Студопедия — Али ақынның ғаламы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Али ақынның ғаламы






12-Қыркүйек, 2013 Сыр-перне 14 рет оқылды 0 пікір

Кеңестік кезеңдегі қазақ поэзиясының көкжиегі кең, жұлдызы жоғары болды деп батыл айта аламын. Қаншалықты қызыл империяның қылышының астында қылпылдап күй кешсе де, айтарын айтып кеткен азамат ақындар аз болған жоқ. Олар кеңестік кезеңнің кесапатын көзге шұқып, аспандап айтпаса да, сөзбен нұқып – астарлап айтты. «Ымды білмеген, дымды білмейді», алдымен, мені түсініп ал деп тұспалдады. Байқап, барлап қараған кісіге Жұмекен, Мұқағали, Жұматай, Кеңшілік өлеңдерінің тереңінен осы тылсымды табасыз.

Елді елең еткізер эпикалық туындылар да толас таппады. Мәселен, Мағжанның басқа өлеңдерін былай қойғанда, «Батыр Баяны», Сәкеннің «Көкшетауы», Ілиястың «Құлагері» кеңестік кезеңде дүниеге келген жоқ па? Осы үрдіс одан әрі жалғасын таба берді. Сырбайдың сырлы жырлары, Ғафудың кең тынысты, кесек туынды-дастандары кезек-кезек дүниеге келіп жатты. Мәселен, Ғафудың «Дала қоңырауы», «Большевик ауыл» дастандарына тереңірек үңілген кісі бүгінгі біз айтып жүрген ашық шындықты тұспалдап жеткізіп, ойнақы сөз, ой иірімдері арқылы түпкі нысанасын көздегені көрініп тұрады.
Ал, Қалижан Бекқожиннің «Батыр Науаны» кеңестік кезеңдегі «өлі тыныштыққа» оқ атқанмен бірдей болды. Ақын айдың күннің аманында «отыз жетінің» күйін кешіп, маталып, шаталып кете жаздады.
Сол кезеңде жай оғындай жарқ етіп шыққан, жалынды жас ақын Ғали Орманов алғашқы өлеңдерімен-ақ оқырман қауымды елең еткізді.
Осы бір тұңғыш өлең – алғашқы қадамның өзінен-ақ Ғали ақынның бүкіл болмысы көрініс тапқан еді. Сол кездің көзімен қарасақ, бұл өлеңнің ешкімге ұқсамайтын ішкі иірімі, сырт бітімі, өзгеше өрнегі әдебиетке Ғали әкелген ғаламат жол болып қалыптасты. Ақыры осы бір өзгеше үрдісті Ғали ақынның ізімен Ізтай Мәмбетов, Сағи Жиенбаев, солардан сәл кейін Өтежан, Есенбайлар іліп әкетті. Сөйтіп, қазақ поэзиясында Ғали мектебі қалыптасты.
Ал Ғалекеңнің түп тамыры, арғы бастауы қай жақтан еді? Ол бастау – алыстан емес, тіпті Ғалекеңнің туған топырағынан тамыр тартқан еді. Қадап айтар болсақ, Ғалекеңнің ақындық болмысы, өлең өрнегі, тәлім-тәрбиесі, үлгі-өнеге Ілияс ақынмен еншілес еді. Олай болатын себебі Ғалекең көзін ашқаннан көргені Ілияс өлеңдері, Ілияс өнегесі қолына қалам алғаннан бастап, Ілияс тұлғасы Ғалекеңнің көз алдынан бір кеткен емес. Мәңгілік бейне, мәңгілік елес… Тумысынан қысқа өлеңнің хас шебері Ғали ақын Ілиястың кең тынысын, шебер өрнегін, шабыт тасқынын өзінің қаламгерлік кредосына айналдырды. Өшпейтін өнеге, үзілмейтін үлгіге ұластырды.
Ғалекеңнің Ілияспен қандас-жандас, елдес-жерлес болуы – оның өміріне кері әсер етіп, кедергі келтірген кездері де болмай қалған жоқ. Қашан Ілияс ақталып шыққанға дейін, оған «Ілиястың күшігі» деген сөз қарғыс таңбасындай тағылған еді. Әйтсе де, Ғалекең Ілияс рухынан бір сәт ажыраған емес. Оның атын атап, ашық қолдай алмаса да, ұлы ақынның ғажайып жырларын жанына азық, жүрегіне тамызық етті. Әсіресе, оның эпикалық сарындағы кең тынысты туындыларын, өзгеше өлең өрнегін қысқа да нұсқа жырларының алтын арқауына айналдырды.
1965 жылдың қыркүйегінде осы күнгі Астана, сол кездегі Целиноград қаласында Тың өлкесі жазушыларының съезі өтетін болып, біз өндірдей жас жігіттер – Сейіт Кенжеахметов, Таңатқан Сәтбаев және мен үшеуіміз шағын ұшақпен (АН-2) Торғай қаласынан көне Ақмолаға дік ете қалдық. Себебі кеңестік кезең зорлықпен «Целиноград» деп ат қойып, айдар тақса да, жергілікті халық күні кешеге дейін «Ақмола» атауын аузынан тастаған емес. Сол Ақмолаға ат басын тірегеннен кейін, осы күнгі ескі алаңдағы «Есіл» қонақүйіне қонжия кеттік. Келсек, о, ғажап, Алматыдан келген не бір ығай мен сығай осы қонақүйден тап бола кетті. Атынан ат үркетін ұлы жазушы Ғабит Мүсіреповті мен тұңғыш рет осы қалада көрдім. Қасындағы ақ шашты ақын Ғали Ормановты бірден тани кеттім.
Бірден қол алып, құшақтасып қауыша кетуге дәрмен жоқ. Көрген бетте қалт етіп тұра қалып, өң мен түстің ортасында тұрғандай күй кешкенімді білемін. Ертесіне, осы күнгі Астана қаласы әкімшілігінің бас ғимараты, сол кездегі «обкомның» мәжіліс залында өлке жазушыларының съезі өтті. («Өлке таратылайын деп жатыр» деген лақаптың гуілдеп тұрған кезінде не себепті өткеніне таңым бар).
Съезд президиумында небір кереметтердің өзі отыр. Бәрінің де есімдері елге таныс, бір көруге құмар кісілер. Есіме түсіріп көрейін. Ғабит Мүсірепов, Ғали Орманов, Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мәуленов, Зейнолла Қабдолов. Тіпті сол жолы Аманжол Шәмкенов пен Берқайыр Аман­­шинді де бірінші рет көруім болды. Тағы бір есте қалған жағдай, сол топтың ортасында жас сұлу жазушы – Шәрбану Құмарова жүрді. Толған айдай толықсыған, ажары атқан таңдай, шаш­ба­­уы беліне түскен, еркін де ерке қыз – Құмарованы көрудің өзі, біз сияқты жас ақындарға біраз шабыт сыйлағаны рас еді. Сол съезде есім­де қалған бір жай, өлкенің біраз жас жазушы­лары одақ мүшелігіне қабылданды. Солардың ішінде осы күнгі қарт жазушы Нұрғожа Оразов болған еді. Ал оның алдында тың өлкесі жас жазушыларының ішінде ерекше көрінетін ақын Еркеш Ибра­гим мен жазушы Естай Мырзахметов есімде қалыпты…
Ертесіне поэзия семинары болып, жас ақын-жазушылар белгілі тұлғаларға бөліне бастады. Мен, о, ғажап, Ғали Ормановқа бөлініппін. Сырбайды сырттай қызықтап, Жұбанға жуыса алмай жүр­ген мені Ғали Орманов бірден құшағына орады.
– Кел, бала! – деді Ғалекең мені көрген бетте, – байқаймын, Сырбаймен бір ауылдан екенсің, Жұбанды да жеке көрмейсің, бүйрегің маған бұрып тұрғанын бірден білдім. Кел, кел бері… – деп өзіне тартты. Байқаймын, шашының қарасынан ағы басым екен, шашының ағы басым ақынның басының бағы басым болады. Түбі мен сияқты ақын боларсың, ұзақ жасап, бақытты бол, балам! – деп батасын берді. Көзіме жас келіп, көңілім елжіреп кетті. Өлең оқытты. Ол кездегі өлеңдерімнің тақырыбы туған жер – Торғай, оның табиғаты, адамдары туралы болатын. Алматыны әлі көрмеген едім. Әйтсе де оған деген жүрегімде сағыныш сазы бебеу қағып тұратын. Өлеңдерімді оқып болған соң, қасындағы Берқайыр Аманшин бұрылып: – Сен байқадың ба, мына баладан ақын шығатын түрі бар, осы семинарға қатысқан ақындардың бір-екеуінің өлеңін Алматыға ала кетуіміз керек. «Қазақ әдебиетіне» берейік! – десін, қолындағы менің өлеңдерімді Берқайыр Аманшинге ұсынып жатып. Қуанышымда шек жоқ. Айдыны кең, алғаусыз адам екен. Ағыл-тегіл лебізін аяған жоқ. Ақжарма көңілмен ақтарыла сөйледі. Қыркүйектің аяғында оқуға түсуге алғаш рет Алматыға барғанымда, алдымнан «Қазақ әдебиеті» жарқ ете қалды. Ішінде менің өлеңдерім. Осыдан бір ай бұрын Ғалекеңнің Берқайырға берген менің өлеңдерім мұрты бұзылмастан жарияланып шыға келді. Міне, ақын бақыты осы емес пе? Сол өлеңдерді Кеңшілік екеуіміз «Алматы» мейрамханасында бір апта тойлағанымыз бар.
Сол жолы Ғалекең өткізген семинарда мына бір жай есімде қалыпты. Семинарда толық денелі екіқабат әйел – целиноградтық ақын Рысты Шотбаева қатысты. Сол өлкеге танымал ақын болатын. Жетінші балаға аяғы ауыр күйінде өлке жазушыларының съезіне келіпті. «Бестөбе» руднигінде тұрады екен. Әдейі Ғалекеңнің семинариясына тіркеліпті. Ғалекең бірден:
– Аяғың ауыр екен, аяулым. Нешінші балаға жерік болғалы тұрсың?
– Жетінші, – деді Рысты.
Ғалекең қуана құптап, желпіне сөйледі.
– Бәрекелді, қалқам. Қол аяғыңды аман-есен бауырыңа бас.Бізге жолығып тұрсаң, толғағың жеңіл болар, қалқам. Батамды берейін? – деп қолын жайды. Рысты разы боп қалды.
Рысты Шотбаева Сарыарқадағы саңлақ ақын әйелдердің бірі еді. Өзі көп балалы ана бола жүріп, отбасы, ошақ қасының қамымен ғана қалмай, қазақ өлеңіне өзіндік үлесін қосты. Көптеген жыр жинақтарын шығарып үлгерді.
Кейін Рыстымен жолығып қалып жүргенде ылғи айтып отырушы еді:
– Маған Ғали ағаның шапағаты мол тиді. Сол кісінің батасы шығар, айтқанына орай «Батыр ана» атандым. Ақындық жолымды да ашты.
Ғалекеңді ұстаз тұтқан Рысты апай бұл күнде арамызда жоқ болса да, оның Ғали атасының шарапатымен жазылған өлең-жырлары, әсіресе, Ақмола аймағына кеңінен танымал. Сәкен Сейфуллин туралы жазған дастаны да кезінде әдебиет сынынан өзінің лайықты бағасын алған болатын.
Иә, кезінде, Ғалекеңнің адал ықылас пейіліне, нұрлы шапағатына бөленбеген қаламгер кемде-кем шығар.
Менің жеке кітапханамда Ғалекеңнің өзінің «От – өзен» деп аталатын өлең кітабына жазып берген қолтаңбасы әлі күнге дейін сақтаулы. Онда: – «Ақын інім, Серігім! Ұзақ жылдар өмірде де, өлең­де де серіктес болуыңа тілектеспін. Бұл кітап, Ақмолада өткен күндеріміздің бір белгісі болсын!» делінген. Осы қолтаңба менің өлеңдегі бой­тұ­марымдай әр уақыт демеп жүргендей әсер етеді.







Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 684. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия