Студопедия — Бизнестің құрылымын өзгерту туралы шешімдер
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бизнестің құрылымын өзгерту туралы шешімдер






Шаруашылық механизмін қайта құру, әкімшілік жүйеден шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайына өту жылдарында Қазақстан Республикасындағы көптеген өнеркәсіп кәсіпорындары аса қиын қаржы жағдайына тап болды. Оған объективті және субъективті тұрғыдан көп себеп болды. Отандық өнімдер көп жағдайларда батыстық фирмалардың өнімдерімен бәсекеде төтеп бере алмайды: тұтынудың төменгі деңгейі, ақталмайтын жоғары бағалар, осының салдары ретіндегі өткізу нарығының болмауы тауарбастылық пен өндірістің тоқтауына әкеп соқтырды. Епті басшылар кейбір жағдайда батыс инвесторларын тарту арқылы бәсекеге жарамды өнімдерді шығару үшін өндірістік қуатын қайта бейімдеді (профильдеу).

Кәсіпорын әлдеқайда сапалы деңгейге көтеретін бизнес стратегиясын қалыптастыру, оның құрылымын өзгерту үшін бухгалтерлік басқару есебінің әдістері мен тәсілдерін білу аса қажет. Мұнда маркетингке, яғни нарықты зерделеу қызметіне, өндірісті басқару және реттеуге, нарық коньюктурасы туралы ақпарат негізінде жүзеге асырылатын және тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағдарланған тауарлар мен қызметтерді өткізуге маңызды мән беріледі. Басқаша сөзбен айтқанда, нарық тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін анықтаса, ал өндіріс технологиясы осы қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнімді жасайды.

Маркетингтік зерттеу нарыктағы тауарлардың жағдайын басқару және реттеу бойынша шешім қабылдаудың негізі болып табылады және өндіру мен өткізудің параметрлеріне, өнімнің сыртқы түрі мен бағасына (сатудың мөлшері мен орнына, өткізу арналарына, жабдықтаушыларға, делдалдарға және т.б,) тікелей ықпалын тигізеді.

Осылайша, бизнестің құрылымын өзгерту туралы шешім қабылдауда зерттеудің негізгі бағыттарын бөліп көрсету керек.

1. Кәсіпорынның даму келешегін талдау. Кәсіпорынның нарықтағы бәсекеге төтеп бере алатын шегі анықталып, барлық қызмет түрлері, яғни бизнестің кұрылымы белгіленеді.

Америкалык экономист М. Портердің пікірінше, бизнестің дамуы бәсекелесуші төрт күшке әсер етеді.

1, Жабдықтаушылар. Қажетті материалды өндіруші кәсіпорындарға ең алдымен олардың қайдан табылатынын білуі керек.

2. Сатып алушылар. Кәсіпорын нарыққа енуі үшін дистрибьюторлық жүйені жасап алуы керек.

3. Ауыстырушылар. Нарықта дәстүрліні ығыстыратын өнімнің жаңа түрі пайда болады.

4. Жаңа бәсекелестер. Нарықта бұрын бизнестің осы түрімен айналысқан жаңа компания пайда болады.

2. Белгілі бір бизнес түрінің кіру және шығу тосқауылдарын талдау. Кіру тосқауылы бизнеске жаңа бәсекелестердің енудегі кіші және үлкен мүмкіндіктерін білдіреді. Шығу тосқауылы - бизнестен шығудың үлкен немесе кіші мүмкіндіктерін сипаттайды.

3. Бизнестің ішкі құрылымын талдау кәсіпорынның стратегиясын әзірлеуде қолданылады. Басқару есебі тұрғысынан қарағанда стратегияның үш түрі болады:

1. Төменгі баға стратегиясы. Оның мақсаты - тапсырыс берушінің ұсынуымен дайын өнімнің бағасын барынша арзандату, сондықтан да барлық басқарушылық шешім шығындарды азайтуға бағытталуы керек..

2. Жоғары баға стратегиясы. Қабылданатын басқарушылық шешім тапсырыс берушінің аса жоғары талабын қанағаттандыратын әлдеқайда сапалы өнім өндіруге бағытталып, оған аса жоғары деңгейде баға белгілеуі керек.

3. Аралас стратегияда жекелеген тауар топтары бойынша алғашқы екі стратегияның элементтерін пайдаланады. Тауардың әр тобы үшін нарықтың еркін тауашасын (нишасын) анықтап, соған сәйкес стратегияның біріншісі немесе екіншісі іріктеледі.

Мұндай талдаудың арқасында басшылық бәселестердікімен салыстырғандағы өнімнің сапасын, бағаның деңгейін, сатып алушыларды, әлеуатті және басқа да тапсырыс берушілерді, әр қызмет түрінің географиясын анықтау арқылы кәсіпорынның барлық бизнес түрлері бойынша біртұтас стратегияны әзірлейді.

4. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымының тиімділігін бағалау. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымының әр түрлі нұсқасы болуы мүмкін.

Стратегиялық бизнес-бірлік - бұл тапсырыс берушілердің бір текті тобына сатылатын және нақты анықталған бәсекелестердің тобына ие тауар (жұмыс, қызмет) іріктемелері.

Стратегиялық бизнес-бірлік - бұл оқшауланған кәсіпорын ретінде басқарылатын, үлкенді жекелеген дербес бөлімшелерге бөлудің нәтижесінде болатын автономиялық бірлік, тәуелсіз компаниялар.







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 1579. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия