Студопедия — Тақырып. Функционалды калькуляциялау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Функционалды калькуляциялау






1. 8110 "Негізгі өндіріс" шоты бойынша өндірістің шығындар есебі төмендегі номенклатура баптары бойынша топтастырылып, әдетте, олар элементтерінің кескіні бойынша есепке алынады.

Материалдар. Шикізаттар мен материалдар — өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи шикізатгардың құны (су шаруашылық жүйесінен субъектінің жинайтын, су үшін төлемі және де табиғи шикізат ресурстарын іздестіруге, барлауға, қорғауға, оларды пайдалану мен жаңғыртуды ұйымдастыруға арналған мамандандырылған ұйымдардың шығындарын өтейтін басқа да төлемдері), арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі,

Лимиттік-алу карталары және талап-накладнойы жұмсалған шикізат пен негізгі материалдарды, сондай-ак сатып алынған материалдарды өндірісте есептен шығару үшін негіз болып табылады. Осы құжаттардың деректері цехтар (өндірістер), калькуляция немесе есеп объектілері бойынша "Материалдардың шығыстарын тарату" деп аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және "Цехтар бойынша шығындарының" ведомосы немесе осыған ұқсас есеп регистрлерына (ведомостар, машинограммалар, карточкалар) жазылады.

Көмекші материалдар - тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдардын шығыны (технологиялық мақсаттарға пайдаланған көмекші материалдар). Бұндай көмекші материалдардын құны белгіленген шығыс нормасы бойынша өнімнін өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін.

Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік құнына, тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша пропорциональды түрде таратылады.

Қайтарылған қалдықтар - бұл негізгі, көмекші және қосалқы өндірістердін калдығы.

Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық ресурстарының шығыстарына қайтарылған өндіріс қалдықтарынын (отходтарының) құны қосылмайды.

Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шикізаттар, шалафабрикаттар, жылуды сақтайтын материалдар т.б. материалдық ресурстары саналады, бірақ олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты тікелей өз арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.

Белгіленген технологияға сәйкес өнімнің басқа түрін өндіру үшін толық қанды материал ретінде берілген материалдық ресурстар қалдыққа жатпайды. Сондай-ақ қалдыққа ілеспе өнімдері де жатпайды, олардың тізімі шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептен шығару әдістерінде белгіленген.

Қайтарылған қалдықтар (отходтар) келесі тәртіпте бағаланады:

- егер де қалдықтарды негізгі өндіріс мұқтаждығы үшін, бірақ өнім азайтылып шығарылса немесе қосалқы өндіріс мұқтаждығы үшін, сондай-ақ кеңінен тұтынатын тауарларды дайындау үшін пайдаланса, онда шикізат пен материалдардың бастапқы құнының төмендетілген бағасы бойынша;

- қалдықтар қайта өндеуге немесе сыртқа сатуға кетсе, олардың жинаумен өңдеуге жұмсалған шығыңдарын шегере отырыл, қалдықтарға белгіленген бағасы бойынша;

- егер де қалдықтар шартқа сәйкес шикізат немесе толыққанды материалдар ретінде пайдалану үшін сатылса, онда шикізаттар немесе материалдар бастапқы толық бағасы бойынша бағаланады.

Қайтымсыз (пайдаланылмайтын) қалдықтар бағалауға жатпайды. Қалдықтарды пайдалануды нормалау қажет, ал оларды кіріске алуға тиісінше бақылау жасауды жолға кою керек. Қайтымды қалдықтарды қоймаларға тауар құжаттамалары (накладнойы) бойынша кіріске алады, олардың құнына "Шикізат пен материалдар" бабы бойынша шикізат пен материалдардың шығыстарын азайтады. Қалдыктардың кіріске алынуын 206-шоттың дебеті және 900-шоттың кредиті бойынша көрсетеді. 900-шоттың кредитіндегі талдамалық есеп регистрлеріне (карточкаларға, ведомостарға) жазылады.

Сатып алынатын буйымдар, шалафабрикаттар және тараптық кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік сипаттағы көрсетететін қызметтеріне өнімді іріктеп жинақтауға (комплектация жасауға) пайдаланатын шалафабрикаттар мен сатып алынған бұйымдарға немесе дайын өнім алу үшін кәсіпорынның өзінде қосымша өңдеуге түсетіндерге кеткен шығындар; басқа жақтың кәсіпорындарының көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар сол өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнына тікелей жатқызылуы мүмкін, сондай-ақ материалдар мен шикізатты өндеуге, өнімді дайындау бойынша жекелеген операцияларды орындауға және белгіленген технологиялық процестерді сақтау үшін бақылау жасауға, орталық қоймаға дейін запастарды жеткізіп беру бойынша сырт жақтың транспорттық қызметіне жұмсалатын шығындар жатады.

Субъектінің өз транспортымен және өз қызметкерлерінің күшімен жеткізілген запастардың (шикізаттар, материалдар, сатып алынған бұйымдар және шалафабрикаттар) шығындары да өндіріс шығындарының тиесілі элементтеріне қосылады (еңбек ақы төлеу шығындарына, жалақыдан аударылатын аударымдарға және т.б.).

Дайындау-көліктік шығыстарына (ДКШ) шығынның келесі түрлері жатады: жабдықтау-сату ұйымдарына төленетін үстемелері (наценкасы); жүкті тасығаны үшін қосымша кіре ақысы; субъектің қоймасына материалдарды жеткізіп беру мен түсіру шығыстары; дайындау орындарында ұйымдастырылған агенттікті және қоймаларды, кеңселерді ұстау шығыстары; материалдарды тікелей дайындаумен байланысты іс-сапар шығыстары т.б.

Технологиялық мақсатқа арналған энергия мен отындар. Өндіріс процесінде тікелей жұмсалатын энергиялар (барлық түрі) мен отындардың шығындары. Олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардың шығысы сияқты көрініс табады.

Технологиялық мақсатқа отын шығындарына кәсіпорынның өзі өндірген отындардың құны да және басқа жақтан сатып алынған отындардың құны да енгізіледі: мартен, домен пештерінде агрегаттарды балқыту үшін, металл-прокаттық, ұсталық-штампылау, престеу және басқа цехтарда қыздыру үшін, бұйымдарға технологиялық процесспен белгіленген байқау (сынау) жұмыстарын жүргізу үшінт.б.

Сондай-ақ кәсіпорынның технологиялық, двигательдік және басқа да өндірістік және шаруашылық мұқтаждарына жұмсалатын сатып алынған энергияның барлық түрлері. Кәсіпорынның өзі шығарған энергияның электрлік және басқа да түрлерін өндіруге, сондай-ақ сатып алынған энергияны оны тұтынатын жерге дейін трансформациялау мен беруге жүмсалатын шығындар тиісті шығын элементтеріне енгізіледі; табиғи кему нормалары шегінде материалдық игіліктердің кем шығуы мен бүлінуінен болған шығындар. Кәсіпорын көлігімен материаддық ресурстарды жеткізіп берумен байланысты шығындар (тиеу-түсіру жұмыстарын қоса алғанда) өндіріс шығындарының тиісті элементтеріне (еңбек ақы төлеуге, негізгі корлар амортизациясына жұмсалатын шығындар, материалдық шығындар және т.б.), сондай-ақ материал ресурстарының құнына жеткізіп берушіден (жабдықтаушылардан) материалдық ресурстармен бірге алынған ыдыстың құны оның бағасына енгізілген жағдайда жеткізіп берушілерден алынған материалдық ресурстардың ыдыстары мен бумаларын сатып алуға жұмсаған кәсіпорындардың шығындары да енгізіледі.

Өнімнің өзіндік құнына енгізілген материалдық шығындардан қайтымды қалдықтардың құны алынып тасталынады. Өндірістің қайтымды қалдықтары деп өнім өндіру процесінде пайда болған, бастапқы ресурстың тұтыну сапасын (химиялык немесе физикалык қасиеттерін) толық немесе ішінара жоғалтқан және сонын салдарынан көтеріңкі шығындармен (аз өнім шығара отырып) пайдаланылатын немесе негізгі максатқа мүлдем пайдаланбайтын шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар, жылутаратқыштар және баска да материалдык ресурстар түрлерінің қалдықтарын айтамыз. Өнімнің басқа түрлерін өндіру үшін толыққанды материал ретінде белгіленген технологияға сәйкес басқа цехтарға, белімшелерге берілетін материалдық ресурстар қалдықтары қайтарымды қалдықтарға жатпайды. Сондай-ақ, жолай алынатын (ілеспе) өнім де қалдықтарға жатпайды, олардың тізбесі өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау мәселелері жөніндегі салалық әдістемелік ұсыныстарында белгіленеді.

Бухгалтерлік есеп стандарттарында материалдық құндылықтарды бағалаудың келесі әдістері ұсынылған: арнайы (жалпылама) ұқсастыру әдісі, орташа құн әдісі, алғашқы сатып алынған босалқылардың бағалары бойынша («ФИФО») бағалау әдісі.

Арнайы идентификацияла у әдісі бірін бірі алмастыра алмайтын және арнайы жобалар мен тапсырмаларды орындауға арналған материалдарды

бағалау үшін қолданылады. Жол құрылысында мұндай материалдың түрлеріне жер асты құбырларын, рельстік темір жолдарды жатқызуға болады.

Орташа өлшем баға әдісі арқылы жаңадан келіп түскен материалдардың бағалары қоймадағы материалдардың қалдық құндарымен біріктіріліп орташа бағасы шығарылады. Қоймаға материалдар түскен сайын баға қайтадан есептеліп, өндіріске жіберілгені және қоймадағы материалдардың қалдығы соңғы орташа баға бойынша көрсетіледі.

Өндірісте пайдаланылатын материалдар әртүрлі болып және олар ең төменгі өзіндік құнға ие болған жағдайда, сонымен бірге бағаның жиі өзгеруінде орташа өлшем әдісін қолдану өте қолайлы болып саналады. Өйткені, бұл бағалау әдісі материалдарға деген шектен тыс жоғары немесе өте төмен баға әсерлерін төмендетеді.

ФИФО әдісі бойынша өндіріске материалдар бірінші сатып алынғандардың құндарымен жіберіледі, яғни материалдарды қоймадан өндіріске нақты өзіндік құнымен жіберуді білдіреді.

 

2. Өндіріске материадық шығындарды шығару келесі тәсілдердің біреуін қолдану арқылы жүзеге асады.

Бірінші - өндіріске жіберілген материалдар алғашқы құжаттардың негізінде тікелей 8010 «Негізгі өндіріс» шотының дебетіне 1310 «Шикізаттар мен материалдар» шотының кредитінен шығарылады. Есепті мерзімнің соңында пайдаланылмаған материалдық қорлардың қалдығы түгенделіп, осы қалдық сомасы өндіріске жіберілген материалдық шығындардың сомасын азайтады.

Екінші әдіс – орталық қоймадан жіберілген өндіріске жіберілген материалдық құндылықтар мастердің есебіне беріліп, содан кейін тек өндіріске нақты жұмсалған материалдар есептен шығарылады.

Өндірістегі материалдарды есептен шығару тек ұйым басшысы бекіткен жауапты тұлғаның есеп беруі бойынша жүргізіледі. Осы есеп берудің және оған тіркелген алғашқы құжаттардың негізінде бухгалтер шығыстардың бағыты бойынша (өнім түрлері, шығын баптары бойынша) материалдарды бөлудің ведомостісін жасайды.

Материалдар есептен нақты өзіндік құн бойынша шығарылады. Егер ұйымдардар материалдар нақты өзіндік құндары бойынша бағаланса, онда осы бағамен олар бөлу ведомостісінде де көрсетіледі.

Материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құнына оларды сатып алуға, тасу-тасымалдауға, қайта өңдеуге кеткен шығындары қосылады.

Көпшілік жағдайда шикізаттар мен материалдар алғашқы құжаттардың немесе есеп берудің негізінде өндірілген өнімнің өзіндік құнына тікелей қосылып отырылады. Дегемен де, өндірістің кейбір саласында немесе жұмсалған материалдардан бірнеше өнім түрлері алынатын жағдайда материалдарды өнімнің өзіндік құнына тікелей қосып отыру әрдайым мүмкін бола бермейді. Мысалы, ағаш өңдеу, ет, сүт және т.б өнеркісіп салаларында өнім түрлері, сортары, топтары бойынша материалдық шығындар жанама түрде, яғни нақты шығарылған өнімнің көлеміне нормативтік шығыны бойынша тепе-тең, белгіленген коэфициент бойынша немесе өнімнің көлемі мен салмағына тепе – тең таратылады.

Материалдық шығндарды өнім түрлері бойынша нормативтік шығын нормасы негізінде тарату (материалдың аты)

 

Өнім аттары Нақты өндірілген өнім көлемі, дана Өнімнің бір өлшеміне материалдар шығынының нормасы, кг Нақты өнім көлеміне нормативтік материалдар шығыны (2*3) Бөлу коэфициенті Нақты жұмсалған материалдар, кг
           
А       0,98 5000*0,98=4900
Б       0,98 3750*0,98=3675
В       0,98 3500*0,98=3430
Б-ғы   * 12 250 0,98  






Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 2413. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия