Студопедия — Пленка түзуші материалдар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Пленка түзуші материалдар






Пленка түзуші материалдар деп – конструкциялық элементтің бетіне жаққаннан кейін суөткізбейтін жұқа қабат түзетін материалдар. Қабаттың пайда болуы ерітіндінің ұшуына, қышқылдану және полимеризация процестеріне байланысты. Пленка қорғаушы конструкцияны сумен байланысудан және конструкциялық материалдарға судың енуінен қорғайды. Пленка көмегімен конструкцияның сыртқы бетін қорғайды, сондықтан оған тек гидрофобты қасиеттер ғана емес, сонымен қатар антикоррозиялық, жарықшаққа төзімді, жоғарғы атмосфера әсеріне қарсы тұру қабілеттерін жақсартуға, түстер – ақ, қара немесе түрлі түстер беруге тырысады. Егер пленка түзуші материалды жаңа құйылған бетонның бетіне жақса, онда бетонның бетіне су шашу қажеттілігі болмайды. Бұл материалдарды шашыратқыш, электрокраскопульт және т.б. механикалық құрылғылар көмегімен жағады.

Пленка түзуші материалдардың ішінен ең көп қолданысқа ие болғандары – сұйытылған битумдар, битумды эмульсиялар, тұтқыр битумдар, лактар және эмальдар.

Пленкаларды бірнеше қабат етіп жаққанда ерітіндінің концентрациясы өседі: бірінші қабат – тұтқырлығы аздау ерітінді күйінде жағылады, мысалы, битумның 25% БНД 90/130 және ВНД 60/90 маркалы және 75% бензин, бензол немесе керосин және лигроин қоспасы; екінші қабат – 50% - дан битум және еріткіш; үшінші қабат – 75-80% битум және 25-20% еріткіш. Қоспалардың құрамы арнайы механикалық құрылғылар көмегімен лабораторияларда зерттеледі.

Битумды эмульсиялардың тез ыдырайтын түрлері қолданылады, яғни олар өңделуші конструкцияның беткі қабатымен байланыстан кейін бірден ыдырайды. Сақтауға тұрақты, бірақ қолданыстан кейін бірден ыдырайтын эмульсиялардың қатарына құрамында мұнай маркасы БНД 130/200 және БНД 90/130 50-60% көлеміндегі битумдар және эмульгатордың сулы ерітіндісі 40-50% бар эмульсиялар жатады. Соңғысының компоненттері су – 98,74%, Петров байланысы – 0,70%, едкий натр – 0,12% және сұйық шыны (натрийлі) – 0,44% болып табылады. Тез ыдырайтын эмульсияларды, әсіресе, ашық, әрі ылғал және суық ауа райы жағдайында қолдануға ыңғайлы. 300С және одан жоғары температурада ыдырау жылдамдығы орташа эмульсияларды қолданған жөн, себебі жоғары температурада эмульгатор мен өңделуші конструкцияның арасындағы байланыс күшейеді де, соның салдарынан эмульсиялық пленкада оның концентрациясы төмендейді. Эмульсияның тұрақтылығы бұзылады да оынң негіздікпен байланысу беріктілігінің өсуімен битумның бөлінуі жоғарлайды.

Салқын гидроизоляция тек кана конструкцияның құрғақ бетіне ғана емес, сонымен қатар бетонның ылғал бетіне немесе ағаштың, жаңа құйылған бетонның бетіне жағуға болады. Біртекті битумды пленка түзіледі. Бұл мақсатқа негізінен эмульсиялар қолайлы.

Сұйық пленка түзуші материалдардың үлкен тобын лактар құрайды. Олар коллоидты ерітінді тәріздес дисперсті жүйеге жатады. Ортасы кебетін майлар қосындысы мен оңай ұшып кететін ірітінділер, ал қатты фазасы – жоғарғы маркалы битумдардың, пектердің немесе жасанды шайырлардың диспергирленген бөлшектері. Кейбір лактар түрлеріне кебетін майлар қоспауға болады. Лактар қорғалушы бетте жұқа, берік және икемді гидроизоляциялық пленка түзеді. Лакты пленканың түзілуі ұшқыш ерітінділердің ұшып кетуіне ғана емес, сонымен қатар дисперсті фазаны құрайтын химиялық процесстерге де байланысты болады.

Көп таралған түрлері битумды немесе асфальтты лак. Ол қара түсті және ксилолда, сольвент-нафтта және уайт-спиритте қиын балқитын ерітінді түрінде болады. Күрделі құрамды битум ортада еруден бұрын табиғи немесе синтетикалық шайырмен, қоюлатылған маймен немесе шайыр мен май қосындысымен балқиды. Битумға қосылатын бұл заттар лакты негіздің сапасын жоғарлатуға мүмкіндік береді, сонымен қатар ауа райына және суға төзімділігін, пленканың тығыздығын арттырады. Кей кезде лактың сапасын пластификатор және сиккатив қосу арқылы жоғарлатады. Құрамында майы көп лактарды майлы лактар деп атайды және олар сыртқы өңдеу жұмыстарына қолданылады, ал құрамында майлар аз кездесетін лактарды ішкі өңдеу жұмыстарға қолданады. Күрделі асфальтты лактар құрамы, %: шайыр – 20 дейін, битум – 45 дейін және еріткіш – 35 дейін.

Күрделі құрамды лактардың өндірілуі келесідей: алдымен 250-2700С –та лакты негіз – лактың пленка түзуші бөлігі қайнатылады. Дайындалған негізді суытқаннан кейін 75-1200С-қа дейін уайт-спирит еріткішімен, 120-1300С-қа дейін ксилол немесе сольвентпен, 170-1750С –қа дейін скипидар немесе басқа температураларда, ерітіндінің жарылу температурасына сай, еріткіш және сиккатив қосады, егер соңғысы негізді қайнатқанда қосылмаса. Содан кейін мұқият біркелкі массаның пайда болуына дейін араластырады да оның сапасын бақылай отырып дайын лакпен ыдысты толтырады.

Майсыз асфальтты лактар кеңінен қолданылады. Олар табиғи қиын балқитын битумның балқымасынан, мысалы, садкинді асфальт, табиғи шайырдан (мысалы, канифоль) және еріткіштен тұрады. Кей-кезде асфальтиттің орнына жұмсару температурасы 1000С жоғары мұнайлы қиын балқитын битум қолданылады. Лактар тұтқырлық қасиеттеріне қарай бөлінеді. Олардың ішіндегі қоюлары жақсы жабу қасиетіне ие, пленкаға жоғары қаттылық береді. Мұндай лактар металл конструкцияларын, бұйымдарын және шойын құбырларын қаптауға жіберіледі.

Битумды лактар мұнайлы және табиғи қатты битумдарды өсімдік майымен балқыту, соңынан балқыманы органикалық ұшқыш еріткіштерде еріту жолымен алынады. Лактың кебуінен кейін (24 сағат 18-200С температурада) қара түсті пленка түзіледі, тегіс, кедір-бұдырсыз, салыстырмалы суға төзімді. Битумды лакпен металл және ағаш конструкцияларын қаптайды. Бұл лакты синтетикалық шайырға қоспа ретінде пайдалануға болады, бұл кезде ол жоғарғы температура нәтижесінде қатаяды, мысалы 2000С-қа дейін қыздырғанда.

Қарамайлы лактың ең қарапайым түрі – кузбасслак, ол тас көмірлі пектің ароматты өнім-толуолда немесе сольвентнафта ерітілуімен алынады. Ол А сортымен жіберіледі, 24 сағатта толық кебетін және Б сорты, ол кезде кебу сағаты нормаланбайды. Кузбасслак қара түсті, механикалық қоспаларсыз, тұтқыр біркелкі сұйық түрінде болады. Толық кепкеннен кейін оның беті тегіс, жылтыр, кеуектерсіз және жарықшаларсыз болады. Пленканы металл конструкцияның екі бетіне жағып 15-200С температуралы суда 10 тәулік бойы ұстағанда сапалы лактың адгезиялық қасиеттері нашарламау керек, қабыршақтанбау және кеуектенбеуге тиіс. Пленка судың, қышқылдың, тұздардың және азот қышқылының ерітіндісінде жақсы сақталады. Таскөмірлі лак судағы немесе жердегі металл және бетон конструкцияларын қаптауға қолданылады. Пленканың бір кемшілігі – икемділігінің аздығы. Герметикалық жабылатын металл ыдыстарда сақталады, ол отқа қауіпті.

Негізі синтетикалық шайыр болып табылатын лактардың ішінен көп қолданысқа ие болған – перхлорвинилді лактар. Оларды перхлорвинилді шайырда еріткіш ретінде ксилолды, хлорбензолды, бутилацетатты және басқа заттарды қолдану арқылы, ал кейде арнайы қоспа бутилацетаттан, толуолдан және ацетоннан (еріткіш Р-4). Перхлорвинилді лактардың пленкасы ауа райының әсеріне жақсы төзімді және микроскопиялы. Бұл лактарды жиі пигменттермен араластырады және эмаль түрінде қолданады. Нәтижесінде ХС-76 лак және ХС-26 эмалін алады.

Перхлорвинил негізді лактар жоғарғы адгезиялық қасиеттерге ие, төмен жатқан лактар мен шайырлардың қабаттарымен оңай жабысады, судың, қышқылдың, тұздардың, майлардың, атмосфералық әсерлерге төзімді. Олар 1 сағат көлемінде кебеді.

Кремнийорганикалық заттарды пайдалана отырып метилтрихлорсиланды лактар алады. Олар суды итеріп тастау қасиеттеріне ие. Оларға кеуекті материалдарды өңдейді. Метилтрихлорсиланды немесе басқа да силиконды лактарды кірпішті немесе тасты қалауларды, бетонды қабырғалар мен басқа да конструкцияларды ылғалдан, тұздардың шаюынан және ұзақ уақыт бойына дақтардың пайда болуынан қорғау үшін қолданады. Метилтрихлорсиланның 5% ертіндісімен қаптағанда, гипсті тасқа немесе басқа да арзан әрі суға төзімді емес материалдарға суды итеру және ұзақ уақыт сақталу қасиеттерін береді.

Эпоксидті шайыр негізіндегі гидроизоляциялық лактар өндіруде негізгі пленка түзуші компоненттер болып эпоксидті-дианды ЭД-1 және ЭД-20 маркалы шайырлар болып табылады. Хлорсульфинирлі полиэтилен негізінде ХСПЭ лак алынады. Онда ХСПЭ – ден баска ксилол немесе толуол және стабилизатор болады.

Пленка түзуші материалдарға сонымен қатар эмальдар жатады, олар лактардағы пигменттердің ысықпалау жолымен алынады. Гидроизоляция мақсатында тек қана суға төзімді және су өткізбейтін лактарды қолдануға болады; пигменттер сәйкесінше гидрофобты қасиеттерге ие болуы керек.

Күн сәулесі түсетін металл конструкцияларға құрамында алюминий ұнтағы бар лактарды қолданған жөн. Бұл эмаль ашық-күміс түс береді, және суға, атмосфералық әсерлерге төзімділігі құрамында битумы бар лактарға қарағанда жоғары болады. Алюминий ұнтағын лакпен қолданар алдында араластырады. Алынған эмаль екі-үш қабатқа жетеді.

Суға төзімділеріне ХС-26 маркалы перхлорвинилді эмаль, сонымен қатар ПВХ-23 жатады. Олар біратты шайырдың, еріткіш Р-4 және пигменттердің араласпасынан, пластификатордың қоспасынан алынады. Табиғи олифті қосқаннан эмальдің кейбір қасиеттері жақсарады. Бірақ қазіргі таңда перхлорвинилді эмальді көп қолданбайды, себебі оның бағасы қымбат. Олифсіз эмальді кейде перхлорвинилді бояу деп атайды.

Әрдайым ылғалда тұратын темірбетонды және асбестцементті конструкцияларды гидроизоляциялау үшін көбіне эпоксидті каучукті эмальдар қолданылады. Оларда пластификатор қызметін сұйық карбоксилатты каучук, пигменттер қызметін – темірлі сурик немесе алюминий пудрасы, қатайтқыш рөлін – полиэтиленполиамин атқарады. Жоғары суға төзімдісі ЭКК-25, ал икемдісі – ЭКК-200.

Дәл сол мақсаттарға да этинолды эмальдар қолданылады. Бірақ олардың атмосфера әсерлеріне төзімділігі төмендеу. Оларды төмен температуралы және ылғалды жағдайларда жағуға болады. Этинолды эмальдардың негізі – біратты лактар. Лакты дайындауда этинолға еріткіш (ксилол) қосады, ал эмаль дайындағанда этинолды лакқа толтырғыш – құрғақ темірлі сурик (40%) немесе алюминий пудрасын (15%) қосады. Нәтижесінде ЭКДС-40 және ЭКА-15 эмальдары алынады. Сонымен қатар өндіріс орындары ВН-42 және ЭП-755 маркалы этинолды эмальдар шығарады.

Кейбір қара эмальдарды мочевиноформальдегидті және меламиноформальдегидті шайыр негізінде алады. Олар суспензия түрінде болады. Бөлек эмальдар бір-бірінен құрамындағы компоненттер көлемімен ерекшеленеді. Оларды грунтталған бетке немесе екі қабат етіп жағады.

Эмальді гидроизоляция үшін сонымен қатар эпоксидті шайырларды қолданады; оларды ацетонда ерітеді, дибутилфталат, пигмент және қатайтқыш қосады. Пигмент ретінде көбіне алюминий пудрасын қолданады.

Ыстық пленкатүзуші материалдарға тұтқыр битум, маркалары БНД 90/130 және БНД 60/90 жатады. Оларды 185-1900С-та балқытылған құрғақ, таза, 35-400С-қа дейін қыздырылған бетке жағады. Жағу аумағына байланысты оны механикаландырылған құрылғылар көмегімен – гудронатор немесе шашыратқыш көмегімен жағады, кейде қолмен.

Боялған және қандай да бір көмірсутекте қаныққанрезеңкенің ерітіндісі қолданылады. Олар биотөзімді болып келеді, 140-2000С –та кебеді. Нәтижесінде қатты сызылмайтын, қиын балқитын, суға, қышқыл мен тұздарға төзімді пленка түзіледі.

 

 







Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 839. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия