Студопедия — Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не?
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не?






Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары — экологиялық демография немесе демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалыптасып келеді. Демографиялық жарылыс – дүние жүзіндегі халық санының күрт өсуі. ХХ ғасырдың бас кезінде халық саны тез қарқынмен өсе бастады да, ғасырдың орта тұсында әсіресе екінші жартысында күрт көбейді. XX ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Соңғы 100 жылдағы өсімге Жердегі қазір өмір сүретін адамдардың 3/4-і сәйкес келеді. Ғасырдың екінші жартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млн.-ға артып отырды. Демографиялық дағдарыс - әлеуметтік, экономикалық, табиғи ықпалдардың әсерінен белгілі бір аймақтағы (елдегі, облыстағы, аудандағы) халықтың ұдайы өсуінің тежелуі Демографиялық дағдарысқа соғыс, әлеуметтік, экономикалық жағдайлар, мемлекеттің демографиялық саясаты т.б. тікелей әсер етеді. Қазақ халқы 20 ғасырда (1916 - 22) бірінші Демографиялық дағдарысқа ұшырады. Жер шары халқы алғашында өте баяу өскен. Мұны адамның табиғат апаттарына тәелділігімен, жиі болған соғыстармен және жұқпалы аурулардың кең таралуымен түсіндіруге болады. Мысалы, XIV ғасырда Еуропаны жайлаған оба дертінен халықтың шамамен 20%-ға жуығы қырылған. Өндірістің жетілуі, адамдардың тұрмыс жағдайының жақсаруы және медицинаның алға басуы нәтижесінде дүниежүзі халқы жылдам қарқынмен өсе бастады. Әсіресе XX ғасырда халық санының айрықша жылдам артуы байқалды. Мысалы, 1930 жылы Жер шары халқы 2 млрд адам болса, 1962 жылы — 3 млрд, 1976 жылы — 4 млрд, 1987 жылы — 5 млрд, ал 1999 жылы 6 млрд адамға жетті. Халық санының мұндай күрт өсуі демографиялық жарылыс деп аталады. Бұл құбылысты адамның өмір жасының ұзаруы, сәбилер өлімінің азаюы жағдайында туу көрсеткішінің өзгеріссіз қалуымен түсіндіруге болады. Дегенмен 1980 жылдардың ортасына қарай халық санының өсуі баяулай бастады. Бұл туу көрсеткішінің күрт кемуімен байланысты болды. Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақтанып, кейбір елдерде табиғи өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзіндегі халық саны көп елдер. Дүниежүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлудің арақатынасы) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей байланысты болса, халықтың көшіп-қонуына экономикалық және саяси алғышарттар, экологиялық ахуал себепші болады.

Діндердің орналасу кеңістігіне сипаттама беріңіз. Діндердің жіктелуі бойынша: әлемдік, дәстүрлі, ұлттық, этностық т.б. болып бөлінеді. Олардың өзара ерекшеліктері мен сипатын анықтаңыз

Діндер таралу ерекшеліктеріне қарай әлемдік, ұлттық және дәстүрлі болып бөлінеді. Саны жағынан христиандар басым.Олар дінге сенушілердің 5/2 бөлігін құрайды. Христиан діні котоликтік, протестант және православие ағымдарына жіктеледі. Қарапайым халық арасына тез тараған жаңа дін 324 жылы Рим империясының мемлекеттік діні деп жарияланып, Еуропаның басқа елдеріне тарала бастады. 1054 жылыбатыс және шығыс тармақтары арасындағыкеліспеушілік салдарынан хр.діні католиктік және православие ағымдарына ажырады. Ұлы геогр.ашулар заманында католиктік ағым Америкаға, Оңтүстік және Батыс Африкаға таралды.Ислам дінінің негізі 610 жылы Арабия түбегінде қаланды. Исламның дүниежүзіне таралуына арабтардың жаулап алу соғыстары мен сауда қатынастары ықпал етті. X ғасырда ислам діні Иран, Ирак, Орта Азия жерлеріне тарады. Мұсылмандар негізінен Азия жерінде шоғырланғанымен, олардың саны Африка мен Еуропада да едәуір. Мұсылмандардың жалпы саны жөнінен Индонезия, Үндістан, Пәкістан елдері алдыңғы орында. Ислам дінін ұстанушылар христиан дан кейінгі екінші орында.Буддизм әлемдік діндердің ішіндегі ең ежелгісі болғанымен бұл дінді ұстанушылар христиандар мен мұсылмандарға қарағанда әлдеқайда аз. Кейіннен буддизм негізінде қалыптасқан жаңа діни ағымдар мен этностық діндер ығыстыра бастады. Соған қарамастан, буддизм Қытайда, Жапония мен Кореяда кеңінен таралған; Мьянма, Шри-Ланка, Таиланд, Монғолия, Бутан, Вьетнам, Камбоджа және Лаоста басым дін болып табылады. Бұл діннің қауымдастықтары Оңтүстік және Оңт.Шығыс Азияның басқа бірқатар елдерінде де бар.







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 52304. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия