Студопедия — ОРЫТЫНДЫ ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ОРЫТЫНДЫ ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ






1. Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары мен міндеттері

2. Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар. Басқару және қаржылық есеп жүйелемелерінің салыстырмалы сипаттамасы: қойылатын талаптар, ақпараттардың анықтылығы, есеп көлемі, қорытынды есепті тапсыру жиілілігі.

3. Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі. Басқару процесі: жоспарлау бақылау мен реттеу, ұйымдастыру жұмысы, ынталандыру.

4. Басқару есебінің маңызды объектілері, ретіндегі шығындардың орталықтары; пайда орталықтары және жауапкершілік орталықтары.

5. Басқарудағы өндірістік есеп және оның маңызы.

6. Өндірістік есептің мәні мен мақсаттары.

7. Өнімнің өзіндік құнын басқару негізі ретіндегі өндірістік есеп.

8. Өндірістік есептің маңызы: өндіріс шығындарының есебі, шығындардың жиынтық есебі, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.

9. Шығындар және олардың жіктелуінің жалпы түсінігі.

10. Шығындар түсінігі, шығындар есебінің объектілері, калькуляциялау объектілері.

11. Шығындардың жіктелуі, оның мақсаттары мен мәні. Шығындарды жіктеудің негізгі бағыттары.

12. Өнімнің өзіндік құнын, табысты анықтау, запастарды бағалау үшін өндірістік шығындарыдң жіктелуі.

13. Негізгі, үстеме, жанама, тікелей шығындар, өткен шақтың шығындары, өндірістік, өндірістік емес шығындар.

14. Өндіріс шығындарының элементтері, шығындардыңң пайда болу орындары, жауапкершілік орталықтары және шығындарды орталықтары бойынша топтастыру.

15. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар құрамы. Калькуляция баптары және олардың сипаттамасы.

16. Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі.

17. Өндіріс көлеміне қарай шығындардың динамикасы: өзгермелі, тұрақты, жартылай өзгермелі, жартылай тұрақты шығындар.

18. Есепке алынатын, есепке алынбайтын шығындар мен табыстар (алдағы кезең шығындары және өткен кезең шығындары).

19. Қайтарылмайтын (өткен кезең) шығындары. Жойылатын және жойылмайтын шығындар.

20. Қабылданған баламалық бағыт нәтижесіндегі жорамалдағы шығындар.

21. Өндірістік есептің шоттар жүйесі, олардың сипаттамасы.

22. Шығындардың пайда болу орындары, калькуляциялау объектілері, жауапкершілік орталықтары бойынша талдамалық есепті ұйымдасытру.

23. Калькуляция баптары бойынша өндіріс шығындарының есебі.

24. Материалдық шығындар есебі

25. Материалдардың тасмалдану мен орын ауыстыру шығындарының есебі

26. Өндірістік қалдықтар есебі

27. Еңбек ақы төлеу және еңбек ақыдан есептелетін аударымдар шығындарының есебі

28. Еңбек ақы төлеу шығындар есебінің мақсаты

29. Өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша жалақысының есебі

30. Үстеме шығындар құрамына кіретін еңбекке ақы төлеудің есебі

31. Еңбек ақы төлеуден есептелетін аударымдар есебі

32. Ұйымдардың әкімшілік қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу шығындарының есебі

33. Басқа шығындардың есебі. Өндірістегі ақаулар есебі.

34. Ақаудың құжатталуы, пайда болу себептері мен орындар бойынша ақаулар есебі

35. Ақауды түзету бойынша шығындар есебі

36. Түзелмейтін ақаудан шеккен шығындар есебі

37. Бос тұрып қалудан шекен шығындар есебі

38. Ақауды сатудан түскен табыстар есебі

39. Алдағы кезең шығындар есебі мен таратылуы

40. Мерзімдік шығындардың таратылуы

41. Басқа алдағы кезең шығындарының есебі: еңбек демалысының резервін, негізгі құралдарды жөнелтуге және т.б. резервтер құру

42. Аяқталмаған өндірістің мәні

43. Аяқталмаған өндірістің бағалануы

44. Эквиваленттік өнім, нормативті және нормативтен тыс шеккен шығын

45. Аяқталмаған өндірісті түгендеу

46. Негізгі өндіріске қызмет көрсетудегі көмекші өндірістердің ролі мен маңызы

47. Көмекші өндірістердің өндірілетін өнім, орындалатын жұмыс, көрсеткен қызметтер құрамы мен сипаты бойынша түрлері

48. Көмекші өндірістердің есеп объектілері мен калькуляциялау объектілері

49. Көмекші өндірістердің бір-біріне көрсеткен қызметері және шығындарының есебі

50. Есеп және калькуляциялау объектілері бойынша шығындардың қосылуы, шығындарды жинақтау процесі ретіндегі жиынтық есеп

51. Өнімді (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындар құрамы: өнімді өткізуге байланысты шығындар; маркетингтік, жарнамалық және т.б. шығындар, олардың сипаттамасы

52. Жалпы және әкімшілік шығындарының есебі, олардың құрамы және сипаттамасы

53. Басқару аппаратын ұстау шығындары

54. Іс-сапар және өкілдік шығындар

55. Пайыздар бойынша шығындар есебі

56. Мерзімдік шығындарды есептен шығару

57. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың мәні

58. Калькуляциялық объектілер және калькуляциялық бірлік

59. Калькуляциялау түрлері

60. Процестік калкуляцияның мәні мен қолдану өрісі: сериялық өндіріс, жаппай өндіріс

61. Тапсырыстық есеп және өзіндік құнды калькуляциялау жүйесі, қолдану өрісі

62. Шығындар есебінің объектілері, калькуляциялау объектілері. Есепті ұйымдастыру

63. Тапсырыс бойынша шығындардың жиынтық есебі

64. Тапсырыстың өзіндік құнын калькуляциялау

65. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісінің мәні және принціптері, нормативтік әдісті жоспарлау, есептеу, шығындарды бақылау, шешімдер қабылдау, талдаудағы ролі, қолдану өрісі

66. Шығындарды толық таратумен өзіндік құнды калькуляциялау әдісінің мағынасы мен мәні

67. Кешенді өндірісі шығындарының есебі мен қосалқы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісінің мағынас мен мәні

68. Кешенді шығындарды қатар өндірілген қосарланған өнімдер арасында тарату әдістері: натуралдық көрсеткіштер арқылы және өнімнің нарықтық құнын сәйкес тарату

Глосарий (терминдер)

Ағымдағы шығын нормасы -өндірістің жоспарланған тиімділігін қамтамасыз ететін аз уақыт аралығындағы шығын.

Азаймалы шығын -өзгермелі шығындардың әр түрлілігі. Шығынның өсу қарқыны ұйымның іскер белсенділігінің өсу қаркынынан бәсең болады.

Айналымдылық коэффициені -материалдар тобының қорларына жұмсалған күрделі қаржының орташа сомасын ТМҚ (тауар-материалдық құндылықтар) осы тобының қорын ұстауға кететін жыл сайынғы жалпы шығын сомасына бөлу арқылы алынатын шама.

Ақпарат -белгілі бір пән туралы білімізді кеңейтетін фактілер, деректер, қадағалау.

Ақпараттық есеп беру -кәсіпорын басшыларына бөлімшелерде болған оқиғалар туралы хабарлайды. Сұрау салу бойынша жасалады.

Амортизация -Тозу дәрежесіне қарай еңбек құралының құнын осы құралдың көмегімен өндірілетін өнімге біртіндеп көшіру процесі.

Ауқымды база -шығын өзін белгілі бір түрде көрсететін әрі нақты білінетін тенденциясы болатын ұйымның іскер белсенділігінің белгілі бір кезеңі.

Ауытқу – алдын-ала белгіленген нормативтер немесе сметалық деректер мен нақтының арасындағы арифметикалық айырмашылық.

Аяқталмаған өндіріс -технологиялық ерекшеліктің күшімен белгілі бір сәтте дайын өнімге айналмаған өндірістік ресурстар шығыны.

Базистік стандарттар -жылдың басында белгіленіп, жыл бойы өзгеріссіз қалады.

Бақыланбайтын шығын - басқару субъектісінің қызметіне қатысы болмайды.

Бас (жалпы) бюджет (смета) – барлық ұйымның қызметін қамтитын қаржылық құжат.

Басқару аппараты – кәсіпорын қызметіне басшылық жасайтын қызметкерлердің немесе басқа өндірістік бірліктердің жиынтығы.

Басқару функциясы -объектіге жалпы біріктірілген процестер немесе әрекеттер, шешімдер жиынтығы және өндірісті басқару бойынша шешілетін міндет.

Бақылау -менеджер, басшылық тарапынан нақты және толық жоспарларды тексеруді жүзеге асыру.

Бақыланатын шығындар – кәсіпорында жұмыс істейтін тұлғаның басқару субъектілерінің тарапынан бакылауға көнетін шығын.

Бөлек алынатын өнім өндірісінің пайдалылық орталығы -жауапты орталықтардың әр түрлілігі, онда табыс шығарылған өнімдердің ақшалай көрінісі болады, ал шығын-пайдаланылған ресурстар, пайда - өндірістік ресурстардың берілген мөлшеріндегі кірістер мен шығыстардың арасындағы айырмашылық.

Бір шеңберлі (интеграцияланған) жүйе -қаржылық және баскарушылық есепке шоттар мен бухгалтерлік хаттаудың (жазбаның) бірыңғай жүйесі қолданылатын бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.

Бірыңғай жалпы зауыттық мөлшерлеме -бөлімшелермен орындалған және бір тапсырысқа қатысты барлық жұмыс уақытындағы бірдей шығыны бар өндірістік бөлімшелерге үстеме шығынды бөлу мөлшерлемесі.

Бухгалтерлік басқару есебі -ұйым қызметін жоспарлау, бақылау және оның өздегінен басқарылуы үшін басқарушы қызметкер ақпаратпен қамтамасыз ететін бір ұйымның аясындағы қызмет түрі. Баскару есебіндегі ақпарат базасының негізіне - кәсіпорын шығындары туралы деректер жатады.

Бухгалтерлік есеп — бухгалтерлік қаржылық және бухгалтерлік басқару есебін айрықшалайды. Біріншісінің мақсаты -сыртқы пайдаланушыларды бухгалтерлік ақпаратпен қамтамасыз ету, екіншісінікі — ішкі пайдаланушылар.

Бухгалтерлік модель -өндіріс көлемінің өзгерісіне қарай жиынтык табыс пен шығынға желілік тәуелділік графигі.

Бюджет -жоспардың сандық көрінісі оның орындалуын бақылайтын құрал және реттеу әдісі.

Бюджеттендіру – кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің қызметін басқару әдісі.

Графикалық әдіс -экономикалық және бухгалтерлік залалсыздық моделінің графигін құру негізінде жиынтықтабыс, шығын және пайданың өндіріс көлеміне тәуелділігі.

Дайын өнімнің өзіндік құнына қосылатын шығын - өткізу сәтіне дейін аяқталмаған өндіріске және дайын өнім өндірісіне байланысты шығындар.

Деңгейлес талдау -есептік кезеңнің сметасын немесе өткен кезеңдегі ауытқуларды анықтауда болады.

Директ-костинг -дайын өнім түрлері бойынша тікелей шығынды жалпылайтын (қорытындылайтын) басқару есеп жүйесі; жанама шығын есептік кезеңнің қаржылық нәтижесімен өтеледі.

Дисконтталған шығын -дисконттау коэффициенті арқылы ағымдағы сәтке келтірілген ка­питал жұмсау бойынша жүктелген шығындар.

Дисконттау -қолма-қол ақшалай қаражатты салыстыру сәтінде құнға келтіретін процесс. Табыс пен шығынға қатысты.

Еңбек ресурстарын басқару -еңбек ресурстарын жоспарлауды, жұмыс күшін іріктеу мен одан бас тартуды, еңбек пен сандарды нормалауды, жұмыс күшінің шығын есебін, кәсіби бағдарлау мен оқытуды, еңбек қызметтерін бағалауды (өнімділік есебін), басқарушы кадрларды дайындауды, жұмысшы күшін пайдалану мен оның шығынын бақылауды, реттеуді қамтитын жүйе.

Есептік кезең шығыны -дайын өнімдер мен аяқталмаған өндіріс қорындағы шығынды шығарушы шығындардан тұрады.

Жабдықтау кезеңі -материалды өндіруге немесе сатып алуға кажетті уақыт аралығы. Материалға тапсырыс беруді шешу және оны қоймаға жеткізудің арасындагы уақыт аралығын қамтиды.

Жабдықтау мерзімінің ауытқуы -жұмыс уақытында жабдықтау нақты жүзеге асырылған күн мен жоспарланған күннің арасындағы айырмашылық.

Жалпы нормативтік еңбек шығындары -есептік кезеңде шығарылған өнім бірліктерінің санымен және дайын өнім бірліктерінің нормативтік еңбек шығынымен аныкталады.

Жалпыланған қаржылык, смета (бюджет) -баланс, қолда бар ақша қозғалысының есебі, кірістер мен шығыстар шоғырландырма түрінде, яғни шоғырландырылып берілетін бірыңғай жиынтық құжат.

Жалпыланған смета -пайда мен залал туралы есеп берудің жобасы.

Жанама шығындар -шығын шығарушыға тікелей жүктеуге мүмкін емес немесе экономикалық жағынан пайдасы жоқ шығын. Ол есептік саясаттағы кәсіпорын таңдаған әдіске сәйкес жекелеген шығын шығарушыларға бөледі.

Жанама шығындарды бөлу базасы -шығын шығарушы бой­ынша бөлінетін жанама шығындарға үйлесімді (пропорционал) көрсеткіш.

Жанама шығындарды бөлу мөлшерлемесі - калькуляциялау объектілеріне жанама шығынды алдын ала белуге мүмкіндік беретін, есептік кезең басталғанға дейін бұрын есептелген норматив.

Жаппай өндіріс -әр түрлі аталатын өнімдерді бірталай уа­қыт ішінде шектеулі номенклатурамен және көптеп (көп санмен) ұдайы (үздіксіз) дайындап отыратын өндіріс.

Жауапкершілік - міндеттерді орындау міндеттемелері және оларды қанағаттандырарлықтай аяқтауды камтамасыз ету.

Жауапты орталықтарда пайда болған шығын есебі -"шығын - шикізатты қайта өндеу көлемі - пайда" принципіне жауап беретін шығындарды топтастыру жүйесі. Нақты де­ректер мен сметалык деректер салыстырылатын, сметаның орындалуы туралы - есеп беруді жасайды.

Жеке өндіріс -қайталанатын не­месе қайталанбайтын, кезеңдік емес әр түрлі мөлшердегі ірі, орташа, ұсақ бұйымдарды ұзақ кезеңмен өңдіріп шығару.

Жиынтық есеп - кәсіпорынныц шығынын дайын өнімдер меи аяқталмаған өндіріске болу үшін, барлық шығарылған өнімдер мен дайын өнімдердің жекелеген түрлерінің өзіндік кұндарын есептеу үшін ақпараттарды дайындау мақсатында тұтас кәсіпорын бой­ынша өнім (жұмыс, кызмет) түрлерімен негізгі жәнс қосалкы өндіріс цехтарының тұрғысындағы шығын баптары бойынша өндіріс шығынын қорытындылау жүйесі. Ол екі нұсқада - жартылай дайындалған өнімсіз және жартылай дайындалған өнімді болады.

Жоғары жэне төменгі нүктелер әдісі - шығындарды тұрақтыға жэне өзгермеліге бөлуге мүмкіндік беріп, мына у = а + Ьх, формуласы бойынша бейнеленеді. Мұнда у - жиынтык шығын; а - тұракты бөлігі; Ъ - үлестік өзгермелі; х - кэсіпорынның іскерлік белсенділігі.

Жоспарлау -болашақта жүзеге асырылуы ыктимал әрекет нұсқаларын тандау.

Жоспарлы - есептік бірлік өндіріс есебі мен жоспарлауда қабылданатын өндіріс көлемінің бірыңғай өлшеу көрсеткіштері.

Жұмыс күшінің шығынын жіктеу -шығындарды есеп мақсаттары бойынша, түрлермен,элементтермен, қызметкерлердің кұрамы, олардың категориялары бойынша, шығын бағыттары мен өнім түрлері бойынша, басқару функциялары, құрылымдық бөлімшелер бойынша топтастыру.

Жүктелген (болжанатын) шығындар -талдаушы-бухгалтер дұрыс басқару шешімін қабылдау үшін болжауға тура келетін шығын. Мәні бойын­ша кәсіпорынның қолдан жіберіп алған пайдасы.

Жіктеу белгілері -жоспарлауда, есепте және оның жалпы ерекшелігін белгілеуде қабылданатын экономикалық ақпараттарды топтастыру.

Залалсыздық нүктесі (шиеніс-кен сәт, тапжылмайтын нүкте, теңестіру нүктесі) - нөлдік қаржылық нәтижені камтамасыз ететін ұйымның іскерлік белсенділігінің деңгейі.

Залалсыздықты талдау - қысқа мерзімді кезең ішінде табыс, шығын және пайда арасындағы байланысқа негізделген, ұйымның залалсыздық нүктесін анықтауға мүмкіндік беретін талдау.

Инвестиция - сақтау және ұлғайту максатында әр түрлі экономика салаларына ұзақ мерзімді капитал жұмсау.

Инвестициялық бағдарлама - мақсатты бағыты бар инвестициялық жобалардың жиынтығы.

Икемді бюджет - ұйымның іскер белсенділігінің бірнеше баламалы деңгейлеріне жасалатын бюджет.

Инкременттік шығындар мен табыстар - өнімнің партиясын қосымша дайындауда пай­да болатын қосымша шығындар мен табыстар.

Инновациялық (жаңартпашылық) менеджмент - жаңа өнімді әзірлеп, енгізуге, дәстүрлі өнім өндірісін одан әрі дамытуға, өндірістен ескірген өнімді алып тастауға бағытталған кәсіпорынның стратегиясын басқару.

Калькуляция - өнім (жұмыс, қыз­мет) бірлігінің өзіндік құнын есептейді және бухгалтерлік есеп әдісінің бір элементі. Калькуляциялау - бұл калькуляцияларды жасау. Жоспарлы, нақты жэне сметалық калькуляциялар бөліп көрсетіледі.

Калькуляции бабы - шығын шығарушыны және шығынның пайда болу орнын қоса ескеретін шығын түрлері. Калькуляция бабы бойынша шығынды жіктеу ресурстар қайда және не үшін шығын болды деген сауалдардың жауабын береді.

Калькуляциялау объектісі - тұтыну құны анықталған жұмыс пен қызмет, дайындалуы әр деңгейдегі ішінара өнімдер, жартылай әзірленген өнімдер, өнім түрлері.

Калькулиялаудың процестік әдісі - өлшеудің және калькуляциялаудың бірыңғай бірлігімен шығаратын өнімді шектеулі номенклатурамен аяқталмаған өндірісті не азғантай мөлшермен немесе басы бүтін болмайтын, жалғасы жоқ (тізбектілікті емес) өндірістік кезеңдегі өндірістің жалпы сипатын сипаттайтын кен өндіру өнеркәсіптері мен энергетикада қолданылады. Қайта бөлістік калькуляциялаудың ықшамдалған әр түрлілігі ретінде жиі қарастырылады.

Калькуляциялық бірлік - калькуляциялық объектінің өлшеу бірлігі.

Кәсіпкерлік қызметтің сегменті - өнім түрі, бөлімше, нарық зонасы.

Кәсіпорынды бақылау жүйесі - барлық кәсіпорын бөлімшелерінің шаруашылық қызметтерінің нақты нәтижелері туралы ақпаратты алуға, әзірлеуге, талдауға, ауытқуларды анықтауға және осы ауытқулардың себебін талдауға негізделген баскарушылық бақылау жүйесі, алға койылған мақсаттарға қол жеткізуге кажетті шараларды әзірлеу.

Кәсіпорынның нормативтік шаруашылығы - өндіріске қыз­мет ету мен оны басқару шығындарының, еңбек шығынының, энергияның барлық түрлерінің, отынның, сатып алынатын бұйымдардың, материалдар мен шикізат шығындарының ағымдағы норманың нормативінің және сметасының жүйесі.

Кезендік шығын (есептік кезең шығыны) - өнім (жұмыс, кыз­мет) өндірісімен тікелей байланысты болмайтын шығын. Коммерциялык және әкімшілік шығындардан тұрады.

Келісімді баға - сатып алу-сатудың әрбір жеке актісіндегі баға.

Кіру шығыны - болашақта та­быс әкелуі керек сатып алынған және қолда бар ресурстардың болуы.

Калькуляциялау мен шығын есебінің тапсырыстық әдісі - теңдессіз немесе арнайы тапсырыстағы бұйым бойынша орындалатын дайындауда пайдаланылатын әдіс. Ол жеке және ұсақ сериямен өндіретін кәсіпорындарда қолданылады: тұрмыстық кызмет көрсетуде, полиграфиялық өнеркәсіптерде, құрылыс және т.б. Шығын есебінің объектісі мен калькуляциялау объектісіне клиенттің өзіне арнайы дайындалатын белгілі бір сандағы бұйымға тапсырыс-өтінімі жатады.

Қайта бөлу - келесі кайта белу­ге жөнелтілуі мүмкін немесе тарапка өткізілуі ықтимал дайын болған жартылай әзірленген өнімді алумен аяқталатын технологиялық процестің бөлігі (технологиялық операциялардың жиынтығы).

Қайта бөліспен калькуляциялау - қайта бөлу деп аталатын өндірістің барлық сатылары арқылы белгілі бір тізбектілікпен өтетін біркелкі бұйымды түйдекті сериямен өндіретін өнеркәсіп салаларында қолданылатын шығын есебі мен каль куляциялау әдісі.

Қайтарылмайтын шығындар - бұрын қабылданған шешімнің нәтижесінде пайда болатын өткен кезеңнің шығыны. Оған ешқандай басқарушылык шешім әсер ете алмайды.

Қажетті сақтандыру кезеңі -сұраныстың пайда болуы мен оны қанағаттандыру уақыттарындағы айырмашылық. Материалды керек кезінде қажетті көлемде беруді қамтамасыз етеді

Қалыпты стандарт -бағаның экономикалық кезеңі ішінде орташа баға бойынша есептеледі.

Қаржылық бюджет - күрделі қаржы жұмсау бюджетін, ақшалай қаражатты және болжаулы балансты қамтитын бас бюджеттің бөлігі.







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 2113. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия