Студопедия — Серік Тұрғынбекұлы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Серік Тұрғынбекұлы






 

ماقالانىڭ كەلۋ قاينارى:http://www.elarna.com/koru_kk.php?id=183659#ixzz2y7iotBYo
ەل-ارنا كەسكىندەر ايماعى: http://www.elarna.com/video.php

 

Ғали Орманов - қазақ совет поэзиясының қарт командирлерінің бірі. Ол үлкен жолдар кешкен, қиын - қыстау өткелдерден өткен, өлең жолында көп тер төккен, ыстық - суық кезеңдерде шыныққан шеберлердің бірі.

Ақын Талдықорған облысының Қапал ауданының "Қызыл Жұлдыз" колхозында 1907 жылдың 15 тамызында дүниеге келген. 1938 жылдан КПСС мүшесі. ҚазПИ - ді бітірген (1943), 1929 - 30 ж. Іле аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, 1930 - 39 ж. "Социалистік Қазақстан" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1939 - 46 ж. Ж.Жабаевтың әдеби хатшысы, "Майдан" альманағының редакторы, 1950-60 ж. "Әдебиет және искусство" (қазіргі "Жұлдыз") журналының бас редакторы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының секретары, секция меңгерушісі болды. Шығармалары 1927 жылдан жариялана бастады. Ғ.Орманов - лирик ақын. Оның лирикалық өзіндік сыры, өзіндік ерекшелігі бар. Аз сөзбен көп мағына беріп, өмір шындығының сурет - сипаттарын лирикалық кейіпкердің толғаныс, тербеністері арқылы нәзік бейнелейді. Жалт еткен бір көрініс арқылы үлкен мәселелерді түйіп тастайды. Тұңғыш өлеңдер жинағы "Шеңбер" деген атпен 1934 ж. шықты. 1930 жылдардағы шығармаларында туған елінің өткені мен бүгінін, замандастар ерлігін, коллективтендіру науқанын, тәуелділіктен құтылған кедей шаруалардың күйін шынайы суреттейді. "Шәуілдір" (1934), "Алынған қамал" (1935) поэмалары, "Абысын сыры" (1936) жыр кітаптары, "Көтерме" атты прозалық жинағы (1935) өзгерген өмірді, адамдардың қаһармандық ерлігін, табиғаттың дүлей күшіне қарсы шыққандарды бейнелеуге арналған.

Ғали ақын өзіне біткен дарынын қасиеттеп ұстап, дамыта білді. Сөз құдіретіне өте мән беріп, оны қашанда үнемді, орынды қолданатын. Өлеңді өзі айта беретіндей "жасағанның өзі жаратқандай етіп" шығаруға тырысатын.

Ақынның алғашқы өлеңдерінің өзінен - ақ табиғат көрінісін нақтылы, бейнелі суреттеуге талпынғанын байқаймыз. "Қора" деген өлеңнің кіріспесін оқып көрелік:

Жоңғардың асқақтаған ала асқары,
Алтай жон, Тарбағатай жалғас бәрі,
Тізілген омыртқадай ақ заңғарлар:
Секілді көк тіреуі, бұлт астары.
Кигені қар кебенек, мұздай жарғақ,
Сауыты саудыраған құз тастары.
Алыстан аңсап шөлдеп бұлттар келіп,
Көрісіп көл болады көз жастары.
Қоры мен қонысы үшін сол таулардың
Кіммен кім қырғындасып таласпады?!

Осы өлеңді шеберлігі қалыптасқан ақын қаламынан шыққан деуге әбден болады. Мұны ақын жиырма жасында жазыпты.

Ғали Орманов тебіренсе, күйініп - сүйінсе де оқырманымен сырласа отырып, жан дүниесін жайып салады. Ғали ақынның "Халық қаһарманы" дастаны - Карпат тауларындағы партизандар ерлігін аңызға айналдырып жазған шығарма. Қазақ поэзиясында Батыс Украина азаматтарының соғыстағы ерлігін жырлаған шығарма қалай пайда болды десеңіз, Ғали ақын майданға барып қайтқанда, аңызға айналған ерлік істерді істеп, сол туралы мол деректер жинап қайтқан. Демек, Ғалекең көзбен көргенін, жүрегімен сезгенін жазып отыр. Дастанның құндылығын да осында деп білеміз.

Ғали Орманов өз ғұмырында ел - елді көп аралаған. Алатаудан - Теміртауға, одан Кавказ қақпасына дейін, Қара теңізден Памир тауларына дейін саяхат жасап, көргеніне сүйсінуден бір жаңылмағанын көреміз. Ел көргеннің нәтижесінде "Алыптың тұлғасы", "Күн шұғыласы", "Севастополь", "Тәжікстан тұлғасы", "Достық көпірі", "АСУ аңызы", "Румын қызы", "Үлбе", "Теңіз тынысы" сияқты көптеген жақсы сүбелі жырлар тудырыпты.

Адамның жеке қасиеттерін жырлайтын өлеңдер Ғали ақында аз емес. Жамбылға, Мәлікке, Бауыржанға, Нүрмолда Алдабергеновке арналған өлеңдерінен сүйкімді мінезді, сындарлы сымбатты, бейнелі тұлғаларды көреміз.

Көңілді қоса қозғап жүрер есте,
Сүйкімді жылы күлкің, қоңыр үнің - дейді Мәлікке арналған өлеңінде. Жеке адамның өзіне тән қасиеті кестеленеді бұл жолдарда. Асқақтату, асыра мақтау, сыпыра сылдырату жоқ мұнда.

Ғали Орманұлының Абайға арналған өлеңдерінің бірі "Ақын мұнарасы" деп аталады:

Жырында жүр шарқырап ақын құсы,
Жарылқап жанымызды жазы, қысы.
Ғали ақын Абайға қатты еліктеген. Абайдың өлең құю тәсілін тура қолданады, онысы әсіресе, жастық шақ жырларында жиі кездеседі:
Есімде жас ару
Тамылжып тұрысы.
Бек әлсіз, жоқ қару -
Қалтырап тынысы…
Үндемей сүйдіріп,
Мас етіп ол сені,
Ішімді күйдіріп,
Гүл ерні, от лебі.
Абайдан үлгі алмаған, Абайға еліктемеген қазақта ақын жоқ. Әйтсе де жанділімен Абайдың өлеңдерін жаттап, оны ылғи айтып жүретін Ғали Ормановтай ақын жоқ.

Ол Абайдың "Қолдан келмес іске ұмтыл, азат басың болсын құл", "Өзгеге көңілім тоярсың, өлеңді қайтып қоярсың!" деген сияқты өлең жолдарын керек жерінде өз өлеңдеріне де орайымен кіріктіріп отырған.

Ғали Орманұлы шығармашылығының қомақты бір саласы - көркем аударма. Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Низами Ганжауи, Мақтымқұлы, Л.Толстойдың "Анна Каренина" романын, Н.В.Гогольдің «Нева проспектісі», А.П.Чеховтың бірнеше әңгімелерін, М.Бубенцовтың «Ақ қайың» романын, М.Тұрсын – Заденің «Үндістан балладаларын» аударғаны жұртқа мәлім. Ғалекең - көркем аударманың нағыз шебері. Төл шығарма жазғандай жан салып, қинала ізденіп жақсы аударады.

Көзінің тірісінде Ғали Орманұлы ақындық шеберлігі тұрғысынан, сөз тамырын дәл басып ұстайтын майталман аударма саласынан да едәуір мадақталды. Сөзінің салмағы мен дәлдігін қатар ұстайтын Ғабит Мүсіреповтің бағалауы мынадай: "Ғали ақынның тағы да бір ерекшелігі - ол айтайын дегенін құлағыңа емес, жүрегіңе айтады. Ғалиды осы жағынан жете тексере алсақ, Ғали көтерілген биіктің аласа еместігін көрер едік".

Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған.

Ақын жасаған жетпіс жыл өмірдің (дәлірек айтқанда, ол 71 жасында 1978 жылы қайтыс болды) әдебиетке арналған елу жылын бүгін шолып қарасақ, Ғали ақындығы алғашқы күннен бастап, белгілі бір тұтастықта, бөлінбей, жарылмай, әр жаққа шашырамай, бір бағыттағы ізденісте жетілгенін көреміз.

· Айдар: Сөз өнері

· сілтеме

· 205 рет оқылды

· Кілтсөз:

Ғали Орманов, Қадыр Мырза Әлі

2005 жылы «Қазығұрт» баспасынан шыққан Қадыр Мырза Әлінің көптомдығының бір томы «Иірім» атты естелік кітабы. Кезінде республикалық «Жас Алаш» газетінде жарияланып, біраз айқай-шуға арқау болған естелік-эсседе ақын Ғали Орманов туралы да бірқатар әңгіме берілген екен. Қадыр Мырза Әлі ақын ағасы туралы бүй дейді:

…Ешкімге зияны жоқ, өзімен-өзі жүретін қызық ағаларымыздың бірі Ғали Орманов болатын. Мен «Жұлдыз» журналында істеп жүрген кезде ол кісі Қазақстан жазушылар одағында екінші хатшының қызметін атқарды. Жасы да, жолы да үлкен Ғалекең жұмыс бабында жиі-жиі шақырып тұратын. Ол ағамыз туралы небір қызық әңгімелер айтылады. Соның көбін құрастырған құрдастары, замандастары болуы керек. Әдетте Ғалекеңді сараң адам ретінде бейнелейді. Көзбен көріп, қолмен ұстамаған соң, сене қою қиын…

Біздің қазақ негізінен жайбасар, ашық-тесік, етек-жеңін жинап жүрмейтін алқа-салқа халық қой. Ал Ғалекең өте жинақы, өте ұқыпты адам еді. Ісіне де, сөзіне де қатты жауапкершілікпен қарайтын. Бір күні ол бізге, «Жазушы» баспасына жаңа өлеңдер жинағының қолжазбасын әкеліп тапсырды. Шынын айтсам, бұрын-соңды мұндай таза, мұндай жинақы, мұндай ұқыпты қолжазба көргем жоқ. Ең сапалы ақ қағазға басылған, әріп қателері жоқтың қасы. Қыртыстанған, бүктелген бірде-бір парақ көрмейсің. Банкіден жаңа шыққан судай жаңа банкнот тәрізді. Сондай керемет қолжазбаны тапсырып кеткені сол еді, он бес-жиырма минуттан кейін Ғалекең телефон соғып:

–Қадыр, сендерге тапсырып кеткен қолжазбаның сексен үшінші бетінде үшінші шумақтың төртінші тармағында «с» пен «п» алмасып түсіп, «аспан» сөзі «апсан» болып кетіпті. Қалай байқамадым екен! Соны әзірге қарындашпен жөндей салшы! Кейін ол бетті қайтадан бастырып берермін. Кешір, айналайын! – деді. Қолжазбасына осынша жауапкершілікпен қараған ұқыптылығы үшін Ғалекеңе іштей қатты разы болдым.

–Тұмаш, Ғалекеңнің кітабын өзің қара! Және көп ұзатпай тез бітір! – дедім бастықсып. – Мұндай қолжазбаны дайындағанның өзі бір қуаныш. Қолжазба таза, авторы ұқыпты.
Бір апта өтер-өтпесте дүйсенбі күні Ғалекеңнің өзі келді. Редакторына разы. Ұсақ-түйек кеткен селкеулерді тағы бір қарап шығу үшін қолжазбаны қайырып алды…

Дос-жолдастарының айтуына қарағанда, Ғалекең қай кезде де тәбетті, тамақсау қазақ болғанға ұқсайды. Құрдастары оны ажуа қылып, күлкіге айналдырған. Қонаққа шақырған үйге барғаннан кейін алдымен ас үйіне кіріп, дайындықтарын өз көзімен көріп шығатын еді дейді.

Алпысыншы жылдары Қазақстанның қырық жазушысы Қарағанды облысына барады. Елмен, өндіріспен танысады. Қарағанды қалалық партия комитеті келгендерге қонақасы береді. Делегацияның жетекшісі де, жасы үлкені де Ғабит Мүсірепов. Соған тартылғалы келе жатқан қойдың басын Ғабең анадайдан көріп, қырағы көзі көп нәрсені байқап үлгереді. Орекеңдер бастың қасиетін білуші ме еді! Оны қалай пісіруді де өнер деп есептемейді.

Делегация бастығы қатты піскен кәрі қойдың басын ұсына бергеннен-ақ Ғалекеңе аудара салады. Ашқарақтау ағамыздың ойында ештеңе жоқ. Ұсынған бастан бас тартпайды. Бірден мүжуге кіріседі. Бір қайнаған кәрі қойдың басы қандай болушы еді! Ғабеңнің қулықпен аудара салғанын енді түсінеді. Бірақ ол үшін ағасына не деуге болады? Ғалекең соны пайдаланып:

–Қойларыңыздың ғұмыр жасы ұзақ болсын! – деп бата береді дастархан жинардың алдында…

(Қ.Мырза Әли, Көптомдық шығармалар жинағы, 16-том).

Дереккөз: ikitap.kz

 







Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 694. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия