Студопедия — Бюджеттің функциялары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бюджеттің функциялары






Өндірістік қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның өндірістік міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыруын қамтамасыз ететін құрылымдық элементтер мен өзара байланысты функциялардың жиынтығын білдіреді.

Өндірістік қызметті басқару ең алдымен жиынтық функциялар арқылы жүзеге асырылады. Ол көп қырлы әрі әр түрлі объектілерді, қызмет түрлерін, міндеттерді және т.б. қамтуы мүмкін. Бұл қатынаста басқару функциясын мына белгілер бойынша жіктеуге болады:

• ұйымның алдына қойған мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлау;

• әр түрлі қызмет түрлерін және бөлімшелерді үйлестіру.

• Тұтас ұйым бойынша топтардың және жеке қызметкерлердің мүдделерін бір арнаға салу;

• өз жауапты орталықтардың мақсаттарына жеткізу үшін барлық деңгейлердегі басшыларды ынталандыру;

• ағымдағы қызметті бакылау және жоспарлы тәртіпті қамтамасыз ету;

• жауапты орталықтар мен оның басшыларының жоспарды қалай орындағанына баға берудің негізі;

• менеджерлерді оқыту құралы;

• ақпарат және басқару.

Жоспарлау. Маңызы зор жоспарлы шешім әдетте бағдарламаны әзірлеу барысында жасалады, ал бюджетті әзірлеу процесі мәні бойынша осы жоспарларды нақтылаушы болып табылады.

Жылдық бюджетті жасау процесі алдағы кезең жоспарларын нақтылай түседі, өйткені басшылар алдағы кезең жоспарлары нақтылыққа айналуы үшін ретімен толық (подробные планы) жоспарлар жасауы керек. Бюджетті жасау келесі кезендердегі қызметгердің ықтимал өзгерістерін назарға алып, алдағы кезеңнің операцияларын жоспарлауды білдіреді және келешекте кездесуі мүмкін өзгерістердің шарттарын жұмсарту үшін бүгінгі күннен кешіктіруге болмайтын шараларды анықтайды.

Күнтізбелік-жоспарлы нормативтердін, негізінде әзірленетін бұйымдар мен бөлшектер шығарудың бағдарламасы озық техника мен технологияларды, кәсіпорынның өндірістік қуатын, еңбек өнімділігін арттыратын материалдық және моральдық ынталандыруды толық пайдалануды қарастырады.

Үйлестіру. Әрбір жауапты орталықтың қызметі басқа жауапты орталықтардың жұмысына байланысты болып, бір-біріне әсерін тигізіп отырады. Сондықтан да жеке қызмет түрлерінің бюджетін әзірлеу процесінде ұйымның ортақ мақсатына ұмтылатын бөлімшелердің ұйымшылдықпен, яғни келісімге келіп жұмыс істеулерін үйлестіреді. Өндіріс жоспары маркетинг бөлімінің жоспарымен үйлестірілуі аса маңызды, яғни жоспарланған сату көлеміне сай өнім өндіру аса қажет.

Барлық орындаушылар бұл жоспарлардың мазмұнын түсінбесе, басшылықтың жоспары іске аспайды. Жоспар нақты тармақтарды қамтиды: қанша тауар мен қызметті өндіру қажет; кандай әдісті, қандай адамдарды және кандай жабдықты пайдалану керек; канша материал мен шикізатты сатып алу керек; қандай сату бағасын белгілеу керек; болашақта қандай саясатты ұстану керек және қандай шектеулерді қолдану керек және т.б. Мұндай ақпаратгың үлгісіне жарнамаға, техникалық қызметке, әкімшілік шығындарына жұмсалуы мүмкін ең көп шамадағы сомасы еңбекақы мөлшерлемесі және жұмыс уакытының саны; өнім шығарудьщ қажетті деңгейі жатады.

Сметаның көмегімен кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің қызметі бір арнаға түсуі мүмкін. Сметаны жасау басшыларды өз бөлімшелерінІң басқа бөлімшелермен қарым-қатынасын зерделеуге, дау-жанжалды қарастырып, оны шешуге мәжбүрлейді.

Ынталандыру. Бюджетті жасау процесі тұтас ұйымның да, жауапты орталықтардың да мақсаттарын жүзеге асыруға басшыларды ынталандырудың аса қуатты құралы болуы мүмкін. Әрбір басшы өзінің жауапты орталығының қызметінен қандай нәтиже күтетінін анық білуі керек.

Егер менеджер өз бөлімшесінің бюджетін әзірлеуге белсенді қатысса, бюджеттің ынталандырушы рөлі зор болады. Басқарудың барлық деңгейі бөлімшелер немесе функциялар бойынша бюджетті, сондай-ақ алдағы кезеңнің негізгі, жалпы бюджетін әзірлеуге тікелей қатысатын тәжірибе орындаушылардың қатысумен жоспарлау деп аталады.

Бақылау. Бюджет - оны (бюджетті) қалыптастыру, яғни жасау сәтінде қалаулы нәтижелер туралы есеп беруді білдіреді. Мұқият әзірленген бюджет - ең жақсы стандарт. Онымен нақты қол жеткен нәтижелерді салыстырады, өйткені ол өзіне әзірлену кезінде болжам жасалған барлық өзгермелілердің тиімділігіне баға беруді де қосады.

Нақты деректерді бюджетпен салыстыру қай салаға назар аударып, әрекет ету керектігін көрсетеді. Бюджет деректері мен нақты нәтижелердің арасындағы ауытқуды талдау мыналарға мүмкіндік тудырады:

• бірінші кезекте назар аударуды талап ететін проблемалық саланы сәйкестендіру;

• бюджетті әзірлеу процесінде қарастырылмаған жаңа мүмкіндіктерді анықтау;

• бастапкы бюджеттің біршама деңгейде нақты еместігін көрсету.

Бағалау. Ай сайын анықталатын бюджеттегі ауытқулар жыл бойы бақылауға алынады. Бір жылдың нақты деректерімен бюджетті салыстыру әрбір жауапты орталықтар мен оның басшыларының қызметін жыл аяғында бағалаудың басты факторы болып табылады. Бірқатар ұйымдарда менеджерлердің сыйақысы оның жауапты орталығы бойынша жағымды ауытқуының белгілі бір проценті ретінде есептеледі (мысалы, үнемделген материалдардың, еңбекақы қорының сомасынан болады).

Басшылардың жұмысы әдетте олардың сметаны орындаудағы жетістіктерімен бағаланады. Бірқатар кәсіпорындар өз қызметкерлеріне негізгі сметада белгіленген мақсатка жетудегі қабілеттеріне қарай сыйақы тағайындалады.

Оқыту. Бюджет менеджерлерді оқытуға да қызмет етеді. Бюджетті жасау әркімнің өз бөлімшелерінің қызметін толық зерделеп, басқа жауапты орталықтармен қалай қарым-қатынас жасайтынын білуге мүмкіндік тудырады. Бұл, әсіресе, жауапты орталықтардың басшылығына тағайындалған тұлғаларға маңызды. Өз саласының жылдық бюджетін әзірлеуде тәжірибесі бар әрбір адам бұл процестің үйретуші жағын бағалай білуі керек.

Жауапкершілік орталықтарындағы менеджерлердің жұмысы және кәсіпорындағы жауапты орталықтардың бір-бірімен қарым-қатынасы мыналардың негізінде зерделенеді:

- ақпарат - кәсіпорынның жоғары басшылығы сметаның көмегімен өзінен төменгі сатыдағы басшыларға өзінің ниетін хабардар етеді әрі барлық қызметкерлер үлкен басшының ниетін түсініп, оны жүзеге асыру үшін өз қызметтерін үйлестіреді;

- басқару - смета басшыларға қызметті басқаруға және өздері жауапты бөлімшелерге бақылау жүргізуге көмектеседі. Әр түрлі категориялардағы шығын сметаларының көрсеткіштерімен нақты нәтижелерді салыстыра отырып, басшылар бастапқы жоспарға қандай шығындардың сәйкес келмейтінін белгілейді әрі оған назар аударады. Бюджеттік бақылау үш сатыдан тұрады:

• жоспарлауға әзірлеу;

• жоспарлау;

• бақылау.

Жоспарлауға әзірлеу - жеке келіссөздер мен талқылауларды талап ететін процестің аса маңызды бөлігі. Фирманың мақсаттары мен саясаты бастан-аяқ баян етілуі керек, өйткені әр түрлі ұйымдардың мақсаттары әр қилы болады.

Олардың арасында:

• пайдалылық - инвестицияланған капиталға процент түріндегі пайда ретінде көрінеді. Түсімдегі маржиналдық табыстың проценті және түсімдегі операциялық пайданын проценті;

• өтімділік (ликвидность) - ақша ағынының терминдерінде немесе айналым қорлары мен қысқа мерзімді міндеттемелердің арасындағы мақсатты қатынас ретінде көрінеді;

• сатудың өсуі - оны бақылау керек, өйткені өте жылдам өсу "өзіне шектен тыс міндеттемелер қабылдау" ретінде белгілі болған жағдайға - ақшалай каражаттың жетіспеушілігіне әкеп ұрындырады;

• нарық үлесі;

• персоналдың дамуы.

Мақсаттарға жетудің жолын көрсететін стратегияны әзірлеу аса қажет; жоспарлардың бапамалы нұсқаларын қарап, ұзақ мерзімді қаржы тұрақтылығына ең көп шамадағы пайданы ұштастыруды қамтамасыз ететін бас жоспарды таңдап алу. Бас жоспардың негізіне жататын алғы шарттарды нақты белгілеу керек, атап айтқанда:

• тапшылықтың болжалды, яғни болжанған қарқыны - ақшаның сатып алушылық қабілетінің төмендеу индексі және белгілі бір тауар бағасының өсу индексі;

• сату көлемінің өсуі және проценттегі шығын;

• өнімдердің ассортименттері;

• кредит бойынша процент мөлшерлемесі;

• валютаның айырбас бағамы.

Міне, осы сатыда шектеуші фактор - "осал жер" анықталады. Белгілі бір түсім көлеміне қол жеткізу өндіріс қуатын немесе ұтымда жоқ білікті жұмысшы күшін талап етеді.

Жоспарлау процесі шектеуші факторларды ("осал жер") іріктеуден басталады. Көптеген кәсіпорындар үшін бұл бәсеке аумағы мен клиент санын қоса ескеріп нақты қол жеткізуге болатын сату көлемі болуы мүмкін. Бәлкім, бұл болжам жасауға келе бермейтін қиын сала шығар, десе де ол дұрыс есептеуде әлдеқайда маңызды орын алады. Ал қалған жоспарлар негізінен өткізу жоспарына, әсіресе, тікелей шығын және ақша ағынына байланысты болады.

Бақылау - не жоспарланды және нақты не болды, осылардың арасында айырмашылық болғанда қолға алынатын әрекет. Бақылауды жүзеге асырмас бұрын ең алдымен қолда жоспар болуы керек. Бақылау нақты іс пен жоспардың арасындағы айырмашылық алдын ала анықталған белгілі бір саладағы ауытқудың аясынан шығып кеткенде жүргізіледі. Бюджетік бақылау нақты шаманы жоспарлы шамамен салыстырады.

3. Бюджет - бұл нақты жүзеге асыру максатындағы жоспардың сандық көрінісі. Ол тұтас ұйым үшін де, оның бөлімшелері үшін де жасалуы мүмкін.

Бюджет шын мәнінде пайдалы құжат болуы үшін бірнеше әзірлік жұмыстары жүргізілуі керек. Анықтап айтқанда:

• ұйым алдына қандай мақсат қояды;

• жалпы экономикалық және салалық факторлардың, бәсекелестердің ықпалы;

• кәсіпорынның ұйымдық құрылымы;

• қандай қаржы құрылымы қолайлы.

Жоғарыда аталғандармен кәсіпорындардың өндірістік бағдарламасы қалыптасады, сонан соң функциялық бюджеттерді жасау қолға алынады.

Тактикалық бюджет әдетте өндіру немесе сату (функциялық бюджет терминдері осыдан шыққан) немесе құрылымдық бөлімшелер (мысалы, бөлімдер мен филиалдар) сияқты ұйымның жекелеген функциялары ретінде болатын әрбір бюджеттік орталықтарүшін жасалады. Бюджеттік орталықтарына бөлу ұйымның құрылымымен анықталса да, ол әрдайым менеджерлердің. жауапкершілігіндегі салаларға сәйкес келеді. Мәселен, кәсіпорынның өндіріс бөлімінің бастығы әдетте цех басшыларының жауапкершілігіне және өндіріс функцияларының аясындағы қатысушыларға сәйкес келетін өз кезегінде элементтерге бөлінетін өндіріс бюджетінің орындалуына (әзірлеуге жиі қатысып) жауап береді. Мұндай жағдайда бюджеттік орталықтарды жауапты орталықтар деп атайды. Бұл арада мынаны айта кету керек: біз қарастырып отырған функциялық бюджет, қарапайым тілмен айтқанда, ұйымдык құрылымдар мен жылдық деректерге негізделеді. Алайда ұйымды басқару, тиімді жоспарлау және бюджет деректерін бақылау бейінделуі (профиль ) керек. Өндіріс бюджеті үшін жылдық нәтиже ай бойынша, барлық шығарылған бұйымдардың номенклатурасы бойынша және қор түрлері бойынша бөлшекте нақтыланады. Нақтылау - қызметтердің маусымдық ауытқу параметрлерін көрсетеді және мысал ретінде шикізат сатып алу кестесін айтуға болатын, кәсіпорынның өндіріс функцияларымен шектесуші орындаудың (выполнения смежных) оңтайлы кестесін әзірлеуге мүмкіндік береді. Стратегиялық бюджет те, мысалы, стратегиялық жоспарлаудың барлык мезгілі аясында жыл бойыншабеиінделуі ықтимал.

Бюджеттік кезең;.Бюджеттендірудің негізгі мақсаттарының біріне әр түрлі ұйымдық функцияларды үйлестіруді қамтамасыз ету кіреді. Бұл бюджетті жасаудың тәртібін көрсетеді.

Бюджеттендіру жүйесіндегі сату бюджеті ұйымдарда бірінші болып қалыптасады, өйткені өнімді сатудың мүмкін көлемін бағалаусыз және жоспарлаусыз өндіріс бюджетін, шикізат пен материалдарды сатып алу және пайдалану, еңбек шығыны және т.б. бюджеттерін жасау мүмкін емес. Егер барлық осы құжаттарды толық емес (без детально) әзірленген сату бюджетімен әзірлеуді қолға алсақ, ұйымның нақты жағдайындағы қызметінде олардың маңызды орасан үлкен болмайды.

Бюджетті калыптастырудың шығу нүктесі - сату бюджеті. Кәсіпорын сатылатын тауарлардың қанша екенін біліп отырса, оларға қанша тауар өндіру керек екенін анықтай алады.

1-кадам. Сату бюджеті өнім түрлері бойынша бюджеттік кезеңнің ішіндегі сату көлемін көрсетеді.

Сату бюджеті кәсіпорын өнімдерін өткізудің өткізу жоспары бөлімінің қызметкерлері мен сарапшыларының, басқарушыларының талқылау нәтижесі болып табылады. Сатуды жоспарлау - көптеген факторларды ескеруге тура келетін күрделі процесс: сату тарихы, экономиканың жалпы жағдайы, баға саясаты, маркетингтік зерттеудің нәтижесі, өндіріс қуаты, бәсекелестік, мемлекет тарапынан болатын шектеулерді ессптеу және т.б. Сатуды жоспарлау тек өндіріс қуатына ғана емес, сонымен бірге нарықта өткізудің мүмкіндіктеріне байланысты болады. Сату бюджетін жасау барысында мына ықпалды факторларды ескеру қажет: бәсекелестердің қызметі, жабдықтаушылар мен сатып алушылардың тұрақтылығы, жарнаманың нәтижелілігі, сұраныстың маусымдық ауытқуы, іскерлік саясаты, экономиканың жалпы жағдайы, мемлекет тарапынан шектеулердің болуы және т.б.

2-қадам. Өндіріс бюджеті алдағы бюджеттік (жоспарлы) кезенде шығарылатын өнімдердің түрі мен санын анықтайды.

Кәсіпорын сату бюджетінде көрініс табатын болжаулы сұранысты және жоспарлы кезеңнің соңындағы (ағымдық жылдағы өнімдердің ақырғы қорын қоса ескерумен) қалаулы қор көлемін назарға алып, өнім өндірудің құрылымы туралы шешімді негіздейді.

Жоспарлы сату көлемін заттай түрде белгіленгеннен кейін жсопарланған деңгейде дайын енімдердің қорларын өткізу және қолдау бюджетін орындау үшін өндірілетін өнімдердің немесе қызметтердің бірлік санын анықтауға болады.

Өндіріс бюджеті заттай және ақшалай бірліктермен жасалады.

Ендігі жерде өндіріс көлемі туралы деректерді ескере отырып (есте ұстап), еңбек және материалдардың тікелей шығынының бюджетін әзірлеуге кірісе беруге болады.

Өндірістің жалпы шығынын анықтау үшін материал, еңбек шығындары мен үстеме шығыннан пайда болатын өнім бірліктерінің өзіндік құнын есептеу керек. Сондықтан да бас бюджетті әзірлеудің келесі кезеңі жеке бюджеттерді жасау; материалдарды пайдалану бюджеті, еңбек шығынының бюджеті, үстеме шығын бюджеті.

Өндіріс жоспарының деректері негізінде материалдарды пайдалану бюджеті жасалады.

3-қадам. Материалдарды пайдалану бюджеті. Оны әзірлеу үшін өндіріс бюджетінде көрініс тапқан жоспарлы шығарылым туралы дерек және өнімнің әр түрін дайындау кезеңіндегі материалдарды пайдаланудың нормативтері туралы мәліметтер қажет болады.

Материалдарды сатып алуды жоспарлауда жоспарлы кезеңнің басында да, аяғында да материал қорының деңгейін ескеру керек.

Заттай бірлікте материалдардың шығынын есептеу үшін мыналарды білу қажет:

• есептік кезеңнің басындағы материал қорлары;

• өндіріс бюджетін орындау үшін материалдарға қажеттілік.

Ендігі жерде өндірістік бағдарламаны жүзеге асыру үшін бізге қаншалықты материал қажет екенін білгеннен кейін, біз жоспарлы кезеңде сатып алатын материалдардың көлемін анықтауымызға болады.

4-қадам. Материалдарды сатып алу бюджеті тұтас кәсіпорын және өнім түрлері бойынша заттай және құндық түрде алдағы бюджеттік кезеңдегі материалдардың, шикізаттың шығындары туралы ақпаратты қамтиды.

Материалдарды пайдалану бюджеті материалдарды сатып алу бюджетін жасау барысында жөнелтуші пункті рөлінде болады. Шикізат өндірістің жоспарланған деңгейіне көтеруге және бюджеттік кезеңнің соңына шикізат қорының қалаулы деңгейін калыптастыруға жеткілікті санмен сатып алынуы керек. Бұл бюджетті жасау барысында бастапқы қорлардың деңгейіне (яғни, ағымдық кезеңнің соңындағы қорларға) түзету енгізуді ұмытпау керек.

Сатып алу бюджетінде өндірістік міндеттердің орындалуына кажетті шикізат пен материалдардың саны мен сатып алудың мерзімі анықталады.

Сатып алудың құны сатып алу бағасына сатып алынған материалдар санының туындысы ретінде анықталады.

Сатып алудың келемі мен жоспарлы кезеңде өндірудің тікелей материалдық шығынды тапқаннан кейін тікелей еңбек шығынын есептеу қажет.

5-кадам. Негізгі өндіріс персоналының еңбек шығыны бюджеті негізгі өндіріс персоналының қажеттілігін және жоспарлы кезеңде оның еңбекақы шығынын көрсетеді.

Еңбек шығыны өндірілген өнімнің тұрпаты мен санына, оның еңбек сыйымдылығына, еңбекақы жүйесіне байланысты болады. Бұл деректер өнім немесе қызмет бірлігінің санын бірлік сағаттағы еңбек шығынының мөлшеріне көбейтумен, ал ақша түрінде - қажетті жұмыс уақытың әр еңбекақының әр түрлі сағаттық мөлшерлемелеріне көбейту арқылы алынатын жоспарланған өндіріс көлемін орындауға қажет сағаттағы қажетті жұмыс уақытын анықтайтын еңбек шығынының бюджетін жасауда пайдаланылады.

Адам-сағаттардыд саны бір бұйымның еңбек сыйымдылығына бұйым сандарының туындысы ретінде есептеледі.

Тікелей еңбек шығынын (сомасын) құндық бағалау бір сағаттың төлем мөлшерлемесіндегі адам-сағат сандарының туындысы ретінде болады.

6-қадам. Жанама өндірістік шығындарға өндірістік бағдарламаларды орындалуына қажет өндірістік инфрақұрылымын қамтамасыз етуге кететін шығындар кіреді.

Үстеме шығындар туралы (ол өндірістік, коммерциялық немесе басқа болсын мейлі, маңызы жоқ) айтқанда, ең алдымен мынаны - "үстеме" термині өзіне шығындардың әр қилысын біріктіретін жалпы ұғым екенін білуіміз керек. Үстеме шығын шамасына ықпал ететін факторлардың осы себебі бойынша ол көптеген жағдайда өндірістің тікелей шығындарын анықтаушыдан гөрі әлдеқайда үлкен ауқымды болады. Егер, мысалы, күрделі қаржы жұмсау бюджеті жаңа завод сатып алуды қарастыратын болса, онда осы активтерге қатысты амортизациялық аударым өндірістің үстеме шығыны деп аталады.

Үстеме шығын бюджетінің мүмкіндік шамасына қарай өзгермелі және тұрақты шығындарды шектеу керек.

7-кадам. Бұйым өндірісінің өзіндік құны. Қайта санау коэффициенті, шығарылатын өнімдердің еңбек сыйымдылығы және материалдар шығындарынын нормалары туралы ақпаратпен, бір бұйымды өндірудің шығынын есептеуге ақпарат бере алады.

Бір бұйымнын өзіндік құны оны өндіруге қажетті материал шығынынын, негізгі өндіріс қызметкерінің еңбекакы шығынының және бір өнім есебіндегі жанама өндірістік шығынның сомасы ретінде анықталады.

Материал шығыны бір бұйым өндіруге қажетті санды сағаттық төлем мөлшерлемесіне көбейту арқылы табылады.

8-кадам. Жоспарлы кезеңнің соңындағы қойма қалдықтарының бюджеті. Кәсіпорынның жоспарлау қызметінің сатысында есептік кезеңнің соңындағы заттай бағаланатын дайын өнімдердің қорлары басшылық тарапынан анықталады.

Қорларды ақша түрінде бағалау үшін өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құнын есептеу керек.

Жоспарлы кезең соңында материалдардың қоры бір килограмда сатып алу құнына келетін нормативтік корлардың (кг) туындысы ретінде анықталады.

Дайын бұйымдар қорының құны жоспарлы кезең соңындағы заттай түрдегі дайын бұйым қорларының мөлшерін бір бұйымды өндірудің өзіндік құнына көбейту жолымен есептеледі.

Бюджетті қалыптастырудың маңызды кезеңіне өткізілген өнімдердің өзіндік кұнын анықтау жатады.

9-қадам. Өткізілген өнімдердің өзіндік құн бюджеті. Өткізілген өнімдердің бюджетін жасау негізінде мынадай есептеу формуласы жатады.

Өткізілген өнімдердің өзіндік құны = Кезең басындағы дайын өнімдердің коры + Жоспарланған кезеңде өндірілген өнімдердің өзіндік құндары - Кезең соңындағы дайын өнімдердің қоры.

Өз кезегінде жоспарланған кезеңде өндірілген өнімдердің өзіндік құндары былайша есептеледі.

Жоспарланған ксзеңде өндірілген өнімдердін өзіндік құны = Жоспарланатын кезеңдегі материалдардың шығыны + Жоспарланатын кезеңнің енбек шығыны + Жоспарланаты кезеңнің үстеме шығыны.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет (Перевод англ.Под ред Н.Д. Эрнашвили) М. Аудит, Юнити, 2002

2 Друри К. Введение в управленческий и производственный учет М.Аудит, 2004

3. Карпова Т.П. Управленческий учет М.Аудит Юнити, 1998

4. Управленческий учет – пособие, разработанные на основе стандартов бухгалтерского учета.Алматы, ЮСАИД КАРАНА, 1999

4. Хорнгрен Ч.Т., Фостер ДЖ. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект М.Фин. и статистика 2000







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 2862. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия