Студопедия — Дәріс -7
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс -7






Қылмыстың құрамы түсінігі отағасырлық қылмыстың құқық ғылымында пайда болды және сол кезде тек процесуалдық мағынасы болды. Қылмыстың құрамы түсінігі материалдық қылмыстық құқық тек 18 ғасырдың аяғы 19 ғасырдың басында аударылды. Бұның себебінде Ерекше бөлімінде жеке қылмыстар көрсетілген қылмыстық кодекстердің жасалуы болып табылады. Қылмыстың құрамы деп қылмыстық заңмен көрсетілген қылмыстық белгілерінің жиынтығын айтады.

Қылмыс құрамы - бір қылмыстың заңға сәйкес қоғамға қауіпті әрекетін құратын және міндеттейтін объективті және субъективті элементтерінің және олардың белгілерінің жүйесі.

Қылмыстық заңда "қылмыс құрамы" сирек қолданылады. ҚК-тің 3 бабында.

Қылмыстың құрамына қылмыстық іс жүргізу заңы да осындай мағына береді.

Бір қылмыстың белгілерінің жиынтығы қылмыстың нақты құрамын құрайды.

Қылмыстың нақты құрамы - бұл бір қоғамға қауіпті іс әрекеттің қылмыс ретінде мінездейтін белгілерінің жтынтығы.

Қылмыстың жалпы құрамы әр қылмыстың құрамында бар құрамды мінездейді. Бұлардың екеуінің арасында айырмашылық бар, әсіресе оларды тағайындауда.Қылмыстың құқықтық түсінігі яғни нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауапкершілікті дәлелдеу үшін маңызды роль ойнайды, өйткені тұлғаның әрекетінде нақты қылмыстың құрамы болғанда ғана бір қылмыстың бар екендігіне, қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатын әрекетті көзіміз жетеді. Қылмыстың жалпы құрамы бұл рольді атқармайды және атқара алмайды.

Қылмыстың құрамы әртүрлі түсініледі:

1. қылмыстың заңшығарушы моделі ретінде

2. ғылыми абстракция ретінде

3. реалды қылмыстың мазмұны, ядросы ретінде.

Құрамның бірінші мағынасы, ол өлшегіш ретінде роль атқарады, яғни іс әрекетте қоғамға қауіптіліктің деңгейінің оны қылмыскер деп тануға жеткілікті немесе жеткілікті еместігін анықтайды. Бұл заңдылықтың сақталуын, қылмыстық саясаттың бірқалыпты жүргізілуін, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына кепіл болады.

Қылмыстың құрамының 2-ші мағынасы ол тек қана іс-әрекеттің қылмыс екендігін анықтап қана қоймай қылмысты қай категорияға, қылмыстар топтарына жататынын анықтайды, өйткені қылмыстың құрамының белгілерін анықтау қылмыстың түрін, қоғамдық қауіптілік деңгейін және мінез ерекшеліктерін анықтау болып табылады.

Үшінші мағынасы - заңшығарушы қылмыс құрамымен қылмыстық жазалау шектерін байланыстырады.

Сонымен қылмыс құрамының маңызы келесіде

- ол қылмыстық жауапкершіліктің негізі болады

- ол қылмысты жіктеу мақсаты ретінде қызмет етеді, яғни істелген іс-әрекет ішінде қылмыстың құрамын анықтайды

- ол қылмыстық жазалау шектерін анықтайды.

Әр қылмыс - объективті және субъективті диалектикалық ----- іс-әрекет жасушылық және іс-әрекеттік.

Қылмыс құрамының элементтері - "қылмыс құрамы" жүйесінің компоненттері. Олардың құрамына байланысты олар құрамның 4 жүйесіне кіреді: объект, объективті жағы, субъект, субъективті жағы.

Қылмыс құрамының белгілері - қылмыстың әр элементтерін мінездейтін айырмашылық ерекшеліктері. Олар қылмыс құрамының ерекшелігін айырып шығаруға, олардың іс-әрекетінің қоғамдық қауіптілік деңгейі мен мінещіне байланысты айырмашылығын және де қылмысты қылмыс емес құқық бұзушылықтан айыруға жол ашады.

Қылмыстың объектісі - бұл қылмыстық құқықпен қорғалатын және қылмыс арқылы зиян келтірілетін қоғамдық қатынастар болып саналады.

Объективтік жағы - тұлғаның іс-әрекетінің сыртқы жағын сипаттайды.

Субъект - заңда белгіленген жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға.

Субъективтік жақ - іс-әрекеттің ішкі (психикалық) мәні.

Кінә - қасақана мен абайсыздықтың тектік түсінігі қылмыстың субъектісінің жасаған қоғамды қауіпті әрекетіне және өзінің қоғамға қауіпті іс-әрекетінің нәтижесіне деген психикалық қатынасы; Ниет - субъектінің қылмыс жасау барысында басшылыққа алатын қажеттіліктер мен мүдделері және қылмыс жасау барысында нәтижеге жетуге тырысу - мақсат осылар қылмыстың субъективтік жағын құрайды.

Әр қылмыстың құрамы субъективтік және объективтік белгілерінің жиынтығы ғана емес, әр қылмыс адамның іс-қимылыретінде бір бүтін тұтастық. Қылмыстың құрамының элементтерінің бірлігші қылмыстық құқық теориясының ережесі, яғни 4 элементінің біреуінің болмауы тұлғаның іс-әрекетінде қылмыстық құрамының жоқтығын айтады.

Егер қылмыс құрамының элементтері - оның бір құрылымның қажетті бөлігі болса және бірнеше белгілері болса, ал құрамның белгілерінің өзі құрамы элементтерін сипаттайды және құрамның элементтерін жекелейді.

Жалпы қылмыс құрамы туралы оқу барысында барлық құрамның белгілерін негізгі және факултативті болып бөледі. Негізгі белгілері - бұл барлық қылмыстарға тән белгілері және бұл белгілерсіз ешқандай құрам бола алмайды. Осыған байланысты әр құрамда нақты объектісі, әрекет, кінә, субъектінің есі дұрыстығы және заңда көрсетілген жасқа жетуі анықталуы тиіс. Осы белгілердің біреуі болмауы қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді.

Факултативтік белгілер болса басқаша болып келеді. Факултативтік белгілер бұл бір құрамдар үшін міндетті, ал басқа құрамдар үшін міндетті емес белгілер болып келеді. Мысалы: адам өлтіру үшін ниет міндетті түрде қажет, ал ұрып соғуда ниет міндетті түрде қажет емес. Факултативтік белгілер заңшығарушымен кейбір қылмысты немесе бір топ қылмыстарды суреттеу үшін қолданылады. Әрине құрамның белгілерін осылайша саралау тек қылмыс құрамының жалпы түсінігі үшін ғана жасалады. Нақты қылмыс құрамында негізгі және факултативті белгілер жоқ - бұл жерде барлық белгілер қажет болып келеді.

Қылмыстық құқық теориясында әр қылмыс құрамдары бір белгілермен біріктірілетін белгілі бір толптарға бөлінеді. Қрамның жіктелуі соңында әр қылмыстың мазмұнын білу үшін олардың құрылуының жалпы заңдылықтарын білуді міндеттейді.

Қылмыс құрамдарын жіктеуді келесі критерилерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

- қоғамға қауіптіліктің дәрежесі

- құрамның белгілерін сипаттау тәсілі

- құрылыс ерекешліктері.

Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен мәніне қарай құрамдар негізгі 1) жауаптылықты ауырлататын қылмыс құрамы 2) жыуаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамы болып бөлінеді.

Бұндай бөліну қажеттілігі біріншіден қылмыстық жауапкершілік пен жазаны заңды бөлуді мақсаттайды. Қылмыс құрамы әрқашанда әрекеттің жазалау шектерін көрсететін санкциялармен байланысты тұрады. Бірақ бір түрлі іс-әрекеттер тек қана қоғамға қауіпті дәрежесімен ғана емес мінезімен де ерекшеленуі мүмкін.Осыны ескере отырып заңшығарушы кейбір жағдайларды бір қылмыс бойынша бірнеше құрам бөліп шығарады және осыларды әртүрлі жазалау арқылы байланыстырады. Бұл жазалау саясатының бірлігін қамтамасыз етеді және жазалауды жекелеуге, заңдылық сақтауға жол ашады.

Негізгі құрамда бндай іс-әрекеттің өзіне тән ерекше белгілері сипатталады, іс-әрекет ауырлататын немесе жеңілдететін жайларсыз жасалса заңда ол қылмыстық кодекстің өзіндік бабында (мысалы 106 бап) немесе қылмыстық кодекстің бабының бөлігінде (мысалы (107 бап 1 бөлігі).

Квалифицированный состав (сараланатын) - бұл ауырлататын мән-жайлар бар құрам және бұл мән жайлардың болуы негізгі құрамға қарағанда ауыр жазалауға әкеледі.(мысалы 96 б 2 б, 178 б 2 б). кейбір жағдайда жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты заңшығарушы сараланатын құрамның түрлерін бөліп көрсеткен. Олар аса ауырлалататын жағдайлардағы қылмыс құрамы (ҚК 175 б 1 б, 289 б 3,4 б).

Жеңілдететін мән-жағдайдағы қылмыс құрамы - бұл заңшығарушыны жазаның мөлшерін негізгі құрамды құратын қылмысты жасағаны үшін көрсетілген мөлшерден көрі азайтуға әкеп соқтыратын мән жайлары бар құрам. Мысалы: ауырлататын мән-жайларсыз адам өлтірген жағдайда ҚК 96 б 1б байланысты жаза 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылады. Ал қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде кісі өлтіру (ҚК 96 б) жаза кішірейтілген - 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру. Бұл қылмысиың құрамы кісі өлтірудің жеңілдететін мән-жайлары бар құрам.

Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын ашу, олардың белгілерін анықтауды жеңілдету және нақты істелген іс-әрекетті дұрыс саралау мақсатымен қылмыс құрамы жай қылмыс құрамы және күрделі қылмыс құрамына бөлінеді.

Жай қылмыс құрамы - қылмыс құрамының белгілерінің біркелкі болуы, яғни бір ғана объектісі, бір ғана объективтік жағы және т.б.

Күрделі құрамда мыналар болады:

1) элементтердің екеуі (ҚК 179 б)

2) іс-әрекет жасау процесінің немесе қылмыс зардаптарының (созылмалы және жалғасатын қылмыстар) созылуы (ҚК 373 б, 176 б)

3) альтернативтік элементтер (96 б 2 б)

4) бірнеше жай құрамдардан қосылған (237 б, 257 б 2,3 б)

Қылмыс құрамы құрылысына қарай материалды, формалдық және келте болып бөлінеді. Өйткені тұлғаның қоғамға қауіпті әрекеті бірнеше этаптарға бөлінеді: әрекетке дайындалу; әрекет жасау; нәтижеге жету.

Егер заңшығарушы қылмыс құрамында тек іс-әрекетті емес іс-әрекеттің нәтижесінен болған зардапты көрсетсе онда бұл материалды құрам (адам өлтіру).

Егер заңшығарушы қылмыс құрамында іс-әрекеттің белгілерін көрсетіп қалған зардапты иыс шығарса, онда бұл формалдық құрам болады. Бұл жағдайда құрамның толық болуы үшін көрсетілген әрекетті жасағаны жеткілікті (пара беру және алу, жала жабу, қащқындық және т.б.).

Егер заңшығарушы қылмыс құрамындағы қылмыстық іс-әрекеттің жалпы бейнесін азайтса, яғни қылмыс құрамы қылмысқа дайындалу әрекеттері немесе бір іс-әрекет жасау процесін қамтыса, онда бұл келте қылмыс құрамы болады. Яғни қылмыстың аяқталуы үшін қоғамға қауіпті зардабы. Қоғамға қауіпті әрекетке жеткізетін іс-әрекеттерін аяғына дейін жеткізу қажет емес (қарақшылық, бандитизм).

 







Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 780. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия