Студопедия — Макс.- 100 балл
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Макс.- 100 балл






ҚР = бағаның пайыздық мазмұнына сәйкес

Емтихандық ведомостта пән бойынша қорытынды баға сандық және әріптік эквивалент түрінде төмендегі кестедегідей қойылады.

Пән бойынша әріптік-баллдық-рейтингтік баға

Әріптік бағалау жүйесі Балдардың сандық эквиваленті Пайыздық өлшем % Дәстүрлік баға
А 4,0 95-100   ҮЗДІК
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89   ЖАҚСЫ
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74   ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚСЫЗ

 

2.12.Ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер:

Негізгі:

1. Флетчер Р., Флетчер С., Вагнер Э. Клиническая эпидемиология. Основы доказательной медицины: Пер. с англ./Под общ.ред. С.Е.Бащинского, С.Ю.Варшавского. – М.:Медиа Сфера, 1998. – 352 с.

3. Власов В.В. Эпидемиология. Москва, 2004.

4. Т.Гринхальк. Основы доказательной медицины. Пер. с англ. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 240 с.

Қосымша:

1. Г.Гайятт, Д.Ренни. Принципы клинической практики, основанной на доказанном. – Медиа сфера, Москва, 2003 – 382 с.

2. Власов В.В. Введение в доказательную медицину. М.: Медиа Сфера, 2001. – 392 с.

3. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Москва, 2003.

 

 

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕНЕДЖМЕНТІ ЖӘНЕ ФАРМАЦИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

«ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЯСАТЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ» КафедраСЫ

 

 

 

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

 

«Дәлелді медицина негіздері»

пәні бойынша

 

мамандық: 051301 – «жалпы медицина»

 

Алматы 2009ж.

Дәрістер кешенін жоғары оқу орындарына арналған типтік бағдарлама негізінде 051301-«Жалпы медицина» мамандығына арнап кафедра доценті,м.ғ.д Турдалиева Б.С. құрастырған

«____2___»______10___________2009___ж

 

 

«Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының отырысында талқыланды.

 

«__2__» __10_______ 2009___ ж. Хаттама № 4___

 

 

Кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор ___________ К.А. Тулебаев

 

 

| I. 3. Дәрістік кешен

Тақырып №1.

Дәлелді медицинаға кіріспе (ДМ). Клиникалық эпидемиология қағидалары.

Мақсат – Студенттерді дәлелді медицина пәнімен,клиникалық эпидемиология қағидаларымен таныстыру

Дәріс тезисі

Соңғы он жылдықта денсаулық сақтау саласында «дәйектемелі медицина» бағыты зор орын алуда.

«Дәлелді медицина» - бұл жаңа ілім емес. Бұның негізгі қағидалары Францияда 150 жыл бұрын белгіленген. “Evidence-bazed Medicine”, немесе “дәлелді негізі бар медицина,” (дәлелді медицина) түсінігін 1990 жылы Торонтоның Мак Мастер университетіндегі канадалық ғалымдар ұсынған. Тез арада бұл түсінік әлемді шарпи бастап, әр қалаларда өзін қолдаушыларын тапты және осы қалаларда ұлттық денсаулық сақтау саласында маңызды орын алған ДМ орталықтары құрылды (Ричард К. Доубинс, 2006).

1973ж. – ағылшын эпидемиологі Арчи Кокран (Cochrane A.L.) алғашқы рет жүйелі шолу жасап, медициналық іс-әрекеттер маңыздылығын қорытынды клиникалық тексерістер арқылы бағалау қажеттілігін және ол нәтижелерді медициналық көмек көрсету тиімділігі мәліметтерінің арнайы қорында сақталуын алғашқы рет ұсынды. Осы ғалымның атымен Бірлестік аталды. Дәлелді медицина (evidence-based medicine) - бұл науқасқа көрсетілетін көмектің тиімділігін іздеу, салыстыру және қорытындылану арқылы кеңінен таралған нақты дәйектемелерге негізделген медицина бөлігі. ДМ қағидаларын білу дәрігерге көрсетілетін көмек туралы шешім қабылдауында әсер ететін көп жағдайларды сараптау арқылы сапасын жоғарлатуға мүмкіншілік береді.

Дәлелді медицина – бұл нақты бір науқасқа сапалы ғылыми зерттеулерде тиімділігі дәлелденген, яғни дәлелді негізі бар іс-әрекеттерді пайдалануымен ерекшеленетін медицина тәжірибесінің бір бөлігі. Өйткені қандайда тәжірибесі жеткілікті дәрігер болмасын оның білімі сан алуалы клиникалық жағдайларды еркін бағалауға мүмкіншілік бермейді. Әрине, сарапшылар, пікіріне, сенімді деректер мен анықтамаларға сүйенуге болады, бірақ бұл мәліметтер әр қашанда нақты болмайды, өйткені көлемді емдеу әдістерінің тиімділігі дәлелденгеннен кейін тәжірибеге біраз уақыттан соң енеді – бұл арада қалыс қалу үрдісі алда жүреді. (Аntman E.T., 1992), ал қазіргі уақыттағы биомедициналық ілімнің даму бағыты тәжірибелік медицинаға қоятын талаптары зор: олар - 1) тәжірибелі дәрігерге керекті мәліметтер сынды бағалануы қажет және 2) клиникалық тәжірибедекөмек көрсету үшін қандайда болмасын іс-әрекеттер жүйелі таңдалып қолданылуы.

Дәлелді медицина тәжірибелік сұрақтарға жауап береді, бұл дегеніміз нақты бір науқасқа дертіне сәйкес көмек көрсету арнайы білімді талап етеді, сол көмектің тиімділігін қорытындысы ретінде физиологиялық, биохимиялық, иммунологиялық және басқада көрсеткіштерін бағалаудан бұрын клиникалық маңыздылығы жоғары жазылу, өлім қаупы, асқынулар, мүгедектік сияқты зерттеудің ақырғы нәтижелері бағалануы қажет.

Жұмыс жасап жүрген дәрігерлер өздерінің клиникалық тәжірибесін жоққа шығара алмайды. Дегенмен, біз шешімізді өзіміздің көргеніміз пен сезінгенімізге ғана жүгінбей миллиондаған науқастарды емдеген мыңдаған дәрігерлердің ұжымдық тәжірибесіне негіздеуіміз қажет, яғни дәлелденген шараларды қолдану, өйткені ежелде Луи Пастер айтып кеткен: «ғылым ұлт, аймақ және қаламамен шектелмейді».

Дәлелді медицина – бұл медициналық көмек және жалпы денсаулық сақтау жүйесі сапасын жоғарлатуда тіршікті маңыздылығы бар үдемелі дамып келе жатырған медицина бағыты.

ДМ қағидаларын денсаулық сақтау жүйесіне еңгізудің негізгі мақсаты – медициналық көмек сапасы қатерлігін төмендету, тиімділігін жоғарлату, құнын пайдалы ету және басқада маңызды қырларын бірынғағайлау.

Түптеп келгенде, Қазақстан Республикасының 2005-2010 жж. «Денсаулық сақтау жүйесінің дамуы мен қайта өңделуі» туралы Мемлекеттік бағдарламада «халықаралық стандарттарға, жаңа технологияларға, қазіргі уақыт талабына сай емдеу тәсілдері мен медициналық қызметтүрлеріне жүйелі көшудің маңыздылығы көрсетілген, медициналық шараларды дәйектемелі медицина қағидаларына негізделген диагностикалық пен емдеу хаттамаларын еңгізу арқылы бір тұтас ету жоспарланған».

Дәлелді медицина қағидаларын оқыту мен меңгеру қажеттілігі бірнеше жағдайлармен байланысты:олар -1) ғылыми мәліметтер көлемінің көбеюі, әсіресе клиникалық фармакологияда – жыл сайын клиникалық тәжірибеге жаңа препараттар енеді, бірақ олардың клиникалық сынақтарының қорытындылары әртүрлі, ал кейбіреулері қарама-қарсы болып келеді; 2) денсаулық сақтау жүйесіне жұмсалатын қаржының тапшылығы – бұл жағдайда көлемді дәрілік заттар ішінен тиімділігі жоғары және қатерлігі төмен дәрілерді таңдап алу қажет; 3) дәрігерлер мен орта буынды қызметкерлердің жасап жатқан іс-әрекеттерінің; 20% ғана клиникалық сынақта дәлелденген; 4) көмек шарасының қатерлігі немесе қажетсіздігі дәледенседе ол жылдар бойы қолданыла беріледі; 5) тиімді шаралар міндетті түрде іске аспай жатыр.

ДМ әр түрле мәселелерге байланысты бірнеше бағыттарды қамтиды, мысалы, дәрігердің қәсіптік қызметі, дәрігер мен науқастың қарым-қатынасы және тағы емдеу және басқа мекемелер қызметі.

Одан басқа, ДМ қағидаларын кеңінен қолдану дәрігерлерді тиімдіде және кәсіби оқытумен қатар олардың біліктілігін уақытында жоғарлатуға мүмкіншілік береді. Бұл жағдайда әртүрлі медициналық мекемелерде алынған сертификаттар мен дипломдардың және соған сәйкес дәрігерлердіңде білімінде айтарлық айырмашылық болмас еді

“Дәлелді медицина науқастар емін біртұтас ережемен жүргізуге мүмкіншілік түғызады, әрі бұл жағдайда дәрігерлердің бір-бірімен түсіністігі жоғарлайды”. Қалай айтсақта негізгі медициналық пен биологиялық ілімнің үдемелі дамуына қарамастан, біздің адам туралы білімімізде шегіне жете алмаймыз, өйткені ағзаның әсерленуі мен оны айналасындағы табиғи және әлеуметтік ортасы ұлан түрлі және көп себепті, ал олардың әсері мен жанасуын болжау өте қиын. Сол себептен дерт және оның дамуы туралы тек қана теориялық білімге негіздеделген, басым жағдайда жақсы нәтиже беретін, тиімдіді әрі қатерсіз ем тәсілін шығара алмаймыз. Бұл жағдай шешім қабылдауда жаңа, уақыт талабына сай әдістің қажеттілігін айғақтайды.

 

Дәлелді медицина – бұл: 1) жеке тәжірибенің ; 2) жүйелі шолулардан алынған үздік, сыртқы клиникалық дәйектемелердің және 3) науқас үмітінің бірлесуі.

Бірақта, д әйектемелі медицина дәрігердің кәсіпшілігі мен оның клиникалық ой-өрісі орнын баса алмайды, керісінше емдеу жұмысының сапасы мен тиімділігн айқын жақсартады, өйткені біздің негізгі мақсатымыз – Primam non nocere!!!

 

 

Иллюстрациялық материал

Зерттелетін құбылыстағы барлық науқастар Сенімділік

Таңдама
  Наименование тем Форма проведения
  Доказательная медицина как средство продвижения лекарственных средств. Признаки некорректной рекламы лекарственных средств. реферат
  Фармакоэпидемиология и фармакоэкономика: определение, этапы развития, основные принципы. Использование экономической оценки как элемент принятия решения в медицине. реферат
  Перспективы использования доказательной медицины врачами общей практики. реферат
  Национальные клинические руководства: история развития, принципы составления и проблемы внедрения. реферат
  Доказательная профилактика. Основные виды, проблемы внедрения и анализа результатов скрининговых программ. реферат
  Роль пациентов в научных исследованиях. Права пациента. реферат
  Понятие об обществах специалистов доказательной медицины. Центры доказательной медицины в нашей стране и СНГ. реферат
  Проблема недостоверных публикаций реферат
  Понятие о проблемных лекарствах. Роль доказательной медицины в развитии современной фармакотерапии. реферат
  Понятие о систематической ошибке. реферат
  Составление своей базы данных медицинской информации. реферат

 

    Іріктеу кезіндегі жүйелік қателер   Өлшеу кезіндегі жүйелік қателер     Әртүрлі факторлар әсерінен болатын жүйелік қателер   Кездейсоқ қателер   Шығу  
таңдама
Іріктеу


Жариялылық;

1.Сурет Сенімділік және жариялылық;

   
2.Сурет Д.М қағидалары негізінде клиникалық шешімдер қабылдау моделі.

 

Әдебиеттер

Негізгі:

1. Флетчер Р., Флетчер С., Вагнер Э. Клиническая эпидемиология. Основы доказательной медицины: Пер. с англ./Под общ.ред. С.Е.Бащинского, С.Ю.Варшавского. – М.:Медиа Сфера, 2004.

2. Т.Гринхальк. Основы доказательной медицины. Пер. с англ. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 240 с.

Қосымша:

1. Г.Гайятт, Д.Ренни. Принципы клинической практики, основанной на доказанном. – Медиа сфера, Москва, 2003 – 382 с.

2. Власов В.В. Введение в доказательную медицину. М.: Медиа Сфера, 2001. – 392 с.

3. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Москва, 2003.

4. Применение методов статистического анализа для изучения общественного здоровья и здравоохранения. Под ред.Кучеренко В.З. - М.: ГЭОТАР-МЕД. 2007. – 245 с.

6. Қосымша сұрақтар (кері байланыс)

  1. Дәлелді медицина,түсінік
  2. ДМ негізгі мақсаты, тапсырмасы
  3. Клиникалық эпидемиология түсінігі
  4. Клиникалық эпидемиология мақсаты, тапсырмасы
  5. Клиникалық эпидемиологияның негізгі қағидалары
  6. Клиникалық эпидемиологияның қағидаларын тәжірибеде қолдану

 

Тақырып № 2. Дәлелді медицинаның терминологиясы мен нұсқаулығы. ДМ зерттеу әдістері.

Мақсаты - Студенттерді ДМ терминологиясы мен зерттеу әдістерімен таныстыру.

Дәріс тезисі

Терминологияны қабылдау барысында қажет:

1. Аталған технология ғылыми зерттеулерде талданғандығын анықтау:

1.1 Шешім қабылдамас бұрын нақты сұраққа нақты жауап алу;

1.2 Іздеу шеңберін кеңейту

2. Нәтиженің нақтылығы мен қолдау аясы және шектеуліктерін,қателіктерін қайта талдау.

3. Алынған нәтижелерлі реттеу және жүйелеу.

4. Тәжірибеде қолдану аясын анықтау.

5. Мақсатқа бағытталған осы нұсқаның потенциалды және оған қарама қарсы нұсқаларын іріктеп алу.

 

Қандайда болмасын көмектік іс-әрекеттің (емдік, диагностикалық және т.б.) клиникалық тиімділік дәлелдігі басым деңгейде клиникалық сынақтардың немесе зерттеулердің ұйымдастырылуына, әдісіне және тағы осы зерттеулерден алынған мәліметтерді сараптауда қолданылатын тәсілдердің сәйкестігіне байланысты. Кәзіргі уақыттағы медицина науқасқа көрсетілетін емдік шаралар болсын немесе басқада іс-әрекеттердің тиімділігі мен қатерсіздігі туралы мәліметтердің сарапталуына қатаң талап қояды. Қандайда болмасын көмек шараларға жүргізілген клиникалық сынақтардың нәтижесін қалай бағалауға болады? Дәлелді медицинаның; маңызды қыры – бұл клиникалық сынақтардан алынған мәліметтердің нақтылық деңгейін анықтау, яғни жүелік шолулардың негізін құрайтын қорытындылардың дәйектемелігі.

Клиникалық эпидемиологияның басты қағидасы - бұл әр клиникалық тексеріс дәлелденген ғылыми ақиқатқа негізделуі қажет, яғни дәйектемелерге негізделген медицина. Дәйектемелі медицина қағидаларына сәйкес дертті анықтауда, емдеуде және алдын-алуда теқ қана тиімділігі дұрыс ұйымдастырылған объективті, салыстырмалы зерттеулер мен дәлелденген тәсілдер қолданылуы қажет.

Клиникалық сынақтар (зерттеулер), анықтамасы, жіктеуі

Клиникалық сынақ; – науқастарды негізгі (сынақ жүргізілетін) немесе бақылау (салыстыру) топтарға еңгізіп медициналық іс-әрекеттер мен клиникалық ақырының арасындағы себепті мен нәтижелік байланысын анықтауға арналған келешек бағытта (проспективті) жүргізілетін қандайда болмасын тексеріс (медициналық журналдар редакторларының халықаралық ұйымының анықтамасы). Бұл жаңа теориялық ілім нақтылығын тексеретін клиникалық сынақтардың (КС) ең ақырғы бөлігі.

КС дизайны – клиникада жүргізілетін ғылыми зерттеулердің тәсілі (әдісі), яғни оның ұйымдастырылуы немесе құрылымы.

Дизайн түсінігі ағылшыннан аударғанда - (design) жоспар, жоба, проект, сызба, құрылымы деген мағына береді.

КС дизайн түрі – бұл жіктелген белгілер жинағы, олар:

1) нақты клиникалық жағдайлар;

2) зерттеу әдістері

3 нәтижелерді өңдейтін статистикалық (сандық) әдістер.

Зерттеулердің дизайны бойынша жіктелуі

  1. Обсервациялық зерттеулер (бақылау)- бұл зерттеуде бір немесе одан көп науқастар тобы белгілі бір сипаты бойынша бақылауда болады, ал зерттеуші мәліметтерді жағдайлардың тәбиғи үрдісінде, белсенді араласпай жәй бақылау арқылы жинайды;
  2. Экспериментальдық зерттеулер – жасалған іс-әрекеттің ( препарат, процедуру, ем) нәтижесі бағаланады; бір, екі немесе одан көп топтар қатысады. Жасалатын іс-әрекет бақыланады.

 

Ғылыми клиникалық зерттеулердің жіктеуі

 

Клиникалық зерттеулер 2 үлкен топқа бөлінеді:

 

1.Обсервациялық 2.Экспериментальдық

↓ ↓ ↓

Сипаттау Аналитикалық (сараптау) Клиникалық сынақтар

↓ ↓

-жағдай туралы -болған жағдай –бақылау тобы

мәлімет Когорттық

 

Айта кету керек, обсервациялық зерттеуде және клиникалық сынақта олардаң көлемді топка жататын клиникалық зерттеулердің бөлігі болып келеді.

 

КС жоспарлануы және ұйымдастырылуы мен құрылымы бірнеше жағдайларға байланысты; олардың ішіндегі ең негізгілері: осыған дейінгі алынған мәліметтер деңгейі, зерттелетін клиникалық нәтиже (ақыры) және клиникалық сұрақтың түрі.

Қандай тексерістердің қорытындылары пайдалануға алынады және ол тексерістерге қандай талап қойылады?

 

Медициналық тексерістерге қойылатын ең басты талаптар:

  • Дұрыс ұйымдастырылған тексерістер (дизайн) және математикалық санаққа негізделген рандомизация (іріктеу).
  • Тексерістерге еңгізілетін мен еңгізілмейтін көрсеткіштер көлемі нақты анықталады және сақталады.
  • Дерттің емнен кейінгі және ем жасалмағандағы ақыры (көрсеткіштері) дұрыс анықталған (белгіленген).
  • Зерттеудің өткізілетін орны
  • Зерттеудің ұзақтылығы
  • Алынған мағлүматтардың статистикалық өңделуінде санау әдістері ретімен қолданған.

Классикалық ғылыми зерттеулердің жалпы қағидалары. Клиникалық сынақтар

Бақылаулы

- Препаратты немесе іс-әрекеттерді (процедураларды) басқа препараттармен немесе іс-әрекеттермен (процедуралармен) салыстыру

- Кеңінен таралған, емдеу үрдісіндегі айырмашылықты анықтау мүмкіншілігі мол

Бақылаулы емес

- - Іс-әрекеттерді (процедураларды) немесе препараттарды қолдану тәжірибесі, бірақ басқа ем түрімен салыстырмай

- -Аз қолданылады, нақтылығы төмен

- -Іс-әрекеттерді (процедуралары) салыстыру мүмкіншілігі препараттарға қарағанда жоғары

Зерттеу үрдісі және дәйектемелі медицина

Клиникалық сұрақ® Дәйк-сі® Сынды бағалау ® Тәжірибеде қолдану

↑ ↑

\ \ ­

\ \ ½

Зерттеу үрдісі \ Нәтиже

- - - - - - - - - - - ® \ ­

\ ­ - - - - - - - - -- Биостатистика

\ ↑

↓ ↑

Эпидемиология - - - - - - ®Клиникалық зерттеулер

Әсер® Қауып® Дерт

Науқасқа көмек көрсетуде дәрігер шешетін клиникалық сұрақтар түрлері

Қалыптыдан ауытқу Сау немесе ауру?

 

Диагнозы Қаншалықты нақты диагноз?

Жиілігі Осы дерт қаншалықты жиі кездеседі?

 

Қаупы Осы дерттің жиі дамуы қандай қатерлі жағдайға байланысты?

Болжау Осы дерттің ақыры қандай?

 

Емдеу Емнен кейін дерт ағымы қалай өзгереді?

 

Алдын-алу Сау адамдарда осы дерттің алдын-алуға шаралары бар ма? Осы дертті ерте анықтап ем жүргізілсе ағымы жақсара ма?

 

Себебі Осы дерттің дамуына қандай жағдайлар әсер етеді?

 

Құны Осы дерт емінің құны қанша?

 

 

Әдебиеттер

Негізгі:

1. Флетчер Р., Флетчер С., Вагнер Э. Клиническая эпидемиология. Основы доказательной медицины: Пер. с англ./Под общ.ред. С.Е.Бащинского, С.Ю.Варшавского. – М.:Медиа Сфера, 2004.

2. Т.Гринхальк. Основы доказательной медицины. Пер. с англ. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 240 с.

Қосымша:

1. Г.Гайятт, Д.Ренни. Принципы клинической практики, основанной на доказанном. – Медиа сфера, Москва, 2003 – 382 с.

2. Власов В.В. Введение в доказательную медицину. М.: Медиа Сфера, 2001. – 392 с.

3. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Москва, 2003.

4. Применение методов статистического анализа для изучения общественного здоровья и здравоохранения. Под ред.Кучеренко В.З. - М.: ГЭОТАР-МЕД. 2007. – 245 с.

6.Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

 

1. ДМ терминологиясы мен нұсқаулықтары.

2. ДМ зерттеу типтері.

3. Клиникалық зерттеудің жіктелуі.

 


Тақырып № 3. ДМ сүзгісін қолданып медициналық мәліметтерді іздеп табу. Жүйелік көрсетілім және мақалалар мета-анализі.

Мақсаты: ДМ сүзгісін қолданып медициналық мәліметтерді іздеп табу, жүйелік көрсетілім және мақалалар мета-анализді талдауды үйрету

 

Дәріс тезистері.

Ақпараттарды іздеу ДМ екінші кезеңіне жатады.Ғылыми-дәлелденген ақпараттарды әртүрлі базалардан, мысалы іздеу сайттары, арнайы іздеу сайттары,электронды журналдардан, электронды кітапханалардан СD-rom тасушылардан алуға болады. Оларға медициналық Pubmed, Medline, Cochrane library, сияқтылары дәрігерге сапалы және ақиқатқа негізделген ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді.

Жүйеленген шолу- проблеманы зерттеу нәтижесін қорытындылауға келесі екі басты жағдайға жауапты айтады:

-біріншілік- проблема бойынша қарқынды ізденістерді атқару арқылы барлық немесе барынша мол зерттеулер табу

- екіншісі- табылған зерттеу нәтижелері тек қана жоғарға дәлелді зерттеуді сынаманы бағалау және қорытындылау.

Егер осы зерттеулер өзінің сипаттамасы бойынша бір біріне ұқсас болса оларға мета- анализдеу жүргізіледі, яғни қорытындылап бағалау үшін аталған нәтижелерді саны бойынша біріктіреді.

Атқарылған зерттеулерді іздеуде әртүрлі ақпаратты пайдаланады- журналдар, кітапханалардағы каталогтар, мамандардың коллекциясы.Ең тиімдісі библиографиялық мәліметтер қоры.Ең танымалы – ол Medline қоры.

Бірақ тек бұл ақпараттар көзімен шектелмеу керек, өйткені Medline- нан тек 50 % ғана жарияланады және тек ағылшын тіліндегі журналдардағы ақпараттар жиналған.

Керек мақаланы немесе практикалық ұсынысты, монографияны тапқаннан кейін оның сапасын бағалау керек. Бағалауды бір- бірінен тәуелсіз екі маман атқаруы тиіс. Сынақ аяқталғаннан кейін нәтижелердің айырмашылығы бірігіп талдануы керек.

- Сынақтың бір мезгілде жасалуы

- Сыналатындардың екі топқа бөлінуі

- Сыналатындар бір принцип бойынша рандомизирленуі тиіс, кездейсоқ

- Зерттеу нәтижесі құпия болуы тиіс

- Зерттеуге қатысатындар біркелкі болуы тиіс

Мета- анализ (метаталдау) бұл бірнеше зерттеулер нәтижелерін математикалық қорытындылау.

Мақсат- медициналық әрекетті дәл бағалау үшін көптеген зерттеулер нәтижелерін біріктіріп, өйткені әрбір жеке зерттеуде сыналатындар мөлшері аз болуы мүмкін, сондықтан нақты дұрыс жауап алу қиын.

Яғни мета- анализ мақсаты медициналық әрекеттің тиіиділігін дұрыс бағалау немесе ол обьективті көрсеткіш болуын қамтамасыз ету.

 

Мета- анализлдің обьектісі - науқастар тобындағы аурулардың көрінуі емес, зерттелген топтарға жасалған іс- әрекеттердің тиімділігін бағалау.

Тиімділігін бағалауда көп науқастарды зерттеудегі нәтиже алдыңғы гипотизаға сай келуі керек. Нәтижесін мақала ретінде жариялағанда, оның дәлдігіне, статистикалық өңдеу арқылы дәлелденетініне осы мақала авторы немесе зерттеуді жүргізген маман қоса журналдың редакциясы да жауапиы.

Мысалы, вакцинаның тиімділігін зерттеуде екі топқа бөлінген (олар барлық сипаттары бойынша бірдей) адамдарға біріншісіне вакцина берілсе, екіншісіне плацебо береді.Олар инфицирленеді, құпияда болады.

 

 

Иллюстрациялық материал

 

1.Сурет Pubmed медициналық сайтының старттық беті

 

 

2.Сурет Medline медициналық сайтының старттық беті

 

3. Сурет. BMJ журналының старттық беті

 

 

Таблица 1. Әдебиеттік және жүйелік шолу арасындағы айырмашылық;

Мінездеме әдебиеттер көрсетілімі Жүйелік көрсетілім
Қарастырылатын сұрақтар Кең көлемді сұрақтар қарастырылады Нақты сұрақтарды қарастырады
Іздеу көз және нәтижелері Мәліметтер көзі көрсетілмейді, мәлімет қате болуы мүмкін Мәліметтер көзі анық көрсетіледі
Мәліметтер көрсетілімінің қағидалары Қателіктер көп болады Іріктеу белгілі бір қағидаларға негізделеді
Мәліметтерді бағалау әдістері әртүрлі Қатал, сыни зерттеу әдістері
Мәліметтерді жалпылау Жиі сапалық Сандық (мета-анализ)
Қорытындылау Кейде ғылыми негізделген Міндетті түрде ғылыми ділелденген

Әдебиеттер

Негізгі:

1. Флетчер Р., Флетчер С., Вагнер Э. Клиническая эпидемиология. Основы доказательной медицины: Пер. с англ./Под общ.ред. С.Е.Бащинского, С.Ю.Варшавского. – М.:Медиа Сфера, 2004.

2. Т.Гринхальк. Основы доказательной медицины. Пер. с англ. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 240 с.

Қосымша:

1. Г.Гайятт, Д.Ренни. Принципы клинической практики, основанной на доказанном. – Медиа сфера, Москва, 2003 – 382 с.

2. Власов В.В. Введение в доказательную медицину. М.: Медиа Сфера, 2001. – 392 с.

3. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Москва, 2003.

4. Применение методов статистического анализа для изучения общественного здоровья и здравоохранения. Под ред.Кучеренко В.З. - М.: ГЭОТАР-МЕД. 2007. – 245 с.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Интернеттен ақпараттарды іздеу қағидалары

2. Арнайы медициналық сайттар ерекшеліктері және олардың тізімі

3. Жүйелік көрсетілім түсінігі

4. Сапалық жүйелік көрсетілім түсінігі.

5. Жүйелік және әдебиеттік көрсетілім арасындағы айырмашылықтар

6. Мета-анализ, түсінігі, мақсаты.

 

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕНЕДЖМЕНТІ ЖӘНЕ ФАРМАЦИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

«ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЯСАТЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ» КафедраСЫ

 

 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМАСЫ

 

Пәні: «Дәлелді медицина негіздері»

Мамандық: 051301 – «Жалпы медицина»

Курс: 3

Семестр - 5

Барлық сағат саны – 54 сағат

Дәріс: 3 сағат

Тәжірибелік (семинар) сабақтар – 33 сағат СӨЖ-18 сағат.

Тексеру түрі: диференциалды сынақ

 

Алматы 2009ж.

 

 

Оқу әдістемелік нұсқаманы жоғары оқу орындарына арналған типтік бағдарлама негізінде 051301- «Жалпы медицина» мамандығына арнап «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының аға оқытушысы м.ғ.к. Нұрмұханбетова Р.Н. құрастырған

«____2___»____10_____________2009___ж

 

«Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының отырысында талқыланды

 

«__2__» __10_______ 200_9__ ж. Хаттама № 4___

 

 

Кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор ___________ К.А. Тулебаев

 

 

 

 

 

Сабақ №1

Тақырып 1.1: Дәлелді медицинаның анықтамасы (ДМ). Дәлелді медицинаның даму тарихы. Дүнижүзілік даму тәжірибесі. Клиникалық эпидемиология: анықтамасы, даму тарихы, зерттеу қағидалары мен әдістері. ДМ бес кезеңі.

Тақырыптың мақсаты: Студенттерге дәлелді медицинаның негізін және медициналық тәжірибеде ДМ қағидаларын іске асыруда клиникалық эпидемиологияның қағидаларын қолдана білулерін оқытып үйрету.

Оқыту мақсаты:

Студент білуге міндетті:

- ДМ анықтамасын;

- ДМ негізгі мақсаты мен міндеттерін;

- ДМ даму тарихын;

- ДМ клиникалық эпидемиология және биостатистика араларындағы байланыстарын;

- дәлелдерге негізделген медицина концепциясының негізгі жағдайларын;

- клиникалық эпидемиологияның даму тарихы және анықтамасын;

- ДМ бес кезеңін.

Студент істей білуі керек:

- Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау мәселелерін шешуде ДМ негізгі қағидаларын қолдануды;

- Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауға технологияны қолдануда дәлелдерді іздеуді жоспарлаудың тиімділігн;

- Аурудың себептердің және қатер факторларын анықтау үшін оперативтік және ретроспективтік эпидемиологиялық талдаудың ілімін қолдану.

 

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. ДМ анықтамасы, мақсаты және міндеттері;

2. ДМ қағидалары мен әдістері;

3. ДМ даму кезеңдері;

4. ДМ тарихи дамуы;

5. ДМ дүниежүзілік даму тәжірибесі;

6. ДМ дүниежүзілік және ТМД елдеріндегі дамуы;

7. ДМ Орталық Азия мемлекеттердегі дамуы;

8. ДМ интеграция элементтері;

9. ДМ Орталықтарының біздің елімізде және ТМД елдеріндегі дамуы туралы;

10. ДМ қолдану объектілерін ата;

11. ДМ үш компоненттерін ата;

12. ДМ 4 қадамын ата;

13. ДМ концепциясының мәнісі неде?

14. Кокрандық кітапхананың және Кокрандық Бірлестіктің қалыптасуы және дамуы;

15. Клиникалық эпидемиологияның (КЭ) анықтамасы, мақсаты және міндеттері,

16. КЭ негізгі қағидалары және зерттеу әдістері және ҚР денсаулық сақтау тәжірибесінде қолдану;

17. КЭ қалыптасуы және дамуы.

 

Сабақ беру және сабақты өткізу әдісі:презентация, аз топтармен жұмыс істеу, дискуссия, ситуациалық есептер, кейс-стади.

 

Әдебиеттер:

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Р.Флетчер, С.Флетчер, Э.Вагнер «Клиническая эпидемиология. Основы доказательной медицины», М., 2001

2. В.В.Власов «Эпидемиология», М., 2004.

3. Т.Гринхальх «Основы доказательной медицины», М., 2006

 

Қосымша:

1. Принципы клинической практики, основанной на доказанном. Рабочая группа по доказательной медицине под ред. Гордона Гайятта, Драммонда Ренни., М., 2003.

2. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. М., 2002.

3. Руководство по семейной медицине. Пер. с анг..-М.,2002

4. Семейная медицина: руководство в 2х т..- Самара,1995.

5. Клинические рекомендации. Стандарты ведения больных/Баранов А.А.

a. -М,2006.-4экз.

6. Общая врачебная практика. Клинические рекомендации.

7. Фармакологический справочник. Под ред. И.Н.Денисова, Ю.Л.Шевченко.М.,2004г.

8. Клинические рекомендации. Стандарты ведения больных. Выпуск 2. – К49 М.: ГЭОТАР – МЕД, 2007. – 1376 с.

 

* Ескертпелер: Әдебиеттер тізімі жыл сайын жаңартылып тұрады

Бақылау:ауызшасұрақпен сұрау(тақырыпқа арналған сұрақтармен).

Тақырып 1.2: ДМ-ның бірінші кезеңі. PICO- қағидаларын қолдана отырып, клиникалық мәселелерді құрастыру.

Тақырыптың мақсаты: PICO-ның негізгі қағидаларын оқып үйрену және оны денсаулық сақтау тәжірибесіне енгізу және ДМ кезеңдерін оқып білу.

Оқыту мақсаты:

Студент білуге міндетті:

- ДМ басты қағидалары;

- ДМ қағидаларын тәжірибеде қолдану мүмкіндіктері;

- ДМ кезеңдері;

- PICO-ның анатомиясы.

 

Студент істей білуі керек:

- клиникалық тәжірибелік сұрақтарды құруды;

- құрылған сұрақтарды мәнісіне байланысты бөлу;

- белгілі клиникалық (медициналық) есепті шешуге қажеті бар пациенттердің популяциясына сипаттама беру;

- сұрақтарды типіне байланысты ажырату;

- әрекеттің типтерін анықтау;

- клиникалық зерттеудің түрін анықтау.

 

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. ДМ-ның бірінші кезеңіне, клиникалық мәселені құруға сипаттама беру;

2. PICO-ның клиникалық сұрақтарын білу;

3. PICO-ның анатомиясы;

4. Cұрақ құруға және жауапты іздеуге қажетті маңызды мәселелерді анықтау және ашу.

5. Қойылған сұрақтарды құрамына байланысты бөлшектеу.

6. Пациенттердің популяциясына негізгі сипаттамалар беру;

7. Әрекеттің типтерін көрсетіңіз

8. Емнің соңының т&







Дата добавления: 2015-08-28; просмотров: 5751. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия