Студопедия — Бағалау әдістемесі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бағалау әдістемесі






АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Гигиена кафедрасы

 

 

Дәрістің тақырыбы: « Дене дамуы денсаулық көрсеткіші ретінде. »

 

 

Дәріскер: оқытушы Мукашева Г. Б.

 

 

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәні

 

«051102- Педиатрия» мамандығы

 

III – қысқартылған оқу түрі, IV курс

 

Уақыты (ұзақтығы): 2 сағат

 

 

Қарағанды 2005 ж.

Курстың әдістемелік мәжілісінде бекітілді

«______» ______________2005 ж. №____ Хаттама

Курс меңгерушісі _______________ м.ғ.д. Приз В.Н.

 

 

Дәрістің оқулық мақсаты: Педиатр дәрігерінің тәжірибелік жұмысында балалар мен жасөспірімдердің дене дамуын сауатты түрде зерделеу, зерттеу және бағалау әдістерін білу.

 

 

Дәрістің жоспары:

1. Балалар мен жасөсіпірмдердің дене дамуы, зерделеу және зерттеу әдістері.

Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуын регрессия шкаласы бойынша

бағалау әдістемесі

3. Балалар организмніңі қоршаған ортаның жағымсыз әсеріне тұрақтылығын

анықтаушы факторлар.

 

 

Әдебиеттер:

 

1. Гигиена детей и подростков. Руководство для санитарных врачей. Под. ред. Академика АМН Сердюковской Г. Н. И проф. А. Г. Сухарева, М. Медицина, 1986г. стр.183

2. Руководство для врачей школ. Под ред. Г. Н. Сердюковской М. Медицина. 1983 – стр.302

3. Сердюковская Г. Н. Социальные условия и состояние здоровья школьников. – М. Медицина, 1979 – стр.496

4. Гигиена детей и подростков. Учебник для студентов мед.институтов. Под ред. В. Н. Кардашенко. М. Медицина,1983-стр438.

5. Шарманов Т. Ш. «Развитие здравоохранения в Казахстане» А-Ата 1980 – стр.41 – 44.

6. Сердюковская Г. Н. Гигиенические проблемы охраны здоровья подрастающего поколения. Гигиена и санитария. 1992 ном.4, стр.24 – 28.

7. Буре В. М. Колесин Н. Д. Анализ влияния социальных факторов на динамику заболеваемости в период экономической нестабильности. Гигиена и санитария. 1999 – ном.2 стр. 62 – 63.

8. Жасқа сай физиология жєне мектеп гигиенасы. Авторы К.Дуйсембин, З. Алиакбарова

Алматы 2002 ж.

9. Гигиена детей и подростков. Учебник для студентов медицинских вузов. Под ред.

В.Р. Кучма Москва «Медицина» 2001 г.

10. Избранные лекций по гигиене детей и подростков. Метод. Пособие для студентов медико-проф. и педиатрического факультета.(МЗРК, КГМИ, сост. А.Г Швецов-Караганда, 1997-151с.

 

1. Балалар мен жасөсіпірмдердің дене дамуы, зерделеу және зерттеу әдістері.

 

Денсаулықтың қазіргі күндегі концепциясы бойынша оның

І кезеңі – дене, нервтік, психикалық дамудың үндестігін (гармониясын) бағалау және зерттеу, онымен қоса балалар мен жасөспірімдер организмінің функционалдық жағдайының толық қабілеттілігін бағалау.

ІІ кезең; – табылған патологияның сипатын және формасын бағалау. Бұл жағдайда дене даму көрсеткіші қоршаған орта мен организмнің қатынасының нәтижесін көрсететін денсаулықтың тура интегралды көрсеткіші ретінде алынады.

 

Дене даму көрсеткіштері, организмнің оқуға, өндірістік және спорттық іске дайындығын көрсететін сенімді критерииі болып табылады. Сонымен қатар, дене даму көрсеткіштері денсаулықтың басқа да көрсеткіштермен бірге, қоршаған ортаның әсеріне антропагендік зиянды факторларының балалар организміне көрсететін әсерін сипаттайтын маңызды критерийі ретінде қолданылады.

Сонымен, дене дамуы баланың толық денсаулық жағдайында мүмкіндік болатын, организмнің оңтайлы функционалдық жағдайын көрсететін ішкі сәттіліктің интегралдық көрсеткіші.

Дене дамуы деп нені түсінеміз? Бұл түсінік жөніндегі пікір таластық болып отыр және осы дене дамуды бағалау әдістемесі де бірыңғай болмағандықтан, ол осы түсініктің өзі екі жақты, қаралып отыр, бірінші жағынан – процес ретінде қаралса, екінші жағынан жағдай ретінде қаралуда. Бір жағынан алғанда дене дамуы организмнің дене күшінің және төзімділігінің жастық ерекшеліктерінің негізінде жатқан, морфологиялық және функционалдық қасиеті мен сапасының жағдайын (күйін), яғни оның денелік қабілеттілігін сипаттайды.

 

Бұл жағдай әр нақты сәттегі морфологиялық – функционалдық көрсеткіштердің жетілуінің сәйкес жастық – жыныстық стандарттың деректерімен салыстыру жолымен бағаланады. Бірақ та, дәрігер дене дамуды әрбір нақты сәтте бағалай отырып, жастық даму барысын толық түсінбей немесе оны тіптен қате түсінуі мүмкін, яғни организмнің морфологиялық – функционалдық көрсеткіштерінің оның онтогенездік дамуының да белгілі кезеңіне сәйкестік дәрежесін дұрыс бағаламауды. Мұнда биологиялық және паспорттық жасты салыстырумен көрінетін дене даму процесінің жүру барысы туралы сөз болып отыр. Биологиялық жасты анықтау сүйектің – тістің жасын, бойдың жылдық қоспасын және жыныстық жетілу дәрежесін анықтаумен жүргізіледі.э

Сонымен, «дене даму» түсінгінің, әрқилы мазмұнда берілуі, оны бағалауда әртүрлі әдістемелік тұрғыдан қарауды.

Қорыта келе айтқанда, қазіргі кезде дене дамудың жалпылай келісілген анықтамасы мынадай: «дене даму» дегеніміз - әр нақты сәттегі организмнің жетілу процесін сипаттайтын, қоршаған орта жағдайына бағынышты және онымен өзара байланыста болатын морфологиялық, функционалдық белгілердің жиынтығы.

Орыстың белгілі антропологы В. В. Бунак адам денесі мүшелерінің дене бойын, салмағын және кеуде клеткасының аумағының өзгерісін талдай отыра, дамудың үш кезеңін бөлді:

1. прогрессивті – туғаннан бастап ересек жасқа дейін;

2. тұрақты – ересек жас кезеңі;

3. регрессивті – қартаю кезеңі;

 

 

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәні осы кезеңдердің тек 1-шісін зерделейді, бұл кезеңнің өзі үш фазадан тұрады:

- І фаза - өсу жылдамдығының күрт баяулауы (алғашқы үш жас);

- ІІ фаза - өсу жылдамдығының күрт баяулауы аздап төмендеп, соңынан жыныстық жетілу кезеңінде қайта көтеріледі (қыз балаларда 3-тен 14-ке дейін, ер балаларда 3-тен 16 жасқа дейін);

- ІІІ фаза - өсудің бір қалыпты баяу деңгейі (бойжеткендерде етеккір циклынан соң, боз балаларда белсенді даму кезеңінен соң немесе 16 жастан соң).

 

Бой жеткендердің дене бойының өсуі негізінен 16 – 17 жаста тоқталады, ал боз балаларда 18 – 19 жаста. Бұл деректер, біздің Қарағанды оқушыларының көрсеткіштерімен сәйкес келмейді, бізде 16 жастан соң, бой жеткендер мен боз балалардың жылдық бойының өсуі 0,2 – 0,4 см – ге тең болған. Өсу жылдамдығы бойынша балалар мен жасөспірімдер 3 топқа бөлінеді:

1) шамамен 13% жағдайда тез өсу; 2) 17% - баяу өсі; 3) 70% - орта қалыпта өсу;

 

Даму қарқыны негізінен тұқымқуалайтын белгі болып келеді, бірақта тіршілік жағдайына байланысты бұл қасиет жақсы жағдайларда толығымен орындалады да, нашар жағдайларда толық орындалмайды. Ал баланың тұлғасы және дене пропорциясы, қоршаған орта факторлар әсеріне өзгермей, тек тұқымқуалау бойынша бекиді. Жасөспірімдердің дене дамуын сипаттауда олардың жыныстық жетілуі эстрогендердің - әйелдер жыныстық гармондарының әсерінен түзіледі. Эстрогендер – жыныстық органдардың өсіп – дамуына және екінші жыныстық белгілердің қалыптасуына бағытталған арнаулы, сонымен қоса организмдегі даму процесін үдетуге бағытталған -–жалпы анаболитикалық әсер береді, яғни белок синтезін, сүйек және бұлшық ет тіндерінің өсіп – жетілуін, зат алмасудың әр түрлерін үдетеді.

 

Қазіргі кезде 12,5 – 13 жастағы бойжеткендердің «етеккірі» келуі, жыныстық жетілудің бірінші кезеңінің аяқталуын білдіреді. Жетілудің екінші кезеңінде екінші жыныстық белгілердің қалыптасуы аяқталып, етеккір циклымен әйелдік дене бітімі толық қалыптасады. Бұл кезең 15 – 16 жаста аяқталады. 10 – 11 жастағы қыз балалардың екінші жыныстық белгілерінің ішінде бірінші болып сүт бездері ұлғайып, 14 – 15 жаста оның қалыптасуымен аяқталады. Қасағаның шаштануы 11 – 12 жаста басталып 14 – 15 жаста қалыптасады. Қолтықтардың шаштануы 12 – 13 жаста басталып, 15 – 16 жаста аяқталады.

Ер балалардың жыныстық жетілуі, жыныстық гармондар әсерімен жүреді. Негізгі гармон – тестестерон. Бозбалалардың екінші он жылдық өмірінің басында жыныстық гармондардың түзілуі ұлғаяды, бұл кезең тек қана арнаулы жыныстық сипатпен білініп қоймай, жалпы анаболитикалық әсермен білінеді. 13 – 15 жастағы бозбалаларда поллюция басталады. Поллюция негізінен түнгі ұйқы мезгілдерінде болады. Поллюция – дәрігер көмегін қажет етпейтін жыныстық жетілудің қалыпты жағдайы. Осы 13 – 15 жаста бозбалалардың дене бойлары «серпімді» түрде өсіп, ер адамға тән дене бітімі қалыптасып, иықтанып, аяқ – қолдың ұзындығы өседі. Сүйектер толықтанып және құрылымы бойынша күрделене түседі. Бозбалалардың тері асты майы бойжеткендерге қарағанда аз түзіледі, есесіне бұлшық еттің дамуы басым болады. Әсіресе бұлшық еттің үдей дамуы 13 – 15 жасқа тән. Бозбалалардың жыныстық жетілуі олардың мына екінші жыныстық белгілермен сипатталады: қасаға аймағының, қолтық астының, бетінің, денесінің шаштануы, қалқанша шеміршегінің ұлғаюы, дауыстың өзгеруі (мутация). «Дауыс ырғағының өзгеруі» жыныстық жетілу процесінің бірінші белгісі болып есептелінеді, себебі бұл белгі 12 жасар ер балалардың көбінің пубертаттық кезеңінің басталуын білдіретін айрықша белгі. Жасөспірімдердің көпшілігінде екінші жыныстық белгілердің жетілуі 17 – 18 жаста аяқталады. Жасөспірімдердің пубертаттық өзгеруі, олардың соматикалық дамуы арнаулы деңгейіне жеткен мезгілде ғана басталатынын атап өткен жөн.

Организмнің қоршаған орта факторларымен әсерлесу проблемасындағы «дене дамуы» организмде жүруші бейімделу процестерін айқындайды. Биологиялық бейімделудің негізі болып адам популяциясының морфологиялық – функционалдық жағдайының географиялық өзгергіштігі болып келеді. Көптеген авторлар, адамның өсіп – дамуына әсер ететін алуан түрлі табиғи факторлардың ішінде ең маңыздысы климат деп есептейді. Организмнің морфологиялық өзгергіштігі ылғалдылық режимімен, ауаның орташа жылдық температурасымен, ауа – райының қаталдық индексімен тығыз байланыста, былайша айтқанда, суықтық стресінің организмге көрсететін әсерімен байланысты. Егер де географиялық ендіктің төменнен жоғарыға қарай өзгеруінде дененің салмағы мен кеуде клеткасы аумағының салыстырмалы түрде ұлғаюы байқалса, таулы аймақты жерде өскен балаларға қарағанда, тегіс аймақты жерлерде қоныс тепкен балалардың дене даму көрсеткіштері жоғары және жыныстық жетілулері ерте басталатындығы анықталады. Денесінің бойы, сол сияқты дененің пропорциясы нәсілдік айырмашылықпен сипатталады да, нәсілдік топтардың тән белгісі ретінде қаралады. Мысалы: американдық авторладың деректері бойынша, қара нәсілді (негрлер) балалардың денесінің салмағы, бойы ақ нәсілді балаларға қарағанда жақсы дамиды. Көптеген отандас авторлардың жұмыстары мен біздің зерттеулердің нәтижесінде, бір жерде, біркелкі материалдық – тұрмыстық жағдайда өскен, нәсілдері әртүрлі балалардың антропометриялық көрсеткіштерінде елеулі айырмашылықтардың болатындығы дәлелденіп отыр. Бірақ бұл жағдайда антропометриялық көрсеткіштер (бойы, салмағы, кеуде аумағы) мен дене дамуды деңгейін айқындайтын көрсеткіштердің (стандарт бойынша дене даму дәрежесін анықтау) арасындағы айрмашылықты шатастырмау керек. Соңғысы балалардың нәсілдік тегіне байланысты емес, бірақ оның негізгі шарты, дене дамуының нәсілдік стандартын қолдану болып табылады.

 

Бойынша дене дамуды «аралас» стандарт арқылы бағалаған жағдайда, «нәсілдік» стандарт көрсеткіштерінің өзгергендігі байқалады. Монголоидтық нәсілге жатқызылып жүрген қазақ ұлтының балалары О. Исмагулованың деректері бойынша жанаспа топқа жатады. Себебі, Қазақтар біздің эрамызға дейінгі бірінші мыңжылдықта өмір сүрген европалық типтегі көне халықтың ұрпағы. Кейіннен монгол тобының ықпалынан өзгерген. 80-жылдардағы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының балалар мен жасөспірімдер кафедрасының көп жылғы зерттеу жұмыстары, бар жастық-жыныстық топтардағы қазақ және орыс ұлтының балаларының дене даму көрсеткіштерінің арасында айқын айырмашылықтардың барлығын дәлелдеді. Әсіресе бұл айрмашылық жас ұлғайған сайын айрықшаланады. Осы жағдайдың негізінде, әр ұлт балаларына тән дене даму стандарттарын және бағалау кесетсін шығару өте қажет. Сонымен нәсілдік стандарты қолдану дене даму деңгейінің біркелкі көрсеткіштерімен сипатталады. Морфологиялық – функционалдық көрсеткіштердің индивидтік өзгергіштігі, әлеуметтік сипатты қоршаған орта факторларына тәуелді. Бұл тұрғыда индивидтік өзгергіштікті тек тұқымқуалайтын өзгергіштік ретінде түсінбей, организмнің нақты жағдайдағы функционалдық қызметіне арналған бейімделу деп түсінген жөн. Осы жағдайда әлеуметтік факторлар, биологиялық немесе эндогендік факторлардың әсерін толықтырып, реттеп отырады. Дене даму деңгейіне көптеген жағдайлар әсер етеді: тамақтану, жанұядағы психологиялық ахуал, баланың туу саны, шешесінің жасы, пәтердің жабдықталуы, жанұядағы балалар саны т.б.

 

Берілген деректерге жүгінсек, әр жерлердегі, мемлекеттердегі, ұлттар арасындағы және әлеуметтік топтар арасындағы дене даму айрмашылықтары балалардың антропометриялық көрсеткіштерінің жергілікті сипатымен айқындалғанмен түпкілікті түрде, жергілікті жердің алуан түрлі жағдайларының кешенімен анықталады. Әртүрлі нәсілдік және этникалық топтар халықтарын зерделеуде, олардың тұқымқуалаушылық қасиеті бола тұрса да осы қасиеттің қоршаған орта әсерінен өзгеріске ұшырайтыны анық дәлелденді.

Дене даму және денсаулық жағдайының өзара тәуелділік сұрағына ден қойсақ әр түрлі авторлардың көзқарастары әр түрлі. Көптеген авторлардың айтуын ша, жоғарғы дәрежедегі соматометриялық көрсеткіштер, әрқашанда жақсы денсаулықтың нышанын білдіреді, ал басқалары дене даму дәрежесі жоғарылаған сайын организм резистенттілігінің артатынын, ал нашар даму сырқаттың бірден – бір себебі болатынын дәледейді. З. Н. Кордашенканың деректері бойынша, жасына сай гармониялық даму, өсіп – жетілу процесінің сәттілігінің айғағы, ал нормадан ауытқу сәтсіздіктің белгісі болып табылады. Сонымен, дене дамуды бағалаудың арқасында көптеген ауруларға бейім балаларды айқындау мүмкіншілігі туады. Осыған байланысты, балалар мен жасөспірімдердің дене дамуын индивидтік тұрғыдан бағалау керек. Дене дамуын бағалау мақсатындағы антропометриялық зерттеулер, медициналық тексеруде, денсаулық жағдаймен бағалаумен бір уақытта жүргізіледі. Қазіргі кезде медициналық тексерістер және антропометриялық зерттеулердің өткізілуі уақыты келісілмегендіктен, біз балалардың ұйымдастырылған ұжымдарында медициналық тексерістің өткізілу уақытын ұсынамыз:

- бөбектер бақшасында – наурыз, мамыр, қыркүйек, желтоқсан айларының 20 – 30 жұлдыздарының арасында;

- бала бақшасында – мамыр, қараша айларының 20 – 30 жұлдыздарының арасында;

- мектептерде – жылына 1 рет, қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін.

Жеке балалардың дене дамуын ұзақ уақыт, үздіксіз қадағалау – дербес зерттеу тәсілі деп аталады. Осы тәсілдің арқасында, тіршілік жағдайына байланысты, индивидтің өсіп – жетілу ерекшеліктерін айқындаймыз және де қалыптағы дамудан ауытқуды белгілеп, оны қалыптасыру шараларын анықтаймыз.

Жеке зерттеу тәсілмен қоса дене дамуды, жаппай зерттеу тәсілін қолданамыз. Бұл тәсілде антропометриялық деректерді жаппай бір мезгілде жинаймыз. Осындай ауқымды деректерді статистикалық өңдеу нәтижесінде, әр жас – жыныс топтарына тән дене дамудың стандартын өңдеп, өсіп – жетілу заңдылықтарын ашамыз және де бірнеше жыл бойы қадағалаудың нәтижесінде дене даму көрсеткіштерінің өзгеруін сипаттауға мүмкіндік аламыз.

Дене дамуын бағалаудың тірегі болып, зерттеп отырған антропометриялық көрсеткіштердің арифметикалық орта шамасы болып табылатын – стандарт алынады. Бұл стандарттар әр 5 – 10 жылда қайта қаралып отырылуы қажет, себебі табиғи даму тұрғындардың үздіксіз өзгеріп отыратын материалдық және мәдениеттік тіршілік деңгейіне байланысты өзгеріп отырады.

Осы уақыттарға дейін жергілікті (аймақтық) стандарттар өңделді. Ал осы кезде дене дамудың өлкелік (аймақаралық) стандартын өңдеп шығару теориялық тұрғыдан дәлелденген. Бұл стандарт бойынша экономикалық және климаттық – географиялық жағдайы ұқсас аудандарды бір өлкеге жатқызу мүмкіндігі туады. Осындай стандарттарды шығару болашаққа үлкен үміт артады. Се,бебі, көп күш жұмсамай үлкен аймақтарды қамтимыз. Қазақстан бойынша осындай жұмысты 80 жылдарда Қарағанды мемлекеттік медицина институтының балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы жүргізді. Осы ауқымды жұмыстың нәтижесінде Қазақстанның 12 облысының балалар мекемелері: Орталық, Шығыс, Оңтүстік климато – географиялық өлкелерге бөлініп осыған сәйкес бақшалық, мектеп жасына дейіңгі және мектеп жасындағы балаларға арналып өлкелік стандарттар мен бағалау кестелері жасалынады. Дене дамудың бұл стандарттары балалар мен жасөспірімдердің дене дамуын дербес бағалау үшін қолданылады. Дене дамуын бағалауда ең бірінші антропометриялық белгілердің қатынасын көрсететін – индекс тәсілі қолданылды. Бірақ бұл методиканың өзі қате болып шықты. Индекс тәсілін 20-шы жылдары Р. Мартин ұсынған сигмалдық ауыиқу тәсіліне айырбастады. Бұл тәсіл бойынша индивидтің дене дамуының негізгі көрсеткіштерін (бойы, дене салмағы, к.к.а.), осы белгінің орта арифметикалық шамасымен салыстырып, ауытқу шамасы бойынша дене даму профилін құрды. Бірақ осы тәсілдің ең басты кемшілігі ол дене даму белгілері басқа даму белгілермен корреляциялы байланыссыз жеке түрде қаралуы болып отыр. Осы жағдайлардың салдарынан бұл тәсіл, жұмысы жағынан қиындығына қарамастан, ауқымды ақпарат беретін регрессия шкаласы тәсілімен бағалаумен айрбасталды. Дене дамуды регрессия шкаласы бойынша бағалаудың артықшылығы ол негізгі белгілердің өзара байланыста қаралуы, және бой ұзындығының әрқилы шамасына байланысты салмақ пен кеуде клеткасы аумағының көрсеткіштерін есептеу мүмкіншілігі болып отыр. Педиатрияда кеңінен қолданылып жүрген, дене даму көрсеткіштерін центилдік талдау тәсілмен бағалау маңызды болмай отыр, себебі бұл тәсілде әр белгі оқшау бағаланып, дененің пропорционалдығын, индивидтің дене дамуының (гармониялығы) үндестігін бағалау мүмкіншілігі жоғалады.

Қазіргі таңдағы дене дамуды бағалау теориясының ең басты кемшілігі ол индивидтің дене дамуын бағалауда біркелкі методикалық көзқарастың болмай отырғандығы. Бағалау кестесінің алуан түрлілігі, қоланылатын терминдердің келісілмегендігі, норманың сандық критерийлерінің айрықшалықтары. Осы мәселе шешілмей отырғандықтан, дене дамудың бір тұрғыдағы, барлық жерге бірдей қолданылатын стандартты шығару мүмкіндігі болмай отыр. Басқа Республикаларға қарағанда, Қазақстанда 1981 жылдан бері балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы, Қарағанды мемлекеттік медицина институтының балалар мен жасөспірімдер кафедрасы ұсынған схема бойынша бағалануда (2 - сурет). Бұл схема регрессия шкаласын қолдануға негізделген. Бойы, дене салмағы, кеуде клеткасы аумағының өзара қатынасын анықтау арқылы, дене дамуды бағалаудың V дәрежесін бөледі.

 

Дене дамуын зерделеу әдістері:

  1. жекелей зерделеу әдісі;
  2. жаппай зерделеу әдісі.
Дене дамуын зерттеу әдістері (антропометриялық зерттеулер):

1 соматометриялық көрсеткіштер;

2. физиометриялық көрсеткіштер;

3. соматоскопиялық көрсеткіштер.

Дене дамуын бағалау әдістері:

  1. Регрессия шкалалары бойынша;
  2. Центильдік әдісі бойынша;
  3. Дене дамуын кешенді бағалау әдісі бойынша;
  4. Сигмалдық ауытқулары бойынша;
  5. Күмәнді коэффициенті бойынша.
 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2709. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.033 сек.) русская версия | украинская версия