Студопедия — Тарлан ақын Тайыр Жароков
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тарлан ақын Тайыр Жароков






 


Жасымда Нарындағы құм елінен,
Көргенім өмірдің өз өлеңінен.
Жадымда жатушы еді, соны бүгін,
Ояттым жүрегімнің жебеуімен.

Тайыр Жароков. «Құмдағы дауыл» поэмасына.
Ұлы Отан соғысының отты жылдары! Фашизм қара індетінің әлемді отқа шарпып,жер-жаһан елдеріне қасірет әкеле бастаған уағы.Кеңестер елін де жау еңсеріп,Ленинград блокадасы өмір мен өлім таразысын теңселтті.Рухын сындырмай,үмітін өшірмей,арыстанша алысқан совет адамдарының жүрегіне ұлы Жамбыл жыры жалын құйды.
...- Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің.
Нева өзені сүйкімді,
Бұлағымдай көремін.
Уа,қаһарман өренім,
Мақтанышым,беделім.
Сырда тұрып аңғардым,
Құтырған жау өлерін....
Сұрапыл соғыстың сол жылдарында кеңес халқын қаһармандыққа шақырған ұлы жырау Жамбылдың қасында өзге де ақындармен қатар «орда бұзар» отыз жастағы қылшылдаған семсердей, сері ақын Тайыр Жароков та хатшылық қызмет атқарды.
Бұл тарлан ақын Тайырдың 1923-1927 жылдарда Орынбордағы қазақтың халық ағарту институтында,одан ҚАЗ.ПИ-де оқып,1931-1935 жылдарда Ленинградтың тарих,философия және әдебиет институтының аспирантурасын бітіріп,шығармашылығын өрлетіп,1938 жылдан бері абыз ата Жамбылдың жанында жүрген жалынды кезі-тін.Ұлы жыраудың әйгілі «Ленинградтық өренім» жырын ақынның айтуымен тиянақтап, хатқа тұңғыш түсірген Тайыр оның Павел Кузнецовтың тәржімалауында «Правда» газетінде жариялауына себепкер болды.
Осы жылдарда кемеңгер ақынның қасында жүріп Тайыр өзінің де шығармашылығын қалдырмай,шыңдап,жырларына жаңа бір леп,бояулар кіріктірді. Аталған кезеңдерде ақын Пушкиннің «Граф Нулин», «Қоштасу»,Лермонтовтың «Тасқын», «...Жоқ мен Байрон емеспін, өзге жанмын...», Маяковскийдің «Бар дауысыммен»,Байронның «Ньюстед абаттығынан аттанарда» жырларын тәржімалап, Низамидің «Ләйлә- Мәжнүн» дастанынынан үзінділер аудара бастады.
Енді Александр Сергеевич Пушкиннің «Қоштасуын»-Тайырдың аудармасында оқып көрелік:
... Жүзіңді сенің нұрлы арқырғы рет,
Ойлаймын құшудың бір сәтін тілеп.
Оятып арманымды жан түбінен,
Қаймығып,қайғырып та,жүдеңкіреп.
Ғашығын еске алғысы келді жүрек....
Зымырап жасымыз да өтті,өзгерді,
Бәрі өзгерді,өзгертті ол біздерді.
Міне,енді,күңгірт тарттық сұр қабырдай,
Ақының салқындықтың лебін сезді,
Сен үшін досың да өшті болған ізгі....
Тайыр ақынды алғаш көрген жылдарының әсерін академик Қажым Жұмалдиев өзінің «Замечательные люди» атты орысша шыққан кітабында былай деп білдіріпті:- «..- Тайыр Жароков мне понравился сразу.В нем чувствовались привержинностиь к искусству,самобытность,веселый нрав.Шутливость и игривость его были безобидны.От него веяло доброжелательностью.В нем бурлило молодые силы.Отличала его честность,чистота,я бы сказал,детская чистота...».
Акдемиктің Тайыр хақындағы бұл пікірі айдай анық,шыққан күндей ақиқат еді.Тайыр Жароковтың аса білімдарлығы,адами мәдениетінің жоғарылығы,ең бастысы-бұлақ суындай адалдығы өз ортасын ғана емес,өзге де бауырлас жұрттар әдебиетшілері мен оқырмандарын таң қалдыратын.Бұл қасиеттеріне қоса,Тайыр ақынның қазақтың әдебиеті мен мәдениетінен,тарихынан ғана емес,барша әлемдік,адамзаттық рухани жәдігерлерден жан-жақты хабардарлығы,орыс тілінде аса сауатты жазып,сөйлей алатын ерекше шешендігі бірден көзге шалынатын.Сондықтан да,сол кездегі Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқанов бастаған алыптар тобы Тайырды Жамбылдай жыр абызының қасына хатшы серігі етіп бекіткен...
Тарлан ақын Тайыр Жароков 1908 жылдың 26 қыркүйегінде Орал облысының Орда ауданында дүниеге келді. Ақынның алғашқы «Аэроплан» өлеңі өз ауылындағы сауат ашу мектебін 1927 жылы бітіген жылы жазылды.Аталмыш мектеп орыс-қазақ балаларының сауатын ашатын бастауыш оқу орыны болатын.Зерек Тайыр бұл жерде өзінің білім-ілімге деген алғырлығын танытып,шәкірттердің арасында өзгеше дарынымен ерекшеленді.Ауыл үстінен арқырай ұшып өткен аэропланға» жыр арнаған Тайырдың шығармашылық жолы осылайша буырқанған тау бұлағының бастауындай қуатпен арна салды.Өзге де жырлары туды...
Тайырдың әдебиетіміздің классигі Мұхтар Әуезов қайтыс болғанда ет жүрегі езіліп,шын қайғырып жазған жыры көпке дейін халық есінде жүрді.Оның осы бір өлеңінде айырықша адалдығы,пендешіліктен таза парқы,жас сәбидің жүрегіндей кіршіксіз жады айқын көрінді.
Зерен де ерен-бір тума,
Маңдайлы,маңғаз мар қасқа.
Қалды ізің өшпес жұртыңда,
Өзіңнің орының бір басқа.
Суретші,не ақынның,
Бояуы,сұлу сөзі де.
Жетер ме талант, ақылдың,
Шегіне біткен өзіңе!
Тайыр Жароковтың өмір жолы үнемі оқу-тоқудан,білімі мен өмірлік мұраттарын шыңдаудан тұратынын байқау қиын емес.Әлгінде айтқанымыздай,Орынбордағы халық ағатру институтынан соң,Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітіріп,одан іле 1931-35 жылдарда Ленинградтағы тарих,философия және әдебиет институтының аспирантурасында әлемдік танымға қанған Тайыр сол жылдардағы қазақ ақындарының арасындағы шоқтығы биіктердің сапында болды.
Тарлан ақын Тайыр Жароковтың қазақ әдебиетінің классикалық үлгіде қалыптасуына қосқан өзіндік үлесінің Һәм ықпалының мол болғандығын оның Қазақстан Жазушылары Одағының хатшысы,Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары болған жылдарындағы сүбелі еңбектері куә.Ақынның осы дәуірдегі және одан кейінгі жылдардағы «Нефтьстан», «Мотор жыры», «Күн тіл қатты», «Мұз тұтқыны», «Тасқын», «Отан дауысы», «Нарын» секілді кесек туындылары қазақтың кәсіби тұрғыдан кемелдене бастаған әдебиетінің ірге тасын қалады десек,ақиқаттан алыс кетпеспіз.Ақынның әйгілі «Мұз тұтқыны» қаһарман челюскиншілердің ерлік рухтарын,оларды құтқаруға барған жандардың жанкешті қадамдарын жырлап,адамдық асқақ сезімдерді сыр етсе,өмірді көтеріңкі леппен,романтикалық қуатпен жырлаған ««Мотор үні», «Миллион толқын», «Күн тіл қатты» поэмалары оқырманын жасампаз еңбекке,рух беріктігі мен отаншылдыққа шақырды.Ол өзінің «Тасқын» поэмасында Қайсар мен Жамал сынды кейіпкерлерінің іс-әрекеттері арқылы туған өлкенің игілігіне қажымай еңбек жасап, халықтың асыл мұраттарын ту етудің өнегесін жырына қосты.
Ақын поэзиясының өрлеу кезеңі ретінде өткен ғасырдың алпысыншы жылдарын атасақ ләзім.Бұл мерзім жалғыз Тайыр Жароков шығармашылығында ғана емес,жалпы кеңестік,оның ішінде қазақ совет әдебиетінің осы жылдарындағы ренесанстық мезгіл болатын.
Ақынның аталған дәуірдегі әдеби сыннан жақсы бағасын алған «Соғыстан соң», «Жеткіншек», «Жапанды орман жаңғыртты», «Қырда туған құрыш», «Тау жырлайды», «Теңіз баласы» секілді поэтикалық кітаптары Тайырдың кемелденген қаламгерлікке аяқ басқанын,қаламының шеберлікке нық ауысқанын аңғартты.Өмірінің соңғы жылында жазған «Тасқынға-тосқын» поэмасымен Тайыр Жароков инженер-геолог кейіпкері Арманның тіршіліктің ұстаным-әрекеттері арқылы қазақ азаматының мұқалмас рухын,терең білімдарлығын жырлады. Оның бейнесі негізінде қазақ ұлтының кемелдене бастаған болмысы мен қандай да қиындыққа төтеп берер қайратын,жасампаздыққа бейім жанын оқырманына өнеге етіп ұсына алды. Бұған дәлел ретінде ақынның бірнеше жырларын зерделеп көрелік!
- Алатаудан жел соқты таң сәрі еді,
Сол самалды жаным бір аңсап еді.
Қартаймасқа жаралған жаны сұлу,
Жүрек тәтті жел лебін тамсар еді.
Қызыққаннан тау көркін қанша жұтса,
Сұлулығын қай ғашық таусар еді.
Көппен жалғыз сырласқан тау сері еді,
Оған сұр бұлт тамшысын сәл себеді.
Тау қойынында сыңсыған қыз-қарағай,
Секілді бір сексен қыз сәукелелі.
Ақын көзі қадалса тау шыңына,
Оның-дағы болған-ды сан себебі...
немесе,
- Көрсең көзің тоя ма,
Алматыда түн қызық.
Тұрғандай сәл ауада,
Бір ғажайып үн жүзіп.
Сымдай тартқан арықта,
Сыңғыр-сыңғыр су күліп.
Сыйласқан бір қалыпта,
Сұлулары сырды ұғып.
Жапырағына жұптаған,
Жұпар ауа жұттырып.
Ақ қайыңдар ұйықтаған,
Аяғынан тік тұрып...
Қазақ әдебиетінде өзінің өшпес орынын,еңбектерін қалдырған талантты ақын Тайыр Жароков Руставелидің,Пушкиннің, Шевченконың,Лермонтовтың,Некрасовтың,Маяковскидің,Сурковтың,
Алигердің туындыларын қазақша сөйлетті.Көркем аударма саласындағы бұл еңбектеріне Тайыр ақынның әлемдік әдебиетті жетік білетіні және орыс тілінің құнар-қасиеттерін барынша игергені септігін тигізді.Тайыр тәржімасындағы өзге әдебиеттер өкілдерінің еңбектері түпнұсқалардан онша алшақ кеткен жоқ.Көркем аудармаға тән болуы тиіс төлтумаға телтумалық жақындықтан Тайыр тәржімалаған шығармалар жаңылған жоқ.Өйткені,әлемдік әдебиеттің қай жұлдызына да аудармашы ретіндегі Тайырдың деңгейлестігі мен дарындылығы таразының екі басындай-тын.Бұл пікірлерді өз уағында Мұхтар Әуезов те,Сәбит Мұқанов та,өзге де алыптар айтты.
Қазақ әдебиетінің дамуына сіңірген еңбегіне сай Тайыр Жароков екі рет Еңбек Қызыл Ту, бір рет Құрмет белгісі ордендерімен марапатталды.Бұндай наградалар ол заманда екінің бірінің пешенесіне жай ғана,бейнет пен зейнетсіз бұйра салмайтын.Тарлан талант Тайыр шын мәніндегі үлкен дарынның,табиғат молынан сыйлаған азаматтықтың,адамгершіліктің адамы еді. Әлбетте,бұндай қасиеттер шын мәніндегі тәңір дарын сыйлаған суреткерде ғана болары анық.
Жаңа ғасырдың алғашқы белесінде өз заманын орнатып жатқан бүгінгі ұлағатты ұрпақ осыны зерделесе зайыр!
Смағұл Рахымбек, жазушы.

 

Тайыр Жароков көшесі 1966-жылға дейін «9 линия» деп аталынып келген. Төле би көшесінен басталып, әл-Фараби даңғылына дейін созылып, Абай даңғылын, Жандосов, Сәтбаев, Темирязев көшелерін қиып өтеді.

Тайыр Жароков 1908 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Жәнібек ауданының Жетібай ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 1920 жылы ата-анасы оны қазақ-орыс бастауыш мектебіне оқуға береді. Мектепте үш жылдай білім алып, оқуын сол кездегі Республиканың астанасы Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында жалғастырады. Студент кезінен әдеби шығармаларды құмарлана оқыған Тайырдың алғашқы «Күлімдейді алтын күн де» өлеңі Қазан төңкерісінің 10 жылдығына арнайы шығарылған «Ақындар сыйлығы» деп аталатын жинаққа енеді. Содан бастап Тайыр Жароков өмірінің дәл қырық жылын осы отандық поэзияға арнайды.

Ілім-білімге құштар болашақ ақын институтты аяқтағаннан соң 1928-1932 жылдар аралығында қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде жоғарғы білім алады. Оқуын бітіре салысымен жаңадан құрылған Қазақстан Жазушылар Одағы ұйымдастыру комитетінің хатшысы болып жұмысқа орналасады. Кейін Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы және 1938 жылға дейін «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары болып қызмет атқарады.
Сол аралықта 1934 жылы Ленинград тарих философия және әдебиет институтының аспирантурасына түсіп, оны 1936 жылы бітіріп шығады. 1938 −1942 жылдар аралығында Тайыр Жароков «Қазақ халық поэзиясының алыбы» атанған Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы болып жүріп, Ұлы Отан Соғысы басталғаннан кейін майданға аттанады.

Классик ақын өлеңдерінде көбіне биіктікті жырлап, ерлікті айта отырып, күнге, жұлдызға көп назар аударады. Сонысымен оқырманын рухтандырып, жасампаз еңбек пен отаншылдыққа шақырып, оны ерліктерге жетелейді.

Ақын шығармашылықпен енді айналысып жүрген кезінде өлеңдерінде лирика басым болса, уақыт өте келе өмірдің мәнін түсінуге деген талпыныс көбірек байқалады.
«Коммунизм таңында», «Нефтьстан», «Күн тіл қатты», «Мотор жыры» сынды дастандарында қазақ даласының сол замандағы өзгерістерін, индустрияландыруды, оянған өлкені жыр етсе, «Тасқын» дастанында 1921 жылы Алматыда болған су тасқынын суреттей отырып адамның табиғаттың күшіне қарсы тұруын, онымен күресуін баяндайды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтың табандылығы мен шыдамдылығын көрсететін «Нарын», «Кеңес қырандары», «Зоя туралы жыр» дастандары дүниеге келсе, соғыстан кейіңгі жылдары халықтың, қарапайым адамның тың игеріп, шөлге су алып келе бастауы жайлы жырлары құйылады.

Өмірінің соңғы он жылында дүниеге алып келген ірі туындыларының бірі Қазақстанның жұмыскерлеріне арналған «Қырда туған құрыш», азаматтық соғыс кездерін халық есіне қайта түсірген «Құмдағы дауыл», Есік көлінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты «Тасқынға тосқын» дастандары.

Сондай-ақ әлем әдебиетін жетік меңгерген, орыс тілінің құнар-қасиетін барынша игерген ақын, шебер аудармашы Тайыр Жароков қазақ елін М.Ю.Лермонтовтың «Черкестер», «Қылмыскер», Маяковскидің «Владимир Ильич Ленин», «Бар дауысыммен», А.С. Пушкиннің «Цыгандар», «Кавказ тұтқыны», «Ағайынды қарақшылар», «Граф Нулин», «Қысқы кеш», «Қоштасу», Лермонтовтың «...Жоқ мен Байрон емеспін, өзге жанмын...», Байронның «Ньюстед абаттығынан аттанарда» және тағы да басқа көптеген ақын-жазушылардың еңбектерімен таныстыруға жол ашқан.

Қазақ әдебиетінде өзінің өшпес ізін, ерекше стилі мен қайталанбас қолтаңбасын қалдырған классик ақын Тайыр Жароков 1965 жылдың 11 наурызында 56 жасында дүниеден озды.

 

Орманов Ғали (15.8.1907, Алматы облысы Қапал ауданы Қызыл жұлдыз ауылы – 5.9.1978, Алматы) – ақынҚазақ педогогикалық инcтитутын бітірген (1943). 1929 – 60 ж. Іле ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан”(қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Жамбыл ақынның әдеби хатшысы, “Майдан” альманағының редакторы, “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының жауапты редакторы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, секция меңгерушісі қызметтерін атқарған. Тұңғыш өлеңдер жинағы “Шеңбер” деген атпен 1934 ж. жарық көрді. “Шәуілдір” (1934), “Алынған қамал” (1935) поэмалары, “Абысын сыры” (1936) жыр кітабы, “Көтерме” атты прозалық жинағы (1935) жарыққа шықты. Ормановтың туындылары адамдардың қаһармандық ерлігін, табиғаттың дүлей күшіне қарсы шыққан күресін бейнелеуге арналған. “Халық – қаһарман” (1941), “Емен” (1944) атты жыр кітаптарында соғыстың ауыртпалығын, жауынгерлердің Отанға деген сүйіспеншілігі жолындағы ерліктерін, тылдағы тынымсыз еңбекті сөз етті. Ақын поэзиясы айшықты тілінің ажарымен, оның асыл қазыналарын қолданудағы шеберлігімен ерекшеленеді. “Өмір дастаны” (1948), “Бөбек жүрегі” (1949), “Сәт сапарда” (1957), “Ой қанаты” (1961), “От өзен” (1965), “Жер қазығы” (1972), “Жыр қанаты” (1975), “Жылдар жыры” (1976), т.б. өлең жинақтарында әлеуметтік оқиғаны суреттеуде ақындық шеберлік танытты. Ол қырғыз эпосы “Манастың” 1-кітабын, А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың, Ян Райнистің, Ф.Мақтымқұлының, А.Тоқомбаевтың бірқатар поэмаларын, Л.Н. Толстойдың“Анна Каренина” романын, Н.В. Гогольдің “Нева проспектісі” повесін, А.П. Чеховтың әңгімелерін, М.С. Бубенцовтың “Ақ қайың” романын, М.Тұрсын-Заденің “Үндістан балладалары” өлең кітабын қазақ тіліне аударды. Ормановтың көптеген туындылары шетел тілдеріне тәржімаланған. Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Ленин ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.[1][2]







Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 1197. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия