Студопедия — Дауыссыз дыбыстар (Согласные звуки )
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дауыссыз дыбыстар (Согласные звуки )






Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай (по участию голоса и шума) үш топқа бөлінеді: 1. қатаң; 2. ұяң; 3.үнді;

Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар (глухие согласные) деп атайды.

1. Қатаң дауыссыздарға: п, ф, к, қ, с, т, ш, щ, х, ц, ч дыбыстары жатады.

Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атайды.

2. Ұяң дауыссыздарға: б, в, г, ғ, д, з, ж, һ дыбыстары жатады.

Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дыбыстарды үнді дауыссыз (сонорные согласные) дыбыстар деп атайды.

3. Үнді дауыссыздарға: р, л, й, у (тау), м, н, ң дыбыстары жатады.

246-тапсырма. Берілген сөйлемдерден ұяң дауыссыз дыбыстарының астын сызыңыздар.

Ү л г і: Ұлы Ж і б ек ж олы б атыс пен шы ғ ыс ел д ерін екі мың ж ыл д ай уақыт ішін д е ү зб ей ж ал ғ астырып ж атты.

Жібек жолымен келе жатқан керуен Еділ өзенін өткен соң, ең әуелі Алтын Орда хандығының кішігірім қалаларына бұрылып, демалып алып Сарайшықта түнейді. Ұшы-қиыры жоқ сары сахараның бетінде ай жүріп, жыл жүріп келгенде, алғаш тоқталатын үлкен қала – Арал теңізі маңындағы Жент шаһары болатын. Содан кейінгі қорғаны биік, жиһазы мол, салтанаты ерекше – Баба ата,Түркістан, Отырар, Тараз, Баласағұн, Жаркент қалалары тізіліп жататын.

247-тапсырма. Мәтіндегі сөздерді үш бағанаға бөліп жазып, ондағы ұяң, қатаң, үнді дауыссыз дыбыстарының астын сызыңыздар. Ұлы Жібек жолы туралы тарихи деректерді есте сақтаңыздар.

Ү л г і:

Қатаң Ұяң Үнді
қабатты, қамал, қала, көне, шапқыншылық, сұрапыл, соғыс, қанды шайқас ғұламалар, бекініс, қорған, мыңдаған жылдар, сауда, Жібек жолы, ғимарат салу халық, тарихында, мәдениеттің, жазу үлгісі, ғимарат салу, ертедегі қамал

Отырар және Ұлы Жібек жолы. Отырар қаласын Ұлы Жібек жолынсыз елестету, зерттеу, әңгімелеу мүмкін емес. Осыдан мың жыл бұрын Ұлы Жібек жолының бір тармағы – көне Византия елінен шығып, Европа жерін аралап, Киев Русін басып өтіп, қазақ жеріне жеткен. Осы қазақтың қиырсыз кең сахарасын басып өтіп, Қаратау мен Алатауды жағалап, Балқаш көлін айналып, Қытай еліне асып жөнеліп жататын.

Ұлы Жібек жолының келесі бір тармағын – таяу Шығыста жатқан араб елдерін түгел аралап, Мысыр асып, Бағдат басып, көне Ауған жерімен жылжып отырып, Қытайға баратын.

Мың жылдан бері ел мен елдің арасында жойылмай келе жатқан дәстүрлер осы жол арқылы байланысқан.

 

248-тапсырма. Қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарын көрсетілген торларға толтырыңыздар.

       
   

 

 


2. Ұяң дауыссыздары:

 

 

 

 


7-апта. 21-тәжірибелік сабақ;

Грамматика: Дауысты дыбыстардың бөлінуі. Қазақ тіліне тән дыбыстар.

249-тапсырма. Қазақстанның бұрынғы астаналары туралы берілген мәтінді мұқият оқып, түсініп, өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар.

Қазақстанның астаналары – Орынбор,

Қызылорда, Алматы, Астана қалалары

* * * * *

О р ы н б о р қ а л а с ы

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Орынбор қаласы Қазақ халқының саяси және мәдени орталығы, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін қала 1920-1925 жылдар аралығында Қазақ АССР-нің астанасы болып бекітілді.

...XX ғасыр – қазақ мемлекеттігі тарихының жаңа белесі болды. Самодержавие құлады. Ақ патша тақтан тайды. Ұлы дала, дауыл алдындағы теңіздей тына қалды.

Ресейдегі қорған қала – Орынбор саяси оқиғалардың орталығына айналды. Совет үкіметінің алғашқы жылдарында қазақ интеллигенциясының едәуір бөлігі Орынбордың оқу орындарында оқып, білім алды. Қазақстанның съездерінің барлығы осында өтетін. «Алаш» партиясы ұйымдастырылып, Алашорда үкіметі құрылды. Халықтың ұраны – демократиялық республика, ұлттық дербестік және әділеттілік деп жарияланды. Алайда, алаш азаматтарының арманы орындалмады. Арпалысқан азамат соғысы басталып, көп ұзамай, Орынборды қызылдар басып алды.

Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары – «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті осы қалада басылып шықты. Бұлардан басқа да басылымдар мен кітаптар көптеп шығарылды. Сол кездегі қазақ зиялылары осы қалада бас қосып, осында шоғырланды. Олар саясатпен, халық ағарту ісімен шұғылданды.

Орынбор қаласының өнеркәсібінде машина жасау, металл өңдеу басты рөл атқарады. Станоктар, құрал-сайман, тамақ өнеркәсібі үшін машиналар, электро-механикалық және темір жол транспортын жабдықтайтын зауыттар бар. Қала маңынан ірі газ орны табылып, игерілуде. Тамақ, жеңіл өнеркәсіптері де өркендеген. Комбинаттар жұмыс істейді.

Орынбордың негізгі тарихи орындары 1734 жылы салынған қамалға орналасқан (қала қақпасының қалдықтары салынған). Қала 1930 жылдан қарқынмен өркендеп келеді. Жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындары, театрлар, музейлер жұмыс істейді.

250-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

251-тапсырма. Қазақ тіліндегі дыбыстар туралы ұғымды қайталап, өткен материалдарды еске түсіріңіздер.

Дауысты дыбыстардың бөлінуі

(Классификация гласных звуков)

1. Дауысты дыбыстар (гласные звуки) а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы,,і, и, у; 2. Жуан дауысты дыбыстар (твердые гласные звуки) – а, о, ұ, ы; 3. Жіңішке дауысты дыбыстар (мягкие гласные звуки) – ә, е, ө, ү, і. 4. Қазақ тіліне тән дауысты және дауыссыз дыбыстар (специфические гласные и согласные звуки казахского языка) – ә, ө, ұ, ү, і, ғ, қ, ң, һ;.

Тілдің қатысына қарай (По положению языка) – жуан, жіңішке; еріннің қатысына қарай (по участию губ) – еріндік, езулік; 3. Жақтың қатысына қарай (по степени раскрытия рта) – ашық, қысаң болып бөлінеді.

Сөйлемдерден жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ажыратып, олардың дұрыс оқылуына назар аударыңыздар.

Қорғасынды қолдана бастау уақыты мыспен бірдей. Мыстан оның айырмашылығы – қорғасынды кеннен тек балқытып қана алу мүмкін болды. Табиғатта табиғи қорғасын өте сирек және өте аз кездеседі.

Сөйлемдерді көшіріп жазып, ондағы еріндік және езулік дауыстыларды екі бөлек бағанаға бөліп жазыңыздар.

Бірінші рет металды күмісті өзен құмын жуу арқылы емес, жыныстағы желіден алған. Алтынға қарағанда оны алу қиынырақ. Содан болу керек алғашқы кезде ол алтыннан қымбат бағаланды.

252-тапсырма. Ашық, қысаң, дауыстыларды атап, оларға мысалдар келтіріңіздер.

253-тапсырма. Мәтіннің алғашқы бірінші жартысынан қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді теріп жазып, олардың сауатты дыбысталуына назар аударыңыздар.

254-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырып, дауысты

дыбыстарды атаңыздар.

Орынбор өлкесі, қазақтардың тарихы, қарым-қатынастар, Орынбордағы рудалардың түрлері, қалпына келтірілді, өндірілді, жерлерді қамтыды, мұражайлар, әскери күш, сауда алаңы, астана, тәуелсіздік.

255-тапсырма. Мәтінмен танысып, мазмұндаңыздар.

Қ ы з ы л о р д а қ а л а с ы

Қызылорда қаласының бұрынғы аты – Ақмешіт. Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі ірі қала. 1926-1929 жылдар аралығында Қазақстанның астанасы болды. Бұл қаланы таңдаудың себебі – Ақмешіт қазақ даласының ортасында орналасқан, екіншіден, Ташкент темір жолы Ақмешітті елдің барлық өлкелерімен байланыстырады. Оның үстіне қала Сырдарияның жағасында тұр.

Бұрынғы Ақмешіт кейіннен Қызылорда болып өзгертілген. Оны осылай өзгертуге ұйытқы болған және оған күш салған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанов болды. Ол сонымен қатар «киргиз» деген атаудың «қазақ» болып, елдің Қазақстан деп аталуына да зор ықпал етті.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары Қызылорда облысында шаруашылықтың барлық салалары жандана бастады. Қаратаудағы қорғасын мен мырыштың бай қоры негізінде Шалқия кеніші жұмыс істей бастады. 1992 жылдан бері Құмкөл кен орнынан сапасы жоғары мұнай өндіріледі. Уран кенінің (Қарамұрын) өндірістік қуаты жылына 700 тоннаға жеткізілді. Емдік қасиеті бар балшық, шипалы минерал судың көздері пайдаланылады. «Жаңа қорған» курорты жұмыс істейді.

Республикадағы бірегей целлюлоза қағаз комбинаты, күріш машиналарын шығаратын «Қызылордакүрішмаш» АҚ, Құрылыс материалдары комбинаты, басқа да зауыттар мен фабрикалар, Аралтұз комбинаты облыс экономикасын дамытуда елеулі орын алады. Қызылорданың өзінде де астық, ет, сүт өнімдері комбинаттары бар.

Астана болған кезде Қызылорда көркейіп, құлпыра түсті. Кітапханалар мен мектептер ашылды. 1920-1929 жылдарда Қазақ драма театры құрылды. «Еңбекші қазақ», «Алаш», «Жас Алаш» газеттері басылып тұрды. Бірақ Орталықтың республикаға саяси қысымы күшейді. Жаппай қуғын-сүргін басталды. Алашорда азаматтарын қызметтерінен қуып, жер аударып, абақтыға қамап, ату жазасына бұйырып жатты. Халықты естен кетпес трагедия, сұмдық террор мен аштықтың азабы күтіп тұрған еді. Тарихтың қазақ мемлекеттігінің алғашқы дәуірінен жазыла бастаған Қызылорданың астаналық тарихы осылай аяқтады. Араға көп жыл салып, бұл қала мемлекеттік жалауды қайта желбіретті.

256-тапсырма. Алматының тарихы туралы деректермен танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.

Алматы – ғылымның, мәдениеттің орталығы, Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы

Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, ҚР-ның оңтүстік-шығысында орналасқан. Қаланың Алматы аталуы тегін емес, ол алмалы жер. Бау-бақша технигі С. Иванов 1916 ж. жазған «Алматы» атты мақаласында: «Алматы – қырғыз сөзі және орыс тіліне аударғанда «алмалы жер» деген мағынаны білдіреді»,- деген.

Бұл атаумен Верный қаласының аумағын атаған, өйткені жергілікті жерлер жабайы алманың таралуымен ерекшеленген. Оңтүстік астана – Алматыны (орысша транскрипциясында) апортпен байланыстырады.

Қаланың атына апорт емес, жабайы алмалардың негіз болғаны айтылады. Белгілі өлкетанушы И.Л. Брызгалов пен академик Н.И. Вавилов 1928 ж. Алматыға келіп, кіші Алматы өзенінің бойында өскен алмаларды көріп, мұншама көп жабайы алмаларды еш жерде көрмегендіктерін және мүмкін бұл жер шынымен нағыз мәдени алманың отаны шығар,- деп айтқан. Апорт Жетісудың эмблемасы болды. Оны «патша-алма», алмалардың «әкесі» деп бекер айтпаған.

Қаланың даму тарихы б.з.д. 10-9 ғ., 7ғ., б.з. 8-10 ғ., 10-14 ғ., 15-18 ғасырларды қамтиды. Қаланың жаңа тарихы 1854 жылдың 4 ақпанында Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верный қаланған кезеңінен басталады. 1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды.

1921 жылдың 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атын өзгерту туралы шешім қабылдады. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитеті бұйрық шығарды: «Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы – Алма-Атаға өзгертілді».

Алматының Қазақстанның астанасы болуына байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты – Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша, қалыптасқан тарихи маңызы бар құбылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту негізделді.

1993 жылғы шешім бойынша, қаланың атауы – Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.

1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы заң қабылданды. Бұл заң бойынша, Алматы – ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.

Бүгінгі таңда Алматы – жастардың қаласы, ҚР-ның оңтүстік астанасы, білімнің, ғылымның, мәдениеттің, қаржылық және өндірістік орталық болып күннен-күнге гүлденіп, шарықтап дамуда.

257-тапсырма. Мәтінді оқып, бас қала, жас қала – Астана туралы деректерді есте сақтап, мазмұндаңыздар.

Астана – Қазақстан Республикасының елордасы

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін алда тұрған қыруар міндеттер мен атқарылатын істердің бірегейі аймақ тұтастығын сақтау, демографиялық орнығуды реттеу сияқты мәселелер болды. Өйткені жергілікті ұлт саны оңтүстік өңірлерде жиі шоғырланғанымен, солтүстік өңірлерде пайызға шаққанда тым аз мөлшерде болды. Біріншіден Солтүстік өңірлерде жергілікті ұлт санын арттыру мақсатында, екіншіден географиялық жағынан елдің де, Еуразияның да кіндігінде орналасқан қала болған соң, Ақмола Қазақстанның астанасы болуға бірден-бір ыңғайлы қала деп танылды.

Аз уақыттың ішінде екі жүз мыңға жетпейтін халқы бар қала алты жүз мыңнан асып кетті. Астанада 600 000 адам тұрады (2004). Қазір қаланың аумағы 200 km² алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысы, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие. Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 ж. Қалаға Целиноград атауы берілді. 1997 ж. Егемен Қазақстанның Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 ж. мамырда жаңа елорданың атауы – Астана болып өзгертілді. 1998 ж. 10 шілдеде Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша, Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұндай атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі, әрі қуатты өсуге, тұрақты этникалық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі.

Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

Есіл өзенінің екі жағасы Еуропа мен Азияның озық үлгісіндегі жаңа сәулетті кешендермен әрленіп шыға келді. Кейінгі жылдары қала маңын көріктендіру қызу қолға алынып жатыр. Астана ғасырымыздағы ең озық, ең әсем қалаларының бірі болатыны даусыз.

 

8-апта. 22-тәжірибелік сабақ;

Грамматика: Көсемше. Көсемшенің жасалуы.

258-тапсырма. Туған халқына ғасырлық туынды сыйлаған ұлы тұлға –

М. Әуезовтың шығармашылық жолынан мәлімет алып, мағынасын түсініп, мәтінді мазмұндаңыздар.

Кеңес заманындағы ғылым мен техниканың;

дамуына үлес қосқан ғалымдар

* * * * *

Ұлы жазушы – Мұхтар Әуезов

(1897-1961)

Әуезов Мұхтар Омарханұлы – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, әдебиеттану ғылымының негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының тұңғыш докторы, профессор. Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Туған жері – бұрынғы Семей үйезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы).

Ата-анасынан ерте қалған Мұхтардың орыс, қазақ мәдениетіне, Абай өлеңдеріне, аудармаларына көңіл бөлуіне атасы Әуездің ықпалы болды.

Мұхтар Семейде 5 жыл қалалық училищеде, 4 жыл мұғалімдік семинарияда оқып, орыс және Батыс Европа әдебиетімен кең танысты. Ол Шекспирдің «Отелласын», Гогольдың «Ревизорын», Тургеневтің «Дворян ұясы» деген романдарын қазақ тіліне аударды.

1917 жылы «Еңлік-Кебек» атты тұңғыш драмасын, 1921 жылы проза жанрында «Қорғансыздың күнін» жазды.

Жазушыға «Абай» романы үшін СССР Мемлекеттік, ал «Абай жолы» романы үшін Лениндік сыйлық берілді. 1959 жылы М. Әуезов Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен марапатталды.

XX ғасырдағы қазақ халқының ұлттық рухани дамуындағы ұлы тұлғалардың бірі –

М. Әуезов. Ол – үлкен суреткер, дарынды драматург, аудармашы, белсенді сыншы, сондай-ақ ғұлама ғалым. М. Әуезов жазушылық өнер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын қатар алып жүріп, бұл салада ірі еңбектер қалдырды.

М. Әуезовтың Абай мұрасын ғылыми тұрғыдан танып-білуде жарты ғасырға таяу ізденіс үстінде туған көп салалы ғылыми-зерттеу еңбектері абайтанудың қол жетпес заңғар биігіне айналып отыр. Бұл еңбектердің нәтижесінде, М.Әуезов қазақ әдебиеті тарихының саласы – абайтанудың негізін салушы, әрі ол мұраны ғылыми-шығармашылық жолмен бүкіл әлемге таныту арқылы әдебиеттану саласында қайталанбас дарынды тұлға ретінде танылып, мойындалды.

«Абай жолы» – М. Әуезовтың бас кітабы. Ол: ««Абай», «Абай жолы» романдарын жазу деген менің күллі шығармашылық тіршілігімдегі түбегейлі әрекетім»,- деп жазады. Сондай-ақ жазушының: «Менің тілімде Абай тілінің өрнек-бояуы бар. Менің романымды терең ұғамын десеңдер Абайды, Абай поэзиясын оқыңдар»,- деп айтқаны да бар.

«Абай жолы» – халық жолы. Абайдың елі, жұрты, қоғамдық ортасы, әлеуметтік қоршауы, дәуірі, заманы туралы романдары – М. Әуезовтың қолындағы шамшырағы еді. Ол өзінің шығармалары арқылы зорлық-зомбылық, жауыздық, әділетсіздікті жазды, халыққа танытты.

М. Әуезовтың қазақ поэзиясының өткен ғасырдағы классигі Абайдың өмірі мен творчествосын тереңдеп зерттеуі – үлкен ғылыми ерлік. Абай шығармаларының жинағы он шақты рет басылып шықты, «Абай жолы» романы отыз шақты елдің тіліне аударылды. Осы роман арқылы ол қазақ халқын дүние жүзіне танытты.

«Абай үш түрлі білім қазынасынан сусындады»,- деп жазады ғалым. Олар: біріншісі – қазақ халқының ауыз әдебиеті, екіншісі – шығыстың (араб, парсы, түрік) классикалық поэзиясы; үшіншісі – орыс халқының мәдениеті және сол арқылы еуропалық мәдениеттің бай қазынасы. Абайдың озық орыс әдебиетінен үйренгендігі ғалымның «Орыс классиктері мен Абай», «Орыс реализмінің дәстүрі және революцияға дейінгі қазақ әдебиеті», «Пушкин мен Абай» атты ғылыми мақалаларында сөз болады.

М. Әуезовтың ғылыми мұрасы ұшан-теңіз. Оның ұзақ жылғы шығармашылығына зер салса, оның үлкен екі арнасы зерттеушілердің назарын ерекше аударады: біріншісі – абайтанушылығы; екіншісі – фольклортанушылығы. Жазушының әдеби-ғылыми мұрасының екі алтын діңгегі – осылар. Дүниежүзіне әйгілі «Абай жолы» эпопеясының авторы

М. Әуезовтың әдеби мұрасы тарихшы, филолог, педагог ғалымдарының еңбектерінде қолданылып келеді.

М.Әуезовтың жеке басы – тым ірі тұлға. 1961 жылы ол қайтыс болғаннан кейін ҚР Үкіметі қаулы қабылдап, оның есімін ҒА-ның Әдебиет және өнер институтына, Қазақтың мемлекеттік Академиялық драма театрына, бірқатар мектеп, көшелерге берді және Алматының бір ауданы М. Әуезовтың атымен аталады.

Сөздік:

дарын – гений; талант; способный; одаренный; талантливый;

заңғар – высочайший; громадина

мұра – наследие; наследстово; памятник

түбегейлі – кардинальный; коренным образом; основательный; окончательно

зорлық-зомбылық – насилие

жауыздық – зловредность; злодейство; коварство; подлость

259-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

260-тапсырма. Мәтіннен көсемше тұлғасында тұрған сөздердің астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ү л г і:

М.Әуезов Абайға арнап үлкенді-кішілі мақалалары бар, монографиялық зерттеулері бар, барлығы елуден аса еңбек жаз+ып+ты. Олар: «Абай ақындығының айнасы», «Абай еңбектерінің биік нысанасы», «Абайдың идеялық-мәдени ізденулері» сияқты зерттеулерінде ақын шығармашылығының қалыптасу ерекшеліктері сөз бол+а+ды.

«Жаз» – түбір етістік; «ып» – өсемшенің жұрнағы; «ты» – III жақтың жіктік жалғауы; «Жазыпты» сөзі өткен шақ көсемше тұлғасында тұр (III жақ, ол жазыпты). «Бол» – түбір етістік; «а» – ауыспалы шақ көсемше жасап тұрған жұрнақ; «ды» – III жақтың жіктік жалғауы; «болады» сөзі көсемше тұлғасында (ол болады, III жақ) жіктеліп тұр.

261-тапсырма. Берілген көсемшелерді жекеше, көпше түрде жіктеңіздер.

Ү л г і:Білмей: білмей +мін, білмей+ сің, білмей+ сіз; білмей+ ді; білмей+ міз, білмей+ сіңдер, білмей+ ді.

Айтып, барып, келіп, жібере, бере, көре, сөйлей, болмай, қала, шығара, байқай.

 

Көсемше (Деепричастие)

Тиянақсыз тұлғада келіп, көмекші етістіктермен тіркесу арқылы күрделі етістік тудыратын етістіктің түрін көсемше деп атайды.

Деепричастие, как и причастие относится к глагольным формам. Оно обозначает второстепенные действия и служитпризнаком другого действия. Деепричастие отвечает на вопросы қайтіп? (каким образом?), не істеп отыр? (что делает?), не істеді? (что сделал?), не істегелі жатыр? (что собирается делать?) и т. д.

 

Көсемшенің жасалу жолдары:

1. Ауыспалы шақ көсемше (Деепричастие переходного времени): -а, -е, -й ( келме+й, сана+й, көр+е, айт+а, сыз+а, бер+е, біл+е, оқыма+й).

2. Өткен шақ көсемше (Деепричастие прошедшего времени): -ып, -іп, -п (көр+іп, кел+іп, оқ+ып, ойла+п, бар+ып, ал+ып, қал+ып, сөйле+п).

3. Келер шақ көсемше (Деепричастие будущего времени): -қалы, -келі, -ғалы, -гелі (бітір+гелі, ұнат+қалы, бар+ғалы, білдір+гелі, сөйлес+келі, кет+келі, айт+қалы)

262-тапсырма. Төмендегі етістіктерден көсемше жасап, оларды үш бағанаға бөліп жазыңыздар. Бірінші бағанаға ауыспалы шақ көсемше, екінші бағанаға өткен шақ көсемше, үшінші бағанаға келер шақ көсемше тұлғасында жазыңыздар.

Ү л г і:

Өткен шақ көсемше Ауыспалы шақ көсемше Келер шақ көсемше
Зертте+п+ті, атқар+ып+пын, кел+іп+сің, сұра+п+сыз. Оқыма+й+ды, күт+е+ді, мақұлда+й+ды, айт+а+ды. Айналыс+қалы, жарияла+ғалы, кет+келі, көтер+гелі.

Болу, көшу, күресу, суреттеу, жаттау, үйрету, табылу, даму, әңгімелеу, қазу, араласу, бастау, қолдау, кездесу, ашу, баяндау, түсіндіру, санау.

263-тапсырма. Көсемшелерді етістіктермен тіркестіріп, күрделі етістіктер жасаңыздар.

Ү л г і:

Жабу Жүру Қатысу Түсу Сынау Көрсету Қону Шегіну Сөйлеу Бару жап+қалы жүр+гелі қатыс+қалы түс+іп сына+п көрсет+келі қон+ғалы шегін+е сөйле+й бар+а 1. Жап+қалы жатыр. 2. Жүр+гелі отыр. 3. Қатыс+ып жүр. 4. Түс+іп келеді. 5. Сына+п көреді. 6. Көрсет+келі барады. 7. Қон+ғалы кетті. 8. Шегін+е тоқтады. 9. Сөйле+й кірді. 10. Бар+а шешеді.  

Қарағалы, жинап, жасай, жүре, атай, тапсырып, көрсетіп, бітіре, тағайындалғалы, көшпелі, ұсына, қабылдап, қайтара, өзгергелі, жөндегелі.

264-тапсырма. Сөйлемдердегі көсемше тұлғасында тұрған сөздердің астын сызып, олардың қай шақта тұрғанын ажыратыңыздар.

М. Әуезов 1922 жылы күзде Орынбордағы ірі мемлекеттік лауазымды қызметін тастап, Орта Азиялық Түркістан университетіне (Ташкент қаласы) ерікті тыңдаушы болып кіреді де, «Шолпан» журналында қызмет істей бастайды. Ташкентте бірнеше әңгімесі басылады.

1923 жылдың қазан айында М. Әуезов Ленинград мемлекеттік университетінің филология бөлімшесіне оқуға түседі. Орыс географиялық қоғамының Шығыс-Сібір бөлімшесінің мүшесі ретінде М. Әуезов Семей секциясы Кеңесінің құрамына кіреді.

1925 жылы жаз айында М. Әуезов Жетісу ауылдарын аралайтын экспедицияға шығып, қазақ халқының ән-фольклор шығармашылығының үлгілерін жинайды.

265-тапсырма. Көп нүктенің орнына көсемшенің тиісті жұрнақтарын қосып жазыңыздар.

1990 жылы М. Әуезов Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты бол...

сайлан..., онда Кеңес Президиуымының мүшесі бол...ды. «Абай жолы» романының бірінші томы 1952 жылы, екінші томы 1954 жылы басыл..., шығ...ды. Роман жазамын деген ойымда жоқ, шәкірт кезімде атам Әуездің әңгімелерін тапжылма..., ұзақ тыңдайтын едім. Әйгерім небір жайларды әңгімеле... беретін. Материал жина... жүр..., мен Абайдың достарымен әңгімелес... көрдім. Оның бойындағы ең абзал қасиеттің жиынтығы бол... табыл...ды. 1918 жылы М. Әуезов пен Ж. Аймауытов Семейде «Абай» журналын шығар...ды.

266-тапсырма. Мақал-мәтелдердегі, өлең жолдарындағы көсемше жасап тұрған жұрнақтардың астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ақылды кісі азбайды, Ақылды адам арын қорғайды,

Асыл бұйым тозбайды. Сараң адам малын қорғайды.

* * * * *

Сауатсыздың сөзіне сүрініп құлайсың.

* * * * *

Қазақ қазақ болғалы, Ел болудан қалғаны.

Өз алдына ел болып, Бұхарадан келген тайқазан

Оңаша бір қонғалы, Бәрі адыра болғаны...

Хандығынан айырылса –

267-тапсырма. Мәтіндегі көсемше тұлғалы баяндауыштардың астын сызыңыздар.

Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді. Жер планетасының болашағын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның ұйымдастыру қабілеті жетеді. Осы саладағы біздің «Еуропадағы жол» бағдарламасы үлкен қызығушылық туғызып отыр. Бұл бағдарламадағы басты мақсат – еліміздегі реформаның бәрін еуропалық стандартқа сай жүргізу болып табылады. Ұлтаралық келісім мен татулықтың Қазақстандық үлгісін әлемдік кеңістікке ұсыну да назардан тыс қалмайды. Әсіресе, құқықтық салада заңмен өмір сүру деңгейі кейбір тұстарда төмендеп жатады. Мемлекеттің мықтылығы өз заңын құрметтей білетін ұлтжандылығымен өлшенеді.

268-тапсырма. Жақшаны ашып, жақша ішіндегі етістіктерді көсемшеге айналдырыңыздар.

Абай соншалықты рақаттанып (сүйсіну) күлді (М. Әуезов). Біз Жәнібек Кәрменовтың әнін (тыңдау) отырмыз. Кәмиланы (көрмеу) үш ай өтті. Бүгін бәрі де киіз үйлерін (жығу), жылы үйлеріне кіріп жатты. Мақсат менімен (сөйлесу) келіпті. Қамар мамасының мойнына (құшақтау), өзінің қуанышын айтты. Алматы апорты Жетісу өңірінің төл жемісі (болу) есептелінеді. Жетісудың алма бағын ерте ғасырлардағы саяхатшылар мифтік Эдем бағына (теңеу). Алматының апорты Қазақстанның символы (болу) келгені ақиқат. Қазіргі таңда апорт ағаштарының азаюына байланысты көкейкесті мәселелер (көтерілу) де біраз жылдар болды.

 

8-апта. 23-тәжірибелік сабақ;

Грамматика: Есімше. Есімшенің жасалуы.

269-тапсырма. Қ. Сәтбаевтың жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарынан, өмірі мен қызметінен мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар.

Қаныш Сәтбаев – ғалым-геолог

(1899-1964)

Қаныш Сәтбаев – қазақ халқының ұлы перзенті, көрнекті ғалым-геолг, қазақтың алғашқы кен инженері, Қазақ КСР ҒА-ның тұңғыш Президенті, академигі, қоғам қайраткері, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері – бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).

Қаныш Имантайұлының азамат болып қалыптасуына Абай, Шоқан, Ы. Алтынсарин, С. Торайғыровтардың үлгілі өмірі мен еңбектері әсерін тигізді.

Қ. Сәтбаев 1926 жылы Томск технологиялық институтын үздік аяқтап, тау-кен инженер-геологы деген мамандық бойынша диплом алған алғашқы қазақ болды. Институтты бітіргеннен кейін ол «Атбасцветмет» тіресінің геология бөлімін басқаруға жіберіледі. Бұл тіреске Жезқазған мыс кең орындарын, Байқоңыр көмірін зерттеу және Қарсақбай мыс зауытының құрылысын жалғастыру міндеттеледі.

1929 жылы трест Қарсақбайға көшірілгеннен бастап, Қ. Сәтбаев комбинаттың геологиялық-барлау бөлімінің геологы, бастығы болып, 1941 жылдың шілде айына дейін сонда тынымсыз еңбек етті. «Үлкен Жезқазған» деп аталатын алып мыс комбинатының дүниеге келуі, мысты өлкенің жан-жақты зерттеліп, оның мол байлығының игеріле бастауы Қ.Сәтбаевтың есімімен тығыз байланысты.

Қ. Сәтбаев Жезқазған кен орнында мыс қорының мол екендігін анықтайды. Ол геологиялық-барлау жұмыстарымен ғана шектелмей, геология ғылымының барлық саласы бойынша жұмыс жүргізді. Жаңа технологияны пайдалана отырып, сан-салалы геологиялық қызмет жүйесінің негізін қалады. Қ. Сәтбаев кен инженер-геологы ретінде тау-кен жұмысын да жақсы білетін, әртүрлі кен қазбаларын зерттеген, жер жүзіндегі мыс алқаптарындағы кеніштердің геологиясымен бірге, кен қазу технологиясын терең талдаған оқымысты. Жезқазғанда мыстан басқа 20 түрлі элементтер, оның ішінде рений, осмий және платина кездесетінін де көрсетіп берді.

Ғалымның есебінше, көне замандардан бастап Жезқазған жерінен бір миллион тоннадай мыс кені алынған көрінеді. Мысты өңір Жезқазған жерінде ғасырлар бойына тұнып жатқан мол қазына байлығы адамзатқа сонау көне заманнан белгілі болған. Зерттеушілердің пікірінше, көне қола дәуірінің өзінде-ақ адамдар осы өңірде мыс кенін өндірген. Қаныш Имантайұлы 1932 жылы 48000 мерт тереңдіктегі 1,5 шаршы шақырым жерде ғана 2 млн. тонна мыс қорының жатқанын, оның Одақ көлеміндегі экономикалық ең тиімді, әрі ең үлкен кен орны екенін дәлелдеген болатын. Ағылшындардың бар-жоғы 60 мың тонна ғана мыс бар деген жорамалы жоққа шықты. Оған қоса сол кездің өзінде-ақ ол Жезқазған кен орнының орталық бөлігінен басқа, жүзге тарта кен шөккен қыртыстардың барын, шашыранды кен ошақтарының көптігін, Бетпақдалада, Жаман-Айбатта және Сымтаста да мыс кені кездесетінін атап көрсетті.

1946 жылы маусым айында Қазақстан ҒА-сы құ







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 2547. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия