Студопедия — Быр жүйелерінің классификациясы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Быр жүйелерінің классификациясы






Әртүрлі теңіз құрылымдарды құбырлы жүйелері бойынша осы құрылымдарды және әртүрлі қондырғыларды дұрыс пайдалану үшін қажетті оншақты жұмыс орталарын тасымалдайды.

Құбырларды дайындауға қажетті материалдар ретінде жұмыс ортаның тасымалдау түріне және бұзылу белсендігіне байланысты күкіртті және тоттанбайтын болат, шойын, мыс, олардың қоспалары, алюминий, титан, әйнекпластик және полиэтилен қолданады. Құбырлардан басқа құбыр жүйесіне әртүрлі құбыр элементтер, кеме арматурасы, жетектер, механизмдер, аппараттар, цистерналар, резервуарлар, автоматика құрылғылары және басқа жабдықтар жатады.

Сурет 47- Құбыр орналастырғыш баржа

Азаматты құрылыста құбыр жүйелерді айдалатын жұмыс ортаның түріне байланысты классификациялайды (топтастырады) және осыған байланысты суқұбырлар, мұнай құбырлар, газқұбырлар, аммиакқұбырлар болып бөлінеді.

Жерден өнімді алғаннан кейін ол теңізден жағаға тасымалдануы керек. Өндіретін жабдықты монтаждаумен қатар құбыр орналастырғыш баржалар және бригадалар платформадан арнайы орынға дейін мұнаймен газды тасымалдау үшін құбырларды орнатумен айналысады (сурет 47).

Осы баржалардың ұзындығы 150 метрге дейін жетіп, ал ол орналастыратын құбырлар диаметрі 1525 мм-ге дейін жетеді. Негізінен құбырлар ұзындығы 12 метрлі болып, оларды орнату үшін олар бетонмен қапталады. Құбырлар бір-біріне жинау бойымен пісіріледі. Осы желінің бойында пісіретін рындар қатары орналасып, онда жоғары тиімді пісіру машиналарында пісіргіштер жұмыс істейді.

Әрбір келесі құбырды пісіретін аймаққа орналастыру кезінде ол теңіз түбіне баржа кормасы арқылы содан кейін бірнеше жүз миль қашықтықта орналасатын терминалға өтетін құбырдың бөлігі болып келеді. Пісіретін аймақтан құбыр рентгеноскопия аймағына келеді, мұнда әрбір жаңадан пісірілген жері дефекттерге тексеріледі. Егер джефекттер байкалмаса, онда пісірілген жер коррозияға қарсы жапқышпен қапталады.

Құбырдың ұзындығы өскен сайын баржа бірнеше километрге алдыға жылжиды. Баржа орын ауыстырған сайын пісірілген, рентгеноскопиядан өткен, оқшауланған құбырдың жаңа бөлігі арнайы «стингер» деп аталатын еңіс алаңы бойымен төмен суға түсіріледі. Стингер құбырды бірнеше арақашықтықта су астында устап, оны бір белгілі бұрышпен теңіз түбіне бағыттайды.

Құбыр орналастырғыш баржаның қозғалуымен ол өзінің соңына осы заттарды сүйреп, теңіз түбінде траншеяны қазады. Құбыр осы траншеяға түсіп, оның үсті теңіз толқуынан құммен себіліп, әртүрлі заттардан қорғалады. Құбырларды орнату үрдісінде су жүзгіштері стингер мен құбырды үнемі тексереді. Олар теңіз түбіндегі бөгеттерді, құбырдың дұрыс орналасуын және стингердің орнын бақылап отырады. Платформаға құбырды орналастырғаннан кейін су жүзгіштер оны тұраққа жалғап, одан кейін теңіз түбінен палубаға көтерілетін құбыр бөлігіне жалғайды.

Құбырды пайдалануға дейін ол пресстеліп, тығыздыққа тексерілуі тиіс. Сол сияқты палубадағы барлық жабдықтар, құбыр, жетек, қақпақтар және өшіргіштер, шикі мұнайды жерден алатын сораптар, жағаға мұнайды ығысрытатын жүйелер адам және қоршаған ортаға зиянын келтірмей, дұрыс жұмысын жүргізу үшін бірнеше рет бақыланып, тексерілуі керек.

Кейін терең суларда құбырларды орнату үшін жаңа технология қолдана бастады. Оның маңызы- теңіз түбіне құбырды батыру үрдісінде құбырда болатын кернеулерді реттеу үшін бағыттайтын құрылғы –стингердің орнына арнайы понтондар қолданады. Ны қолдану құбырдың майысуын азайтып, қатаң гидрометеорологиялық жағдайларда қауіпсіз оларды түсіріп орнату мүмкіндгін береді.

Құбырлы әртүрлі орындарға орналасуы мүмкін. Олар теңіз жинау станцияларына апарып, онда мұнай мен газ ары қарай бөлініп, содан кейін кері қарай құбырға бағытталып, жағаға апарылып қосымша өңдеуге жіберіледі. Кейбір құбырлар үлкен мұнай базалары бар жағада тоқтап, мұнда көмірсутектер ары қарай мұнай өңдейтін зауыттарға тарату үшін сақталады. Көмірсутектер мұнай өңдеу зауытына жер асты құбырлар бойымен тікелей тасымалданады, немесе теңіз терминалдарынан танкерлерге салынып, басқа жерлерге жеткізіледі.

Терминалдан бірнеше танкерлер жүктелініп, немесе жүктерін босатуға болады. Көппричалды терминалдар ауа-райы нашар жерлерде жасырын зоналарда орналасады.

Якорлеу жүйесі бойынша танкер ірі диаметрлі шарнирлі қосылуы бар штангамен жалғанады. Ағымдар мен толқындардың әсерінен болатын кеменің орын ауыстыруына қарамай осы жалғанудың еркін орын ауыстыруы мұнайды жүктеуге мүмкіндік береді. Танкерлерден неменсе жағадағы мұнай базаларынан шикі мұнай немесе табиғи газ жағадағы зауытқа жеткізіліп, онда олар мұнай, газ және химиялық кәсіпшілік өнімдеріне өңделеді. Осы зауыттарда көмірсутектер біз күнделікті қолданатын көптеген өнімдердің ингредиенттері болып келеді. Олар бензин және мотор майы, синтетикалық маталар және желімдер (пласстмассалар), асфальт, әрбір үйге қажетті жанармай болып шығарылады.

 

Нег.: 1. [263-269], 5. [469-473]

Бақылау сұрақтары:

1. Құбырларды ең алғашқы рет қалай орналастырады?

2. Жағадағы монтажды-пісіру алаңында не орындалады?

3. Құбырларды орналастыру үшін нені қолданады?

4. Стингер деген не және не үшін қажет?

5. Құбырлардағы дайындау талаптары қандай?

6. Құбырдағы кернеулерді реттеу үшін қандай жаңа технологиялар ойластырылды?

 







Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 1609. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия