Студопедия — ПӘН БОЙЫНША СЫНАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ПӘН БОЙЫНША СЫНАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР






ПАТОФИЗИОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША АЛҒАН БІЛІМДЕРІН, ҮЙРЕНГЕН ДАҒДЫЛАРЫН ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАРЫ

ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 3 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН


1. Патологиялық физиология зерттейді

A) ауру кезінде организмдегі құрылымдық өзгерістерді

B) дені сау адамның ағзалары мен жүйелерінің қызметін

C) адам және жануарлар организмінде зат алмасу үрдістерін

D) аурулар әйгіленімдерін

E) ауру организмнің қызметтерін

2. Патологиялық физиология – бұл, зерттейтін ғылым

A) аурулардың пайда болуы, өтуі және аяқталуының жалпы заңдылықтарын

B) физиологиялық жағдайлардағы организмнің тіршілігін

C) аурулардың жіктелуін және аталымдарын

D) аурулардың клиникалық көріністерін

E) адам организміне дәрі-дәрмектердің әсерін

3.Патофизиологияда негізгі зерттеу объектісі болып табылады

A) ауру

B) физиологиялық жағдайлардағы организмнің тіршілігін

C) денсулық

D) өсімдіктер

E) дәрілік препараттар.

4. Патофизиологиядағы зерттеудің негізгі тәсілі (1)

A) адамға тәжірибе жасау

B) зертханалық жануарларға тәжірибе жасау

C) ауру көріністерін зерттеу

D) аурушаңдықты статистикалық талдау

E) науқастарды клиникалық тексеру

5. Жануарлардағы тәжірибеде зерттеу мүмкін болмайды

A) аурудың алғашқы кезеңін

B) организмге жаңа дәрі-дәрмектердің әсерін

C) аурудың емделмеген түрін

D) аурудың тұлғалық белгілерін

E) ауру дамуына орта жағдайларының ықпалын

6. Патофизиологиялық тәжірибеде міндеті

A) жануарларда адам ауруларын үлгілеу

B) қызметтік көрсеткіштерді зерттеу

C) морфологиялық көрсеткіштерді зерттеу

D) биохимиялық көрсеткіштерді зерттеу

E) аурудың клиникалық көріністерін зерттеу

7. Ауру - бүл

A) организмнің белгілі бір ықпалға әдеттегіден тыс әсерленісі

B) зақымданған тіндер, ағзалар немесе организмде дерттік және қорғану-бейімделу әсерленістерінің жиынтығы

C) организм үшін бейімделулік маңызы жоқ қалыптан тыс тұрақты ауытқу

D) сыртқы ортаның зақымдайтын ықпалына жауап ретінде пайда болатын және организмнің қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің шектелуі және еңбекке қабілеттілігінің төмендеуімен сипатталатын, денсаулықтан өзгеше, организмнің жаңа сапалық жағдайы

E) организмнің, жекелеген ағзалар немесе жүйелерінің жоғары жүктемеге бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен сипатталатын, жағдайы

8. Ауру алды жағдай- бүл

A) дерттік және қорғану-бейімделу әсерленістерінің жиынтығы

B) дерттік үрдістін ең қарапайым түрі

C) біртектес дерттік әсерленіс

D) аурудың бірінші сатысы

E) денсаулық пен ауру арасындағы жағдай

9. Дерттік әсерленіс – бұл

A) белгілі бір ықпалға организмнің қысқа мерзімдік әдеттен тыс (сәйкессіз) әсерленісі

B) баяу өтетін дерттік үрдіс

C) құрылымның немесе қызметтің аурулы аутқуы

D) аурудың әйгіленімі

E) аурудың асқынуы

10. Дерттік жағдай – бұл

A) денсаулық пен ауру арасындағы жағдай

B) организмнің жаңа сапалық жағдайы

C) баяу өтетін дерттік үрдіс

D) дерттік үрдістін ең қарапайым түрі

E) организмнің еңбекке қабілетінің төмендеуі

11. Дерттік үрдіс аталады (1)

A) организм үшін бейімделулік маңызы жоқ қалыптан тыс тұрақты ауытқу

B) сыртқы орта жайттарымен ағзалар және тіндердің зақымдануы

C) түрлі ықпалдарға организмнің сәйкессіз жауабы

D) зақымданған тіндер, ағзалар немесе организмде дерттік және қорғану-бейімделу әсерленістерінің жиынтығы

E) жүктеме кезінде организмнің бейімделу мүмкіншіліктерінің төмендеуі

12. Алып тастағаннан соңғы тұқыл, буынның қозғалмауы, зағиптық мысал болады

A) дерттік үрдіске

B) дерттік әсерленіске

C) дерттік жағдайға

D) нозологиялық түрге (ауруға)

E) ауру асқынуына

13. Жарақат әсерінен соңғы зағиптық мысал болады

A) дерттік жағдайға

B) дерттік үрдіске

C) дерттік әсерленіске

D) ауруға

E) аурудың әйгілініміне

14. Жағымсыз эмоция әсерінен АҚ қысқа мерзімдік төмендеуі – бұл

A) дерттік әсерленіс

B) ауру

C) дерттік жағдай

D) дерттік үрдіс

E) ауру әйгіленімі

15. Дерттік үрдістің мысалы

A) гипоксия

B) гломерулонефрит

C) миелолейкоз

D) атеросклероз

E) анемия

16. Аурудың жіті өтуінің ұзақтығы

A) 4 күнге дейін

B) 5 - 14 күн

C) 15 - 40 күн

D) бірнеше ай

E) жылдар бойы

17. Аурудың жітілеу өтуінің ұзақтығы

A) 4 күнге дейін

B) 5 - 14 күн

C) 15 - 40 күн

D) бірнеше ай

E) жылдар бойы

18. Аурудың созылмалы өтуінің ұзақтығы

A) 3 күнге дейін

B) 4 күнге дейін

C) 5 - 14 күн

D) 15 - 40 күн

E) бірнеше ай, жылдар бойы

19. А урудың бейнақты белгілері тән

A) жасырын кезеңіне

B) хабаршы кезеңге

C) инкубациялық кезеңге

D) аурудың айқындалу кезеңіне

E) аурудың аяқталуына

20. Аурудың барлық белгілерінің болуы тән

A) жасырын кезеңіне

B) хабаршы кезеңіне

C) инкубациялық кезеңіне

D) аурудың айқындалу кезеңіне

E) аурудың аяқталуына

21. Клиникалық өлімнің белгілері

A) сирек үстіртін тыныс

B) сирек пульс

C) сана-сезімнің алжасуы

D) АҚ қатты төмендеуі

E) тыныс және жүрек соғуының тоқтауы, рефлекстердің жоғалуы

22. Өлу кезеңдерінің дұрыс бірізділігі:

A) агония алды, ақтық үзіліс,агония, клиникалық өлім, биологиялық өлім

B) ақтық үзіліс, агония алды, агония, клиникалық өлім, биологиялық өлім

C) агония алды, агония, ақтық үзіліс, клиникалық өлім, биологиялық өлім

D) агония алды, ақтық үзіліс, агония, биологиялық өлім, клиникалық өлім

E) агония алды, агония, клиникалық өлім, ақтық үзіліс, биологиялық өлім

23. Биологиялық өлімнің белгілері

A) сирек үстіртін тыныс

B) сирек пульс

C) сана-сезімнің алжасуы

D) АҚ қатты төмендеуі

E) дене температурасының сыртқы орта температурасына дейін төмендеуі

24. Клиникалық өлім кезінде жасушалар тіршілігі нәтижесінде сақталады

A) сыртқы тыныстың

B) қанайналымының

C) тотығулық фосфорланудың

D) анаэробтық гликолиздің

E) тіндік тыныстың

25. Этиология – бұл

A) ауру туралы жалпы ілім

B) ауру пайда болуының себептері және жағдайлары (себептік байланыстары) туралы ілім

C) сауығу механизмдері туралы ілім

D) аурудың даму тетіктері туралы ілім

E) реактивтілік туралы ілім

26. Аурудың себептері – бұл

A) аурудың пайда болуына септесетін жайт

B) ауру туындататын және оның арнайы белгілерің анықтайтын жайт

C) аурудың арнайы емес белгілерің анықтайтын жайт

D) аурудың пайда болу жиілігіне ықпал ететін жайт

E) аурудың ағымы мен ұзақтығына әсер ететін жайт

27. Аурудың пайда болуына

A) бір себептің әсері жеткілікті

B) себеп болмаса да жағдайлар жиынтығы қажет

C) тұқым қуалауға бейімділік міндетті түрде қажет

D) ауруды туындататын себеп те, септік жағдай да қажет

E) себептер жиынтығы әсер етуі қажет

28. Ауру пайда болуының жағдайлары – бұл

A) ауру пайда болуына қажетті жайттар

B) аурудың пайда болуына септесетін немесе кедергі келтіретін жайттар

C) аурудың пайда болуы мен дамуына әсер етпейтін жайттар

D) аурудың клиникалық қөріністерін анықтайтын жайт

E) аурудың аяқталуын анықтайтын жайт

29. Аурудың себебі де жағдайы да бола алатын жайт

A) науқас организмні қызметінің нейрогуморальді реттелу ерекшеліктері

B) науқастың жасы

C) жынысы

D) конституциялық ерекшеліктері

E) тұқымқуалушылық

30. Жыныстың этиологиядағы маңызы:

A) ауру себебі бола алады

B) ауру пайда болуының жағдайы бола алады

C) ауру пайда болуының себебі де, жағдайы да бола алады

D) этиологияда ешқандай маңызы жоқ

E) этиологияда ең маңызды жайт болып табылады

31.Сыртқыаурудың себептеріне жатады

A) дерттік конституция

B) дерттік тұқым куалаушылык

C) жас мөлшері

D) жыныс

E) микроорганизмдер, вирустар

32.Сыртқы этиологиялық жайттарға жатады

A) дерттік конституция

B) дерттік тұқым куалаушылык

C) жас мөлшері

D) жыныс

E) иондағыш саулелер

33. А уруды туындататын ішкі жағдайға жататындар:

A) тамақтанудың бұзылыстары

B) суықтау

C) жағымсыз әдеттер

D) дерттік конституция

E) гиподинамия

34. Аурудың пайда болуына септесетін сыртқы жағдай

A) ерте балалық шақ

B) өзгерген тұқым қуалауышлық

C) конституцияның аномалиялары

D) сапасыз тамақтану

E) қарттық шақ

35.Биіктік ауруының дамуында басты жайт болып табылады:

A) жоғары барометрлік қысымның әсері

B) атмосфералық ауада рО2 төмендеуі

C) ультрокүлгін саулелердің әсері

D) инфрақызыл саулелер

E) төменгі температура

36.Ятрогендік аурулардың себебі болып табылады:

A) жұқпа

B) медицина қызметкерлерінің қателері

C) науқастың мінез-құлқы теріс болуы

D) организм реактивтілігінің төмендеуі

E) қарқынды дерттік жайттың төтенше әсері

37. Қай пікір дұрыс:

A) аурудың пайда болуына себепкер ықпалд әрқашан қажет емес

B) себепкер ықпал –ауруды шақыратын және арнайы ерекшеліктерін анықтайтын жайт

C) септік жағдайлар ауру пайда болуына әсер етпейтін жайттар

D) себепкер ықпал болып, ал септік жағдайлар болмаса ауру ешқашан дамымайды

E) бір аурудың пайда болуына әр түрлі жағдайлар әсер ете алмайды

38. Жұқпалы ауруларды этиотропты емдеуге қолдану үшін жатқызуға болады

A) витаминдерді

B) ауыруды басатын дәрілерді

C) бактерияларға қарсы дәрілерді

D) сезімталдықты төмендететін дәрілерді

E) антиоксиданттарды

39. Патогенез – бұл ілім туралы

A) аурудың себептері және жағдайлары

B) аурудың даму жолдары және аяқталуы

C) ауру

D) сыртқы орта ықпалдырының әсерлеріне организмнің жауап беру қасиеті

E) сыртқы орта ықпалдырының әсерлеріне организмнің қарсы тұру қасиеті

40. Аурудың даму жолдарын зерттеу мына сұраққа жауап береді

A) ауру неге пайда болды?

B) ауру пайда болуының себебі не?

C) ауру дамуына не септеседі?

D) ауру дамуына не кедергі келтіреді?

E) ауру қалай, қайтіп дамиды?

41. Патогенездің бастапқы тізбегі– бұл

A) салдарлық зақымдану

B) аурудың асқынуы

C) созылмалы түрге ауысуы

D) біріншілік зақымдану

E) кері айналып соғу шеңберін түзуі

42. Патогенездің негізгі тізбегі– бұл

A) аурудың қалған кезендерінің дамуын анықтайтын өзгеріс

B) дерттік фактордың әсерінен дамитын өзгеріс

C) оттегіні тасымалдау және пайдалану жүйелерінің бұзылыстары

D) гемодинамика бұзылыстары

E) патогенезіндегі кері айналып соғу шеңбері

43.Аурулар патогенезіндегі кері айналып соғу шеңбері – бұл

A) аурудың өршу және ремиссия кезеңдері бар созылмалы түрге ауысуы

B) аурудың қайталануы

C) аурудың үдеуіне септесетін, патогенездің жекелеген тізбектері арасында, оң кері байланыстың пайда болуы

D) патогенездің негізгі тізбегі

E) аурудың асқынуы

44. Жіті қансырау патогенезінің негізгі тізбегі

A) артериялық гипотензия

B) қанайналымдық-қандық гипоксия

C) айналымдағы қан көлемінің азаюы

D) микроциркуляцияның бұзылуы

E) қан қысымының төмендеуі

45. Биіктік ауруы патогенезінің негізгі тізбегі

A) зат алмасудың бұзылуы

B) жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы

C) гипоксемия

D) гипоксия

E) ацидоз

46. Биіктік ауруы кезінде көгеру патогенезі қанда артық болуына байланысты

A) оксигемоглобиннің

B) карбгемоглобиннің

C) карбоксигемоглобиннің

D) дезоксигемоглобиннің (тотықсызданған гемоглобиннің)

E) метгемоглобиннің

47. Биіктік ауруы кезінде теңгерілулік-бейімделулік маңызы бар

A) эритроцитоздың

B) брадикардияның

C) үзілісті тыныстын

D) қан қысымының төмендеуінің

E) көгерудің

48. Биіктік ауруы патогенезіндегі кері айналып соғу шеңбері

A) гипоксемия → гипоксия → зат алмасудың бұзылуы → ОЖЖ қызметінің бұзылуы → гипоксемия

B) гипоксемия → тыныс орталығының қозуы→ гиперпноэ → гипокапния → тыныс орталығының тежелуі → брадипноэ → гипоксемия

C) гипоксемия → эритропоэтин өндірілуінің жоғарылауы → эритроцитоз → гипоксемия

D) гипоксемия → қан тамырларын қозғалтқыш орталықтың қозуы → тахикардия → гипоксемия

49. Организмнің тез дамитын теңгерілулік-бейімделулік серпілісі болып табылады

a) түшкіру

b) гипертрофия

c) фагоцитоз

d) қызба

e) антидене түзілуі

50. Қансырауда оттегінің тасымалдануының бұзылуы жүрек қызметінің бұзылысына әкеледі, бұл оттегі тасымалдануы бұзылуын одан әрі тереңдетеді. Бұл мысалы:

A) патогенездің негізгі тізбегінің

B) кері айналып соғу шеңберінің

C) үрдістің жайылып кетуінің

D) патогенезде жергілікті және жалпы әсерленістердің арақатынасының

E) арнайы және арнайы емес даму механизмдерінің

51. Патогенездік емге жатады:

a) антибактериальді терапия

b) құрттарға қарсы терапия

c) қабынуға қарсы терапия

d) вирустарға қарсы терапия

e) туберкулезге қарсы терапия

52. Патогенездік терапия әсер етеді:

a) аурудың жеке көріністеріне

b) аурудың себебіне

c) патогенездің негізгі тізбектеріне

d) организм реактивтілігіне

e) ауру пайда болу жағдайларына

53. Реактивтілік – бұл

A) дерттуындататын тітіркендіргіштің әсеріне организмнің жауап беру әсерленісі

B) біртұтас организмнің қоршаған ортаның әсеріне тіршілігін өзгертуіменжауап беру қасиеті

C) дерттуындататын тітіркендіргіштің әсеріне организмнің қорғаныстық әсерленісі

D) ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы

E) организмнің бейнақты төзімділігі

54. Организмнің төзімділігі– бұл

A) біртұтас организмнің қоршаған ортаның әсеріне тіршілігін өзгертуімен жауап беру қасиеті

B) тітіркендіргішке организмнің жауабы

C) тітіркендіргішке организмнің әлсіз жауабы

D) ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы

E) организмнің қоршаған ортаның жайттары әсеріне сезімталдығы

55. Арнайы реактивтілік - бұл

A) организмнің антигенге жауап қайтару қасиеті

B) бір түрдегі организмніңқоршаған ортаның ықпалдарынажауап қайтару қасиеті

C) бір түр топтарының қоршаған орта жайттарының әсерінежауап қайтару қасиеті

D) организмнің физикалық ықпалдарынажауап қайтару қасиеті

E) әрбір тұлғаның ықпалдарғажауап қайтару қасиеті

56. Арнайы физиологиялық реактивтілікке жатады

A) аллергия

B) иммунотапшылықты жағдайлар

C) иммунодепресивті жағдайлар

D) аутоиммундық үрдістер

E) иммунитет

57. Дизергия дегеніміз

A) тітіркендіргішке организмнің жоғары жауабы

B) тітіркендіргішке организмнің әлсіз жауабы

C) тітіркендіргішке организм жауабының болмауы

D) тітіркендіргішке бұрмаланған жауап

E) тітіркендіргішке организмнің сәйкесті жауабы

58. Белсенді төзімділіктіңмысалы болады

A) құрт-құмырсқалар, тасбақалардың қатты жабындылары

B) микробтардың түсуіне кедергі келтіретін тері және шырышты қабықтар

C) сүйектер мен тірек-қимылдық мүшелерінің тіндері

D) фагоцитоз

E) гистогемдік тосқауылдар

59.Бейнақты төзімділіктің мысалы болады

A) уды бейтараптандыру үрдісі

B) қабыну кезіндегі лейкоцитоз

C) гистогематикалық тосқауылдар

D) антидене түзүі

E) фагоцитоз

60. Бірдей күштегі патогендік жайттардың әсері әртүрлі адамдардың өмір тіршілігінде бірдей өзгерістер тудырмайды, ол мысалы

A) түрлік реактивтілік

B) топтық реактивтілік

C) жынысына байланысты реактивтілік

D) жасына байланысты реактивтілік

E) даралық реактивтілік

61. Балалық шақ реактивтілігінің ерекшеліктері

A) аурудың созылмалы өтуі

B) биосинтез үрдістердің тежелуі

C) биологиялық тосқауылдардың жоғары өткізгіштігі

D) өспелердің үлкен жиілігі

E) аурудың көп болуы

62.Жануарлардың қысқы ұйқысы мысал болады

A) түрлік реактивтілікке

B) топтық реактивтілікке

C) даралық реактивтілікке

D) арнайы реактивтілікке

E) патологиялық реактивтілікке

63. Гиперстениктерге тән

A) қан қысымының төмендеуі

B) анемия

C) қанда глюкоза деңгейінің төмен болуы

D) қанда холестерин деңгейінің жоғары болуы

E) ішектің сіңірулік қабілетінің төмендігі

64. Астениктер бейім

A) гипертониялық ауруға

B) ЖИА – ға

C) өт-тас ауруына

D) асқазанның және ұлтабардың ойык жара ауруына

E) қантты диабетке.

65. Жасуша зақымдануын туындататын ішкі жайттар

A) иондайтын радиация

B) майлардың асқын тотығулық (МАТ) өнімдері

C) қоршаған ортаның жоғары температурасы

D) микробтардың токсиндері

E) вирустар

66. Жасуша зақымдануын туындататын сыртқы жайттар

A) қанайналымдық гипоксия

B) майлардың асқын тотығулық (МАТ) өнімдері

C) дене температурасының жоғарылауы

D) тироксиннің артық сөлденуі

E) вирустар

67. Улы жәндіктер шаққанда жасуша мембраналары бүлінуінің арнайы механизмі болып табылады

A) МАТ белсенуі

B) мембраналық фосфолипазалардың белсенуі

C) жасуша мембраналарының осмостық зақымдануы

D) комплемент жүйесі нәруыздарымен жасуша мембраналарының зақымдануы

E) лизосомалық ферменттермен жасуша мембраналарының зақымдануы

68. Жасушаға бос радикалдардың зақымдап әсер ету арнайылығы сипатталады

A) жасушаның нәруыздық құрылымдарының табиғатын жоғалтуы

B) МАТ белсенуі

C) холинэстераза белсенділігінің тежелеуі

D) цитохромоксидаза белсенділігінің тежелуі

E) фосфолипаза А-ның белсенділігінің жоғарлауы

69. Жасуша бүлінісінің көрсеткіші болып табылады

A) жасушаішілік алкалоз

B) жасуша мембраналық потенциалының жоғарлауы

C) жасушаішіліккалийконцентрациясыныңжоғарлауы

D) жасушаішілік кальцийконцентрациясының жоғарлауы

E) жасушаішілік натрий концентрациясының төмендеуі

70. Созылмалы жасуша бүлінісінің тұрақты адаптация сатысынды байқалады

A) қалған құрылымдардың қызметінің жоғарлауы

B) адаптация жүйелерінің таусылуы

C) жасуша құрылымдарының гипертрофиясы және гиперплазиясы

D) жасушалық органелалардың резервті мүмкіншіліктерінің максимальді қолдануы

E) жасуша дистрофиясы

71.Жасуша ядросының бүрісуіаталады

A) пикноз

B) кариорексис

C) кариолизис

D) аутолиз

E) некробиоз

72.Трансмембраналық иондық сорғыштардың зақымдануын көрсетелі

A) жасушаішілік натрийдің жоғарлауы

B) жасушаішілік натрийдің төмендеуі

C) жасушаішілік калийдің жоғарлауы

D) жасушаішілік кальцийдің төмендеуі

E) мембраналық потенциалдың жоғарлауы

73. Мембраналарда МАТ-ң белсендірілуінің салдары болып жоғарылау табылады

a) мембрана өткізгіштігінің

b) үстінгі керілісінің

c) мембраналардың электрлік беріктігінің

d) жасушаішілік калийдің

e) жасуша ішіндегі макроэргтардың

74. Жоғары температурамен әсер еткен кезде жасуша зақымдалуының арнайы белгісі болып табылады

A) жаусшаның нәруыздарының денатурациясы

B) МАТ-ң күшеюі

C) цитохромоксидазаның тежелуі

D) ацидоз

E) тотығу мен фосфорлануүрдістерінің ажырауы

75. Цитохромоксидазаның белсенділігінің төмендеуі жасушаның арнайы көрінісі болып табылады

A) радиация әсер еткенде

B) цианидтермен уланғанда

C) жоғарғы температура әсер еткенде

D) механикалык жарақатта

E) антиоксиданттармен әсер еткенде

76. Некроз – бұл

A) зақымданған жасуша цитоплазмасындағы тұрақты өзгеріс

B) жасушаның өспе жасушасына айналуы

C) жасушаның тектік бағдарламаланған өлімі

D) жасушаның қайтымсыззақымдануы

E) жасушаның трофикалық бұзылыстары

77. Апоптоз – бұл

A) зақымданған жасуша цитоплазмасындағы тұрақты өзгеріс

B) жасушаның өспе жасушасына айналуы

C) жасушаның тектік бағдарламаланған өлімі

D) жасушаның зақымданудан өлуі

E) жасушаның трофикалық бұзылыстары

78. Қай пікір дұрыс:

A) жасушаішілік ацидоз және гипергидрия жасуша бүлінісінің нақты арнайы көрінісі болып табылады

B) жасуша мембраналары өткізгіштігінің жоғарлауы жасуша бүлінісінің нақты арнайы көрінісі болып табылады

C) жасуша мембраналары өткізгіштігінің жоғарлауы жасуша бүлінісінің кез келген түрінде болады

D) бүлінген жасушада боялуға қасиет төмендейді

E) электр өткізгіштік бүлінген жасушада әдетте төмендейді

79. Бос радикалдардың жасушаға зақымдаушы әсерін төмендетеді

A) глютатионпероксидаза

B) ацетилхолин

C) катехоламиндер

D) қанықпаған май қышқылдары

E) жасушаішілік ацидоз

80. Фосфолипаза А-ның белсенділенуі әсер етеді

A) жасушаішілік натрийдің жоғарылауына

B) каталазабелсенділігінің жоғарылауына

C) қанда ауыспалы валентілігі бар металдардың жоғарылауына

D) жасушаішілік калийдің жоғарылауы

E) жасушаішілік кальцийдің жоғарылауы

81. Ферменттік антиоксидантар болып табылады

A) СОД, каталаза

B) пируваткиназа, декарбоксилаза

C) аскорбин қышқылы, пирожүзім қышқылы

D) лейкотриендер, простагландиндер

E) миелопероксидаза, сілтілік фосфатаза

82. Лизосомалар мембраналарының зақымдануы алып келеді

A) тіндік тыныс алудың белсенділенуіне

B) жасушада гидролиз үрдістерінің жоғарылауына

C) нәруыздар синтезінің белсенділенуіне

D) мембраналық потенциалдың жоғарылауына

E) апоптозға

83.Жедел кезеңнің нәруыздарының қызметтері

A) МАТты әсерлеуі

B) иммундық жауаптың әсерленуі

C) микробқа қарсы

D) фагоцитозды тежеу

E) қабынулық серпілісті тежеу

84. Концентрациясы 100 есе және одан да жоғары болатын«Жедел кезең жауабының»нәруызы:

A) альбуминдер

B) глобулиндер

C) С-әсерлі нәруыз

D) гаптоглобин

E) трансферрин

85. «Жедел кезең жауабының» мүмкін болатын теріс әсері

A) зақымдану ошағының оқшаулануы

B) стрессорлық тенгерілу механизмдердің әсерленуі

C) жедел кезең нәруыздар түзілуінің белсенділенуі

D) иммундық жауаптың ынталандырылуы

E) полиоргандық жеткіліксіздік

86. Зақымдауға жалпы серпілістер кезеңінде дене салмағының айқын төмендеуі менанорексияны шақырады

А) ИЛ-1

В) ИЛ-6

С) ФНО-альфа

D) ФНО-бетта (лимфотоксин)

Е) азот оксиді

87. «Жедел кезең жауабының» қорғаныстық маңызы

A) жүйелік қабынулық жауаптың қалыптасуы

B) септикалық сілейме дамуының мүмкіндігі

C) жедел кезең нәруыздартүзілуінің бесенділенуі

D) миокардтің жиырылу қызметінің төмендеуі

E) полиоргандық жеткіліксіздіктің калыптасуы

88. Стресс туралы ілімнің негізін қалаушы:

A) И.П.Павлов

B) М.В.Черноруцкий

C) Г.Селье

D) И.И. Мечников

E) Н.Н.Сиротинин.

89.Жалпы адаптациялық синдромның төзімділік сатысына тән

A) қанда глюкокортикоидтар деңгейінің жоғарлауы

B) қанда глюкокортикоидтар деңгейінің төмендеуі

C) глюконеогенездің тежелуі

D) глюконеогенездің әсерленуі

E) Е) қанда қант мөлшерінің төмендеуі

90. Стресс-дамытатын жүйеге жатады

А) симпатикалық-адреналдық жүйе

В) ГАМҚ- жүйесі

С) антиоксиданттық жүйе

D) апыйын-ергиялық жүйе

Е) серотонин-ергиялық жүйе

91. Жалпы адаптациялық синдромның с тресс-шектейтін жүйесіне жатады

A) симпатикалық-адреналдық жүйе

B) гипоталамус-гипофиздік-бүйрек үсті бездік

C) антиоксиданттық жүйе

D) ренин-альдостерон жүйесі

E) ноцицепциялық

92. Дезадаптация ауруларына жатқызуға болады

A) анемияны

B) асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруын

C) пневмонияны

D) дизентерияны

E) гемофилияны

93. Қызба – бұл

A) аурудың себебі

B) біртектес дерттік үрдіс

C) дерттік жағдай

D) ауру

E) аурудың асқынуы

94.Қызба сипатталады

A) термореттеу механизмдерінің өзгеруімен

B) организмнің термореттеу қабілетінің жоғалуымен

C) термореттеу механизмдерінің бұзылуымен

D) термореттеу орталығының зақымдануымен

E) жылу өндіру үрдістерінің бұзылыстарымен

95. Эндогендік пирогендерді негізгі өндірушілер

A) эритроциттер

B) тромбоциттер

C) лейкоциттер

D) гепатоциттер

E) паренхиматозды жасушалар

96. Термореттеу орталағы орналасқан

A) мидың қыртысты қабатында

B) ретикулярлық формацияда

C) гипоталамуста

D) сопақша мида

E) лимбикалық жүйеде

97. Қызба кезінде дене температурасы жоғарылауы патогенезінің көрсетілмеген тізбегі: экзогендік пирогендер ® фагоциттер ® ИЛ-1 →? ® жылу реттеу орталығы ® суықты сезетін рецепторлар сезімталдылығының жоғарлауы

a) микробтар эндотоксиндері

b) эндогендік пирогендер

c) простагландиндер

d) лекотриендер

e) липопротеидтер

98.Жылуды сыртқа шығарылуының төмендеуне себептеседі

A) терінің қан тамырларының кеңеюі

B) терлеудің жоғарлауы

C) парасимпатикалық жүйке жүйесі межеқуатының жоғарылауы

D) дем алудың жоғарлауы

E) симпатикалық жүйке жүйесі межеқуатының жоғарылауы

99. Жылу өндірудің жоғарылауына себептеседі

A) теріқан тамырларыныңкеңеюы

B) терлеудің жоғарылауы

C) парасимпатикалық жүйке жүйесі межеқуатының жоғарылауы

D) дем алудың жоғарылауы

E) қанқа бұлшық еттері тонусының жоғарылауы

100. Қызбаның 1-сатысында қызымның тез көтерілуі қабаттасады

A) бұлшықеттік діріл және қалтыраумен

B) тахипноэмен

C) тері қызаруымен

D) АҚ төмендеуімен

E) терлеудің күшеюімен

101. Қызбаның 2-сатысына тән

A) брадикардия

B) терінің қызаруы

C) қарын-ішек жолы қимылының жоғарылауы

D) диурездің ұлғаюы

E) гипотензия

102. Қызбаның 3-сатысында жылу шығарудың күшеюі байланысты

A) қан тамырларының жиырылуына

B) терлеу үрдісінің тежелуіне

C) терлеудің жоғарылауына

D) АҚ жоғарылауына

E) зат алмасудың күшеюіне

103. Қызбаның 3-сатысында тән

A) АҚ төмендеуі

B) АҚ жоғарылауы

C) терлеу үрдісінің тежелуі

D) тері қан тамырларының жиырылуы

E) брадикардия

104. Қызбаның үшінші сатысында температураның "кризистік" түсуі қауіпті

A) бұлшық еттердің қалтырауымен

B) оганизмнің сусыздануымен

C) коллапстың дамуымен

D) гипертониялық криз дамуымен

E) гипервентиляция және газдық алкалоздың дамуымен

105. Температураның тәулігіне 10С аспай ауытқуымен сипатталатын қызба кезіндегі температуралық сызық аталады

A) босаңситын

B) ұстамалы

C) тұрақты

D) келбетсіз

E) қалжырататын

106. Шамалы қызбаға температураның жоғарылауы сәйкес келеді

A) 38 - 390С-қа дейін

B) 39 - 410С-қа дейін

C) 37 - 380С-қа дейін

D) 410С -тан жоғары

E) 420С –тан жоғары

107. Дене температурасы 10 С жоғарылағанда жүрек жиырылуының жиілігі артады

A) минөтіне 18 - 20 соғуға

B) минөтіне 6 – 7 соғуға

C) минөтіне 8 – 10 соғуға

D) минөтіне 50 – 60 соғуға

E) минөтіне 30 – 40 соғуға

108. Орташа қызбаға температураның жоғарылауы сәйкес келеді

A) 38 - 390С-қа дейін

B) 39 - 410С-қа дейін

C) 37 - 380С-қа дейін

D) 410С -тан жоғары

E) 420С –тан жоғары

109. Теріс су тепетеңдігініңдамуына алып келетін себеп

A) бүйректін зәр шығару қызметінің төмендеуі

B) жүрек жеткіліксіздігінің дамуы

C) бауырдың нәруіз түзетін қызметінің төмендеуі

D) ОЖЖ аурулырындағы жұтудың бұзылыстары

E) альдостерон түзілуінің жоғарлауы

110. Гипоосмолялдық дегидратация дамиды

A) су жеткіліксіздігінде

B) қантты диабетте

C) қантсыз диабетте

D) өңештің атрезииясында

F) диареяда

111. Гипоосмолялдық гипогидратация сипатталады

A) организмде судың жалпы мөлшерінің жоғарлауымен

B) жасушасыртылық суйықта осмостық қысымның төмендеумен

C) жасушаларда су мөлшерінің төмендеумен

D) судыңжасуша ішінден сыртына аусуымен

E) қатты шөлдеу сезімімен

112. Гиперосмолялды дегидратациясебебі болып табылады

A) іш өту

B) қайталанған құсу

C) ішек тесіктері

D) қантты диабет

E) альдостерон тапшылығы

113. Гиперосмолялдық гипогидратация сипатталады

A) организмде судың жалпы мөлшерінің жоғарылауымен

B) жасушасыртылық суйықта осмостық қысымның төмендеумен

C) жасушаларда су мөлшерінің төмендеумен

D) судың жасуша сыртынанішіне аусуымен

E) шөлдеу сезімніңболмауымен

114. Оң су тепе-теңдігі дамиды:

A) альдостерон тапшылығында

B) ДҚГ түзілуінің төмендеуінде

C) бүйрек жеткіліксіздігінде

D) жұтудың бұзылыстарында

E) қатты іш өтулерде

115.Ісіну - бұл

A) дерттік серпіліс

B) дерттік үрдіс

C) дерттік жағдай

D) ауру

E) ауруалды

116. Ісінудің патологиялық жайты болып табылады

A) қанның онкотикалық қысымының жоғарлауы

B) қанның гидростатикалық қысымының төмендеуі

C) гиповолемия және гематокриттік көрсеткіштің жоғарлауы

D) тіндерде осмостық және онкотикалық қысымның жоғарлауы

E) қанның осмостық және онкотикалық қысымының жоғарлауы

117. Ісінулердің дамуына себептеседі

A) қанда әлбуминдер мөлшерінің жоғарылауы

B) әлдостерон мен ДҚГ өндірілуі күшеюі

C) лимфалық тамырлардың интерстициядан сұйық әкетуінің күшеюі

D) ДҚГ өндірілуінің төмендеуі

E) қан тамырының өткізгіштігінің төмендеуі

118. Сумен «уыттану» дамиды

A) организмге су көп түскенде

B) организмен су жеткіліксіз шыққанда

C) организмге тұздар көп түскенде

D) организмге су көп түсіп аз мөлшерде шыққанда

a) теңіз суын ішуге мәжбур болғанда

119. Ісінудің жүйкелік-ішкі сөлденістік жайты – бұл

A) симпатикалық-адреналдық жүйенің әсерленуі

B) диурезге қарсы гормонның (ДҚГ) жеткіліксіз түзілуі

C) әлдостеронның салдарлық тапшылығы

D) гиперинсулинизм

E) әлдостерон және ДҚГ түзілуінің екіншілік артуы

120. Іркілулік ісінудің патогенезінде аса маңыздысы

A) жүйкелік-ішкі сөлденістік жайт

B) қанайналымдық жайт

C) тіндік жайт

D) онкотикалық жайт

E) қан тамырлық жайт

121. Онкотикалық жайттың маңызы







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 2553. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия