Студопедия — Жапсырылатын материалдар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жапсырылатын материалдар






Жапсырылатын материалдар жақсы адгезияға ие бола тұрып, олар сонымен қатар жабысқанда қажетті берік қабатқа, жоғары гидроизоляциялық қабілетке және ауа райына тұрақты, жылу және суға төзімді, сілтілі немесе қышқылдық ортаға берік болуы керек. Егер де материал осы қасиеттерге ие болып, тез кебетін болса, онда мұндай материалдар жоғары бағаланады.

Барлық жапсырылатын материалдарды фазалық құрамына байланысты топқа бөлуге болады:

1. көп фазалы немесе гетерогенді (желімді мастикалар)

2. бір фазалы немесе гомогенді (желімдер)

Желімді мастикалар мынадай байланыстырушы заттарды құрайды: пластификатор түріндегі толтырғыштар мен қоспалар, сыртқы активті заттар және т.б. Желімдер негізінен жоғарғы молекулалы полимерлі органикалық ерітінділер қатарына жатады.

Гидроизоляцияға пайдаланатын желімді мастикалар байланыстырушы затына байланысты битумды, битумды-полимерлі, каучукты және қарамайлы (тас көмірден немесе сланецті қарамайдан алынған) болып бөлінеді.

Желімді мастикалар әртүрлі материалдарды жапсырып қоймай, тесіктерді, саңылауларды, жарықшақтарды толтырады және де кедір-бұдырлы жерлерді тегістейді. Қазіргі жағдайда ең көп қолданысқа ие болып битумды желімді мастикалар саналады.

Желімді битумды мастикалар қатарына:

1. барлық ыстық мастикалар маркалары жатады, әсіресе жоғары жылуға төзімді мастикалар (85 және 100 Со); олар да битумды–резеңкелі мастикаларға жатады.

2. сұйылтылған битумнан дайындалған суық битумды мастикалар.

Рулонды материалдарды (қара қағаз, пергамин, изол, гидроизол) жапсыру үшін қазіргі жағдайда ең көп суық битумды мастикаларды пайдаланады.

Жапсырғыштар қатарына қарамайлы мастикалар да жатады. Оларды қарамайлы рулондарды жапсыру үшін қолданады.

Жақсы жапсырылғыш материалдар қатарына суық және ыстық күйдегі изол-мастикаларды айтуға болады. Ол бетонға, керамикаға, ағашқа, пластмассаға және т.б. конструкциялық материалдарға берік жабысып тұру қабілеті бар. Изолды резеңке–битумды ыстық мастикалар бес маркадан тұрады. Олар бірақ бір-бірінен «Сақина және шар» әдісі бойынша температуралық жұмсаруымен ерекшеленеді. Осылардың барлығы жапсыру жұмыстарына қолданылады.

Битумды–полимерлі жамылтқылы ыстық мастика МБПК – 75. Мұндай мастикаларды мұнай битумынан, полиизобутиленнен (немесе этиленпропиленді каучуктер) және антисептиктен (лак-кукерсоль немесе сланецті май) дайындайтын біртекті пластикалық массаны айтамыз. Негізінен бұл мастикалар жамылтқылы рулонды материалдарды желімдеп жапсыру үшін арналған. Мастика қабатының қалыңдығы – 2,5 мм дейін. Ұқсастықтарына қарай БЛК және МБ – Х мастикалары да пайдаланылады.

Рулонды гидроизоляциялық және жамылтқылы материалдарды (пергамин, рубероид, изол, гидроизол) жапсыру үшін сонымен қатар бипрекан мастикасын да пайдаланады. Бипрекан мастикасы битумды тұтқыр сұйық каучуктен, полиуретаннан, уайт – спириттен және тальктан тұрады.

Мастикалардың табиғи біртектілігін арттыру үшін қоспалар ретнде антраценді майды немесе қарамай мастикасын қосады. Желімдерді төмендегідей синтетикалық шайырларды пайдаланумен қолданады: карбамитті, фенолформальдегитті, резорцинді, эпокситті және полиэфирлі.

Карбамитті желімдер. Бұл желімдер жоғары адгезиялы қасиетке ие. Бағасы жоғары емес және де келтіретін зияны да аз, сонымен қатар мұндай желімдерді құрылыста өте көп пайдаланады, әсіресе ағашты жапсыру жұмыстарында көп қолданысқа ие.

Фенолформальдегитті желімдер. Жапсырып, байланыстыру жұмыстарында жоғары беріктікті қамтамасыз етеді. Мұндай желімдерді аттас шайырлардан алады. Желім үшін негізінен резольды шайырды пайдаланады. Фенолформальдегитті желімдерді дайындау процесі кезінде улы заттар қатарына жататын бос фенол бөлініп шығады. Мұндай бөлініп шыққан бос фенолдарды жойып отыру қажет.

Фенолды – резорцинді желім (ФР - 12). Мұндай желімдерді фенолды – резорцинді шайырларды және қатайтатын – формальдегитті араластыру жолымен алады. Желімді дайындағаннан кейін 2,5...3,0 сағаттан соң пайдалана беруге болады. Ол суға төзімді және же жапсыру қабатының жоғарғы беріктігін қамтамасыз етеді.

Эпокситті желімдер құрылыста шайырлар негізінде маркасы ЭД – 5 және ЭД – 6 қолданады. Олар дифенилпропанмен эпилхлоргидриннің конденсацияланған жабысқақ зат түрінде болады. Бұл желімдерді қолдануына байланысты шайыр массаға мынадай толтырғыштарды қосады: цемент немесе ұсақталған құм 50...200% шамасында. Пластификаторлар есебінде дибутилфталат, трикрезил-фосфат, полиэфиракрилаттарды және т.б., ал еріткіштер есебінде ацетон, толуол, ксилол және т.б. пайдаланады.

Полиэфирлі желімдер. Полиэфирлі желімдердің ең көп тарағаны болып ПН – 1 саналады. Құрамында 90% инициатор ретінде изопропилен бензолының гидро тотығы, 2,7% гипериз және жылдамдатқыш ретінде 10% нафтенаттың ерітіндісі, 7,3% стиролдағы кобальт болады. Сонымен қатар бұл желімді қолданғанда 10% ағаш ұнтағын, 50...100% цемент немесе т.б. толтырғыштарды қосады.

Полистирол негіздегі желім (ПСЦ) полистиролдың эмульсионды ерітінді және «Б» марка түрінде кездеседі. ҚҰрылымдық жағдайына байланысты 12,5% полистиролды, 50% цементті және 37,5% ксилолды құрайды. Мұндай желімдерді ағашты, асбестцементті, бетонның беткі қабатына полистиролды плиткаларды жапсыру үшін қолданады.

Полиизобутиленді желім төменгі молекулярлы маркасы П-20, П-80 немесе П-118 полиизобутиленді еріту жолымен алынады. Сонымен қатар бензин, уайт – спирит ерітінділерде жоғарғы молекулярлы маркалары П-115 және П-200 полиизобутиленді еріткенде алынады. Желім құрамына 18...20% - полиизобутилен, 75...82% - ерітінді кіреді. Мұндай желімдер басқаларына қарағанда жоғарғы жапсыру қасиетімен ерекшеленеді.

Каучуктер негіздегі химиялық төзімді гидроизоляциялық материалдарды жапсыру үшін резеңкелі желімдерді пайдаланады. Мысалы, полиизобутилен үшін – 88Н, 88НП желімі, ал бутилкора үшін – С-БК-НМ желімі қолданылады. 88Н және 88НП желімдері каучукты болып саналады. 88Н желімінің құрамына: резеңкелі қоспа, бутилфенолформальдегитті шайыр, этилацетат және бензин БР – 1 кіреді. Бұл желім тұтқыр, жабысқақ қоңыр түстес сұйықтық түрде болады.

 

 







Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 959. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.031 сек.) русская версия | украинская версия