Студопедия — Глоссарий
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Глоссарий






Континенталды еңіс - мұхиттің теңіз сулы бөлігіне континенталды шельфтан төмен қарай бағыттайтын еңіс.

Мұзды кезең; - жер бетінің көп бөлігін мұз алған кездегі 2 миллион жыл бұрын болған кезең (плейстоцен).

Сумұнайлы шекара (СМШ) - мұнайға қанныққан және суға қанныққан қабат қалыңдықтарын шартты бөлу беті. СМШ-дан төиен қарай мұнай тек ғана мұнайға жағылған жыныстарды болады. СМШ-дан жоғары қарай екі фазада болады.

Газмұнайлы шекара (ГМШ)- газға қаныққан және мұнайға қаныққан қалыңдықтарды бөлетін шартты беті. ГМШ-дан төмен қарай газ тек ғана мұнайда еріген түрде болады. ГМШ-дан жоғары қарай екі фазада болады.

Сулы қабат - суды өткізгіш жыныс.

Лақтыру - ұңғыдан бақыланбаған сұйық арынының шығуы.

Сулы (газды) конус - мұнайлы қабатта су немесе газдан пайда болатын конустәріздес масса

Екіреттік мұнай өндіру әдістері - әртүрлі агенттерді (су, газ т.б.) қабат қысымын ұстау мақсатында айдауға негізделген әдістер.

Үшінші реттік өндіру әдістері - қабаттқа агенттерді айдауға және екінші реттік мұнай өндіру әдістеріне қарағанда мұнайбергіштік дәрежені көбейтуге мүмкіндік беретін әдістер.

Статикалық қысым - ұзақ тоқтаудан кейін қалыптасқан, ұңғыма түбіндегі қысым.

Статикалық деңгей - тоқтатудан кейін, ұңғымада қалыптасатын сұйық бағанасының деңгейі, оған атмосфералық қысым әсер ететін шарт кезінде

Динамикалық қысым - Ұңғымадан сұйықты немесе газды алу кезінде немесе ұңғымаға сұйықты немесе газды айдау кезінде қалыптасатын, ұңғыма түбіндегі қысым.

Сұйықтың динамикалық деңгейі - жұмыс істеп тұрған ұңғымада қалыптасатын сұйық деңгейі, оған атмосфералық қысым әсер ету шарты кезінде

Орташа қабат қысымы - бұл орташа өлшенген статикалық қысым

Айдау аймағындағы қабат қысымы - айдау ұңғымалары орналасқан аймақтағы орташа өлшенген қабат қысымы

Бастапқы қабат қысымы - игерудің ең басында, барлау ұңғымалар тобы бойынша анықталған, орташа өлшенген қабат қысымы.

Ағымдағы қабат қысымы - бұл әртүрлі уақыт сәтінде орташа өлшенген қабат қысымы

Келтірілген қысым - бұл шартты горизонталь жазықтыққа қатысты есептелген түптік қысым, оның абсолбттік шамасы белгілі.

Ұңғыма - диаметрі ұзындығынан көп есе кем, цилиндрлі тау кен өндірісі, ол өнімді горизонттың жер бетімен байланысы үшін арналған

Ұңғыма конструкциясы - бұл шегендеу құбыры және бұрғыланған бағанаға түсіріліп, онда бекітілетін қосымша түптік құрылғылардың жиынтығы, ол ұңғыманың тағайындалуына байланысты өзгереді және өлшемі бойынша және жасалатын материалы бойынша өзгешеленеді.

Бастапқы ашу - өнімді горизонтты долотамен бұрғылау процесі

Екінші ашу - ұңғыманың ішкі қуысының өнімді қабатпен байланыс процесі

Кольматаци я- ұңғыманың түп аймағының механикалық бөлшектермен ластану процесі Декольматация - фильтрациялық каналды механикалық бөлшектермен тазарту процесі

Тау жыныстары критикалық тығыздығы -бұл жыныстың кез-келген соңғы жылжуы кезінде, дилатанция нолге тең болатын кездегі тығыздық.

Гидродинамикалық жетілген ұңғыма - өнімді қабатты толық толық ашқан ұңғыма, онда кез келген бекіту элементтері болмайды

Ашылу дәрежесі бойынша жетілмеген ұңғыма - бұл өнімді горизонттың барлық қалыңдығын ашпаған ұңғыма

Ашылу сипаты бойынша жетілмеген ұңғыма - бұл өнімді қабаттың барлық қалыңдығын ашқан, шегенделген және перфорацияланған ұңғыма.

Ұңғыманың гидродинамикалық жетілу коэффициенті -жетілмеген ұңғыма шығымын жетілген ұңғыма шығымына қатынасы

Түп - бұл өнімді қабатты ашқан ұңғыма бөлігі

Ағынды шақыру – тұрып қалған ұңғыма түбінде қарсықысымдарды төиендетудің технологиялық процес, қабатқа репрессияны жою және қабаттан ұңғымаға флюидтің ағуы басталатын депрессияны жасау

Ұңғыманы меңгеру- белгілі себеппен тұрып қалған ұңғыманы істеп тұрған ұңғымалар қатарына ауыстыруға бағытталған, технологиялық операциялар және ұйымдастыру шаралар жиынтығы

Газ саны - берілген термобаралық жағдай кезінде бос газ көлемінің белгіленген геометриялық көлемдегі сұйық көлеміне қатынасы

Көлемдік газ құрамы (газқаныққандылық) –берілген термобаралық шарт кезінде, газ көлемінің белгіленген геометриялық көлеміндегі қоспаның жалпы көлеміне қатынасы

Нақты газ құрамы – бос газбен толтырылған, құбырдың көлденең қимасы ауданының, құбырдың көлденең қимасына жалпы ауданына қатынасы.

Минералдар – жер қыртысында болытын физика- химиялық процесстер нәтижесінде пайда болатын химиялық құрамы және физикалық қасиеттері бойынша біртекті табиғи зат

Тау жыныстары – жер қыртысын жасайтын, өзіндік геологиялық денесін түзетін, минералогиялық және химиялық құрамы тұрақты минералды агрегат

Атқылаған жыныстар – негізінен кристалды құрылысты, магма деп аталатын сисликат балақыманың жер бетінде немесе жер қырытысы қойнауында қату нәтижесінде пайда болды

Шөгінді тау жыныстары – органикалық және неорганикалық заттардың су бассейнінің түбінде және материк бетінде шөгуі нәтижесінде пайда болады

Метоморфтық тау жыныстары - шөгінді және атқылаған жыныстардан, оның соңғысы жер қыртысы тереңдігіне батуы кезінде пайда болған

Табан - бұл қабатты астынан шектейтін бет

Жабын – бұл қабатты үстінен шектейтін бет

Абсалютті немесе теориялық кеуектілік – жыныстағы барлық қуыстардың жалпы көлемі (кеуек, каверна, жарылыс)

Кеуектілік коэффиценті – бұл жыныстың жалпы қуыс көлемінің барлық жыныс көлеміне қатынасы

Өткізгіштік- бұл қысымның өзгерісі кезінде жыныстың сұйықты және газды өткізу қабілеті

Коллектор – сұйық және газ үшін өткізгішті және олардың сыйымды ыдысы бола алатын кеуекті және жарылымды тау жыныстары.

Табиғи резервуар – жабыны мен табаны нашар өткізгішті жынысты қабаттан тұратын коллекторды атайды

Мұнайлылықтың сыртқы нұсқасыы –сумұнайлы бөлім бетінің қабат жанымен қиылысу сызығы.

Газ қалпағы - бос газдың мұнай кеніші үстінен жиналуы

Мұнай және газ кен орыны - жер қыртысы қойнауында бір ауданда орналасқан, бір топқа жататын кеніштердің (мысыалы, күмбезді қабаты немесе массивті және т.б.)жиынтығы.

Мұнай - көміртегі және сутегінің күрделі қосылысы

Мұнайдың көміртектік коэффиценті – бұл қабат жағдайындағы мұнай көлемінің, сол мұнайдың дегазациясынан кейін, яғни қалыпты жағдай кезінде көлемге қатынасына тең

Эксплуатациялық бағана – бұл мұнай және газды түптен сағаға көтеру үшін немесе қабат қысымын ұстау мақсатымен өнімді қабатқа суды (газды) айдау ұшін араналған бағана.

Қабаттан мұнайдың ағуын шақыру әдістері – бұл қабатқа қарсы қысымдарды айдау әдістері, ағыны белгілі шараларды жүргізу, оның нәтижесінде ұңғыманың гидростатикалық қысымы қабат қысымынан аз болады

Су арынды режим – бұл режим кезінде қабатта мұнайдың ұңғымаға қозғалысы, ағатын шекті (контурлы) судың әсерінен жүреді.

Мұнай бергіштік коэффицент - кеніштен шығарылған мұнай көлемінің бастапқы қорға қатынасы

Серпімді су арынды режим - негізгі қозғалыс күшін болып, жыныстың және сұйықтың серпімді кеңеюі болатын, мұнай қабатының жұмыс режимі.

Газ арынды режим – бұл қабаттың жұмыс режимі кезңінде, басым энергия түрі болып газ қалпағында жиналған бос газдың энергиясы әсер етеді

Газ факторы 1т шығарылатын мұнайға келетін, қалыпты жағдайға келтірілген газ мөлшері

Индикаторлық қисық; – депрессиядан сұйықтық сығу тәуелділіг қисығы

Нұсқа сыртыменй суландыру – мұнайлық контуры сыртында орналасқан, айдау ұңғымалар жүйесі арқылы қабатқа әсе ету

Нұсқа бойымен суландыру - бұл мұнайлық контурына тікелей жақын немесе мұнайшылықтың сыртқы және ішкі контуры арасында орналасқан, айдау ұңғымалар жүйесі арқылы қабатқа әсер ету.

Ауданды суландыру - өндіру және айдау ұңғымаларын ауданда дұрыс геометриялық тор – квадрат немесе үш бұрыш бойынша біркелкі орналастырылды

Таңдаулы суландыру – бұл жүйеде суды айдау үшін ұңғымаларды, кенішті – геофизикалық гидродинамикалық зерттеудің берілгені бойынша ауданды біркелкі тор бойынша бұрғылаудан кейін таңдайды.

Фонтанды пайдалану тәсілі - сұйық көтерілуі тек қабат энергиясы есебіне, жүретін пайдалану тәсілі.

Газлифтті пайдалану тәсілі – бұл тәсіл кезінде, жер бетінен айдалатын немесе қабаттан келетін газ, ұңғыма өнімі ағынына енгізілді.

Компрессорсыз газлифт тәсілі – бұл ұңғыма іші газлифт, бұл кезд емұнайды көтеру үшін, осы ұңғыма ашқан газ қабатыэ энергиясын қолданылады

Сазқышқыл – тұз қышқылы және плавикалы қышқыл қоспасы

Сусыздандыру - судан шала тотықты немесе теміртотықты жою.

 







Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 3109. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.03 сек.) русская версия | украинская версия