Студопедия — Мемлекет түсінігі, функциясы, түрлері мен формалары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мемлекет түсінігі, функциясы, түрлері мен формалары






Макро және Микро аймақтар дегеніміз не?

Неліктен әлем аймақтарының ішінен еуропа әлемдік дамыған аймақ ретінде саналады? Аймақтың басты экономикалық дамыған салалары мен елдерін көрсете отырып еуропаның дамуының себептері мен алғышарттарын көрсетіңіз.

Экономикасы дамыған елдерге БҰҰ сараптамасы бойынша: Батыс Еуропа елдері түгел, АҚШ, Канада, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия, Израиль елдері жатады. Бұл жерде жинақтаушы көрсеткіш халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өндіруі болып табылады. Өйткені ол, БҰҰ типологиялық әдістемесі бойынша, елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің ең маңызды көрсеткіші болып табылады. ЖІӨ дегеніміз — сол елдің жер аумағында өндірілген барлық тұтынатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер, мемлекеттік сатып алу мен іске жұмылдырылған капиталдың жиынтық күны. Сонымен қатар бұл жерде осы елдің ЖІӨ ішінен шетелдік компаниялар әкелген инвестициялар мен олардың сыртқа аударылған кіріс пайдалары және шетелдік жұмысшыларға төленген еңбекақылары есепке алынбайтын жалпы, ұлттық өнім (ЖҮӨ) өндіру де көрнекті көрсеткіш. Аса маңызды осынау қос көрсеткіш елдердің экономикалық күш-куатының әлеуетін керсетеді. Осы себепті аса жоғары дамыған елдерде бұл көрсеткіштер арасында елеулі айырмашылықтар жоқ.Норвегияның экономикасы айтарлықтай кең көлемде. Ел экономикасындағы негiзгi сала — мұнай. Исландия энергетика саласы жағынан озық. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде мұнай өнеркәсібінің орны ерекше. Мұнайды дүние жүзінің 80 елінде (жылына 3,5 миллиард тонна) өндіреді. 2000 жылғы дерек бойынша ірі мұнай өндіретін елдер (миллион тонна есебімен): Ресей (385), Ирак (100), Иран (115), Ұлыбритания (95). Электр энергиясын басты экспорттаушы елдер: Ресей, Украина, Венгрия, Франция, Швейцария; импорттаушы елдер: Италия, Нидерланд.Темір кені қазір 50 шақты елде өндіріледі. Дүние жүзіндегі ірі темір кенін өндіретін еуропа елдері (млн. т): Ресей (105), Украина (100). Болат қорытудан (млн. т):Ресей (90), Украина (50), Германия (50). Машина жасау өнеркәсібі осыдан 200 жыл бұрын Англиядағы өнеркәсіп революциясы кезінде пайда болған. Қазіргі кезде жұмыс істейтін адамдардың саны (80 миллионан астам) және өнімнің құны жөнінен ол дүниежүзілік өнеркәсіптің барлық салаларының ішінде 1-орын алады. Бұл аймақтарға кіретін елдердің көпшілігі үшін машина жасау — халықар маманданудың басты саласы болып табылады.

Неліктен еуропа аймағы әлемнің басқа аймақтарымен салыстырғанда дамыған болып саналады. Дамуға қажетті факторлар мен алғышарттарды анықтаңыз. Өзіндік тұжырымды дәлелдеңіз

Неліктен Африка аймағы әлем аймақтарының ішінде экономикалық-әлеуметтік дамуы потенциалы жағынан артта қалған болып табылады? Аймақтың артта қалушылығының негізгі себептері мен алғышарттарын анықтаңыз

Аймақтың экономикалық картасынан өнеркәсіп (негізінен астаналық аудандар) пен жоғары тауарлы ауыл шаруашылығының жекелеген ошақтары ғана көзге түседі.80-жылдары Африканың әлеуметтік-экономикалық жағдайы ерекше нашарлап, терең дағдарысқа ұласты. Даму қарқыны баяулады. Азық-түлік өндіру (жылдық өсімі 2 % шамасында) мен халықтың тұтынуы (3 % -ке өскен) арасындағы алшақтық артты; осының нәтижесінде астық импорты өсті. Оның үстіне, Африканы бұрын болып көрмеген құрғақшылық жайлады, ол континент елдерінің жартысынан астамын қамтып, тікелей 200 млн. адамды шарпыды. Африка сондай-ақ Батыс елдеріне борышқорлық қыспағында қалды. Сондықтан оны барған сайын "апат континенті" деп атай бастады.Африканың көптеген елдері экономикасының біржақты аграрлық–шикізаттық дамуы олардың көпшілігінің әлеуметтік-экономикалық артта қалушылығының басты себептерінің бірі болды. тұтас алғанда, Африка өзінің дамуында өте артта қалып келеді. Ол индустрияландыру деңгейі, аyылшaруашылық дақылдарының түсімі жөнінен дүние жүзі аймақтарының ішiнде coңғы орын алады. Елдердің көпшілігінде әлі күнге дейін шаруашылықтың салалық құрылымының отарлық түрі сақталуда. Оның айырым белгілері: 1) аз тауарлы, өнімділігі төмен ауыл шаруашылығының басым болуы, 2) өңдеyші өнеркәсіптің нашар дамуы, 3) көліктің өте артта қалуы, 4) өңдірістік емес саланың негізінен саудамен және қызмет көрсетумен шектелуі. Шаруашылықтың территориялық құрылымына өткен отарлық дәуірден сақталған жалпы артта қалушылық пен өте сәйкессіздік тән. Аймақтың экономикалық картасынан өнеркәсіп (негізінен астаналық аудандар) пен жоғары тауарлы ауыл шаруашылығының жекелеген ошақтары ғана көзге түседі. 80-жылдары Африканың әлеуметтік-экономикалық жағдайы ерекше нашарлап, терең дағдарысқа ұласты. Даму қарқыны баяулады. Азық-түлік өндіру (жылдық өсімі 2 % шамасында) мен халықтың тұтынуы (3 % -ке өскен) арасындағы алшақтық артты; осының нәтижесінде астық импорты өсті. Оның үстіне, Африканы бұрын болып көрмеген құрғақшылық жайлады, ол континент елдерінің жартысынан астамын қамтып, тікелей 200 млн. адамды шарпыды. Африка сондай-ақ Батыс елдеріне борышқорлық қыспағында қалды. Сондықтан оны барған сайын "апат континенті" деп атай бастады. Африканың көптеген елдері экономикасының біржақты аграрлық–шикізаттық дамуы олардың көпшілігінің әлеуметтік-экономикалық артта қалушылығының басты себептерінің бірі болды. Көптеген елдерде бұл біржақтылық бір дақыл (монокультура) деңгейіне жетті. Бір дaқыл өндіруге (бір тауарға) мамандану дегеніміз - бұл елдегі шаруашылықтың бір, әдетте, негізінен экспортқа арналған шикізаттық немесе азық-түлік тауарын өндіруге бір жақты мамандануы.

Неліктен еуропа аймағына әлемнің басқа аймақтарымен салыстырғанда демографиялық өсім төмендеуі тән. Өзіндік тұжырымдама жасаңыз

Еуропа ғалымдары отбасының бақытын сақтау туралы көптен бері дабыл қағып келеді. Отбасылық құндылықтардың тінін әлсіретіп, өзегін босатып алған бұл құрлықта адамзаттың әу бастағы отбасылық дәуреніне оралуды көксейтін азаматтар аз емес. Осы жерде бұл құбылыстың түп-тамыры неде деген заңды сұрақ туады. Еуропа ғалымдарының дені бұл қасіретті құбылыстың бастауы – иманның әлсіреуі десе, екінші тобы әл-ауқаттың жақсаруы мен әйел затының тым еркінсуін барша жамандықтың басы деп түсінеді. Пайымдай қарасаңыз, бәрі де қисынды. Яғни, қалың қауымды иманнан айыру, тұрғындарды тұрмыстық қамсыздыққа дағдыландыру, әйелдерге шектен тыс еркіндік беру дегеніңіз сол мемлекеттің өз көрін өзіне қаздырту екен. Демократияны желеу етіп жұртын жаппай жалаңаштандырған, жезөкшелікті заңдастырған, енді қызтекелерін заңды түрде қамқорлыққа алуды көздеген, барша анайылық біткенге қалыпты жағдай ретінде қарап келген бұл құрлықтағы мемлекеттер соңғы жылдары халық санының төмендеуінен алдыңғы орынға шықты. Еуропа елдерінде бала тууды қаржылық көтермелеу қысқа уақыттық көбею әсерін беруі ғана мүмкін және бұл бала тууды «жақсы уақытқа» қалдырған отбасыларына ғана қатысты болады. Егер, мемлекеттік қаржыландыру бала тууды шынымен арттырған болса, онда Италия мен Германия бала туу жағынан барлық елдерді басып озған болар еді, өйткені бұл елдерде бала туғаннан кейін берілетін көмекақы мөлшері басқа дамыған мемлекеттермен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Алайда, бұл елдерде адами әлеуетті іске асыру мүмкіндігі жоғары және жоғары жәрдемақы ықтимал шығыстарды өтемейді. Өспелі демографиялық дағдарыс бірқатар факторлармен байланысты. Соңғы он жыл ішінде, мысалы Еуропада аборттар саны 30%-ға өскен. Жыл сайын бұл сан 1 миллион 200 мыңға жетіп отыр. Бұл бойынша Бельгия мен Испания көш басында келеді, онда соңғы он жыл ішінде мұндай операциялар саны 50%-ға өскен.

Неліктен қазіргі уақытта Африка аймағы әлемнің басқа аймақтарымен салыстырғанда әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша кенже қалып қойған? Өзіндік ой түйіндеңіз

Жерінің аумағы 29,2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30,3 млн. км2). Тұрғыны 887,9 млн. адам(2010 жылғы мәлімет). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігіндеЖерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында жіңішке Суэц мойнағы (112 км) арқылы Азияменжалғасады. Гибралтар бұғазы арқылы Еуропаның Пиреней түбегінен бөлінген. Ірі шығанақтары Гвинея, Сидра. Ең үлкен түбегі – Сомали, құрлықтың шығысында – Мадагаскар,Занзибар, Сокотра, Мафия, Пемба, Комор, Маскарен, Амирант және Сейшель аралдары, батысында – Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея шығанағында Аннабон, Сан-Томе,Принсипи, Фернандо-По аралдары орналасқан.Африка жері қазба байлықтарға өте бай, әсіресе, минерал кендерінің қоры көп. Мұнай мен газдың ірі кен орындары Нигерияда,Ливияда, Египетте, Алжирда, ал тас көмірдің ірі кендері, Оңтүстік Африка Республикасы жерінде табылған. Кобальт пен мыстыңаса ірі қоры Замбия мен Конгода, алмас, платина, алтын кендері Оңтүстік Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибияжерінде шоғырланғанАфриканың қазіргі саяси картасында 55 мемлекет бар. Олардың үшеуінде конституциялық монархия (Марокко, Лесото, Свазиленд), Намибияда федерациялық республика, ал қалғандарында республикалық мемлекеттік құрылым орныққан. Африка елдерінің көпшілігінде шаруашылықтың бір жақты мамандануы, яғни экспортқа бағытталған шикізат немесе азық-түлік өндіру сақталған.







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 2903. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия