Студопедия — ГЕНЕРАТОРЛАР
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ГЕНЕРАТОРЛАР






Генераторлар айнымалы сигнал көздері ретінде қолданылады. Олар сигнал көзінен алынған тұрақты тоқтың қуатын айнымалы тоқ сигналына түрлендіреді. Генераторлар схеманың шегінде қажетті жиілікті ұстай отырып, оның шықпасында синусоидал және синусоидал болмаған үздіксіз пішіндегі сигналдарды тудырады. Сондай-ақ тербеліс сигналдарына сәйкес келмейтін, біздің схемаларымызда қажеті болмаған тербелістер кезедеседі. Сонымен, генератордың толық әсерлік үрдісін түсіну үшін тербелістерді түрлендіруді қарап шығамыз.

Генераторлар кез келген коммуникациялық жүйелердің дамуында маңызды роль атқарады. Олардың көмегімен аталған оқу құралының байланыс жүйесінің амплитудалық модуляциялар бөлімінде қарастырылатын жоғары жиілікті жеткізілген сигналдар генерацияланады. Төменгі жиілікті модуляцияланушы тестіленуші сигналдарды тербеліс контурларын қолдану арқылы алуға болады. Мұндай контурлар импульсті генераторлар, аратәріздес генераторлар және таймерлі санауыштар негізінде түзілген болады. Синусоидал сигналдар генераторының бірнеше түрлері қарастырылады. Олардың кейбірі оны ойлап табушының атымен аталады.

Генераторлар кірмесіндегі және шықпасындағы сигналдардың бірдей күшейтілуін, сондай-ақ (барлық жағдайлар үшін) кері байланыс контурының нольдік фазалық ығысуын қажет етеді. Жоғарыда аталған талаптар Баркгаузен критерийіне сәйкес келеді. Айнымалы тоқ көзінен алынған сигналдың кірмелі қуаты генератордың өзінің тербелістерін қамтамасыз етуі үшін де қажет. Генераторлар жүктемені қуатпен қамтамасыз етумен қатар өзі де осы қуаттан пайдаланады. Генераторлар оң кері байланыс пен күшейтуді қамтамасыз етеді. Мұндағы күшейту схемадағы сөнулерді жоюды компенсациялау үшін бағытталған. Кіші бастапқы кернеулері генератордың күшейтілуі мен тербелістің қосылуын қамтамасыз етуші кірмелі клеммаларына беріледі. Әдетте кернеулердің мұндай ауытқуы айнымалы тоқ көзін біріншілікті қосу кезінде пайда болады. Multisim-де мұндай бастапқы кіші кернеулер қолдан орнатылады.

 


5 - ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

ТӨМЕНГІ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ЖИІЛІКТІ СҮЗГІЛЕРДІ ЖОБАЛАУ

1. Жұмыстың мақсаты.

Жұмыстың мақсаты Multisim 10 функциясына орнатылған төменгі және жоғары жиілікті сүзгілерді жобалаудағы сипаттамалары мен амалдарын көрсету болып табылады. Сонымен қатар актив және пассив схемалардың сипаттамалары қарастырылады. Multisim 10 - ға орнатылған функцияның көмегімен Баттерворт және Чебышев сүзгілерін қалыптастырамыз. Төменгі жиілік сүзгілері өзінен жоғары болған жиіліктегі сигналдарды өткізбейді. Жоғары жиілік сүзгілері өзінен төмен болған жиіліктегі сигналдарды өткізбейді. -3дБ мәні немесе бұрыштық жиілік дегеніміз сигнал амплитудасының 0,707 бөлікке немесе -3дБ – ге төмендеуі.

 

2. Құрылғылар.

Bode Plotter (Боде диаграммаларының график құрушысы)

Айнымалы тоқ көзі

 

3. Жұмыс формулалары.

Бұрыштық жиілік = 0,707Vin 5.1

 

4. Жұмысты орындау тәртібі.

1. Бас мәзірден Tools/Circuit Wizards/Filter Wizard –ді таңдап алыңыз. Low Pass Filter (төменгі жиіліктер сүзгісі) – нен шамамен 9 кГц жиілікті орнатыңыз, ал тыйым салушы жиілікті шамамен 19 кГц етіп орнатыңыз, сондай-ақ Butterworth Type және Active Topology көрсетіңіз. Active түрін таңдағаннан соң, сіздің сүзгіңізді операциялық күшейткіш негізінде жобалауды таңдаңыз. Ал егер Passive түрін таңдайтын болсаңыз сүзгіні жобалау пассив элементтер көмегімен, мысалы, резисторлар, индуктивтілік және кондесаторлар арқылы жүргізіледі.

2. Verify (Тексеру) –ді басыңыз. Егер есептеулер нәтижелі болса, Build Circuit (Схеманы құру) –ды басыңыз, мұнда схема автоматты түрде құрылады. Жұмыс аумағында оны қай жерге орналастырғыңыз келетінін көрсетіңіз. Схеманың тәртібі қандай? Жоғары тәртіпті схема құру үшін сүзгінің қандай топтамасын таңдайсыз?

3. Энергия көзінің компоненттері панелінің жоғары бөлігінен АС Source (Айнымалы тоқ көзі)-ні таңдап алыңыз. Оны екі рет басып, жиілікті 500 Гц және кернеуді 12 В етіп орнатыңыз.

4. Құрылғылар панелінен (жұмыс аймағының оң бөлігінен) Bode Plotter (Боде диаграммаларының график құрушысы) –ді таңдап алыңыз. Bode Plotter (Боде диаграммаларының график құрушысы) –дің IN жалғаушысы кірменің қарсысында, ал OUT жалғаушысы шықпаның қарсысында орналасуы қажет. Модельдеуді іске қосыңыз. Сіз шықпасында төменгі жиіліктер сүзгісінің 5.1 - суретте көрсетілгендей, қалыпты түрін көруіңіз керек.

5. Оң қызыл бағыттаушыны -3дБ нүктесіне алып келіңіз және декадаға сәйкес келуші дБ- ды есептеңіз.

6. High Pass Filter (жоғары жиіліктер сүзгісі) – інің жоғары жиілігін 3 кГц және тыйым салушы жиілікті 3,75 19 кГц етіп орнатыңыз, Chebyshev Type және Passive Topology– ді таңдаңыз да, жоғарыдағыларды қайталаңыз. Схеманың тәртібі қандай? Төменгі тәртіпті схеманы алу үшін сүзгілердің қандай топтамасын таңдайсыз? Модельдеуді қайта іске қосыңыз, мұнда жоғары жиіліктер сүзгісінің шықпасын қадағалаңыз.

7. PHASE (Фаза)-дағы Bode Plotter дисплейін ауыстырыңыз және жиіліктің алдын орнатылған фазалық ығысуын (озып кетуін немесе қалып отыруын) өлшеңіз.

а) Шықпасы 90% = _______________ градус фазалық ығысуы

б) Шықпасы 70,7% = _______________ градус фазалық ығысуы

в) Шықпасы 10% = _______________ градус фазалық ығысуы

 

5. Күтілетін нәтижелер.

5.1 - сурет.

 

 

6 - ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

ФАЗАЫҒЫСТЫРУШЫ ГЕНЕРАТОРЛАР

1. Жұмыстың мақсаты

Модельдеудің мақсаты фазаығыстырушы генераторлардың сипаттамалары мен әсерлік үрдісін көрсету болып табылады. 6.1 - суретте генератордың нақты моделін қайталаушы кері байланысты жоғарыжиілікті үшінші тәртіпті RC-схемасы келтірілген. Кез келген басқа генератордағыдай Баркгаузен критерийі кірмелі және шықпалы сигналдар арасында фазасы бойынша 360 градусқа ығысуын, сондай-ақ берілген схеманың күшейту коэффициенті бірден кем болмауы қажеттілігін анықтайды. 5.1 - суреттегі инверторлаушы операциялық күшейткіш фазасының 180 градусқа ығысуын қамтамасыз етеді. RC-тізбек ноль градус мәні үшін қорытынды фазалық ығыстыруды қосымша 180 градусқа ығыстыруды қамтамасыз етеді. Схеманың әрбір блогы сигналды шамамен 60 градусқа ығыстыруды қамтамасыз етеді. RC-тізбектен тұратын сүзгінің бір бөлігі сигналдарға сөнулер енгізеді де, бұл сөнулер схеманың күшейту коэффициентін бірге жеткізу мақсатында ін операциялық күшейткіштің көмегімен теңестіріледі немесе жойылады.

Тербелісті ұстап тұру үшін қажет болған операциялық күшейткіштің минимал қажетті күшейту коэффициенті 29-ға тең. Күшейту коэффициентін 29-дың маңында ұстап тұру (мүмкін болғанынша) қисық сызықтың сызықты бөлігіне максималды мәндерінің әсерінен қорғайды. Осының салдарынан шықпасындағы синусоидал сигналдың қиылуының минималдануына алып келеді.

 

2. Схеманың компоненттері

Қорек көзі: +10 В, -10В (DC Supplies)

Операциялық күшейткіш: 741-DIV (Opamp)

Резисторлар: 10 кОм (3), 1 МОм потенциометр (Resistors)

Конденсатор: 10 нФ (3) (Capacitor)

Осциллограф (Oscilloscope)

Спектр талдауышы (Spectrum Analyzer)

3. Жұмыс формулалары

Тербеліс жиілігі:

 

6.1

 

- тербелісті ұстап тұру үшін 6.2

 

4. Жұмысты орындау тәртібі

 

6.1 - сурет

 

1. Схеманың элементтерін 6.1 - суретте келтірілгендей етіп жалғаңыз.

2. Тінтуірді екі рет басып, осцилограф экранын ашыңыз. Уақыт осінің масштабын 2 мс/дел, амплитудалық осін Channel A - 2 В/дел және Channel B - 200 мВ/дел етіп орнатыңыз.

3. Simulate/Interactive Simulation Settings (модельдеудің диалогты құрылғыларын) ашыңыз және Set to Zero for Initial Conditions (нольдік бастапқы жағдайын) таңдаңыз.

4. Модельдеу үрдісін іске қосыңыз және тербеліс жиілігін өлшеңіз.

5. Модельдеу үрдісін тоқтатыңыз. Сонан соң оны спектр талдауыштың жұмыс аймағында орнатыңыз және оның кірмесін осцилографтың шықпасына жалғаңыз.

6. Тінтуірді екі рет басып, спектр талдауышты ашыңыз.

7. Set Span (өлшеу ауқымын орнату) –ді таңдаңыз. Start = 0 кГц (бастапқы жиілік), End = 1 кГц (соңғы жиілік), Amplitude = LIN (амплитуда) және Range =2 В/дел (масштаб) –ты орнатыңыз. Enter –ді басыңыз.

8. Модельдеу үрдісін қайта қосыңыз. Тербеліс орнықты болған кезде қызыл маркерді бақыланушы спектр сызығының позициясына жылжытыңыз. Спектр талдауышының сол жақ төменгі бұрышындағы жиілік мәнін жазыңыз.

fc=__________________.

9. Потенциометрді тербелістің бастапқы нүктесіне ығыстырыңыз. Осы нүктедегі потенциометрдің кедергісінің мәнін өлшеңіз және төменде келтірілген 6.1 кестені толтырыңыз.

10.Осциллограф терезесін ашыңыз. Оның шықпасындағы фазалар ығысуын өлшеңіз және жазыңыз.

 

5. 6 - зертханалық жұмыс үшін қажетті мәндер

6.1 кесте.

  Өлшенген мәндер Есептелген мәндер
Жиілік (Гц)    
тербелістің бастапқы нүктесіндегі Rf/R    

6. Күтілетін нәтижелер

 

6.2 - сурет. Осцилограф экранындағы фазаығыстырушы генератордың бастапқы тербелістері.

 







Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 2060. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия