Студопедия — АЛИ ОРМАНОВ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

АЛИ ОРМАНОВ






(1907 ж. туған)

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Ғали Орманов өзінің творчествосын шағын лирикалық өлеңдер жазумен бастап, осы жанрдың қалыптасуы мен есеюі жолында едәуір қызмет етті. Социалистік революция дәуірі қайта тудырған совет адамының ой-сезімі мен жүрек тербеністерін, өміріндегі өзгерістерін танытуда Ғали лирикасы өзіндік үнімен, шеберлігімен әдебиет тарихынан тиісті орнын да алды.

Ғали Орманов 1907 жылы қазіргі Талдықорған облысының Аксу ауданында Ешкіөлмес тауының бауырында туған. Онға толар-толмаста әке-шесінен бірдей жетім қалып, туысқандарының қолында тәрбиеленеді.

Балалық шағын өз аулында өткізген Ғали Жетісу бойынын ақындық, әншілік дәстүрін үлгі етіп, өлең-жырға жақын өседі. Ешкіөлмес тауының бауырында өткен Біржан мен Сара айтысы бұл өлкенің жатқа білетін мұраларының бірі болатын. Осы айтысты жастайынан жадына сақтап өскен Ғали бұдан басқа Кемпірбай мен Шөженің, Бақтыбай мен Мәйкебаланың айтыстарын, халық әдебиеті үлгілерінен «Мұңлық — Зарлық», «Алпамыс», «Шәкір — Шәкірат» сияқты хиссаларды жатқа білген. Оларды ел ішінде домбыраға қосып айтып та жүрген.

Совет өкіметі жылдары жетім Ғали балалар үйінде тәрбиеленеді, әуелі Талдықорғанда, кейін Алматыда оқиды. 1923—1928 жылдары Ілияс Жансүгіровтің көмегімен Алматыдағы Халық ағарту институтына түсіп, білімін толықтырады. Болашақ ақынның әдебиетте көрінуі де осы кезден басталады.

Оның алғашқы өлеңдері интитуттың қабырға газетінде басылады. 1928 жылы «Тілші» газетінің бетінде «Ешкіөлмес», «Қора», «Диқанбай» сияқты өлеңдері жарияланады.

Институт бітірген соң Ғали 1929—30 жылдары Іле аудандық оку бөлімінде басшы қызметте болады. Жазған өлеңдерін республикалық газет-журналдарға жіберіп тұрады.

1930 жылы «Социалистік Қазакстан» газетіне қызметке ауысқан Ғали 1939 жылға шейін әуелде әдеби қызметкер, кейін әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 1939—1946 жылдары ол Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы болып істейді.

Соғыстан бергі дәуірде Ғали «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында, Қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет баспасында, Қазақстан жазушылар Одағында басшы қызметтерде болады.

Бірқатар әдеби-қоғамдық қызметтер атқара жүріп, көрнекті шығармалар жазған Ғали отызыншы жылдардың бас кезінде-ақ өзінің ақындық талантын танытты. 1934 жылы оның «Шеңбер» атты өлеңдер жинағы мен «Шәуілдір» атты поэмасы басылды. Одан бері дәуірде ақын «Көтерме» (1935) деген әнгіме-очерктер кітабын, «Алынған қамал» (1935), «Абысын сыры» (1936), «Халық — қаһарман» (1941), «Емен» (1945), «Тандамалы шығармалар» (1950), «Сәт сапары» (1957), «Ой қанаты» (1961), «От өзен» (1965) атты өлен-поэмаларының жинақтарын жариялады. 1961, 1967 жылдары ақынның жана тандамалылары басылды. Шығармалары орыс тіліне аударылып, одақтық оқушыға белгілі болган Ғалидың орысша шыққан кітаптары бірсыпыра.

Ғали — ақындық тәжірибесін көркем аударма саласындағы жұмыспен қатар жүргізіп өсіп келе жатқан ақын. Ол орыстың классикалық әдебиеті үлгілерін, Батыс және Шығыс ақындарының таңдаулы шығармаларын қазақ тіліне аударуға үнемі қатысып келеді. Ол А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың, В. В. Маяковскийдің ұлт ақындарынан Махтумкулидің, Мырза Тұрсынзаденің, А. Тоқомбаевтың өлен-поэмаларын аударды. Л. Н. Толстойдың «Анна Қаренина» романы, Мопассанның әнгімелері, Н. В. Гогольдің повестері, М. А. Шолоховтың «Адам тағдыры» әңгімесі, М. Бубенновтың «Ақ қайын» романы тәрізді прозаның кесек үлгілері де қазақ оқушыларына Ғали аудармасы арқылы таныс.

Ғ. Орманов — Қазақстан жазушылар Одағы басқармасының мүшесі. Әдебиет саласындағы еңбегі үшін «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен наградталған.

1967 жылы республика жұртшылығы ақынның туғанына 60 жыл толған мүшелді тойын өткізді. Ғали әдебиетке жиырмасыншы жылдардың соңғы кезінде келді. Бұл — елімізде ірі байларды шындығы тап есебінде аластап, қазақ кедейлерінің коллективтік шаруашылыққа біріге бастаған, ауыл шаруашылығы мен өндірісте алғашқы бесжылдық жоспарды орындауға жаппай бет алған кезең болатын. Осы дәуірдің өзгерістері қазақ ауылындағы рухани сілкініс, оянып ілгері ұмтылған жаңа күштер Ғалидың алғашқы ақындық талабын ұштаған тақырыптар еді. Өзінің тұңғыш өлеңі «Қораны» ақын туған өлкесіндегі осы аттас өзеннің табиғи көркемдігін суреттеуге арнай отырып, оның жер бөлісте кедейлер қолына көшкеніне құттықтау айтады. «Мойын серік», «Диқанбай» атты өлеңдерде кедейлердің бірігіп еңбек ету идеясын құптайды.

Байлардың кәмпескеленуі қарсаңындағы ел ішіндегі оқиғалар заманы өтіп, тынысы тарыла бастаған үстем тап өкілдері мен күні туып, өз дәуіріне иелігін түсінген кедейлердің психологиясындағы өзгерістер, сезім күйлері мен мінез-құлық жаңалықтары ақынның осы кезде жазған біраз өлеңдеріне тақырып болды. «Екі ұдай», «Ағайын арпалысы» өлеңдері байлар мен кедейлер арасындағы бітіспеске кеткен күрестің нышанын байқатса, «Түрлеріңнен түсінем», «Есе», «Жалшы сөзі» атты өлеңдерден кедейлердің осы күреске белсене шығуын, сөйтіп бұрын өздерін езгендерге қарсы өктем күшке айналуын көреміз. Олардың байлар қолындағы егіндік, шабындық жерлерді алуға шыққанын Ғали:

Қасында өкіл, ауылнай

Сыбанған кедей өңшең бір

Жазық пен сазды қалдырмай

Жабыла түгел өлшеп жүр,—

деп суреттейді. Жеріне қоса байдың малын алған кедей оған:

Тендікке бірақ жоралғы

Алдымда жылқы — ат, айғыр.

«Өзі еді баққан, өзі алды,

Қожайын сол» — деп атай жүр,—

деп тіл қатады.

Керісінше, бірқатар өлеңдерінде Ғали күні өте бастаған тап өкілдерінің рухани күйзелісін бейнелейді. «Абысын аңызында» ол байлардың жуаси қалған жасанды, алдамшы кейпін тезек теріп жүрген әйелдер әңгімесі арқылы ажуалайды. «Қоңсы мен қожайында» коңсысын қонақ етіп, малдарын сойып атына жаздырмақ болған байлар әрекетін күлкі етеді.

Қуанғаннан қонсы қарт

Күліп те бір жіберді;

— Балалардык өздері

Аламыз деп жүр еді.

Ақын малын кедейлер атына жаздырып, жасырып қалмақ болған байлардың қулығын коңсының олардың малын алмақ боп жүрген ниетіне қарсы қояды.

Тас тигендей маңдайға

Бай да сөзін қысқартты.

Қарай алмай манайға

Өңі құп-қу сұр тартты,—

дейді ақын.

Күні өткен таптың моральдық тозуы мен жеңілуі «Асқамбайдың әлпеті», «Жеңілген жүрек» өлеңдерінен де көрінеді. Мұның біріншісінде ақын оқымай кеткен сылқым бай баласының бүгінгі кейпін тапқырлықпен суреттейді. Оның ауыртпалық арқалап қысылып тұрған бейнесін Ғали біресе «үріккен қой көзденіп» тұрған, біресе «қуғын көрген қасқырға» ұқсаған кескінінен таниды. Екінші өлеңнің кейіпкері бір кезде малға сатып жас қыз алған бай шал бүгін ақ тоқал мен жас қонақтың әңгімесі мен күлкісіне іштей ызаланса да, тіл қата алмас күйге жеткен.

Ғали лирикасы — сол кездегі ауыл өмірінін нақты бейнесін танытар көптеген шындықтардың айнасы. Ол тақырыпты суреткерлікпен шеше отырып, өлеңді жаңа дәуірдің бет алысын, адамдар бойындағы жаңа сипатты көрсетер ойға құрады. «Ұяда» атты өлеңде ақын шаншыла біткен зеңгір құз басындағы қыран ұясын көргенін әңгімелейді. Төменде долы езен. Ақын оны дамылсыз дөңбекшіген айдаһар бейнесінде көреді. Қыран ұясындағы балапанды алған лирикалық кейіпкер кеудесінде де бір бүркіт сілкініп өткендей болады. «Қиын жол», «Жайлау желігі», «Даңғой», «Білесіңдер өздерің» т. б. өлеңдерінде Ғали ел ішіндегі құрсау-қырсықтарды, қымыз ішіп, жұмыссыз желіккен арам тамақтарды, шапқанда байып, тоқтағанда есі кіретін көкпаршыларды сынға алады. Осы арқылы ескі заманның пайдасыз тіршілігін айыптайды. «Есіркептің ертегісі» өлеңінде ізсіз кеткен халық тарихы туралы ойларын ортаға салады. Есіркеп әкесін еске алады. Түгі жоқ тақыр кедей артында із де қалдыра алмады. Қабірінің белгісі — жалғыз төмпешік те жел үрлеп, сел жуып, өшіп кетті. Бұл арқылы ескінің өшуін, өз халқының жалаң, жайдақ өмірі туралы терең толғаныстар жасайды.

Ғали лирикасынын кейіпкері — осы бір жүдеу, ескілік езген ортадан қалаға аттанған жас адам. Ол жарық дүниеге ұмтылады, тәтті үміттер, жақсы қиялдар оны ұзақ жолға алып шығады. Осы кейіпкердің ізденістерін ақын «Қараймын да асығам», «Ұмытылмас күн», «Алғашқы адым», «Кітап», «Ұстаз», «Тайжарыс», «Қуаныш», «Сенім» т.,б. өлеңдерінде шебер суреттейді. Суретке толы бұл өлеңдерден біз «тепкішегі тепеңдеп» Алматымен арада жеті күн жүрген талапкер жастың бет алысын көреміз. «Сараң басқан Сары тайын» шалдырып «жол бойында жантайып» жатқан ол шаршап шалдықса да, ілгері қарайды. Ақын өмір бет алысын:

Сахарада шалқайып

Сарғая бір жол жатты.

…Қарсы алдымнан келешек

Қара үзбейді қол бұлғап,—

деген жолдармен байқатады.

Өмірге талшықты жас герой кітаптан табады.

Алдым қызық көрінді

Ашқан сайын әр бетті.

Айта отырып өмірді

Алға қарай өрлетті,—

дейді ол.

Жоғарғы өлеңдер қалаға келген қаһарманның кейінгі өмірін жалғастыра түседі. «Жабуы шанытып келген жетім тайлақтар» ұялы балапандай боп шыға келеді. Балалар үйі жетімдікті ұмыттырады. Бұдан біз панасызды қамқорлығына алып, тәрбиелеген, жаңа жолға алып шыққан совет шындығын танимыз. Кейіпкер «тай жарысқа» (жас ақындар бәйгесіне) қатысады. «Қуаныш» өлеңі оқу бітірген жастың шат сезіміне толы.

Өндірістегі еңбек адамдарын бейнелеу Ғалидың «Тоқушы» өлеңіне арқау болса, кейінірек ол бұл тақырыпта «Мыс қала» деген өлең жазды. Бұл өлең ақынның республика өміріндегі советтік жаңалықтарды жырлаған шығармаларының жалғасы тәрізді.

Отызыншы жылдар ішінде Ғали эпикалық поэзияға қалам тартып көрді. «Шәуілдір», «Алынған қамал» атты поэма жазды. «Шәуілдірде» ақын жаңарған колхоз аулынын өркендеп және бүгінгі өмірін қарама-қарсы суреттер арқылы көрсетуді көздейді. Бірақ ол сюжетті, эпикалық поэманын дәрежесіне көтеріле алмайды. Онда Шәуілдірдің кешегі ұсқынсыз бейнесі мен бүгінгі жаңарып қалаға айналған кейпін жалаң суреттеп, жаңалықтарын тізуден аса алмайды. Поэмада ауылдың жаңа адамдары мен олардың рухани өмірі көрінбейді.

«Алынған қамал» челюскиншілер окиғасымсн байланысты жазылған. Поэманы «Челюскин» кемесінің Солтүстік Мұзды мұхитына аттануынан мұз тұтқынында қалған ерлердің елге қайтып оралуына дейінгі ұзақ оқиғалар тізбегін баяндауға құрған ақын челюскиншілер көрген қиыншылыктарды, совет адамдарының ерлігін бірсыпыра пафосты, ұтымды көрсетеді. Қоммуннстік партия мен үкіметіміздің адамға деген қамқорлығы әсерлі суреттеледі. Бірақ, тұтас күйінде, поэма көркемдік талапқа сай шықпаған. Онда жалаң баяндау кеңірек орын алады да, Мұз теңізін женген адамдардың характері, психологиялық толғаныс, тебіреністері ашылмайды. Ақын кейбір оқиғаларға байланысты жеке адамдардың аттарын атаудан аса алмайды.

Поэма саласындағы алғашқы ізденістер Ғалидың бұл жанрды әлі терең игеріп болмағанын, оны тек баяндауға құрып, кейбір көркем суреттер жасаумен ғана шектелгенін аңғартады. Ал Ғалидың лирика жанрындағы қызметі сол кездің өзінде қалың оқушы көңілінен жылы орын теуіп, бұл тұрғыдағы ақын табысының елеулі екенін байқатты.

Отан қорғау идеясы, неміс фашізміне қарсы күрес тақырыбы Ғалиды Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін-ақ ойландырған болатын. Ақын осы кезде жазған «Халық — қаһарманы» деген шығармасына Карпат тауындағы партизандар күресін тақырып етіп алып, сол арқылы фашизмге қарсы халықтар ызасын, кегін айтты. Ұлы Отан соғысының алғашкы күндері басылған бұл шығарма халықты дұшпанға қарсы үндеуде үгіттік қызметтер атқарды.

Ғали соғысты «Жан каһары», «Отан алдында» деген өлен-іермен қарсы алды. Бұл өлендерден біз Отанын шексіз сүйген патриот ақынның жан сезімін, толғаныстарын сеземіз. Соғыс моәуелі бақтың (Отан бейнесі айтады) тыныштығын бұзғаны ақын жанына ауыр тигені көрінеді. Сондықтан да оның лирикалык геройы қару алып, жауға қарсы Отан — анасын қорғауға аттанады.

Қару бер, аяа, қолыма,

Жауыңа қатты тиейін.

Өзімді тостым жолыңа,

Үстіме жалын киейін,—

дейді ол. Үстіне жалын киіп кеткен геройдың ерлік жолы «Ер арманы» өлеңінде айтылады. Батыр пулемётші жаумен атыста өз жастығын ала қаза табады. Бірақ ол өз борышын ақтағанын түсінеді. Сондықтан да ол өлерде:

Қырған жау, қиған жанмен… тым болмаса

Бір себім тиді ме екен елге өсірген,—

деп тіл қатады.

Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ жазушылары мен артистерінің тобында майданға барып, ерлікті көзімен көрген Ғали бірталай өлендерін совет жауынгерлерінің батырлық ісін наөты суреттеуге арнады. Бұл өлеңдерден біз батырлық турали ақын ойларын ұғамыз. Ол батырлық бақ емес, оны халық намысы тудырады, ар бастайды («Батырлық дербес бақ емес») деген қорытынды жасайды. Батырлықтың үлгілерін ол «Лит», «Мәлік», «Полковник» сияқты өлеңдеріне арқау етеді. Бұларда жаңа заманның батырларының өзгеше сипаты беріледі. Кіші пейіл, балғын дене, қыз мінезді Мәлік бейнесінен Отанын шын сүйген ердің үлкен жүрегі мен дұшпанға деген кегі батырлық тудырғанын танытады. Ақын Бауыржан кескінінен де осы кектің намыс үшін күрестің ізін көреді.

Майдан өмірінің күрделілігін, ондағы адамдардын әр түрлі сезім күйлерін дәл таныған ақынның байқағыштығын «Блиндаждағы әңгіме», «Жолбарыс», «Қаһармандар кескіні» өлендерінен көруге болады. Бұларда да жаңа заман батырларының тұлғасы толыса түседі. Соғыс ауырлығына мойымай, өлімнен қорықпай, азаматтық борышты таза өтеуге жұмылған ерлер тек Отан қорғауға себін тигізуді ойлайды. Ақын олардың жүзінен бірде елді сағынған жылы кейіпті таныса, енді бірде қолдарындағы қарудай салқын тарта қалғанын көреді. «Қасымға хат», «Ағалық тілек» атты хаттарымен Ғали майдан солдаттарына зор тілек қосып, оларды ерлікке рухтандырады.

Ғалидың соғыс тақырыбына жазған ұзағырақ шығармасы — «Бөбек жүрегі» атты шағын поэмасы. Онда жау басып алған жерде Мария деген жас қыздың Ленин суретін тығып сақтауы әңгімеленеді. Кейін Мария суретті өз жерін босатқан генералға табыс етеді. Жас қыздын отаншылдық сезімін, Ленин суретін жасырып сақтау кезіндегі хал-күйін ақын тәп-тәуір суреттеді.

Ұлы Отан соғысы Ғали ақындығын реалистік суреттерге, совет адамдарының рухани бейнесін тереңдей көрсетуге қарай бағыттаса, соғыстан соңғы дәуір — ақынның шеберлікті жете игеріп, творчестволық кемеліне келген кезі. Бұл кездегі Ғали өлеңдері, негізінен, соғыстан соңғы халық шаруашылығын қалпына келтіру мен оны өркендету жолындағы адамдарымыздың қажырлы еңбегін, халықтар достығын, жаңа соғыс өртін тұтандырушыларға қарсы күрес үнін, құлдықтағы халықтардың азаттық жолындағы талап-тілегін көрсетуге арналды.

Осы дәуірде жазылған тәуір лирикасы «Егін — толқында» ақын соғыс салған жараны тез жазып, туған өлкесін қайта жасартқан халық еңбегін мадақтайды. Даланы «екбектің егінімен жаба салған» халық — өлеңнің бас кейіпкері. Адам тері қауызға дән боп толған егін толқыны ортасында ақыннын шаттық үні естіледі.

Күмістей саудыраған жана дәннен,

Келеді құлағыма күйлер ән мен.

Күлімдеп күлкілері кездерінде

Қарайды келер күндер маған сәнмен,—

дейді ақын.

Ғалидың халықаралық тақырыпқа жазған өлендері жаңа соғыс өртін тұтандырушыларға қарсы («Асқанға тосқан») ақын үні мен Азия, Африка елдерінің азаттық жолындағы күресін («Египет күні», «Достық торабы», «Үндістан қызы») бейнелейді.

Ғалидың ақындық табыстарын сөз еткенде оның кейінгі жылдары жазған өлеңдері естен шығуға тиісті емес. Олар ақынның соңғы ізденістерін, егде тартқан адамның өмір тәжірибесіне сүйене отырып пайымдаған ойларын танытады. Ол кейде орыс ұстаздарымен (А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов) тіл қатысса, кейде қаламдас ағаларының (I. Жансүгіров, М. Әуезов) үлгілі өмір жолын жыр етеді. Еркелеп, қасында өскендіктен Ғали Жамбыл атын мақтан тұтады. Абайдың туған жерін аралап, өмір құбылыстарын ұлы ақынның көзімен қарап сыр шертеді. Ақын өз өмірінің, өз заманының парасатты жақтарына ой жіберіп, халықтың бақытты келешегі туралы поэтикалық шолулар жасайды.

Ғали Орманов поэзиясы — ақынның халық өмірімен тығыз байланысын сипаттайтын реалистік поэзия. Ақын Совет өкіметі жылдары қазақ халқы өмірінде болған ірі-ірі қоғамдық өзгерістердің куәсы есебінде өз шығармаларында оны нақтылықпен суреттеп, совет адамдарының рухани өсуін, ішкі сезім күйін, жанды образдарын терең бейнеледі. Оның лирикалық кейіпкерінің өсу жолы, өмірінің жеке фактілері оқушы көңіліне ұялап, күшті әсер қалдырады.

Табиғат көріністерінің шағын картиналарын ұтымды жасау арқылы адам сезімін тап баса суреттеу, өмір туралы философиялық ойларын таныту «Емен» жинағындағы көп өлеңдерге ортақ қасиет. «Қарағай», «Емен», «Гүл» тағы басқа лирика үлгілері—Ғалидың ғана емес, осы жанрдағы қазақ әдебиетінің зор табысы. Ғали өлеңдерінде лепірме екпінді сөздер кездеспейді. Ақын заман асқақтығын, көңілдің көтеріңкі күйлерінің өзін шынайы, биязы сырласуға түсіреді де, қарапайым шындықты дауыс көтермей-ақ көз алдыңызға жайып салады. Қарағанды жайындағы өлеңдерде ол советтік құрылыстағы өндірістің «сонша кесек, шомбал ірі» тұлғасын көре отырып, оны тым әсірелемейді, оның куатынан «замананың толғау жырын» алып майда үнмен сипаттайды. Магнитканың домна пешін, балқыған болат тасқынын көк жиекті от-жалынға айналдырған күннің құдіретті күшіне теңеп айтады.

Қуаты күннің нұрындай,

Көрінер ылғи маздап ол.

Таусылмас өмір жырындай,

Жанынды дәйім қозғар ол.

Жасанды жер серіктерін ұшырып, әлем кеңістігіне космонавтар жіберген, Айға совет вымпелін қондырған бүгінгі замандағы ғылым мен техника табыстарын да жарасымды жырлайды. Мұны жаңа заманның басталуы деп ұғады да:

Жер, әлемге жар салған

Жаңа заман басы бұл.

Жан өрісін нұр шалған

Басталды бір жақсы жыл,—

деп қиял өрісін болашаққа меңзейді.

Ғалидың соңғы жырларында өмір тәжірибесінен туған парасатты ойлар мол. Ақын оқушысымен пікірлесе отырып, оған қоғамдық құбылыстардың, тарихи дамудың құпия сырларын ашады. Ақын ұғымында өмірдің қозғаушы күші — еңбек. Адам достықты, махаббатты, көңілді тұрмысты, жақсы адамдық қасиеттерді өз мінез-құлқымен, еңбегімен табады. Егер өз заманының рухына лайық болмасаң, өмір сынынан құр қаласың, өз өміріңе, өзің өткен жолға қара дейді.

Әмірдін сыйын кем көрсек, Қырсызға өмір тым сараң,

Өзіңді, достым, абайла. Бұрауын бермес оңайға.

Еріне тиіп жерге өкшең, Қырқуға құрсау болса адам,

Жүрмеді ме екен, соны ойла. Өкпелер несін тоғайға,—

деген жолдарда осындай ойлар жатыр.







Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 1031. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия