Студопедия — Тақырып 11. Зиянсыздықты талдау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып 11. Зиянсыздықты талдау






 

1.Зиянсыздық нүктесі және мақсатты пайда

2.Пайданың табыстар мен шығыстарға байланысты талдау әдістері:теңдеулер жалппы пайда әдісі, графикалық әдіс

3.Қауіпсіздік маржасы

 

Кәсіпорын қалыпты жұмыс істеу үшін қанша жиынтық шығындар мен пайда алынатыны байланысты өнім өндірісінің көлемі маңызды рөл атқарады. Сондықтан өндіріс көлемінің, сатудан түсетін жиынтық кірістің, есептеу мен таза пайданың өзгеруінің арасындағы тәуелділікті зерттеу үшін өндірістің залалсыздығы талданады. Бұл жағдайда өнім шығару көлемін талдауға ерекше назар аударылады, осының арқасында басшылық өндіріс көлемінің сыни (өлі) нүктелерін анықтауға мүмкіндік береді. Сыни нүкте сондай-ақ залалсыздық нүктесі немесе пайдалылық шегі деп аталады.

Сыни деп кәсіпорынның шығыны барлық үкіл өнімді сатудан түсетін түсімге тең болатын сату көлемінің, яғни кәсіпорынның не пайдасы, не залалы болмайтын жай-күйі аталады.

Өндірістің залалсыздығын талдау кәсіпорын өнімінің шығуы қазіргі уақытта қолда бар жұмыс ісейтін өндірістік қуаттардың деңгейімен шектелген қысқа уақыт аралығындағы сатудан түсетін кірістің, шығыс пен пайданың арасындағы тәуелділікке негізделеді.

Халықаралық практикада сыни нүктені анықтау үшін маржиналдық кірісті (пайданы) графикалық теңдеу әдістері пайдаланылады.

Теңдеу әдісі таза пайданы есептеуге негізделеді. Математикалық формуланы мына тәуелділіктен шығаруға болады:

Өнім сатудан түсетін таза пайда = (өнімнің сатылған бірлігінің саны х бірлікті сату бағасы) – [(сатылған өнім бірлігінің саны х бірлікке шаққандағы өзгермелі шығындар) + жиынтық тұрақты шығындар].

Осы теңдеуге тиісті белгілерді енгіземіз:

Тп– таза пайда; Х – сатылған өнім бірлігінің саны; Б– сату бағасы; Ө– өнім бірлігінің өзгермелі шығындары; П – өнім бірлігін шаққандағы өзгермелі шығындар; Ж– өнім бірлігіне шаққандағы жиынтық шығындар, осыдан мына формула алынады:

Тп = БХ - (ПХ+Ж) (1)

Мысалы: Жыл ішіндегі тұрақты шығындар –800 000 теңге, өнім бірлігінің сату бағасы –500 теңге, өнім бірлігіне шаққандағы өзгермелі шығындар –300 теңге. Өнім бірлігіндегі залалсыздық нүктесін анықтаймыз.

Тп=БХ - (ПХ+Ж) болғандықтан, залалсыздық нүктесі ПХ+Ж=БХ-Тп тең болатын өндіріс деңгейінде (х) болады, жоғарыда келтірілген деректерді пайдаланып 800 000+300х=500х – 0 алынады.

800 000=200х; х=4000 бірлік–бұл өнім бірлігіндегі залалсыздық нүктесі.

Осыдан бірлік үшін 500 теңге бойынша жиынтық сату сомасы 2000 000 теңгені (500 х 4000), өзгермелі шығыстар 1200 000(300 + 4000) немесе барлық шығыстар 2000 000(1200000+800.000) теңгені құрайды.

Сыни нүктені бухгалтерлік залалсыздық моделінің графигін құру негізінде анықтауға болады. Бухгалтерлік залалсыздық моделі – бұл жиынтық кіріс пен жиынтық шығындардың өндіріс көлемінің өзгеруінен сызықтық тәуелділік кестесі. Талдау залалсыздық нүктесін (сыни нүктені) есептеуге негізделеді.

Пайда саласы мен залал саласы сыни нүктеден оң мен солға қарай таралады (7.4-сурет). Графикте К тағы бір залалсыздық нүктесі мен өндіріс көлемінің ыңғайлы ауқымы келтірілген. АП сызығы – тұрақты шығындарды, АЕ – жиынтық шығындарды, ПЕ кесінді – өзгермелі шығындардың мөлшерін, ОД – өнім сатудан түскен түсімді көрсетеді.

Бухгалтерлік модель болашақ уақытқа жоспарланған жиынтық шығындар мен кірістердің өзгеруін көрсетеді.

Сыни нүктені анықтау үшін маржиналдық пайда концепциясы да пайдаланылады. Маржиналдық пайда – бұл сатудан түскен түсім мен өзгермелі шығындардың арасындағы айырма.

Маржиналдық пайда = Сатудан түскен түсім– өзгермелі шығындар.

 

Егер маржиналдық пайдадан тұрақты шығындар шегерілген жағдайда операциялық пайданың мөлшері алынады (9-сызба).

 

Сатудан

түскен түсім

Пайда салалары

К

2000 ----------------------------- Өзгермелі шығындар 1200 мың теңге

бірлік үшін 300 теңге

 

А П

 

Залал 800 000 теңге көлеміндегі

саласы тұрақты шығындар

 

О

4000 Өнім бірлігіндегі сыни нүкте

9 сызба - Бухгалтерлік залалсыздық моделінің графигі

 

Операциялық пайда = Маржиналдық пайда –Тұрақты шығыстар.

Сыни нүкте маржиналдық пайдаға тұрақты шығындарға тең болатын нүкте деген анықтама беруге болады. Маржиналдық тәсілдемеде өнім бірлігіндегі сыни нүкте теңдеуі мынадай болады:

Сату бірлігіндегі сыни нүкте = Жалпы сомадағы тұрақты шығындар / өнім бірлігіндегі маржиналдық пайда.

Мақсатты (қажетті) пайданың мөлшерін алуды қамтамасыз ете алатын өнім сату көлемін мына формула бойынша есептеуге болады:

Бірліктегі мақсатты сату = Тұрақты шығындар + Мақсатты пайда / Өнім бірлігіне шаққандағы маржиналдық пайда.

Пайданы жоспарлаған кезде сыни нүктесін талдауды пайдалануды көрнекі түрде көрсету үшін мына мысалды қарайық.

Мысалы: Кәсіпорын келесі жылы 500 000 теңге көлемінде пайда алуды жоспарлайды. Жыл ішіндегі тұрақты шығындардың жалпы сомасы 700 000 теңгені, бірлікке шаққандағы өзгермелі шығындар – 500 теңгені, сату бағасы бірлік үшін 800 теңгені құрайды. Жоспарланған сату көлемін алу үшін сату көлемі қандай болуы тиіс?

800 х Х = 500 х Х + 700 000 + 500 000

300 х Х = 1200 000

Х = 1200 000 / 300 = 4000 бірлік.

Сөйтіп, 500 000 теңге сомасында пайда алу үшін сату көлемі 4000 бірлікке тең болуы тиіс. Осы көлемді келесі тәсілмен есептеуге болады:

Бірліктегі мақсатты сату көлемі = 700 000 + 500000 / 800 - 500 = 4000 бірлік.

Ақша түрінде сату көлемі 3200 000 теңгені (4000 х 300) құрауға тиіс..

Сыни нүктесі әдісінің артықшылықтарымен қоса кейбір кемшіліктері де бар. Атап айтқанда, бұл шығындардың өзгермелі және тұрақтыға бөлінуімен байланысты. Іс жүзінде үстеме шығыстардың кейбір элементтері өндірістің немесе өнім өткізу көлемінің өзгеруіне байланысты шамалы болса да өзгеруі, яғни жартылай тұрақты болуы мүмкін. Осы шығыстардың өндірістің немесе өткізу көлемінен тәуелділік дәрежесін анықтау өте қиын. Сонымен бірге барлық өзгермелі шығыстар өндірістің немесе өткізу көлемінің өзгеруіне пропорционалды өзгермейді, яғни өзгермелі шығыстардың арасында жартылай өзгермелі шығыстар болады.

Осы әдіс ұйымның басшылығына ұзақ мерзімді кезең бойы өнімнің бағасын анықтауға мүмкіндік бермейді, өйткені ұйым қалыпты жұмыс істеу үшін баға өзгермелі ғана емес, соынмен бірге тұрақты шығыстарды да өтеуге тиіс.

Маржиналдық кірістің өзгеруі өндіріс пен сату көлемінің ғана емес, соынмен бірге сатып алынған өндіріс құралдарының құнының, оларды пайдаланудың тиімділігі мен өнімнің бағасының өзгеруіне тәуелді, бұл үшін маржиналдық кірістің өзгеру есебебін анықтау керек. Сондықтан заласыздықты талдаған кезде есептің дәлдігі мен сенімділігін шектейтін келесі болжамдар пайдаланылады:

– жиынтық шығындар мен жиынтық кіріс өндірістің сызықтық функциялары болып табылады;

– барлық шығындар тұрақты өзгермелілерге дәл бөлінген;

– өндіріс ауқымының тек ықтимал ауқымы ғана талданады;

– тұрақты шығыстар зерттелетін ауқым шегінде тәуелсіз болып қалады;

– өзгермелі шығыстар зерттелетін өндіріс шегіндегі көлемге тікелей пропорционалды өзгереді;

– жеке-дара бұйымдар немесе бірқатар бұйым сатылған жағдайда бұйым алдын-ала белгіленген номеклатураға сәйкес, яғни құрылымдық өзгерістерсіз сатылады;

– пайда өзгермелі шығыстар бойынша есептеледі;

– өндірістің көлемі сату көлеміне тең немесе сатылмаған өнімнің бастапқы және соңғы қорларының өзгерістері шамалы;

– талданатын өзгермеліден басқа барлық басқа өзгермелілер, мысалы,

өнімнің технологиясы, өнімділігі, өндірісте пайдаланылатын өнім, материал бағаларының деңгейі өзгермейді.

Негізгі әдебиеттер:

1. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет (Перевод англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили) М. Аудит, Юнити, 2002

2 Друри К. Введение в управленческий и производственный учет М.Аудит, 2004

3. Карпова Т.П. Управленческий учет М.Аудит Юнити, 1998

4. Управленческий учет – пособие, разработанные на основе стандартов бухгалтерского учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 5973. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия