Студопедия — Осымша тапсырма. Тінтуірді екі рет басып, АМ-сигналдарының қорек көзін ашыңыз (12.1- сурет) және модуляция көрсеткішінің параметрін
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Осымша тапсырма. Тінтуірді екі рет басып, АМ-сигналдарының қорек көзін ашыңыз (12.1- сурет) және модуляция көрсеткішінің параметрін






Тінтуірді екі рет басып, АМ-сигналдарының қорек көзін ашыңыз (12.1- сурет) және модуляция көрсеткішінің параметрін 1-ге тең етіп орнатыңыз. Модельдеу үрдісін іске қосыңыз және детектор шықпасындағы сигнал пішіндерінің айырмашылығын сипаттаңыз. Модуляция коэффициентін 1.4-ке ауыстырыңыз. Модельдеу үрдісін іске қосыңыз және детектор шықпасындағы сигнал пішіндерінің айырмашылығын сипаттаңыз.


13 - ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

ЖАҚТЫҚ ЖОЛАҚТАРДЫ ТАЛДАУ

1. Жұмыстың мақсаты.

Модельдеудің мақсаты жақтық жолақтардың беріліс үрдістерінің сипаттамаларын көрсету. Жоғарыда атап өткендей, тасушы жиіліктің негізгі мақсаты қабылдаудың шектеулі аймағында ақпаратты қорек көзінен қабылдағышқа жеткізу. Ол үшін сигналдың амплитудалық модуляциясында жақтық жолақтардың екеуі де тасушы жиіліктің жиілігіне тең жиілікпен таратылады. Осыған орай, бүкіл қуаттың 2/3 бөлігі ғана сигналды тарату үшін қолданылады және қуатты таратушыны құру үшін қаржылай шығындарды есепке алғанда тасушы жиілікті төмендету жүйесі эффектив (тиімді) құрылғы болып саналады. Екі сығылған сигнал таратушы өңделеді және қабылдағышта қайта қалпына келеді. Сондай-ақ бір жақтық жолақты таратуда негізгі және бір жақтық жиілігі сығылатынын айта кеткен жөн. Сонымен сигналды таратудың екі түрін де қайта тіктеу үшін күрделі техникалық құрылғыларды қажет етеді. Қайта тіктелген тасушы жиіліктің фазалар ығысуы сығылған сигналдың фазалар ығысуымен бірдей болуы үшін екі жақтық жолақты таратуда бақылаушы тасушы сигнал қолданылады.

Аталған жұмыста төмендетілген тасушыны модельдеуде қолданатын сигнал модуляцияланушы сигнал мен тасушы жиілік көбейткішпен қосылады.

2. Қолданылатын құрылғылар

Резистор 1 кОм

Көбейту блогы (Multiplier), функциялар блогы (Control Function Blocks)

Айнымалы тоқтың қорек көзі (AC Voltage Source)

Амплитудалық модулятор

Осциллограф

Спектралды талдауыш (Spectrum Analyzer)

3. Жұмыс формулалары

 

Қуат, ваттара

13.1

 

 

4. Жұмысты орындау тәртібі

 

13.1 – сурет. Көбейткіш көмегімен екі жақтық жолақтарды зерттеу.

 

 

 

13.2 – сурет. Амплитудалық модулятор

 

1. Схеманың элементтерін 13.1 - суретте келтірілгендей етіп жалғаңыз.

2. Айнымалы тоқтың бірінші кернеу көзіне тінтуірді алып барып, екі рет басыңыз. Тасушы амплитудасын 10 В, тасушының жиілігін 1,1 МГц етіп орнатыңыз. Айнымалы тоқтың екінші кернеу көзіне тінтуірді алып барып, екі рет басыңыз және модуляция жиілігін 10 кГц, ал модуляция амплитудасын 8 В етіп орнатыңыз.

3. Тінтуірді екі рет басып, осциллографтың пиктограммасын ашыңыз. Уақыт осінің масштабын 20 мс/дел, ал амплитуда осін (Channel A) 50 В/дел етіп орнатыңыз. Автоматты түрде қосу және тұрақты тоқ бойынша байланысты таңдаңыз.

4. Тінтуірді екі рет басып, спектралды талдауыштың пиктограммасын ашыңыз. Масштаб параметрлерін орнатыңыз: өлшеудің бастапқы жиілігі (Start) 980 кГц, соңғы жиілігі (End) 1,2 МГц, (Range) масштабы 20В/дел, жиілік бойынша рұқсат етілген қабілеттілігі (Resolution Frequency) 3.906 кГц және амплитудасы (Amplitude) = LIN.

5. Модельдеу үрдісін іске қосыңыз. Тінтуірді екі рет басып, осциллографтың пиктограммасын іске қосыңыз. Екі жақтық жолақтың сигналын бақылаңыз және оны 13.3 – суретте келтірілген графикпен салыстырыңыз.

6. Тінтуірді екі рет басып, спектралды талдауыштың пиктограммасын ашыңыз және қосылған жиіліктің спектрін зерттеңіз. Әрбір жақтық жолақтың жиілігін өлшеңіз. Ол үшін қызыл вертикал маркерді әрбір жақтық жолақтың тұсына жылжытыңыз және спектралды талдауыштың экранындағы жиілік мәнін бақылаңыз. Алынған нәтижелеріңіз теориялық нәтижелермен салыстырыңыз және оның сәйкес келуіне көз жеткізіңіз. Нәтижені 13.1 кестеге жазыңыз.

7. Жақтық жолақтың кернеуі деңгейін жазыңыз, әрбір жақтық жолақтың қуатын есептеңіз. Нәтижені 13.2 кестеге жазыңыз.

8. Амплитудалық модулятордың схемасын 13.2 - суретте келтірілгендей етіп жинаңыз. Модуляция коэффициентінің мәнін 1-ге тең етіп орнатыңыз. Сонымен модулятордың максималды өнімділігін анықтауға болады. Дегенмен амплитудалық модулятордың барлық параметрлері 13.1 – суретте келтірілген схемаға сәйкес келуіне көз жеткізіңіз.

9. Тінтуірді екі рет басып, спектралды талдауыштың пиктограммасын ашыңыз. Өлшеу ауқымын 100 кГц, орталық жиілікті 1.1 МГц тең орнатыңыз.

10. Модельдеу үрдісін іске қосыңыз және әрбір жақтық жолақтың кернеуінің мәнін есептеңіз. Қуаттың мәнін есептеңіз және оны екі жақтық жолақтан алынған нәтижелермен салыстырыңыз. Алынған нәтижені 13.2 кестеге жазыңыз.

11. Алынған нәтижелерді қысқаша тұжырымдаңыз.

5. Күтілетін нәтижелер

13.3 – сурет. Екі полюсті сигналдың графигі.

 

 

6. 13 - зертханалық жұмыс үшін қажетті мәндер

13.1 кесте

  Өлшенген мәндер Талданған мәндер
Жақтық жолақтың төменгі жиілігі    
Жақтық жолақтың жоғары жиілігі    

 

13.2 кесте

  төменгі жақтық жолақ, В жоғары жақтық жолақ, В төменгі жақтық жолақ, мВ жоғары жақтық жолақ, мВ
Екі жақтық жолақ        
амплитудалық модуляция        

 

 







Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 938. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия