Студопедия — Тақырып 7. Нормативтік калькуляция. 1.Нормативтік шығындар бойынша өзіндік құн калькуляциясы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып 7. Нормативтік калькуляция. 1.Нормативтік шығындар бойынша өзіндік құн калькуляциясы






 

1.Нормативтік шығындар бойынша өзіндік құн калькуляциясы

2.Нормативтік және нақты шығындар есебі

3.Норматив түрлері

4.Жеке нормативтер қабылдау тәртібі

 

Нормативтік әдіс өндіріс шығындарының деңгейін күнделікті бақылауды жүзеге асыруға, ұйымның ресурстарын тиімсіз жұмсауға жол бермеу үшін шара қолдануға мүмкіндік беретін ең озық әдіс болып табылады.

Нормативтік әдісте мынадай іс-шаралар қарастырылған:

– озық нормалар мен нормативтер жүйесін құру және оның негізінде нормативтік өзіндік құнды калькуляциялау;

– есепті кезең ішінде нақты шығындардың есебін оларды нормалар бойынша шығындар мен нормалардан ауытқуға бөліп жүргізу;

– есепті кезең ішінде нормативтік өзіндік құнды нақтылау және осы өзгерістердің өзіндік құнға жасайтын әсері мен осы өзгерістердің себептерін анықтау үшін қолданыстағы нормалардың өзгерістерінің есебін жүргізу;

– шығын түрлеері бойынша нормалдардан ауытқу мен олар пайда болған жерлер бойынша ауытқуларды анықтау және олардың себептерін талдау;

– есепті кезеңнің басындағы нормативтік өзіндік құнды, нормалардан ауытқуды (артық жұмсауды қосу, үнемді шегеру) және есепті кезең ішіндегі нормалардың өзгерісін қосу арқылы өнімнің (жұмыстың, қызметтің) нақты өзіндік құнын есептеу.

Нормативтік әдіс – бұл өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын есептеу мен калькуляциялау әдісі ғана емес, сонымен бірге ол өзіндік құнын қалыптасуын басқаратын өте маңызды жүйенің бөлігі.

Нормативтік есеп озық, ғылыми жағынан негізделген еңбек, материалдық және қаржылық нормалары мен нормативтерінің кешенін білдіретін нормативтік базаға негізделеді.

Нормлар – бұл өнім, жартылай фабрикаттың, тораптың, бөлшектің бірлігін жасауға жұмсалатын материалдық құндылықтар мен еңбек шығындарының ең көп жол берілетін мөлшері. Олар техниканың, технологияның, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі кезеңдегі деңгейі, сондай-ақ тиімділік пен сапаны арттыру жөнінде жүзеге асырылатын іс-шаралар ескерілген техникалық жағынан негізделген әрі озық болуы тиіс. Осы нормалардың негізінде нормативтік калькуляция жасалады.

Шығындар есебінің нормативтік әдісінде қолданыстағы нормалардың өзгеруінің есебін жүргізу маңызды рөл атқарады. Ол нормативтік базаны жүйелі түрде нақтылау үшін қажет. Нормалар жаңа техника, технология енгізудің, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру, тиімділік пен сапаны арттырудың әсерінен өзгереді.

Қолданыстағы нормалардың өзгеруі арнайы құжаттармен – өзгерудің себептері көрсетілген нормалардың өзгергені жөніндегі хабарламалармен ресімделеді (қызметтер жаңа нысан енгізілген нақты күннен бастап жазады).

Хабарламалардың негізінде нормативтік калькуляцияларға өзгерістер келесі айдың басынан бастап енгізіледі. Есепті айдың ішіндегі ағымдағы норманың мөлшері айтарлықтай өзгеруі есепті кезеңнің соңына дейін есептеледі, ал осы өзгерістің мөлшері шамалы болған жағдайда ол нормадан ауытқумен бірге жеке позицияда көрсетіледі. Хабарламаның негізінде осы өзгерістердің іс-шарасы, себебі, орындаушы бойынша жедел есебі жүргізіледі.

Өзгерісті жедел анықтау (оның ішінде сигналдық құжаттаманың көмегімен) мен шығындардың нормалардан ауытқуының есебін бөлек жүргізу (шығын баптары, пайда болған жері, себептері, ауытқу үшін жауапты тұлғалар бойынша) маңызды рөл атқарады. Ауытқудың есебі нақты өнім (жұмыс, қызмет) түрі бойынша ұйымдастырылады. Ауытқу деп шикізатты, материалдарды, жартылай фабрикатттарды пайдаланғанда, жұмысшыларға еңбекақы төлегенде белгіленген нормалар мен нормативтерден әр түрлі ауытқулар мен үстеме шығыстардан ауытқулар аталады.

Нормалардан ауытқу оны анықтау мен оны құжатпен ресімдеудің толықтық дәрежесі бойынша құжатталған және құжатталмаған ауытқуға бөлінеді.

Құжатталған ауытқуға өндіріс процесі басталғанға дейінгі немесе оны жүзеге асыру барысында дабыл құжаттаманың деректері бойынша анықталған, сондай-ақ есептеу арқылы анықталған (өндіріс процесі басталғанға дейін немесе өндіріс процесі аяқталғаннан кейін дереу) ауытқулар жатады.

Құжатталмаған ауытқуға шығын нормасының жалпы сомасы (нақты шығын мен норма бойынша шығынның айырмасы ретінде анықталатын) және оның құжатталған бөлігінің арасындағы айырма жатады.

Бұрын атап өтілгендей, шикізат пен материалдардың шығысындағы ауытқулар бірнеше әдіспен: құжаттаумен, топтар бойынша бөлуді есептеумен, нақты рецептура бойынша алдын-ала есептеу және кейінгі есептеумен, сондай-ақ түгендеудің деректерін пайдаланумен (инвентарлық әдіспен) анықталады.

Еңбекақы төлеу жөніндегі нормалардан ауытқу мына құжаттармен: қолданыстағы нормалар мен бағаларға әр түрлі қосымша ақылар – қосымша ақы төлеу жөніндегі парақтармен; технологиялық процесте қарастырылмаған қосымша операцияларды төлеу – айрықша белгісі бар нарядтармен (мысалы, диагональ бойынша қызыл сызықпен – нарядтың бланкісі) ресімделеді.

Осы құжаттарда қосымша ақы мен қосымша жұмыстың себептері, сондай-ақ осы жұмыстарды орындау үшін жауапты тұлға көрсетіледі. Құжаттар, әдеттте, ауытқу пайда болған кезде (жұмыстар басталғанға дейін) жазылады.

Мерзімді еңбекақының нормадан ауытқуы жекелеген учаскелер (еңбекақының есептелу шамасына орай цехтар бойынша) арнайы есептеу бойынша анықталады.

Есепте нормалар бойынша еңбекақының сомалары (жұмыс орындарының тізбесі, штаттық лауазымдар мен тарифтік ставкаларға сәйкес есептелген), нақты есептелген сома мен норма бойынша еңбекақының сомасының арасындағы айырма ретінде анықталатын ауытқулар көрсетіледі.

Жұмысшылардың кесімді еңбекақысы бойынша нормадан ауытқу нақты өнім түріне, әдетте, тура әдіспен, ал мерзімді еңбекақы алатын жұмысшылардың – олардың нормалар бойынша еңбекақысына пропорционалды жатқызылады. Бір топқа кіретін біркелкі өнім топтары бойынша ауытқуларды есептеген кезде – нормалар бойынша еңбекақыға пропорционалды (индекстердің көмегімен) есептеледі.

Үстеме шығыстар бойынша ауытқулар жалпы бекітілген сметалар мен олардың жекелеген баптарынан анықталады. Кешенді баптар бойынша ауытқу ол пайда болған сәтте құжаттау арқылы да, сондай-ақ осы шығыстардың жоспарлы (сметалық) және нақты сомаларын салыстыру арқылы да анықталады.

Есепті жылдың соңындағы аяқталмаған өндірістің қалдығы айдың басындағы ағымдағы нормалар бойынша бағалануы тиіс, яғни нормалардан ауытқу шығарылған өнімге есепке шығарылады.

Нормативтік әдісте өндіріс шығындарының жиынтық есебі мен тиісті регистрлер (ведомостілер) біркелкі өнімнің жекелеген түрлері немесе топтары бойынша және калькуляциялық баптар бойынша нормалар бойынша шығындар, нормалардан ауытқу мен нормалардың өзгерісі бойынша бөлініп жүргізілуге тиіс. Жиынтық есеп ведомостісінің барлық тараулары бойынша нормалар бойынша шығындар (есепті кезеңнің басы мен соңындағы аяқталмаған өндіріс, есепті кезеңдегі шығындар, өндірімнің нақты өзіндік құны) есепті кезеңнің басында қол жеткізілген бірыңғай нормалардың деңгейі бойынша есептелуге тиіс. Есепті кезеңнің соңындағы аяқталмаған өндірістің қалдықтары келесі есепті кезеңдегі бастапқы қалдық болатыны белгілі. Егер есепті кезеңнің ішінде ағымдағы нормалар өзгерсе, онда аяқталмаған өндірістің қалдықтарын есепті кезеңдегі нормалар өзгерген мөлшерге қайта санау қажет болады. Бұл жағдайда аяқталмаған өндіріс бойынша нормалардың өзгерісі өндіріс шығындарының жиынтық есебінің ведомосінде жеке жазылады.

1. Нормативтік есеп әдісі бойынша бухгалтерлік жазулар

2. Тікелей шығындар бойынша ауытқуды анықтау және тарату

3. Үстеме шығындар бойынша ауытқуларды анықтау және тарату

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет (Перевод англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили) М. Аудит, Юнити, 2002

2 Друри К. Введение в управленческий и производственный учет М.Аудит, 2004

3. Карпова Т.П. Управленческий учет М.Аудит Юнити, 1998







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 2980. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия