Студопедия — Азіргі кездегі программалау тілдері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азіргі кездегі программалау тілдері






Теориялық блок

ЭЕМ эволюциясымен бірге олар үшін базалық программалық құралдар эволюциясы жүрген. Бірінші кезекте бұл есептерді ЭЕМ-де шешу үшін кодтайтын программалау тілдеріне қатысты.

Бірінші буын – 50-ші жылдардың аяғына дейін программалау командаларының ұзақ тізбегі екілік, сегіздік және он алтылық сандармен мұқият бөліктеп кодталған. Бұл қызмет түрі кодтау деп аталған, программалауға бұдан гөрі күрделірек мәселе қойылған – ол алгоритмдерді құрылымдау.

Екінші буын – Ассемблер тілдері, онымен машина тілдеріне қарағанда жұмыс істеу жеңілірек болған. Оларда командалар үшін нақты мнемоника қолданылады.

Мыңдаған есе жылдам есте сақтау құрылғылары бар есептеу машиналарының пайда болуымен кодтау күрделілігінің өсуі соншалықты, бұл жұмысты адамның орындауының әсері едәуір төмендеді.

Әрбір нақты машинаның аппараттық құрылымын есепке алу, яғни бір машинадан екінші машинаға ауыстыру кезінде программалауды қайта кодтау қажеттілігі туындады – программалауды бір машинадан басқаға ауыстырғанда алгоритмдердің жиі өзгеріп кетуі байқалды.

Машина кодында жазылған программаларда кодтаудың формальды қателіктерін табуға мүмкіндік беретін артық мәлімет аз болған. Нәтижеде программаны жүктеу кезінде техникалық ақаулар түсініксіз жағдайларға әкеп соғуы мүмкін болған, ал ол қателіктерді табу өте қиын еді.

Бұл қиыншылықтар «жоғары деңгейлі» программалау тілдерінің құрылуына алып келді.

Үшінші буын – тілдердің ең «көлемді» буыны. Оның басы 1955 жылы ФОРТРАН(FORmula TRANslator –формулаларды аударушы) тілінің пайда болуымен сипатталады. Бұл тілдің қолданылуы бүгінгі күнге дейі жалғасуда.

1960 жылы АЛГОЛ (ALGOritmic Language – алгоритмдік тіл) тілі пайда болды. Ол ұзақ уақыт программистер арасында көп қолданыста болған программалау тілі.

1965 жылы осы кезге дейін ең танымал программалау тілдердің бірі – БЭЙСИК (BASIC – Beginner’s Allpurpose Symbolic Instruction Code – аударымы: «бастаушылар үшін символдық инструкциялардың көпмақсатты коды»). БЭЙСИК дербес компьютерлерде кең қолданыс тапты. Бүгінгі күні бұл тілдің бірнеше жеткілікті күшті түрлері бар.

1970 жылы Никлаус Вирт Pascal (Паскаль) тілін құрды. Бұл программалау тілі аса дамыған құралдарға ие, олар қазіргі кезде де өз мәнін сақтауда.

1980 жылы программалаудың ең күшті тілдерінің бірі – ADA (Ада) тілі пайда болды. Ол АҚШ қорғаныс министрлігінің есептеуіш орталықтарындағы негізгі тіл ретінде қабылданған.

Осы кезде тағы бір күшті программалау тілі – С (Си) тілі қоладныста жүруді.

Тілдердің төртінші буыны – бұл программалық жабдықтаманы басқару тілдері, немесе оларды басқаша «программалар генераторы» деп атайды. Мысал ретінде Clipper, dBase, SuperCalc деген сияқты тілдерді келтіруге болады.

Аталған тілдердің барлығы продецуралық тілдерге жатады, олар декларативті деп аталатын «Бесінші буын» тілдеріне қарама-қарсы. Бұл буынның негізгі программалау тілдері – LISP /ЛИСП/ тізімдерді өңдеу тілі және PROLOG /ПРОЛОГ/ – логика терминдеріндегі программалау тілі.

ЛИСП 1961 жылы, ал ПРОЛОГ – 1973 жылы пайда болған. Бұл тілдерде есептер шығару кезінде программистен ҚАЛАЙ емес, НЕ істеу керек екені талап етіледі. Есептің шешілу жолын жүйенің өзі табады (ЛИСП немесе ПРОЛОГ).

Осылайша, программалау тілдерінің барлығын үш категорияға бөлуге болады: ТӨМЕН деңгей тілдері – машиналық тілдер және Ассемблер тілі, яғни бірінші және екінші буын тілдері; ЖОҒАРЫ деңгей тілдері – барлық процедуралық тілдер, олар үшінші және төртінші деңгей тілдері және АСА ЖОҒАРЫ деңгей – бесінші буын тілдері.

Программалау –машинадан жауап ала білу өнері дейді, егер біз есеп шығаруда компьютерді қолдануды шешсек, негізгі үш сатыдан өту қажет

1. Не істеу керек екенін нақты және айқын анықтау.

2. Қалаулы нәтижеге әкелетін әрекеттердің айқын тізбегін беру, яғни алгоритм ұсыну.

3. Алгоритмді машинаға түсінікті түрде өрнектеу.

Бірінші саты ЖҮЙЕЛІК АНАЛИЗ деп аталады. Екінші саты – ПРОГРАММАНЫ ҚҰРЫЛЫМДАУ. Үшінші саты – «ПРОГРАММАЛАУ» сатысы.

Шешудің толық үрдісі есепті қалай шығару мәселесін қамтитындықтан әр уақытта күрделі. Бұл көзқарас бойынша жоғарыда көрсетілген сатылар тізбегіндегі бірінші пункт қандай да бір нақты жағдайда шешуші болып табылуы мүмкін. Шын мәнінде, көп жағдайда есептің құрылымын, оның тиімді моделін салу шешудің алгоритмді өңдеуге әкелетін әдісін іздеудің негізгі қиыншылығын құрайды. Сондықтан біз тек қана «программалауды» үйреніп қана емес, жүйелік анализ және прорамманы құрылымдау элементтеріне көңіл бөлуіміз керек.

Программалауда қолданылатын кейбір терминдер анықтамаларын келтірейік.

Әрекет –негізгі түсініктердің бірі. Бұл ақырлы жалғасы бар және қалаулы нәтижеге әкелетін іс-қимыл.

Объект – бұл қандай да бір әрекет орындалатын материалды ұғым, жағдайының өзгеруі бойынша оның нәтижесі туралы айтуға болады.

Инструкция – әрекетті қандай да бір тіл немесе формулалар жүйесі көмегімен сипаттау.

Процесс (есептеу)– бұл құраушы бөліктерге жіктеуге болатын іс-әрекет. Егер бұл бөліктер бір уақытта емес, бірінен соң бірі қатаң орындалса, онда процесс тізбектелген деп аталады.

Программа – процесті сипаттайтын және құрамды бөліктерден тұратын инструкция. Осылайша, программа мәтіндік тәртібі әрекеттердің орындалу тәртібімен сәйкес келмейтін инструкциялар жиынынан тұрады.

Орындаушы (процессор) – берілген инструкция бойынша іс-әрекетті жүзеге асырушы. Бұл – орындаушы адам ба, автомат па, кім екендігін анықтай алмайтын бейтарап термин. Шын мәнінде, егер нақты анықталған тілде жазылған программа жүзеге асса, онда орындаушы процессор болып табылады.

Алгоритм – қатаң алғышарттар – орындаушы үшін мақсатқа жеткізетін, яғни есепті программа құру арқылы шығаруға мүмкінді беретін бұйрықтардың жиынтығы. Ол – арнайы іс-әрекеттердің белгілі бір кезекпен орналасқан тәртібі. Ол алгоритмді атқарушы ЭЕМ-ге жұмыс тәртібін түсіндіретін ережелер мен нұсқаулар тізбегінен тұрады.

Сонымен, әрбiр нұсқау – команда. Алгоритмде командалар тәртібінің маңызы зор. Алгоритмнiң командалары кезек­пен бiрiнен кейiн бiрi орындалады. Алгоритмнiң орындалу кезiнде оны орындаушыға келесi жолы қандай нұсқау бойынша орындалатыны белгiлi болуы қажет. Ал орындаушының жүзеге асыра алатын командалар жиыны ко­мандалар жүйесiн құрайды.

Алгоритм құру кезінде орындаушының құрылғыларын емес, оның командалар жүйесін білу қажет, яғни алгоритмді орындаушы түсініп, жүзеге асыра алатын көптеген алғышарттармен таныс болу абзал. Орындаушыларды формальды емес (адам) және формальды (робот, машина немесе программалау тілдері) деп бөлуге болады. Алда біз тек формальды орындаушымен жұмыс жасайтын боламыз.

Алгоритмнің ең маңызды қасиеті мынада: орындаушыдан есепті шығару әдісін түсіну талап етілмейді, орындаушы инструкцияларды түсініп, оларды орындай алу керек.







Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 743. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия