Студопедия — Хайдар Дулати (1499-1551) 11 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Хайдар Дулати (1499-1551) 11 страница






181-тапсырма. Сын есімдердің антонимдерін көрсетілген жолдарға толтырыңыздар.

Ү л г і: Кәрі –жас; қалың –жұқа; ақ –қара; түзу –қисық; қараңғы –жарық; оң –сол
1. Жамандық 2. Кең 3. Ұзын 4. Жақындау 5. Арзан 6. Жаңару 7. Оңай 8. Үлкен 9. Арық 10. Терең 1..................................... 2..................................... 3..................................... 4..................................... 5..................................... 6..................................... 7..................................... 8..................................... 9..................................... 10................................... 11. Ірі 12. Шапшаң 13. Аласа 14. Жомарт 15. Жылдам 16. Жуан 17. Терең 18. Ыстық 19. Аш 20. Араз 1.......................................... 2......................................... 3......................................... 4......................................... 5......................................... 6......................................... 7......................................... 8......................................... 9......................................... 10.........................................

5-апта. 15-тәжірибелік сабақ;

Грамматика: Пысықтауыш, оның түрлері.

182-тапсырма. Әйгілі тарихшы, әдебиетші ­– Мұхаммед Хайдар Дулати туралы тарихи деректермен танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.

Қазақ хандықтарының тарихнамасы ­– Мұхаммед

Хайдар Дулати (1499-1551)

Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар – әйгілі тарихшы, әдебиетші. Монғолстан мен оған іргелес жатқан елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының авторы. Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әміршілерінің ұрпағы, яғни атақты Дулат руынан шыққан. Оның ата-бабалары құдіретті әмірлер болған.

Мырза Хайдар 1499 жылы Ташкент қаласы билеушісінің отбасында дүниеге келеді. Бұл кезде Ташкент Монғолстан мемлекетіне қарайтын. Ал 1514 жылы қазақ хандығының тықсыруымен Монғол мемлекеті құлайды. Хайдар Мырза сол Монғол ханының қызы Жүністен туады. Ол өзінің дарындылығымен, тапқырлығымен, жан-жақты қабілеттілігімен қоса ержүрек, әскери талантымен көзге түсіп отырады.

Мұхаммед Хайдар Дулати мұсылманша жақсы білім алады. Өз уақытының әдеби, мәдени ғұрыптарын, ғылым мен көркемөнерді, халықтық қолөнердің әр саласын терең меңгереді. Ол поэзияны да теріс көрмеген. Түрік, парсы тілдерінде еркін жаза біледі. Шыққан жерінің тектілігі, жеке басының аса қабілеттілігі – оның болашақ тағдырына жол ашып отырады. Мырза Хайдар Монғолстан әміршісінің сарайында көрнекті қызмет атқарады. Бірақ құбылмалы тағдыр Мырза Хайдардың біраз уақытын «Кіші Тибетте» қаңғырумен өткізуге душар етеді.

1541 жылы Мырза Хайдар өзінің айлалы іс-әрекетімен Кашмирді өзіне қаратып алады. Ол сол жерде тұрақты тұрады. Осы жерде 1543-46 жылдары өзінің атақты «Тарихи Рашиди» кітабын парсы тілінде жазып бітіреді. Бұл еңбегінде алғаш құрыла бастаған қазақ хандықтары, әсірес қазақ жерінің басын құраған Қасым, Бұрындық, Таһире сияқты хандар туралы, сонымен қатар XVI ғасырдағы қазақ-монғол және қазақ-өзбек ара-қатынастары жөнінде толығырақ мәліметтер берілген. Демек, оны ғасыр дәуіріндегі Қазақ хандықтарының тарихнамасы деуге де болады.

Хандықтың басы Жәнібек пен Керейден басталатындығы да, қазақ деген этникалық атаудың себептері де және т.б. көптеген мәселелер ең алғаш осы кітапта айтылған. Түрік тілінде жазылған «Жаһаннама» поэмасы да Хайдардың қаламынан туындаған.

Мұхаммед Хайдар сол кездегі оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Монғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсірес дулат тайпасының тарихына қатысты жоғарыда аталған еңбектерін берген. Хайдар Мырза 1551 жылы шайқаста қаза табады.

Сөздік:

әмір – веление; правитель государства; предписание; приказ; распоряжение

әмірлі – царственный

әмірлік – владычество

дастан – поэма; эпос

билеуші – владелец; владыка; правящий

тапқырлық – догадливость; находчивость; остроумие; предприимчивость

дарынды – гений; талант; способный; одаренный; талантливый

қабілеттілік – восприимчивость; делоспособность; способность

ғұрып – нрав; обряд; обычай; традиция

183-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар.

Ү л г і:

– Мұхаммет Хайдардың толық аты-жөні қалай аталған?

– Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар деп

аталған.

– Оның мағынасын қалай түсіндіруге болады?

– Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» – өз аты. «Мұхаммед Хұсайын» – әкесінің аты. «Мырза» –

текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны

секілді), «дулат» – шыққан тайпасының аты.

184-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіндегі пысықтауыштарға сұрақтар қойып, олардың астын сызыңыздар.

Ү л г і:

Мұхаммед Хайдар халықтық қолөнердің әр саласын терең (қалай меңгерді?) меңгерді. Ол кезде (қашан? қай кезде?) Шығыс облыстарындағы (қайдағы? қай жердегі?) патшалық еткен ханзадалар әулетін тақтан құлатып отырған. Жылы-жылы (қалай сөйлесең?) сөйлесең, жылан інінен шығады (мақал).

 

Пысықтауыш (Обстоятельство)

Ереже Сұрақтары Мысалдары
Сөйлемде іс-қимылдың түрлі белгісін, мекенін, мезгілін, амалын, себебін, мақсатын білдіретін мүше. қайдан? қайда? қалай қарай? қашан? қашаннан бері? қалай? қалайша? қайтіп? неліктен? не үшін? неге? не мақсатпен? қаншалықты? қанша? Ол қалада тұрады. Ертең апам келеді. Олар бірталай жүрді.

 

Пысықтауыштың түрлері. Пысықтауыштар білдіретін мағыналарына қарай бес түрге бөлінеді: 1. Мезгіл пысықтауыш. 2. Мекен пысықтауыш. 3. Сын-қимыл пысықтауыш. 4. Себеп пысықтауыш. 5. Мақсат пысықтауыш.

Мезгіл пысықтауыштың сұраулары: Қашан? қай кезде? қай уақытта? қашаннан бері? қашанға дейін? т.б.

Мекен пысықтауыштың сұраулары: Қайда? қай жерде? қайдан? қалай қарай? қай жерге дейін? т.б.

Қимыл-сын пысқтауыштың сұраулары: Қалай? қайтып? қалайша? кім арқылы? не арқылы? қанша? қанша рет? неше? неше рет? т.б.

Себеп пысықтауыштың сұраулары: Неліктен? неге? не себепті?

Мақсат пысықтауыштың сұраулары: Кім үшін? не үшін? неге? қандай (нендей?) мақсатпен?

185-тапсырма. Әр бағанадағы сөздерді орын тәртібі бойынша тиісті орындарына қойып, мағыналарының дұрыс сақталуына назар аударып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. тұрды қолында біраз уақыт Бабырдың Мұхаммед Хайдар
2. сарайдағы басқарады қызметін содан кейін рұқсатымен Бабырдың
3. баласы тәрбиешісі болады ханның мұрагер Әбу ар-Рашид сұлтанның
4. қашады сезген Мұхаммед Хайдар қауіпті Үндістанға
5. тұрады уақыт билеп біраз Кашмирді

 

186-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар. Сөйлемдерден пысықтауыштарды табыңыздар.

Мырза Хайдар, хан сайлау, ханзадалар әулеті, Монғолстан мемлекеті, ғылым мен көркемөнер, аса қабілетті, жетік білетін, сарай қызметін, жан-жақты білімді, орта ғасыр, дулат тайпасы.

187-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті пысықтауыштарды қосып жазыңыздар. Оларға сұрақтар қойыңыздар.

Ү л г і: Биыл (қашан?) Абайдың жасы он үшке толған еді (мезгіл пысықтауыш).

............................... осылай жүруге бел байлаған. Оқтын-оқтын................ соққан жел лебімен әлсіз шам................. ұйытқиды. Сонымен.................. томсарып отырып барып,

................ қыбырласқанда, Құнанбай ойдағы сөзін бастады. Абай, бері кел,................. кел.

................................ екі күндік жолда үлкендер................. жүрмей, баланың шыдамын................тауысқандай. Осы................. бурыл ат есік пен төрдей................. түсе берген. Дәл Есембай биігінің.................. Аяғында, ауылдан................. ұзап шықты. Көксерек өзгелерді жіберіп, өзі бір күшік қасқырмен бөліне,................ қарай тартты. Түйе енді................. жүре бастады.

Сөйлемдерді толықтыруға керекті пысықтауыштар: күні бойы, іргеден, кейде, біраз, қайта, мұнда, бұдан бұрынғы, жылдам, әбден, өрде, алға, тұсында, әбден, оң жақ бүйірге, ақырын.

188-тапсырма. Сөйлемдердегі пысықтауыштардың астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Биыл Құнанбайдың өз ауылдары да күземді ерте алды. Ертең қыстауға көшеміз де, қыс бойы інге кіргендей жатып аламыз. Кезеңге шығып алып, Бақтығұл сайды жоғары өрлей шапты. Болыстың құлағанын көріп қалып, енді шапшаң түсе бастады (М.Әуезов). Жоғары-төмен үйрек, қаз ұшып тұрса сымпылдап (Абай). Жігіттерді ерте жатқызып, ерте оятатын отағасы –Есламқұл – Томаршаның немере ағасы (Ғ.Мүсірепов). Қаншама қысып сұраса да, ұйымдастырушыларды таба алмады (Х.Есенжанов). Шырақтарым, тұс-тұстан келсеңдер де, туғанымдай болып қалып едіңдер.

189-тапсырма. Төмендегі үстеулерге қарсы мәнді үстеулерді тауып, көрсетілген жолдарға толтырыңыздар.

Ү л г і: Жоғары-төмен.

Ілгері Бұрын Әрі Мұнда Ерте Ішке 1..................................... 2..................................... 3..................................... 4..................................... 5..................................... 6.....................................   Алға Ертеңгісін Астыртын Сыртқары Жаздыгүні Биыл 1..................................... 2..................................... 3..................................... 4..................................... 5..................................... 6.....................................  

190-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына назар аударыңыздар. Халқы, оның тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тіккен батырлардың ерлік өнегесін үлгі тұтыңыздар. Сөйлем мүшелерінің астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

«Ер Тарғын» жыры – өзінің идеялық-көркемдік сипаты жағынан қазақ батырлар жырының ішіндегі таңдаулы шығармалардың бірі. Жырда ерлік, елдік, жақсылық пен жамандық, кіршіксіз адал махаббат секілді өзекті мәселелер көтерілген. Басқа батырлар жыры сияқты, «Ер Тарғын» жырының негізінде де тарихи оқиғалардың ізі жатыр. Халқымыздың басынан кешкен тарихи-әлеуметтік оқиғалар, халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, рухани тіршілігі, арман-мұраты көрініс береді. Жырда халқы, оның тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тіккен, еліне қамқор, пана бола алған батырдың ерлік, адамгершілік бейнесі өрнектелген. Халық сонау баяғы заманда өткен адал перзентінің ерлік өнегесін келесі ұрпағына үлгі етіп қалдырған.

 

 

6-апта. 16 тәжірибелік сабақ;

Грамматика: Толықтауыш. Тура және жанама толықтауыштар.

191-тапсырма. Қазақтың ұлы ағартушасы – Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолынан мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар.

ХХ ғасырдың басындағы алты алаштың арыстары

* * * * *

Ахмет Байтұрсынов – қазақ тілі мен әдебиеттану

ғылымының негізін салушы, ірі тюрколог (1873-1973)

Жол көрсеттім қазақ деген намысқа,

Жол сілтедім жақын емес, алысқа.

Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,

Дедім сен де қатарыңнан қалыспа.

(А. Байтұрсынов)

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы ағартушысы, ірі ғалым-лингвист, түріктанушы, ақын, аудармашы, әдебиет зерттеушісі, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Туған жері – бұрынғы Торғай уезінің Тосын облысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).

А. Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім- ғылымға, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенеуліктердің опасыздығын сынады.

Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағы 1909 ж. Санкт- Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңында өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.

А. Байтұрсынұлының екінші кітабы – «Маса» (1911). Бұл кітабына енген өлеңдерінде ақын қараңғылықты, надандықты сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы ойларды жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғамдағы істерге көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» және т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптарының ішкі сазы мен ой-өрнегі, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.

Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының мазмұны тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған.

Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап жариялады. А. Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі – «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болады.

Бұл кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулары мен тармақтары сөз етіледі. Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары – шежіре, заман хат, өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме, шешен сөз, оның түрлері, білімді шешен сөз деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді.

А. Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдері, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды. Ол қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға- тәсілдерді жаңаша талдауға жаңаша анықтамалар берді.

Қазақ фонетикасы мен граммтикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады.

А. Байтұрсынұлы қазақ тіл білімін ХХ ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.

А. Байтұрсынұлы отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты ағартудан басқа жол жоқ екенін, надандықпен, қараңғылықпен күресу керектігін толық түсініп, бар ғұмырын осы жолға арнады. Қуғын-сүргінге түсті – мұқалмады; түрмеге қамалды – жасып, жұқармады. Мұғалім болып, бала оқытып, жас ұрпақтың көзін ашты; газет шығарып, мақала жазып, ұйқыдағы ұлтын оятып, замана аңғарын түсіндірді; өлең жазып, мақсат-мүддесін танытты, түрлі қызмет істеп, үлгі-өнеге көрсетті.

Оның халқына адал қызмет етуге арнаған бар ғұмырына «Халық жауы» деген жала ат тағып, оны атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың беті ашылды. Ұлтын сүйген, ұлтжанды Ахмет Байтұсынұлы ақталды.

Сөздік:

мұң-мұқтаж – желание; просьба

отаршылдық – колонизация

сөз орамы – оборот речи

шеберлік – ловкость; умение; мастерство

жоқтау – оплакивание умершего; причитать по умершему

жыр – песня; причитание; рассказ в стихах; былина о героях

шежіре – родословие; летопись; родословная история

мұқату – высмеивать; потешаться; издеваться; унижать

мұқалмады – не унижался

жасу – унывать; отчаиваться; становиться робким; несмелым

жасымады – не отчаивался; не унывался

192-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

193-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіндегі толықтауыштарды тауып, оларға сұрақтар қойып, астын сызыңдар.

Ү л г і:

А. Байтұрсынұлы бұл еңбегінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңыз+ы+н (несін?) ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуен+і+ н (несін?) талдауға көбірек көңіл бөлген. Маңыз+ы+н, әуен+і+н сөздері табыс септігінде, тәуелдік септеу формасында тұрған толықтауыштар. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыр+ы+н, тараулары мен тармақтар+ы+н, тіл әуезділігінің қыруар шарттар+ы+н, сөздің өлең болатын мәніс +і+н, өлең айшықтар+ы+н, шумақ түрлер+і+н, тармақ тұлғалар+ы+н, бунақ буындар+ы+ н,ұйқастығ+ы+н (несін?) сөз етеді.

Бұл сөйлемдегі сырын тармақтарын, шарттарын мәнісін, айшықтарын, түрлерін, тұлғаларын, буындарын, ұйқастығын сөздері табыс септігінде, тәуелдік септеу формасында тұрған бірыңғай толықтауыштар. Ал қыры (қырын), тараулары (тарауларын) сөздері табыс септігінің жасырын формасында тұрған толықтауыштар.

194-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіндегі жанама толықтауыштардың астын сызыңыздар.

Ү л г і:

А. Байтұрсынұлы Еуропа жұрты+нда (кімде?) сындар әдебиетінің бай тәжірибесін меңгеру+ге (неге?) бет алушылық, қазақ көркем сөз істері+нде (неде?) сәйкестік, үйлесімділік тапқанын айтады. Жұрты+нда, меңгеру+ге, істер+нде сөздері барыс, жатыс септіктерінде тұрған толықтауыштар. А. Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі реті+нде (неде?) қазақ әдебиетінің даму процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар әдебиетіне ортақ сипаттар+мен (немен?) ұштастыра талдауға тырысады.

195-тапсырма. Мәтіннің үшінші мағыналық бөлігінен тура және жанама толықтауыштарды тауып, олардың ережесін түсіндіріңіздер.

Ү л г і:

А. Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның бір саласы – көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармалары+н (нені?) қазақ тілі+не (неге?) аударып, көркем қазынаның бұл саласы+н (нені?) байыту+ға (неге?) мол үлес қосты.

 

Толықтауыш (Дополнение)

Сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын тұрлаусыз мүшені толықтауыш дейміз. Толықтауыш барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің сұрақтарына жауап береді. Кімді? нені? кімге? неге? қайда? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен?

Мысалы: Атасы баласын шақырды. Оған көмектесу керек.

Толықтауыштың 2 түрі бар: 1. Тура толықтауыш. Табыс септігінде келетін толықтауышты тура толықтауыш дейміз. М.: Мен хатты (нені?) Шұғаға жазып отырмын (Б.Майлин). 2. Жанама толықтауыш. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде келетін толықтауышты жанама толықтауыш дейміз. М.: Мен тұрып кемпірмен (кіммен?) қоштастым (Б. Майлин). Тілде тиек, ерінде сүйек жоқ (мақал).







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 1057. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия