Студопедия — Дәріс - 1
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс - 1






Количество рабочих дней в году

Сменность работы – моторный участок работает в 2 смены (первая и вторая).

Время работы: первая смена работает с , обеденный перерыв с ; вторая смена – с , обеденный перерыв с .

Ызметтік және жемқорлық қылмыстарымен қылмыстық-құқықтық күресу» пәнінен дәрістер конспектісі

Дәріс - 1

Ел дамуының бағдарламалық құжаты – «Қазақстан – 2050. Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы» атты ел Президенті Қазақстан халқына жолдауында біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің дамуының алдыңғы жоспарымен негізгі қағидалары бағыттары баяндалған. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде көптеген қалыптасып кеткен көзқарастарды өзгерту қажеттілігі, оның ішінде жаңа тарихи жолдағы кедергілермен күресу әдістерін, қоғамға жат құбылыстармен, соның ішінде әсіресе қылмыстылықпен күресу әдістерін жаңарту қажеттілігі, жинақталған өмірлік тәжірибемізді жоғалтпау үшін қоғамға, адамға тиімді болған өткен тарихи сара жолымызды қайта саралау қажеттілігі туып отыр/1;3/.

2006 жылғы 1 наурыздағы Президенттің халыққа жолдауында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында үнемі жұмыс істеп, ахуалды жақсартып келеміз, алайда бірқатар қаржы өнеркәсіп топтарының ақша ағыстарының ашық болмауы және олардың табысты жасыру, қаржы мен мүлікті шетелдерге шығару, салық төлеуден жалтару есебінен заңсыз баюы, сондай – ақ көлеңкелі экономика біздің дамуымыздың елеулі шектеулеріне айналып отыр. Нақ осы топтар өкілдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге шақырған ұрандары дүңкілдеп тұр. Сонымен бірге бюджеттің негізгі ысырабы да нақ осында жатыр. Сөзден іске көшетін уақыт жетті»/2/. Осы тұста Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылдың заңнамалық базасын және жүйесін әзірлеуде алдыңғы қатарлы орын алады. 1998 жылғы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды /4/.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шараларының ғылыми танымдары мен өзекті мәселелері Қазақстандағы қоғамдық қатынастарды реформалаудың барлық кешенді мәселелерімен тығыз байланыста. Сыбайлас жемқорлықтың мән – мағыналық мәселелері оның пайда болуы, онымен күрестің қылмыстық – құқықтық құралдары қызу пікірталастар тудыру үстінде «Сыбайлас жемқорлық» ұғымы қандай қылмыстық қол сұғушылықты қамтитыны да даулы мәселе қалпында қалып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа жол беретін әрекеттерді ережеге бағындыру, құқықтық саралау мәселесі де баяу жүргізілуде. Сондай – ақ, қылмыстық заң баптарының санкциясы мен сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін жазаның қандай түрлерін қолдану да нақты шешімін таппай отыр. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың ұғымы, мәні, маңызы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарының қалыптасуы мен дамуы, сыбайлас жемқорлықпен жасалатын қылмыстың нақты құрамы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың қылмыстық – құқықтық, қылмыстық – процесуалдық, криминологиялық шаралары талданады.

Қазіргі кезде қоғамымызда қауіпті құбылысқа айналып отырған қылмыстардың бірі, сыбайластық жемқорлық болып табылады. Қазақстанның жаңа қылмыстық заңдарының ережелерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрестің өзекті мәселелерінің проблемалық аспектілерін жасау болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері: жалпыға мәлім, жемқорлық қылмыс, ең алдымен қоғамға қауіптілігімен, құпиялылығымен, ерекше құрылымымен, экономикаға кері әсер етуімен, құқыққа қайшылығымен, күш көрсетуімен сипатталады. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық қылмысымен күресудің жаңа нысандарын, әдістерін әзірлеу, қылмыс санаттарын уақтылы ашу, алдын ала қылмысты болдырмау үшін құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру қажеттілігі туындайды.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында бұл қылмыстарды тергеу үшін, жедел – тергеу топтарын қазіргі заманғы ғылыми – техникалық құралдармен жабдықтау болып табылады. Бұл қылмыспен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында тергеудің жеке әдістемелерін қалыптастыру маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ең басты өзекті мәселесі – жеке азаматтарға және мемлекетке материалдық үлкен шығын алып келуі. Қазіргі республикамыздың нарықтық экономика кезеңінде, сыбайлас жемқорлық қылмысымен қарсы күрес жүргізу мәселесі ең басты құндылық болып есептеледі. Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерімен қалыптаспай келеді. Жалпы бұл термин латынның «соrruptio» - «сатып алу» деген сөзінен шыққан. Яғни, лауазымды адамдардың қызметті өзінің бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді. Сыбайлас жемқорлық туралы Цицеронның «егер парақорлар өздеріне қажеттісін жымқырған болса ғана қалтырайды, ал егерде, басқалармен бөлісуге жетерліктей жымқырған болса, онда олар аса қорқыныш жоқ», деген белгілі сөзін еске алуға болады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу айтарлықтай моральдық шығынға ұшырататыны сөзсіз. Тәжірибеде осы қылмыспен күрес процесінде адамдардың пайдакүнемдік, қанағатсыздық, көре алмаушылық, арызқой әрекеттері жиі байқалуда. Сыбайлас жемқорлық пен пара алу салықтан бұлтару сияқты көрініс табуда. Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес проблемаларының өзектілігі әдеттегідей әлеуметтік шиеленістіктен, экономикалық тұрақсыздықпен, қайыршылықпен сабақтасып, реформаларды жүзеге асыру кезеңінде айрықша көрініс табады.

Ел Президенті қылмысқа қарсы күреске байланысты бірқатар жарлық шығарды. Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының қылмыспен күресті күшейту мен құқық қорғауды нығайту мәселелері жөніндегі мәжілісінде, парақорлықпен күрестің түбегейлі шараларын алға ала отырып: «Парақорлық әлеуметтік қауіпті көлем алып барады, - деп атап көрсетіп, - параны көп нәрсе үшін – жер бөліп бергені үшін, коммерциялық құрылымдарды қайта тіркегені үшін, әскерден қалдырғаны үшін, табысын салықтан жасыру үшін, жекешелендіруге жәрдемдескені үшін, ең соңында бастықтың алдынан тамыр – таныстықпен өткізгені үшін алады».

Алғашқы рет Республика заңдарында сыбайлас жемқорлыққа және соған байланысты құқық бұзушылыққа заңгерлік түсінік беріліп, сыбайласқан құқық бұзушылықтың субъектілері анықталып отыр. Заңда, сондай – ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 39 – бабының І – тармағына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындау өкілеттігі бар және соларға теңестірілген адамдардың құқығы мен бостандықтарын сақтай отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі жолдары берілген.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары мен сыбайласқан құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке арнайы бөлім арнаған. Ал заңның негізгі мақсатына тоқталсақ /4/, І – бабында, осы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп - қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты негізгі ұғымдар заңның ІІ – бабында баяндалған, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп танылады. Сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады.

Біздің ойымызша, сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық қауіптілігі саяси, әлеуметтік – экономикалық және құқықтық аспектілерден көрінеді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстың қауіптілігінің саяси аспектісі мынадан көрінеді:

- сыбайласқан мемлекеттік аппараттар мен олардың буындарының заңдар мен өзге де нормативтік актілерді қабылдауда мемлекеттің саясатын жүргізу мүмкіндігін жоғалтуы;

- іс жүзінде азаматтардың заңнан гөрі сыбайласқан мемлекеттік шенеуніктерге бағыныштылығы;

- қоғамдық сана сезіміндегі сыбайлас сияқты өзге де саяси режимдердің жағымсыз көріністері мен құбылыстарының түбіріне балта шабу;

Сыбайлас жемқорлық қауіпінің әлеуметтік – экономикалық кезеңі мынада:

- сыбайласқан мемлекеттік аппараттың мемлекеттік әлеуметтік – экономикалық саясатын бұрмалап, соның ішінде экономикалық қатардағы қылмысты одан әрі үдете түсуге әсерін тигізетін азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін жүзеге асыруды күрделендіріп және оған кедергі жасау;

- қылмыс араласқан нарықтық экономиканың қалыптасуы, әлі жас мемлекеттерге қылмыстық араласпаған инвестицияға, сондай – ақ Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық жүйедегі тиісті интеграциялық мүмкіндігіне жол берілмеуі;

- алынбаған салықтардың кесірінен мейлінше зор материалдық шығынға ұшырау;

- елімізді экстпорттық – импорттық операциялармен тонау, төлемдердің қамтамасыз етілмеуі біздің елімізге бағыт алатын инвесторлардың қорқақтауы және тағы басқа.

Сыбайлас жемқорлық кауіпінің құқықтық аспектісі:

- қажетті және маңызды деген заңдар мен өзге де нормативтік актілерді дер кезінде қабылдамау;

- ұйымдасқан қылмыс құрылымдарының мүмкіндіктерін кеңейте түсетін, кері мағынада түсінілетін, олар үшін пайдалы да қолайлы заңдар қабылдау;

- құрастырылуы күрделі, нақтылығы жоқ және түсініксіз немесе қарастыратын кейбір белгілері дәлелдеуге келмейтін «өлі» нормалар қабылдау.

Сыбайласқан көріністер еліміздегі капиталдың «көлеңкелі» айналымының өсуі сияқты негізсіз процестермен тікелей байланысты, соның көмегімен валюталық қаржылардың бақылаусыз қозғалысының көлемі мен қарқыны да өсе түсуде. Одан кейін осылайша жиналған капитал ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтар құруға және сыбайласқан шенеуніктердің санын арттыруға жұмсалады.

Н.М. Әбдіров – парақорлық сыбайлас жемқорлықтың нағыз кең тараған құралына айналады, - дейді. Бұл мемлекет шенеуніктерге қылмыстық жолмен сыйақы беру қай жағынан алсақ та ұйымдасқан қылмыстың артына жасырынған тиімді жолдарының бірі. Мемлекеттік шенеуніктердің қызметіне әсер ету арқылы Қазақстан Республикасының стратегиялық бастаулары мен мүдделерінің, оның қорғаныс қабілетінің, ішкі және сыртқы қауіпсіздіктерінің, саяси тұрақтылығы мен артықшылығының беделін түсіретін және әлсірететін мақсаттағы сыйақы алу мемлекеттік пен қоғам үшін аса қауіпті факторларының бірі.

 

Дәріс -2

Құқық адамдардың еркін мінез-құлқына әсер етуі арналған, ол құқықтық реттеу пәні болып қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық құқықпен реттелетін және өзінің жиынтығында қылмыстық құқықтық реттеуді құрайтын қоғамдық қатынастар. Негізгі 3 түрін бөліп көрсеткен: қорғаушылық, жалпы ескертушілік және реттеушілік. Қылмыстық жауапкершілікті жүзеге асыру және қылмыс оқиғасымен байланысты жаза, сонымен қатар жазаны тағайындауға оны өзгерту қылмыста жауапкершілікті және жазадан босату қорғаушылық қылмыстық құқықтық қатынастың мазмұны болып табылады. Бұл қоғамдық қатынастар қылмыс жасаумен байланысты пайда болады. Қылмыс жасаған тұлға заң қылмыс жасаумен байланыстыратын қолайсыз зардаптарды міндетті түрде өткеру қажет. Құқық қорғау органдары қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуға міндетті. Ал сот қылмыстық жаза орын алмастыратын шара тағайындайды. Бұл қатынастар құқықтық нормалармен реттеледі. Жалпы реттеушілік қылмыстық құқықтық қатынастар нормаларда көзделген жазалау қаупімен моральдық тұрақсыз тұлғаларды қылмыс жасаудан сақтап қалумен байланысты қоғамдық қатынастар. Қылмыстық құқықтық тыйым анықталмаған тұлғалар шеңберінде қылмыс жасаудан тоқталу міндетін жүктейді.

Реттеушілік қылмыстық құқықтық қатынастарды азаматтарды қоғамдық қауіпті қол сұғудан қорғану кезінде қылмыстық құқықтық нормалармен реттелетін зиян тигізу құқықтарына ие қылатын қоғамдық қатынастар. Берілген құқықтық қатынастар реттеушілік нормалар негізінде құрылады және бір уақытты және саяси пайдалы болып табылатын тұлғалардың құқықтық мінез құлықтарын реттейді.

Қылмыстық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың түрлері оларды реттеуді өзіндік әдісіне сәйкес келеді.

Қорғаушылық қылмыстық құқықтық қатынастарды реттеу әдістері:

1) қылмыс жасаған тұлғаларға санкция нормаларын қолдану

2) қылмыстық жауапкершіліктен босату

3) медициналық сатыдағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.

Қылмыстық құқықтық тыйымдардан шығатын қоғамдық қатынастарды реттеу әдісі бұл тыйымды бекіту тыйымды қылмыстық жаза қаупімен ұштасады.

Реттеушілік қылмыстық құқықтық қатынастар азаматтарды қоғамға қауіпті әрекеттерімен белсенді күресу құқығына ие қылу әдісімен жүзеге асырылады.

Сонымен қылмыстық құқық қылмыстылықпен әрекеттің жазалануы қылмыстық жауапкершілік негізі жаза тағайындаудың жүйесімен реттік және анықтайтын ҚР-ң мемлекеттік билігінің жоғарғы органдармен бекітілген құқықтық нормалардың жиынтығы және қылмыстық жауапкершілік және жазадан босату шаралары. Қылмыстық құқық міндеттері тікелей қылмыстық заңда жинақталған: адам мен азаматтың меншік құқықтары міндеттері мен заңды мүдделері ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қоршаған ортаны Конституциялық құрылымымен ҚР территориалдық тұтастығын, қылмыстық қол сұғушылықтардан мемлекеттің және қоғамның заңды мүдделерін қорғау, әлем мен азамат қауіпсіздігін қорғау мен және қылмыстардың алдын алу (ҚР ҚК 1 б).

Қылмыстық құқықтық негізігі міндеті қоғамдық қатынастарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау. Басқа есептердің қосымша міндеттері:

А) жалпы превенция (предупреждение-ескерту) – қылмыстық құқықтық тыйым ықпалымен азаматтардың қылмыс жасауының алдын алу

Б) жеке превенция – қылмыс жасаған тұлғаларға қылмысқа жаза шараларын қолдану жолымен жүзеге асырылады

В) азаматтарды заңды нақты орындау рухында тәрбиелеу

Жалпы бөлім өзіне қылмыстық нормаларында қарастырылатын жалпы қағидалар, институттар мен түсініктер жазаны қолдану және қылмысқа жаза шектері мен негіздерін анықтайтын негізгі ережелер бекітіледі. Жаза мен қылмысты жауапкершіліктен босату негіздері мен тәртібі.

Түрлері мен тегіне байланысты анықталған нақтылы қылмыстар және сол қылмыстарды жаслуына байланысты жазаның бекітілуі нормалары жалпы бөлімде құрастырылады. ҚК жалпы және ерекше бөлімдері ағзалық байланыста және қылмыстық құқықтық нормалардың бірыңғай құрылымдық жүйесі ретінде қылмыстық құқықты тек біртұтастықта көрсетеді.







Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 781. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия