түрі болып табылады.

Айналым саласында салықтар баға механизмі арқылы аударылады.

Корпоративті табыс салығы кәсіпорын өнімін тұтынушыларға жоғары бағалар есебінен немесе ресурстарға бағаны төмендету есебінен ресурстармен жабдықтаушыларға аударылуы мүмкін. Акционерлік қоғам түрінде ұйымдастырылған шаруашылық субъектілердің табысына салық салу кезінде жағдайы акционерлік қоғамдар түрлеріндегі субъектілер төлеген барлық салық сомасын немесе оның бір үлесін жабатын бөлігінің есебіне акционерлерге төмен дивиденд төлену арқылы аударым болуы мүмкін.

Табыс көзінен алынатын жеке табыс салығы аударылмайды, себебі, салық төлеушілерінің соңғы табысынан төленді. Алайда, егер кәсіподақ талабына байланысты жұмысшылардың еңбек ақысын көбейтсе, онда салықтың бір бөлігін жұмысшылардан жұмыс берушілерге аудару мүмкіндігі туады. Соңғылары бағаларды көтеру жолымен ағындағы шығындардың өсуін, өнімді немесе қызметті тұтынушыларға аударды.

Декларация бойынша төленетін жеке табыс салығына тоқталатын болсақ, оның аударылуы көрсетілетін қызметке бағаның көтерілуі арқылы (дәрігерлер, адвокаттар, басқа да еркін мамандығы бар жеке тұлғалар) мүмкін болады.

Жеке меншікке салық;жарым-жартылай аударылады, осылайша, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке, заңды тұлғаларының мүлік салығын төлеген кезде жеткілікті сұраныс болған жағдайда салық сомасына таза табысты жоғарылатуға болады және оны өнім және қызмет тұтынушыларына аударуға болады. Жеке тұлғалар - мүліктің ұсақ меншік иелері – пәтер қожалары салықты тек пәтерді жалға беру кезінде ғана аудара алады, ал негізгі төлеушілер мүлік салығының соңғылары бола алады.

Табыс есебіне төленетін тікелей салықтардың басқа да түрлері осылайша аударылады: жер, көлік құралдарына салық;.

Жанама салықтардың аударылуға үлкен қабілетті болады. Қосымша құн салығы тұтынушыға толығымен ауысады, себебі өнім және қызметтің кең диапазонын қамтиды да, тұтынушыларға осы салық салынбайтын тауар қалмайды. Акциздерді және басқа да импорттық кеден баждардан салу кезінде ондай тауарлар болады, өйткені тұтынушылар осындай салық салынбайтын тауарларға көшуі мүмкін. Осындай жағдайда сатушы өзінің тауарына сұраныстың төмендеуінен бағаны төмендетуге мәжбүр болады және салық ауыртпалығы бөлінуі мүмкін,т яғни тұтынушыға бөлшектеп ауысуы мүмкін.

Салық салу, толығымен, яғни тікелей және жанама салуда - тауар және қызметті өндірушілерге (сатушыларға) және тұтынушыларға жағымсыз әсер етеді, себебі өндіріс көлемінің қысқаруына және бағаның өсуіне алып келеді.

Сұраныс пен ұсыныс, икемділік факторының басқа тауар бағасы арқылы аудару мүмкіндігі мен деңгейі экономикалық циклдың фазаларына байланысты болады: көтерілу кезінде бағаның өсуіне өте қолайлы жағдай туады да? салықтың ауысуы интенсивті түрде жүреді және керісінше; құлдырау кезінде өндіріс төменденп көбейеді, халықтың сұранысқа деген төлем қабілеті төмендейді де, ауыртпалықты аудару қиынға соғады.

Салық төлеуден жалтару – салықты толық немесе бөлшектеп төлемеу мақсатымен салық төлеушінің салық салу объектісін әдейі азайту немесе жасыру (пайданы, табысты, тауар айналымын, мүлігін). Осындай заңсыз іс-әрекеттер мемлекеттің мүддесіне зиян келтіреді: мемлекетік бюджет елеулі қаржысын толық алмайды, салықтық заңды бұзғандардың қосымша криминалды табыс көздері пайда болады, кәсіпкерлік қызмет, аймақ т.б. салаларда құн қозғалысының негізгі пропорциясы бұзылады.

Салықтан жалтарудың бірнеше себептері бар:

1) шаруашылық кәсіпкерлік немесе басқа қызметін дұрыс жүргізуге мүмкіндік бермейтін елеулі салық ауыртпалығы салықтардың үлкен көлемі мен жоғары мөлшерлеме салық салу субъектісінің «көлеңкелі» экономикаға кетуіне ықпал етеді;

2) салық заңдылығының тура еместігі, оларды толықтырулар, өзгертулер, түзетулердің көптігі, олар инструкциялар мен ережелердің нормаларын әр түрлі түсінуге мүмкіндік береді;

3) салық қызметін ұйымдастырудағы жетіспеушіліктері;

4) субъектілердің салық соммаларын көлеңкелі бизнесті инвестициялау және байыту үшін біле тұра әдейі, төлемеуі.

«Көлеңкелі экономиканың» үлкен масштабы, басқа мемлекеттің банкісіне ақша аудару, кәсіпкерлік қызметтің негізгі масштабын төмендетуге күш салуы, мүлік құнын төмендетуге өте үлкен салықтық түсімдердін ірі сомаларын мемлекеттік бақылаудан шеткерілетеді.

Кейбір деректер бойынша, Қазақстандағы заңсыз экономика жалпы ішкі өнімнің үштен бірінен 40 пайызына дейін құрайды. Заңды экономикадағы жағымсыз жағдай оның салықтық базасын мемлекеттік қаржы ресурстарын толықтыру үшін толық пайдалануға мүмкіндік бермейді.

«Қосарлама» есеп жүргізу тәжірибесі қалыптасты: ресми органдар үшін және кәсіпкерлердің өздерінің пайдалануына арналған. Біріншіде іс-әрекеттің ең төменгі нәтижелері көрсетіледі, екіншіде – бизнесті басқаруға және дамытуға қажетті шынайы нәтижелер.

Салық жөніндегі әкімшілік ережелер бойынша салық аудару немесе төлем кезіндегі белгіленген тәртіп ауытқу немесе стандартты емес жағдайларда салық органдарының шара қабылдау нұсқалары белгіленген; мысалы, бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібі бұзылған, есеп құжаттары жойылған немесе жоғалған, декларацияланған табыс жеке тұтынысқа жұмсалатын шығынға, мүлік көлеміне сәйкес келмеген жағдайларда салық салу объектісін анықтау.

Салықты мәжбүрлі түрде төлету шаралары бекітілген: салық төлеушінің мүлкін тұтқындау, оны одан ары төленуі тиіс салықтың, айыппұлдың есебінен сату, шаруашылық жүргізу әрекеттерін уақытша тоқтату. Салық туралы заңды бұзғаны үшін жауапкершілік анықталған: мысалы, салықтық есепті салық органдарына тапсырмау немесе белгіленген мерзім тәртібін бұзып тапсыру, салық салу объектісін көрсетпеу немесе төмендету, салықты дұрыс аудармау жолымен салықты және басқа да міндетті төлемдерді төлемеу немесе толық төлемеу, жалған банкроттыққа ұшырау, мүлікті, салық төлеушінің мекен-жайын жасыру, жалған шот-фактураларды пайдалану.

Салық заңын мемлекетке едәуір зиян келтіретін бұзуға қылмыстық жауапкершіліктің қатаң шаралары бекітілген: Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапқа тартылады, мысалы, белгіленген мерзім ішінде қандай да бір қызмет атқару құқығынан айыру, қоғамдық немесе түзету жұмыстарына жегу, сонымен қатар үш жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Дегенмен, аталған шаралар салық төлеуден жалтару проблемасын толығымен жоя алмайды. Салық төлеушілер салық салу объектілері мен табысын жасырудың барған сайын құйтырқы әдістерін ойлап табуда, салық қызметіне әдейі өзгертілген мәліметтер беру жағдайлары көптеп кездесуде.

Салық төлеуден жалтарудың әр түрлі тәсілдері бар. Тікелей салық төлеуден жалтару кеңінен таралған. Жанама салық бойынша бұл оны алудың ерекшелігіне байланысты біршама қиыншылық туғызады.

Салық сомаларын төлемеу немесе төмендетіп төлеу «салық моралінің» төмендеуіне әкеледі, жауапкершілік жүктемеу сезімі мемлекеттік органдардың, тіпті, мемлекеттің өзінің беделін түсіреді. Сондықтан салық органдарының қызметінде салық төлеуден жалтарушылықпен күреске бірінші кезекті мән берілуі тиіс.

 

Әдебиет: 11 нег. [100-126], 18 қос. [45-64]

Бақылау сұрақтары:

1) Салықтардан жалтару себептері

2) Негізгі салықтардан жалтару тәсілдері

3) Салықтарды мәжбүрлі түрде төлету шаралары

4) Салықтардың ауыртпалығын аудару процесінің мәні мен ерекшеліктері







Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 1831. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия