Студопедия — Сформулировать наиболее приемлемое определение логистики
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сформулировать наиболее приемлемое определение логистики






 

Уақыты (ұзақтығы): 2 сағат

 

 

Қарағанды 2005 ж.

Курстың әдістемелік мәжілісінде бекітілді

«______» ______________2005 ж. №____ Хаттама

Курс меңгерушісі _______________ м.ғ.д. Приз В.Н.

 

Дәрістің оқулық мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер мекемелеріне дене тәрбие сабағының дұрыс жүргізілуі мен ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар. Сауықтандыру шараларының негізгі принциптері мен ұйымдастырылуы.

 

Дәрістің жоспары:

 

1. Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінің гигиеналық негіздері.

2. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі сабағының ұйымдастырылуы.

3. Шынықтырудың негізгі принциптері және оны ұйымдастыру.

 

 

Әдебиеттер:

 

1. Гигиена детей и подростков. Руководство для санитарных врачей.

/Под.ред.академика АМН СССР Г.Н. Сердюковской и профессора А.Г. Сухарева.-М.Медицина. 1986г. с.496.

2. Гигиена детей и подростков. /Учебник для студентов мед. институтов. /Под.ред, В.Н. Кардашенко.-Медицина,1983г.,с.438.

3. Избранные лекции по гигиене детей и подростков под ред. профессора А.Г. Швецова-г.Караганда,1997г.,с.147.

4. Чусов Ю.Н. Закаливание школьников. М.,1985г.,с.128.

5. Попов С.В. Валеология в школе и дома (о физическом благополучии школьников). Санкт-Петербург «Союз». 1998г.,с.256.

6. Жасқа сай физиология жєне мектеп гигиенасы. Авторы К.Дуйсембин, З. Алиакбарова

Алматы 2001 ж.

7. Гигиена детей и подростков. Учебник для студентов медицинских вузов. Под ред.

В.Р. Кучма Москва «Медицина» 2001 г.

 

 

 

2. Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінің гигиеналық негіздері.

 

Альберт Энштейннің пікірі бойынша, табиғаттың зұлымдығы дене белсенділігінің байлығы мен жетілгендігін тек осы белсенділікті үздіксіз жүзеге асыру жолымен меңгеріп алу мүмкіндігін беруде. Басқаша айтқанда,ауырды көтеруді-оны көтермей үйренуге, ал шаршамай шаршауға қарсы тұруға. ыстыққа немесе суыққа шыдауды олардың әсерлеріне ұшырамай үйренуге болмайды. Дене тәрбиесінің мәдениеті және ардайым шынығуды игерту ол қимыл функцияларын ғана емес, сонымен қатар организімнің қоршаған күштеріне сай дамып, жетілдіріп ортаның жағымсыз әсерлеріне қарсы тұруға мүмкіншілік беретін педагогикалық процесс.

Денені тәрбиелеу құралдары:массаж, жаттығу,қимылды көңілді ойындар; табиғи локомация, (жүру,жүгіру), табиғи факторлардың (күн, ауа және су) әсері,дене еңбегі. Балалардың дене тәрбиесін күн тәртібін сақтаудың маңызы зор.

Айтылған құралдарды түрлі формада (нысанда) қолдануға болады. Балалар ұжымындағы дене тәрбиесінің негізгі формасы-дене мәдентеті сабақтарымен шұғылдану. Балалар мен жасөспірімдердің функционалдық мүмкіншіліктерін және негізгі дағдалы қимылдар мен ептілігін жетілдіруге (шапшаңдық,күш,шыдамдылық,шеберлік), қайраттық пен моральдық қасиеттерін дамытуға маңызы зор, бірақ олардың ішінде ең маңыздысы-сауықтандырушы әсерлері. Дене тәрбиесін сауықтандыру функциясы:

-ол балалар мен жасөспірімдердің қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсеріне организмнің бейспецификалық қарсылығын жоғарылату;

-организмнің қалыпты іскерлігін және қимыл анализаторларын толық жетілдіру;

-дене дамуындағы туа немесе кейін пайда болған мүмкіндіктерді коррекциялау;

-психикалық саулығын сақтауға және нығайтуға ықпал етуші мидың тонусын көтеру;

-жайлы көңіл күйін жасау болып саналады.

Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастырудың негізгі гигиеналық принциптері:

-өсуші организмге қимылдық қажеттілікті және функционалдық мүмкіншіліктерін ескеріп, оңтайлы қимылдық режимін жасау;

-балалар мен жасөспірімдердің жасына, жынысына, денсаулық жағдайына және дене дайындығына байланысты дене тәрбиелеу құралдары мен түрлерін дифференциялы қолдану;

-гармониялық дамуына, денсаулығын қорғауға және нығайтуға ықпал етуші дене тәрбиесінің әртүрлі құралдары мен формаларын кешенді қолдану, шұғылдану сабақтарын үздіксіз жүргізу және түсетін күшті біртіндеп жоғарлату;

-дене мәдениетімен және спортпен шұғылдану уақытында ортаның жағымды жағдайларын жасау.

Адамның жетіліп дамуы оның эволюциясының кезеңдерінде жүрген белсенді бұлшық ет жұмысымен тығыз байланысты болған.

Қимыл-ол тек өмірдің белгісі емес, ол қоршаған әлемді тану, адамның биологиялық қажеттілігін қанағаттандырушы құрал.

Қимылдың белгілі бір уақыт ішіндегі (тәулік, сағат) қосынды саны қимыл белсенділігі деген түсінікті береді. Тәуліктік қимыл белсенділігі организмен реттеледі. Оның орташа шамасы денсаулыққа оңтайлы, ал шектен тыс шамасы –жағымсыз тіптен зиянды болып келеді. Оңтайлы қимыл белсенділігінің шекаралары адамның жасына, жынысына, денсаулығына, жұмыс жағдайына және жеке мүмкіншіліктеріне байланысты әр адамда әртүрлі болады.

 

Сергектеу сағаттарындағы қимыл белсенділігі біркелкі таралмаған:оның жоғарылауы күннің бірінші жартысында 7-8 және 12-15 сағаттарында байқалады. Күнн.ің екінші жартысында қимыл белсенділігі15-16, 17-18және 20-21 сағаттарда көтеріледі. Қыс уақытында күзбен және көктеммен салыстырғанда қимыл белсенділігі

30 пайызға дейін төмендейді.

Қимыл белсенділігі жас өскен сайын жоғарылайды, ұл балалардың қимыл белсенділігі өсу жасының барлық кезеңдерінде қыз балалардан жоғары келеді.

Қимыл белсенділігінің жетіспеуі гипокинезия терминімен белгіленеді.

Синоним ретінде тағы гиподинамия терминін қолданады, бірақ бірінші термин дәлірек. Шамадан тыс қимыл белсенділігі гиперкинезия терминімен айтылады.Сыртқы бейнесі бойынша гиопкинезияға тән келетін организмнің физиологиялық қайта құрылуы, әдетте организмнің қалыпты жағдайына әсер етпейді. Организмнің резервтік мүмкіншіліктерін жедел жұмылдыруды қажет етуші төтенше (экстремальді) жағдайларда, гипокинезияның әсерлері айқын байқалады. Организмнің жалпы бейспецификалық резистенттілігінің төмендеуі, денеге түседі тез шаршауы,қимылдың қасиеттерінің дамуының тежелуі және функционалдық мүмкіншіліктерінің төмендеуі байқалады.

Гипокинезияда кейбір жағдайларда астениялық синдром пайда болады, қан қысымын реттеу және жүрек жұмысысның ырғағы бұзылады, орталық нерв жұмысында және зат алмасу процесінде ауытқулар пайда болады. Гипокинезияның пайда болу себебі-шамадан тыс жаттығулар кезінде денеге қатты күштің түсуі. Осының нәтижесінде гипофиздің алдыңғы бөлімінің және бүйрек бездерінің жұмысы күшейеді. Гиперкинезияның пайда болуының бірінші кезеңінде («дабыл кезеңі») адреналин мен норадреналин бөлінүі күрт жоғарылайды, осының нәтижесінде зат алмасу процесі күшейіп, жүрек-тамыр жұмысы өзгереді, гематологиялық ауытқулар пайда болады, әсіресе қанның ақ түйіршіктері жағынан.

Гармондардың тұрақты көп бөлінуі тітіркендіргіштердің шамадан артық зиянды әсеріне организмнің қарсыласуын жоғарылатып, организмнің физиологиялық қайта құрылуына келтіреді (2 кезең-«қарсыласу»). Егер қандай да бір себептердің әсерінен организмнің мүмкіншілігі қажыса, ал стрессордың әсері жалғаса берсе, 3 кезең-«қажу» кезеңі басталады.

Организмнің дезадаптациясы айқын байқалады: резистенттілігі төмендейді, сырқаттанушылығы жоғарлайды, гиперкинезияның алдын алуы (профилактикасы),ең алдымен жаттығу сабақтарын дұрыс ұйымдастыруды қарастырады,әрине мұнда үлкен ролді баланың жасы, яғни баланың әрдайым жаттығуды бастау уақыты атқарады.

 

1 Кесте

 

Спорт түрлері ТОПҚА АЛУ ЖАСЫ
БЖСМ-нің бастаушы топтары(ДЮСШ) БЖСМ-нің арнаулы топтары(ДЮСШ) Жалпы білім мектебінің спорт сынып-ы Спорттық мектеп интернаттары
Баскетбол Бокс Күрес Волейбол Спорттық гимнастика Көркем-өнер гимнастика Таушаңғы спорты Шаңғы спорты Жеңіл атлетика Жүзу Суға секіру Конькиде мәнерлеп сырғанау Ауыр атлетика Шайбамен хоккей 10-12 12-14 10-12 10-12   8-9   7-8   7-9 10-11 10-12 7-8 7-8   7-8   13-14 10-11 12-14 14-15 12-14 12-14   10-11   9-10   10-11 12-13 13-14 9-10 9-10   9-10   14-15 12-13 10-14 13-14 10-14 10-11   9-11   9-10   9-10 10-11 10-11 9-10 9-10   9-10   13-14 10-11 12-13 13-14 12-13 12-13   10-11   10-11   10-11 13-14 12-13 10-11 10-11   10-11   14-15 12-13  

 

Дене тәрбиелеудің негізі болып организмді жаттықтыру саналады. Жаттығу-ол организмге қимылдық әсерлеу жолымен немесе шынықтырушы процедуралармен организмді үздіксіз жаттықтыру процесі. Жаттықтыру нәтижесінде организмде жаттығу пайда болады, яғни әсер ету тітіркендіргішке адекватты жауап реакцияларының пайда болуымен сипатталатын күйі. Жаттықтырудың негізгі тәртібі- жаттығушы организмнің қазіргі күйінде денелік және термальдық күштерінің сай келуі керек және оның қимылдық және термореттеуші функцияларының дамуымен сәйкес өзгеруі керек, яғни түсетін күштер баланың шамасына сай келу керек.

Барлық жаттығу процесінің биологиялық негізі, яғни оның басты механизмі-ол әсер ету күштерге бейімделу. Мұнда негізінен кумулятивті бейімделу жүреді. Ол сыртқы әсерлердің әрдайым қайталануынан болатын бейімделуші өзгерістермен сипатталады. Кумулятивті бейімделу нәтижесінде пайда болған қасиеттер тұрақты болып келеді және сыртқы әсерлердің серияларын тоқтатқаннан кейін біраз уақыт сақталады.

Егер кумулятивті бейімделу процесі ұзақ уақыт осындай тітіркендіргіштердің жаңа серияларымен нығайтылмаса, организм жаңа алған қасиеттерін жоғалтып, «тыныш» өмірдің жаңа жағдайларына бейімделеді. Сонымен, жаттықтыру процесі ұзақ уақытқа үзілмеу керек, серияларының арасындағы дем алу үзілістері неғұрлым аз болу керек. Кумулятивті бейімделу нәтижесінде организм өзінің физиологиялық мүмкіншіліктерін прогрессивті жоғарылатып оның дамуы жетіле түседі.

Дене мәдениетімен және шынығумен әрдайым шұғылдануының екінші ерекшелігі, біртекті әсерлерді үнемі қайталай беретін болса, оларға белсенді бейімделу тоқтайды, яғни жаттығу эффектісі жоғалады. Организм оларға қатаң белгілі, әдетті реакциямен жауап беріп, олардың жаттықтырушы маңызы жоғалып, организмнің одан әрі жетілуі жүрмейді.

Сондқтан, шұғылдану процесінде денеге түсетін салмақты және әсерлеуші агенттің күшін үнемі жоғарылатып отыру, олардың әсерлесу сипаты мен оның әсерлесу бағыты біркелкі болуы қажет.

Организмнің бейімделу мүмкіншілігіне сүйене отырып күштің жиілігін, оның қарқындылығын, ұзақтығын және қайталану санын реттей отырып, қажетті әсерлесу түрлерін тілекке сай таңдап алып, ойдағыдай жаңа қсиеттерді құруға, яғни баланың дене дамуын және организмнің қарсыласуын белгілі бағытта бағдарлауға және жүзеге асыруға болады.

Дене мәдениетімен және шынығумен әрдайым шұғылдану процесінде баланың организмінде өтетін өзгерістер екі кезеңде жүреді:өткінші және орнықты (стационарлы) кезеңдері. Бірінші кезеңде бейімделу процесінің өзі өтеді (бейімделудің пайда болуы), екінші кезеңі беімділіктің қалыптасқан күйі(организмнің барлық жүйелерінің орнықты жағдайы).Егер организмге жаңа әсерлер жасалмаса немесе оған түсетін күштің шамасы жеткіліксіз болса, бейімделген күйі қайтадан кейін қайтып, организмнің барлық жүйелері біртіндеп бастапқы функциялық деңгейіне оралады.

 

2. Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесі сабағының ұйымдастырылуы.

 

Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеу сабақтарында көбіне қимылды ойындарды қолдануды қарастырады.Олар баланың гармониялық дене дамуын құраушы- күшті,жылдамдықты, шыдамдылықты, икемділікті, ептілікті дамытуға негізделген. Кәдімгі гимнастикалық жаттығулардың орнына қимылды ойындарды қолданған дұрыс.

Ұйымдастырылған қимылды ойындар балалардың жан-жақты дамуының қажетті шарты болып табылады. Ойын арқылы қоршаған өмір танылады, баланың мінез-құлқы, қабілеті, қимыл дағдылары қалыптасады. Ұжымды қимыл ойындардың құндылығы-ол балалардың ұжымдық қарым-қатынасының бірінші сатысы болып, баланың дербестігінің, оның творчествалық қиялы мен фантазиясының дамуына көмектеседі.

Қимылды ойындар организмнің ауамен шынығуының ең жақсы әдістерінің бірі болып саналады, ол үшін жабық бөлмелерде сабақтарды жүргізгенде, дене тәрбиелеу орындарын дайындау және ұстау ережесін бұлжытпай орындау керек, және де ойынның үлкен артықшылығы, денсаулық жағдайы бойынша әр топқа жататын балалардың (күш түсіруі бойынша) барлығы ойынға қатыса алады,

өйткені ойында түсетін күшті баланың өзі дербес шамалай алады.

Ойындарды таңдап алуда мына талаптарды орындау қажет:

-ойындар балалардың психофизиологиялық дамуына әсер ету керек;

-ойындар моторлық ептілікті дамытуы қажет;

-ойындар балаларды ұжымдық іс-әрекетке ұйымдастыру керек;

-ойындар ерекше дайындықты және құралдарды қажет етпеуі керек;

-ойындарды мүмкіншілігінше таза ауада жүргізген дұрыс;

-ойындар балалармен жеңіл меңгерілуі керек;

-ойындарды балаларға тез ұқтыру үшін, ойын түрі педагогтардың өзімен де жеңіл меңгерілуі керек.

Бір ойын ұзақ ойналған сайын, сол жаттығулар кешені ұзақ жасала береді.Сондықтан, ойындарды жиі ауыстыра беру орынды болмайды, оның орнына таныс ойындарды күрделендірген дұрыс. Ойынды күрделендіру қашықтықты ұзартумен, ойынның жаңа тәртіптерін енгізумен оларды дұрыс орындау жолымен жүргізілуі керек.

Балалармен ойын күнделікті жүргізіліп, тәрбиелеу режимінің бір элементі болуы керек. Бірде-бір күн ойынсыз және гимнастикалық жаттығуларынсыз өтпеуі керек, мұнда арнаулы шынықтырушы процедуралар әдеттегі элемент ретінде жүргізілуі керек. Мектепке дейінгі мекемеде ең универсалды және нәтижелі формасы болып жаттықтыру сабағы болып саналады.

 

 

Мұнда, ол дәстүрлі сабақтарға ұқсас болмайды, бірақ жаттықтырудың негізгі элементтері сабақтың барлық формаларына кіреді. Оның міндетті бөлімдері мыналар:

1. Кіріспе (даярлайтын).

3. Негізгі

3.Қорытынды.

 

Сабақтың негізгі формасы ойын болып келсе де, оның алдында даярлау (кіріспе) бөлімі болуы керек-дене қыздыру, кейін ойынның өзі ал соңынан салмақты біртіндеп төмендету.

Дене қыздырудың мақсаты- баланың организімін салмаққа біртіндеп үйрету, оның қыздыруда жүрумен және жүгірумен бірге икемділікке және ептілікке бдғытталған жаттығулардың әртүрлері үйлестіріледі. Дене қыздырудың ұзақтығы 2-3 мин-тен 5-10 мин-қа дейін болуы керек.

Сабақтың негізгі бөлімі- дене қасиеттерін дамытуға немесе қимылдарға үйретуге арналады. Дене қасиеттерін дамытуды немесе жетілдіруге мына кезекте жүргізген дұрыс: координацияға; шапшаңдыққа; күшке; жылдамдылыққа жаттығуларды жүргізу.

Кішкентай балалар үшін негізгі бөлімнің ұзақтығы 12-15мин., оқушылар үшін-20-30мин. Сабақтың қорытынды бөлімінде сабырлы жүру, денені босатуға жаттығулар және жеңіл жүгірістерге мән беріледі. Бала бақшасында дене тәрбиелеудің қосымша түрлеріне оқу-сабақтар процесінде және олардың араларында, және де топтағы ойын уақыттарындағы қимылдық разрядкалар мен динамикалық паузалар жатады.

Бала бақшасының күнделікті режимінде балалардың дербес қимылдық белсенділігіне белгілі уақыттар бөлінеді. Бірақ біздің және басқа авторлардың көптеген бақылаулары бойынша МДМ балалардың 60пайыздан жоғары уақыты белсенді қимылсыз өтеді.Балалардың қимылының ұзақтығы, олардың сирек болу уақытының 50 пайызынан жоғары болса, сонда ғана баланың организмі қалыпты дамуы мүмкін.

Сондықтан бізбен күндізгі ұйқыдан кейін тіке ойын-асхана бөлмесінде күнделікті қосымша дене тәрбиелеу-сауықтандыру сабақтарын жүргізудің әдістемелік (методикалық) негіздері дәрістелген. Белсенді қимылдық салмақтар негізінде шынықтырушы процедураларының барлық мүмкіншіліктерін қолданып жүргізілген шұғылданулар баланы белсенді шынықтырады.

МДМ балаларына шынықтыру сабақтарын ұйымдастыруды гигиеналық бақылауда мына көрсеткіштерді қолданады: сабақтың жалпы ұзақтығы және созылуы, және дене мәдениет жеке хронометраждау мәліметтері бойынша бағаланып, сабақтың жалпы және моторлық тығыздығы.

 

 

Бала бақшасындағы дене шынықтыру сабақтарының жеке құрылым бөлімлерінің тиісті жалпы ұзақтығы мен созылуы кестеде белілген.

 

Жасық тобы Сабақтың жалпы ұзақтығ Құрылым бөлімдердің созылуы (мин)
Кіріспе бөлімі Жалпы дамыту жаттығулары Негізгі қимылдарға үйрету Қимылды ойындар Қорытынды бөлім
3-4 4-5 5-6 6-7 15-20 20-25 25-30 30-35 2-3 3-4 3-4 3-4 4-5 5-6 6-7 7-8 9-10 11-12 13-15 14-15 3-4 3-4 2-3 3-4 4-5 4-5

 

Сабақтың жалпы тығыздығы пайдалы уақыттың, яғниқимылдарды орындауға, тәрбиешінің көрсетуге және түсіндіруіне, топты орналастыруына, спорт жабдықтарын жинауға жұмсалған уақыттың сабақтың жалпы ұзақтығына, процентте көрсетілген қатынасы болып келеді. Бұл көрсеткіш ең кемінде 80-90 пайыз болу керек.

Моторлық тығыздығы баланың қимылдарды орындауына жіберілген уақыт сабақтың жалпы ұзақтығына қатынасымен сипатталады да, процентте көрсетіледі. Жеткілікті қимыл белсенділігіне бұл көрсеткіш 60-85 пайыз шамасында болады.

Дене шынықтыру сабақтарына бақылау жүргізуде дене дайындық деңгейі төмен немесе денсаулық жағдайында ауытқулары бар балалар бойынша тактикасына көңіл аудару керек. Осындай балаларды жүгіру және секіру сияқты жаттығулардан және де басқа да орындалатын жаттығулардан босатады.

Оқушыларға дене тәрбиелеуді өзара байланысты ұйымдастыру формалары мыналар:

-дене мәдениеті бойынша сабақтар;

-мектептің күн кестесіндегі дене мәдениет-сауықтандыру шаралары;

-мектептен, сыныптан тыс спорттық көпшілік жұмыстары;

-мектептен тыс спорттық-көпшілік жұмыстары;

-үйде, мектеп жанындағы және аулалық алаңдарда, стадиондарда және сабақтарда дене жаттығуларымен дербес шұғылдануы.

Дене мәдениет сабағы мектептегі дене тәрбиелеудің негізгі формасы болып саналады. Дене мәдениет сабақтарына қойылатын гигиеналық талаптар:

1. Сабақтың мазмұны мен уүштің шамасы оқушылардың денсаулық жағдайына, дене дайындық деңгейіне, жасына және жынысына сай келуі.

2. Сабақтың жеке құрылым бөлімдері ажыратылып, оның оңтайлы моторлық тығыздығы иен денеге түсетін күшін ескеріп сабақты әдістемелік дұрыс құру

3. Денеге түсуші денсаулықты нығайтуына, гармониялық дамуына және дұрыс дене тұлғасының қалыптасуына ықпал ету керек.

4. Осы сабақтың күн және апта оқу кестесіндегі басқа сабақтармен дұрыс байланыстырылып тиісті ретте жүргізілуі.

5. Сабақтың арнаулы залдары (спорт немесе гимнастикалық зал), арнайы жабдықталған мектеп алаңдарында, стадионда, шаңғы трассаларында немесе бассейндерде жүргізілуіне.

6. Жаттығуларды организмнің шынығуына ықпал жасаушы спорт киімдеріне және мәдениет сабақтары аптасына екі рет жүргізіледі (45мин-тан), араларындағы үзіліс 1-2 күн. Сабақтың кіріспе бөлімі 5-10мин, негізгі бөлімі 25 мин, қорытынды бөлімі 3-5мин. Дене мәдениет сабақтарын оқу күнінің бірінші және соңғы сабақтарында жүргізбеу керек, себебі ол уақыттарда оқушылардың іскерлігін жоғарлатуға тиісті ықпал жасамайды. Оқушыларға ұсынылатын сабақтардың моторлық тығыздығы 60-80 процент.

Дене мәдениет сауықтандыру шаралары оқу сабақтарының алдында жүргізілетін гимнастикадан, сабақтардағы «физкультминуткалардан»,сабақтардағы қимылды ойындардан, үлкен үзілістердегі қимылды ойындардан және де ұзартылған топтардағы оқушылардың «спорт сағаты» деп шартты спортпен «шұғылдануынан» тұрады.

Мектепте сабақ алдындағы гимнастика ашық ауада, ал қолайсыз ауа-райында желдетілген дәліздерде немесе рекрацияларда жүргізіледі. Гимнастиканың ұзақтығы 6-7 мин-тан аспауы керек.

Сабақтардағы «физкультминуткалар» баланың зерделік қабілетінің қалыптасуына оңтайлы әсер етеді. Шаршаудың үдеуіне бөгет жасайды, оқушылардың эмоциялық тонусын көтереді, статикалық күшті төмендетеді және тұлғаның қисаюының алдын алады. «Физкультминуткалар» сыныпта жүргізіледі, әрбір кешені 4-6 рет қайталанып, 4-5 жаттығулардан құралады. Жаттығулар отырып немесе түрегеліп тұрғанда орындалады.

Үлкен үзілістегі қимылды ойындар дене тәрбиелеу оқушыларымен немесе арнайы дайындалған кезекші мұғалімдермен ұйымдастырылып, көбіне ашық ауада жүргізіледі. Оларға жататындар:командалық немесе топтық ойындар, жарыс жаттығулары, ойын-атракциондары және де арнайы жабдықталған алаңдардағы дербес шұғылданулары. Мектептегі кластан тыс спорттық -көпшілік жұмысына спорт секцияларында шұғылдануларды ұйымдастыру және де денсаулық пен спорт күндерін жүргізу керек. Секциядағы шұғылданулар 1,5-2сағат аптасына 2-3 рет жүргізіледі.

Мектептен тыс спорттық-көпшілік жұмысы негізінен балалар мен жеткіншектердің спорт мектептерінің (БЖСМ), спорт сауықтандыру лагерінің, балалардың туристік станцияларының, стадиондарындағы, спорт қоғамындағы балалар мен жеткіншектердің үйлеріндегі және сарайларындағы спорт секцияларының базаларында жүргізіледі.

Денсаулық жағдайы бойынша арнаулы топқа жатқызылған оқушылардың дене мәдениет сабақтарының бір қатар ерекшеліктері бар.

Кіріспе бөлімі 20 минут созылады да, жалпы нығайтушы және жалпы дамытушы жаттығулардан тұрады, олар баяу және орташа қарындылықта жүргізілуі керек.

Сабақтың негізгі бөлімі де 20 минут созылады, ал қорытынды бөлімінде (5мин) жүру, дем алу жаттығулары және тұлға құрау жаттығулары ұсынылады. Арнайы топтардың оқу сабақтары негізгі оқу уақытынан тыс сағаттарға шығарылады, бірақ сабақ кестесін жасағанда міндетті түрде ұзақтығы 45 мин-тан аптасына 2 сабақ немесе 30 мин-тан 3 сабақ жоспарланады.

Дене мәдениет сабақтарына арналған бөлмелер СЭС-тің балалар мен жасөспірімдер гигиена бөліміндегі дәрігерлер мен олардың көмекшілерінің санитарлық қадағалауында болады. Бақылау объектілері мыналар:

-адамның тіршілік өнімдерімен бөлмелегі ауаның ластануы. Метаболикалық шығарыстардың құрамында ауаның физикалық қасиеттерін өзгертетін, оны шаңдайтын, бактериялармен ластайтын т.б. антропотоксикалық әсерлері бар 400 дейін заттар саналады.

Ауаның химиялық ластануының индикаторы ретінде көмір қышқыл газының (СО2) мөлшері алынған (0,1проц-ке дейін);

-тегі мен сапасы бойынша әр түрлі спорттық шулар (мезгілді, импульсивті, жалпақ және жіңішке, жолақты, орта және жоғарғы жиілікті). Шудың рұқсатталған нормалық деңгейі музыкамен сүйемелдейтін спорт залдар үшін -50дБа, басқа спорт залдар мен бөлмелер үшін-60дБа дейін;

-статикалық электр әсері ең бірінші кезекте спорт киімдерін, аяқ киімдерді, инвентарды, жабдықтарды мен саймандарды жасауда синтетикалық материалдарды кең қолдануына байланысты, дене мәдениет сабақтарының процесінде пайда болады.

 

3. Шынықтырудың негізгі принциптері және оны ұйымдастыру.

 

Шынығу-барлық зиянды ықпалдардың әсерлеріне организмнің қарсылығын көтеруге бағытталған процедуралар жүйесі.

Суық тию ауруларына шалдығу, шынығудың ең басты мақсаты,

сондықтан шынықтыруға химиялық және физикалық термореттеу процестерін жетілдіру процесі деген анықтама беріледі. Шынықтырудың спецификалық ролі-ол қолайсыз метеорологиялық факторларының әсерлеріне,әсіресе төменгі температураға, термореттеуші апараттың тез және адекватты реакциясын тудыру.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың организмі, жылу комфорттық жағдайын демеуші физиологиялық жүйелерінің жеткіліксіз функционалдық дамуымен сипатталады. Өзінің морфологиялық құралу ерекшеліктеріне байланысты ересектерге қарағанда, балалар терісінің оқшаулаушы қасиеті әлі жетілмеген. Ол кең тармақталған капиллярлармен қамтамасыз етілген, сол себептен оның бетінің жылуы және ылғалдылығы жоғары келеді, және де ересектерге қарағанда тері беті салыстырмалы үлкендеу келеді (нәрестелерде дене салмағының 1кг-707 см.кв, 1 жаста-528см.кв/кг,

10 жаста-423 см.кв/кг). Осыған байланысты балалардың жылу жоғалтуы өте жоғары және олар суыққа өте сезімтал болады. Сондықтан термореттеу функциясын жаттықтыру кіші және мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше қажет.

Шынықтыруды ұйымдастыруда мына шарттарды орындау қажет:

1.Шынықтырушы әсерді әрдайым қолдану.

2.Тітіркендіргіштердің күшін біртіндеп жоғарлату.

3. Денсаулық жағдайын, шынығу дәрежесін ескеріп шынықтырушы әсерлерді балаларға жекелеп белгілеу.

4.Балалардың оңтайлы жылулық жағдайда болуы.

5. Эмоционалдық жақсы көңілмен шұғылдануы.

Шынығудың осы принциптері ХХ ғсаырдың басында Г.Н.Сперанскиймен жасалып, классикалық деп танылған.Қимыл дағдыларын жетілдірудегідей, қолайсыз температураның әсерлеріне тұрақтылықты туғызу негізінде ле бейімделу құбылысы жатыр. Бірақ шынықтырудың дәстүрлі тәсілдерін қолданғанда, суыққа төзімділікті жетілдіру процесі өте ұзаққа созылады. Сондықтан, қәзіргі уақытта оны тездету тәсілдерін жасауға ерекше көңіл аударылуда.

Осындай кең тараған әдістердің бірі – температурасы (суық әсерлері)күрт өзгермелі, бірақ әсерлеу уақыты бойынша қысқа шынықтыруларды қолдану. Бірақ мұнда күнделікті өмірде ең жиі кездесетін ауадағы температуралық ауытқуларына емес, басты түрде әсері бойынша күшті және уақыты бойынша шектелген термиялық өзгерістеріне стереотип пен тұрақтылық туады, яғни мұнда бейімделудің құбылысы байқалмайды.

Бейімделу процесі әлсіз суықтық тітіркендіргіштері арқылы да шынықтыруда жүргізеді:мұнда бейімделу процесі қатты суықтарға да пайда болып организмнің тұрақтылығын (төзімділігін) жоғарылатады. Сонымен, бейімделудің ауысу эффектісі бір бағытты болады. Осы эффектінің механизмі әлі анықталмаған. А.К.Подшибякиннің ұйғарымы бойынша әлсіз суықтық тітіркендіргіштерінің ерекше ақпараттық қасиеті бар. Күнделікті тіршілікте барлық биологиялық объектілерге, оның ішінде адамға да, организм жауап беретін, әр түрлі тіітіркендіргіштер үздіксіз әсер етеді. Қорғаушы компенсаторлық механизмдерді қосу, энергетикалық шығындармен байланысты жүреді де, экономикалық тиімді болмайды.Бірақ осы тітіркендіргіштерге талдау жүргізіп келешекте осыған ұқсас немесе одан да күшті әсерлерге адекватты жауап беру ұшін оны есте қалдыру керек. Осылайша ақпарат механизмдері тиесілі жаттығады- бұл шынығудың ақпараттық формасы деп аталған.

Мүмкін әлсіз тітіркендіргіштің эволюциялық ежелден генетикалық есте қалған, жауап реакция іздерін қалыптастыру қасиеті бар шығар.

Шынығудың классикалық жаңа анықталған принциптері, оның ішінде бейімделудің ауысу құбылысына және де ақпараттық шынығуына т.б. негізделіп, А.К. Подшибякин шынығу негізіне мынандай тапсырмалар қойған:

  1. Полиградациялық принцип,күші бойынша күшті, әсер ету уақыты бойынша қысқа, баяу және орташа салқындарға организмді шынықтыру, яғни температураның кең диапазонды өзгерістеріне организмнің оңтайлы жауап беруіне дайындығын тудыру.
  2. Организмнің жылу өндіру деңгейін регламенттеу принципі – ол тыныш жағдайда минимальді бұлшықеттің жылу өндіруде және де әрқилы қимылдық белсенділікке шынықтырушы процедураларды орындауды қарастырады.
  3. Жалпы және жергілікті шынықтыруды қосарластыру принципі. Осы принцип бойынша дененің бір бөлімінің жергілікті бейімделуі, суыққа немесе ыстыққа организмнің жалпы бейімделгенін көрсетпейді. Организмнің тұрақтылығы физикалық агенттің әсеріне төзімсіз келетін дененің бөлімдері (табан, мойын, бел т.б) мен жалпы дененің шынығуында ғана жетіледі.
  4. Организнің алдында атқарған еңбегін ескеру принципі.
  5. Үзіліс принципі- бір күн ішінде бірнеше шынықтырушы агенттерді қолданғанда шамадан тыс салқындаудың немесе ысып кетудің алдын алу мақсатымен олардың араларында жеткілікті үзілістерді жасау қажет. Келесі процедураларды организмнің температурасы толық қалыптасқанда ғана жасау керек.

Шынықтырушы процедураларын жоспарлау шынықтыру режимінен шығу керек:

- бастапқы режимі- организмнің ақпараттық функциясын жаттықтыру және одан әрі жетілдіру; бұл режимде термиялық әсерлер химиялық термореттеуді іске қоспай, көбіне физикалық термореттеу жұмысын қосуына бағытталған;

- неғұрлым оңтайлы физмкалық термореттеуді және аз шамада химиялық термореттеуді жаттықтыру;

- арнаулы термореттеу режимі физикалық формасын неғұрлым (барынша көп) жаттықтыру және оның химиялық формасының физикалық белсенділігін жоғарлату

Шынықтырудың бастапқы режимінде ауа ванналары, ауа ағымы, ысқылау, сумен шайыну т.б сияқты индиференті, әлсіз салқындатқыш немесе әлсіз жылыту процедураларын қолдану керек. Оңтайлы режимде шынықтыруда қолданылатын процедуралардың жинағы мен диапазондары кеңейтіледі. Ал арнаулы режим немесе кәсіптік сүңгуірлерде (водолаз), биікке шығушыларда (верхолаз) және басқа да кәсіптерге арналған, және де бұл режим қыста суға түсушілерге де арналады.

Шынықтыру заңына сәйкес салқындату процедураларын бұлшықеттің белсенді жұмыс кезеңінде жүргізу керек. Қарқынды бұлшықет жұмысы кезінде күшейген жылу өндіру процесі салқындаудағы жылу шығындарын жабады. Ол тыныш күйіндегіге қарағанда организм үшін ешқандай зиян келтірмеуіне мүмкіндік береді.

Мектепке лейінгі мекемелерде қабылданған шынықтырушы процедуралардың далпы схемасы мынадай:

1.Міндетті жүргізілетін денемәдениет- сауықтандыру сабақтарына («ойын сағатында») және жоспарлы дене шынықтыру сабақтарында күнделікті ауа ванналарын қабылдау;

2.Дене мәдениет сауықтандыру сабақтарын жүргізуде күнделікті жалаң аяқ жүргізу, соңынан аяқты жуу және сумен жаю, содан кейін оларды кептіру;

3. Температурасы біртіндеп төмендетілген сумен аяқтарды шаюға бейімделгеннен кейін, аптасына 3 рет контрасты аяқ ванналарын қабылдау және аптасына 2 рет (жоспарлы дене мәдениет сабақтары жүргізілген күндерінде) – ыстық сумен ысқылау,соңынан оларды кептіру;

4. Тамақ ішіп болғаннан кейін әрдайым суық сумен ауыз бен тамақты шаю, соңынан тамақ бездеріне (миндалиналарына) нүктелі массаж жасау;

5. Түскі ұйқыға дейін және одан кейін бетті және мойынды су құбырының суық суымен жуу, сулгімен жеңіл сүртіну, соңынан кептіру;

6. Дене мәдениет –сауықтандыру жұмыстарын жүргізу уақытында қимылды ойындарды немесе эстафеталарды жүргізу кезінде желдеткіштің «жағымсыз режиміне ауа душтарын қолдану;

7. Топтық бөлмелерде әрдайым ауа алмастыру арқылы ырғақты микроклиматты жасау, және де балаларды мезгіл-мезгіл жылы







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 762. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия