Студопедия — Хайдар Дулати (1499-1551) 4 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Хайдар Дулати (1499-1551) 4 страница






Абылай – Орта жүз ханы, Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. «Ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, Төле бидің қолына келеді. Жас Абылай Төле биге қызметкер болып, жылқысы мен түйесін бағады.

Ол 20 жасында қан майданда ерлігімен танылады. Сол кезеңде қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте өлтіреді.

XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығында қазақ халқы үлкен ауыртпашылықты басынан кешірді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Орал башқұрттары жан-жақтан қазақ ауылдарын шауып, талан-таражға салды. Оған табиғат апаттары – қатал қыс, көктайғақ, жұт қосылып, қыспаққа алады.

Қазақ даласында 1724 жылы бастаған жоңғар шапқыншылығына қарсы белсенді күрес барған сайын күшейе түсті. 1726 жылы Ордабасы деген жерде (ол қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазақ хандығының ежелгі астанасы Түркістанның маңы) үш жүздің өкілдері бас қосқан жиналыс өткізіледі. Әбілқайыр хан әскердің бас қолбасшысы болып сайланып, барлығы бір келісімге келеді.

Қазақ қоғамында рухани бірлестіктің ерекше жағдайы қалыптасады. Халық арасынан Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Олжабай, Жәнібек сияқты нағыз батырлар шықты.

Халық басынан кешіп отырған қиын жағдай – жартылай күйреуге ұшыраған қазақ мемлекетін қалпына келтіре алатын адамды талап етті. Ондай адам табылды. Оны елі Абылай деп атады, ал шын есімі Әбілмансұр болатын. Ол өзінің жеке басының алғырлығының арқасында атақ-даңққа жетіп, халық құрметіне бөленді.

Қазақтың бірде-бір ханы Абылайға дейін де, одан кейін де мұндай шексіз билікке ие болып, халық құрметіне бөленген емес. Ол алпауыт рубасылары мен сұлтандардың бетімен кетушілігіне тиым салды.

1730-1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста жеңіп, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналды.

Абылайдың әскери қолбасшы ретінде қабілеті 1730-1740 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінеді. Абылай жоңғарлармен соғысқа Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Мүйізді Өтеген және тағы басқа қазақтың белгілі батырларымен бірігіп қатысады.

1771 жылы Орта жүз ханы болып сайланған Абылай іс жүзінде бүкіл қазақ даласына билігін жүргізіп, қазақ халқының тұтастығын сақтау үшін, Ресей үкіметімен де, Қытайдағы Цин империясымен де бейбіт қатынастар орнатуға күш салды. Сол үшін ол айтарлықтай саяси ұтыстардан бас тартты. Өз кезінде мұндай саясат бірден-бір дұрыс айла болуы да мүмкін, қазақтар тек осылай ғана тәуелсіздігін сақтаған. Ал Абылай Жоңғарияның көп ұзамай күйрейтінін алдын-ала білген.

Абылай жоңғарлардың иелігіне өтіп кеткен көп жерлерді табанды жорықтар жасап, қайтарып алды. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларымен де күрес жүргізгендігі туралы деректер сақталған. Абылайдың дипломатиялық әрекеттері, оны өз заманының ұлы қайраткері деңгейіне көтерді.

Абылай Қазақ хандығының күшін біріктіріп, оны әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды. 1766-1768 жылдары Абылай Қоқан хандығына соғыс ашып, Ташкентті бағындырған. Кейіннен мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауғанстан шахымен келіссөз жүргізеді, Түркиямен байланыс жасайды.

XVIII ғасырда Қазақстанды жаулап алуды көздеген Жоңғар хандығы мен Маньчжур- Қытай империясына қарсы күресте үш жүздің басын қосып, күшін біріктіруде Абылай хан зор рөл атқарды, үлкен еңбек сіңірді.

Қаһарлы хан, ұлы қолбасшы Абылай дарынды күйші ретінде де тарихта белгілі. Оның «Ақ толқын», «Алабайрақ», «Қайран елім», «Қара жорға», «Шынды жорық», «Жетім торы», «Бұлан жігіт» және тағы басқа күйлері бар.

Ол Түркістанда тұрып, 1781 жылы дүние салды. Оның сүйегі Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне қойылған. Абылай ханға елімізде ескерткіштер орнатылып, үлкен қалалардағы даңғылдарға, университеттерге оның есімі берілген.

Сөздік:

талан-тараж – грабеж; погром; расхищение; растранжирить

күйреу – крах: разрушаться; крушение; разорение; разгром

алғыр – хваткий; смелый; способный; предприимчивый; восприимчивый

алпауыт – богач; магнат; мощь; помещик; уничтажающая сила

басқыншы – грабитель; захватчик; оккупант

 

Етістік (Глагол)

Заттың қимылын, іс-әрекетін, жай-күйін білдіретін сөз табын етістік деп атаймыз.

Етістік – знаменательная часть речи, которая обозначает действие, состояние лица или предмета.

Етістік (глагол) – это часть речи, которая грамматически выражает значение действия в формах лица (жазамын - я буду писать, жазасың - ты будешь писать), времени (бардым - я ходил, барамын - я пойду) и отвечает на вопросы не істеді? (что сделал?), не істемек? (что будеть делать?), не қылды? (что сделал?).

Тұлғасына қарай (по способу образования) етістіктер: 1) негізгі (непроизводные): оқы (читай), ал (бери), жаз (пиши), жүр (пошли); 2) туынды (производные); ой+на (играй), ой+ла (думай), тұз+да (соли), гүл+де (цвети) болып екіге бөлінеді.

Негізгі етістіктер деп әрі қарай бөлшектеуге келмейтін бір морфемадан тұрып, қимыл мағынасын білдіретін етістіктер аталады. М.: кел, кет, айт, бөл, же, өт, жүр, күл, бар, т.б.

Туынды етістіктер деп түбір етістіктен және басқа сөз табынан сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған, ең кемі екі морфемадан тұратын етістіктер аталады. М.: ой- на, қол- да, жыр- ла, батыл- дық;, хат- шы, тарих- шы, т.б.

Етістік тудыратын жұрнақтар

(Словообразующие суффиксы глаголов)

Жұрнақтар (суффиксы) Мысалдар (примеры)
Түбір сөздер Туынды сөздер
-ла, -ле, -да, -де, -та, -те     бас – голова ой – мысль тұз – соль шеге – гвоздь ем – лечение есеп – задача іс – дело бас-та – начинай ой-ла – думай тұз-да – посоли шеге-ле – забей гвоздь ем-де – лечи есеп-те – реши іс-те – делай
-лас, -лес -дас, -дес -тас, -тес   серт – условие ақыл – ум дос – друг көмек – помощь бір – один қош – прощание серт-тес – условься, договорись ақыл-дас – советуйся дос-тас – подружись көмек-тес – помоги бір-лес – объединяйся қош-тас – прощайся
-қар, -кер, -ғар, -гер     бас – голова ес – память су – вода тең – равное; тюк бас-қар – возглавь ес-кер – запомни су-ғар – поливай тең-гер – приравняй
-лан, -лен пайда – польза ашу – злоба үй – дом пайда-лан – пользуйся ашу-лан – возмущайся үй-лен – женись
-а, -е түн – ночь сан – число түн-е – ночуй сан-а – считай

 

50-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне берілген сұхбатты рөлге бөліп оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.

Сұрақ-жауап

– Абылай кім?

– Абылай – қазақ халқының ұлы ханы, қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері,

саясаткер, дипломат, үш жүздің басын біріктіруші.

– Абылай қай жүздің ханы?

– Абылай – Орта жүз ханы, Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.

– Ол қанша жасында ерлік көрсетті?

– Абылай 20 жасында қан майданда ерлігімен танылады. Сол кезде қалмақтың батыры

Шарышты жекпе-жекте өлтіреді.

– Қай кезеңде қазақ хандығы ауыртпашылықты басынан кешірді?

– XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығында қазақ халқы үлкен ауыртпашылықты басынан

кешірді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Орал башқұрттары жан-жақтан қазақ ауылдарын

шауып, талан-таражға салды.

– Қай уақытта жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес күшейе түсті?

– Қазақ даласында 1724 жылы бастаған жоңғар шапқыншылығына қарсы белсенді күрес

барған сайын күшейе түсті.

– Әскердің қолбасшысы болып кім сайланды?

– Әбілқайыр хан әскердің бас қолбасшысы болып сайланды.

51-тапсырма. Берілген етістіктерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыздар. Сөйлемдердегі негізгі, туынды, болымды, болымсыз етістіктерге назар аударыңыздар.

баста ойлан пікірлес көмектес беттес   жоғарыла аялда талаптан басқар есептес барма сөйлеспе айтпа кетпе тастама жаз түс бол қос кел

Болымды және болымсыз етістіктер

(Положительные и отрицательные формы глаголов)

Қазақ тілінде етістіктер болымды және болымсыз болып бір-біріне қарама-қарсы екі топқа бөлінеді.

Болымды етістік. Етістік негізгі түбірде де, туынды түбірде де қимылдың, іс-әрекеттің болуын білдіреді. Сондықтан етістік негізгі я туынды түбір күйінде болымды мәнді білдіреді. Оларды болымды етістік дейді. М.: қайтамын, жүземін, айтқанмын т.б.

Болымсыз етістік. Болымсыз етістіктер қимылдың, іс-әрекеттің болмауын, іске аспауын білдіреді. Болымсыз етістік негізгі, я туынды түбір етістіктерге; 1. - ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары жалғану арқылы; 2. белгілі шақ тұрғысындағы етістікке жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: оқы-оқыма, бар-барма, түс-түспе, биле-билеме, келген жоқ, берген жоқ, кешіккен емес, тазалаған емес, тойлаған жоқ, т.б.

52-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігінен болымды етістіктерді теріп жазып, олардан болымсыз етістік жасап, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ү л г і: Айт – айт па, қоныстан – қоныстан ба, ал – ал ма, келтір – келтір ме, қалыптас – қалыптас па, шық – шық па, қолда – қолда ма, аш – аш па, жүр – жүр ме, кет – кет пе, жүргіз – жүргіз бе.

Бер берген жоқ; біл – білген жоқ; айт – айтқан емес; қинал – қиналған жоқ; түсін – түсінген жоқ; кел – келген емес; бар – барған емес.

Мысалы: Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес.

53-тапсырма. Мәтіннен туынды етістіктерді теріп жазып, оларды талдаңыздар.

Ү л г і: 1771 жылы Орта жүз ханы болып сайланған Абылай іс жүзінде бүкіл қазақ даласына билігін жүргізді.

«Сай» (овраг; ущелье;) – сөздің түбірі, зат есім; «ла» – зат есімнен етістік жасап тұрған жұрнақ; «н» – өздік етіс жұрнағы; «ған» – бұрынғы өткен шақтың жұрнағы.

Сөйлемдердегі туынды етістік жасап тұрған жұрнақтардың астын сызыңыздар.

Жастайынан жетім қалған Абылай Төле бидің, Әбілмәмбет сияқты ханның, Бөгенбай батырдың тәрбиесін көріп өсті. Абылай хан бүкіл өмірін бір мақсатқа ғана бағыттады. Ол ен далада еркін өскен қазақ халқын аман сақтап қалу үшін барлық ақыл-ойы мен қажыр-қайратын сарқа жұмсады. Ол шын мәнінде исі қазақтың біртуар көсемі бола білді. Абылай он бес жасынан бастап қан майданды көзімен көріп, қырғын шайқастарда жеке басының ерлік-тапқырлығымен жеңіс туын желбіретті.

 

Көмекші есімдер

(Служебные имена)

Көмекші есімдер негізгі есімдермен ілік септігі арқылы байланысып, заттардың кеңістіктегі орналасу қатынастарын көрсетеді. Олар:үсті, асты, алды, арты, жаны, қасы, сырты, іші, арасы, ортасы, т.б. Негізгі есімдер ілік септігінде, көмекші есімдер тәуелдік жалғауында келеді.

Служебные имена, сочетаясь с именем существительным в родительном падеже (ілік септік), образуют словосочетания, которые показывают пространственные отношения предметов. При этом служебные имена употребляются только в притяжательной форме (тәуелдік жалғау) третьего лица и принимают падежные окончания. Например:

Арасымежду; промежуток. Үйдің арасы (между домами).

Астыпод; низ. Үстелдің асты (под столом).

Үстінад; верх. Жәшіктің үсті (над ящиком).

Алдыперед; передняя часть. Үйдің алды (перед домом).

Артыза; задняя часть. Үйдің арты (за домом).

Жанырядом; возле. Үйдің жаны (рядом с домом).

Қасывозле; около. Үйдің қасы (возле дома).

Ішів; внутри. Үйдің іші (внутри дома).

Сыртывне; за; снаружи; наружная часть. Үйдің сырты (вне дома).

Басыверх. Ағаштың басы (верх дерева).

Түбіу; низ. Ағаштың түбі (низ дерева).

Ортасыцентр; посередине. Көшенің ортасы (посередине улицы).

Қарама-қарсынапротив. Үйге қарама-қарсы (напротив дома).

Мысалдар: Үйдің іші таза (внутри комнаты (в комнате) чисто. Үйдің жанында жеңіл машина тұр (около дома стоит легковая машина). Үстелдің үстінде қалам, журнал жатыр (на столе лежат ручка и журнал). Терезенің алдында үстел тұр (перед окном стоит стол).

... тапсырма. Көп нүктенің орнына етістіктің сөз тудырушы жұрнақтарын қойып, туынды етістіктердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Жастарды балалықты тас...п, білім алыңдар, дүниенің кілті білімде, оқу керек, надандықпен күресу керек, - деп сендіреді. Абай. Пайдалы қазбаларды із....у, бар...у, суретке түсіру т.б. салалардағы инженер-геологтар. Кен қоры мен сапасы анық...лады. Оларды ашып, халық игілігіне жұм...у, негзігі міндеттердің бірі. Бұлар белгі..ген соң ғана арнайы тәсілмен кен қазыла бас...йды.

Керекті жұрнақтар: -та, -ла, -де, -та, -са, -ле.

54-тапсырма. Кестеде көрсетілген Абылай ханның өмірінің барлық сәттерінде үлгі-өнеге бола білген көсемдердің есімдерін есте сақтаңыздар.

55-тапсырма. Төмендегі көмекші есімдермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Сырты (вне, снаружи), қасы (возле, около), үсті (над), қарама-қарсы (напротив), жаны (рядом, возле)

56-тапсырма. Көмекші есімдерге берілген сөз және сөз тіркестерін тәуелдік формада септеңіздер.

Ү л г і: Арасы, арасының, арасына, арасын, арасында, арасынан, арасымен. Үйімнің сырты, үйімнің сыртының, үйімнің сыртына, үйімнің сыртын, үйімнің сыртында, үйімнің сыртынан, үйімнің сыртымен.

Іші, түбі, ортасы, алды, университеттің маңайы, көшенің бойы, судың жағасы, ескерткіштің тұсы, аялдаманың алды, халықтың ортасы.

57-тапсырма. Көп нүктенің орнына көмекші есімдерді қосып жазыңыздар.

Ұзақ жолаушылап, қырғыз............ таяу бір асудан асқан ол орманға еніп кетті.............. қалпақ,................ қой жүнді шекпен, аяғында саптама етік. Бір мезгілде тап............., шоқ ағаштың.............. қатты айғай естілді. Ағаш............. бір жігіт шыға келді............... қазақтар, қырғыздар көп. Иса қалың халықтың.............., күрестің бел............. жүрген.

* * * * *

Жау............ жұдырық,

Жарақтыға жау жолықпас (мақал).

Сөйлемдерді толықтыруға керекті көмекші есімдер: сыртына, басында, жанында, ішінде, арасынан, ішінде, ішінде, ортасында, артынан.

58-тапсырма. Сөздердің екінші дұрыс сыңарларын тауып, сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

1. қаланың 2. зиялы 3. көлдің 4. көшенің 5. шеткі 6. үйдің 7. терезенің 8. үлкен 9. құдықтың 10. ауылдың 11. үстелдің а) тұсы ә) іші б) алды в) дәрісхана г) басы ғ) сырты д) қауым е) үсті ж) ортасы з) маңы й) жағасы Ү л г і: Қаланың маңы. 1................................................ 2................................................ 3................................................ 4................................................ 5................................................ 6................................................ 7................................................ 8................................................ 9................................................ 10................................................

59-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударып, көмекші есімдерді табыңыздар.

Ораз Жандосов үлкен төбенің үстіне шықты. Ол аттан түсті. Төбенің үсті теп-тегіс, шөбі қалың. Неше түрлі гүлдер жайнап тұр. Аспанда торғайлар ұшып жүр. Аспанда бұлт жоқ, ашық. Ораз бала кезінде осы төбенің үстінде талай рет ойнаған. Туған жерім қандай әдемі! Ораз Жандосов – большевик, революционер.

* * * * *

Қазақ тілі кабинеті үлкен, жарық. Кабинеттің ортасында ұзын үстел тұр. Үстелдің үстінде кітаптар, газет-журналдар жатыр. Кабинеттің ішінде, оң жақта үш шкаф тұр. Онда қазақ тіл, шет тілдері оқулықтары бар. Екі терезенің арасында кішкене үстел тұр.

60-тапсырма. Сөйлемдердегі көмекші есімдердің астын сызыңыздар.

Алғашқы жүрісінен айырылған қос жирен қайта қарқынға мініп, менің қасыма да жетіп қалды. Мен де қарсы алдынан қолымды бұлғап, жол үстіне атып шықтым. Екпіндей жеткен қос ат ішін тартып, осқырынып тұра қалды. Еті қызған аттар жол бойымен тоқтамай, желіп келеді. Ішіне құм толтырылған жастықшаны алып тастады (С. Жүнісов). От жағылмаған бөлменің іші салқын екен. Алаша үстінде ойнап отырған Болаттың нәзік саусақтары қызарып кетіпті.

* * * * *

Жергілікті адамдар бұл төңіректің маңында сол жылдары Исадан басқа атағы жайылған Байзақовты естіген емеспіз деседі. Иса – қайраткер, қашан да қалың халықтың ішінде, күрестің бел ортасында жүрген. Жиырмасыншы жылдардың ішінде телеграммаға қол қоюшылардың ішінде Байзақов деген фамилия да кездеседі. Алғаш оның басына келгені – «Аңшы ма немесе тыңшы ма?» деген үрейлі күдік. Ақбөпеш-ау, үйдің іші азынап кетіпті ғой! Ақбөпеш оны жер үйдегі пештің үстіне қойды.

61-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерін пайдаланып, негізгі және туынды етістіктерге негізделген сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Абылай өз жанынан тамаша күйлер шығарып, Шоқан айтқандай, сол заманның эпикалық қарымдағы ерлік істерін күй тілінде бейне+ле+ді (бейнелей білді).

Билігін жүргізді, көсемі бола білді, қажет екенін терең түсінді, мүддеге бағындыра білді, таң қалдырып, мәдениетіне жүйрік болды, күлер шығарып, жеңіс туын желбіретуі, сақталып отыру, қорғаушы, бағалайды, алып шығады, сынынан өтуі, Абылайды іздеп барады.

62-тапсырма. Әр бағанадағы сөздерді орын тәртібі бойынша тиісті орындарына қойып, сөйлемдердің мағынасының дұрыс сақталуына назар аударып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

         
  шықты арасынан батырлар нағыз халық
  ретінде белгілі тарихта ол дарынды күйші
  қосып біріктірді күшін үш жүздің басын
  алды Абылай жоңғарлардан қайтарып жерлерді
  білді ұлттық қазақтар тәуелсіздігін сақтай

63-тапсырма. Болымды етістіктерден болымсыз, туынды етістіктер жасаңыздар.

Ү л г і:

Жоғары: жоғары+ ла (үстеуден етістік жасалып тұр); жоғарыла+ ма (болымсыз етістік).

Жаға: жаға+ ла (зат есімнен етістік жасалып тұр); жағала+ ма (болымсыз түрі).

Тіл: тіл+ ші; бас; бас+ тық (зат есімнен зат есім жасалынып тұр); тілші емес, бастық емес (болымсыз түрі).

Жаңа: жаңа+ лық (сын есімнен зат есім жасалынып тұр); жаңалық жоқ (болымсыз түр).

Болымды етістіктер Туынды етістіктер Болымсыз етістіктер Жалғанатын жұрнақтар
1. заман 2. әдебиет 3. екі 4. көп 5. сурет 6. қорытынды 7. қыс 8. түн 9. жеңіл 10. төмен .................................. .................................. .................................. .................................. .................................. .................................. .................................. .................................. .................................. .................................. .................................... .................................... .................................... .................................... .................................... .................................... .................................... .................................... .................................... .................................... - е - ла - те - дас - ші - де - та - лік - шілік

64-тапсырма. Сөйлемдердегі көмекші есімдердің астын сызыңыздар.

Жақсы ән, жарқын сөз, көңілді күлкі түннің жарым ортасы ауғанша толастамай, қалықтады да тұрды. Бір мезгілде қасына Абай келді. Маңайында жауын алдындағы майда қоңыр жел баяу соғып тұрды. Жастар тобы оны алты қырдың астына дейін шығарып салды. Сыртын көріп ішінен түңілме. Ол қанша артта қалса да, ойы, пікірі алда. Сырттан аяз, іштен жылан шарпиды. Құнанбайдың мықты жері Тобықты іші болса, әлсіз жері де осы Тобықты ішінде. Ой артынан ой туар, желге мінсең, жеткізбес. Құдық басында, кешкі ауыл сыртында, от басында Абай сөздерін бұларға оқытып отыратын Дәркенбай және көптеген кәрі-жас бар.







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 1267. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия