Студопедия — Бентонит
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бентонит






Биотит

Доломит

Кордиерит

Магнезит

Монтмориллонит

Пироп

Шпинель

Энстатит

Магний өндіру технологиясы

Магний өндірісіндегі негізгі шикізат болып магнезит MgCO3, доломит MgCO3× CaCO3, карналлит MgCl2 × KCl × 6H2O қолданылады.

Металдық магнийді алудың екі әдісі бар: термиялық және электролиттік. Бірінші әдіс магний тотығының көміртегімен немесе кремниймен тотықсыздануына, ал екінші әдіс балқытылған хлорлы магнийдің MgCl2 электролизіне негізделген. Негізінен металдық магнийді өндірудің электролиттік әдісі кеңінен таралған. Ол екі негізгі үрдістерден тұрады: бастапқы шикізаттан хлорлы магнийді алу және оның электролизі.

Хлорлы магниді алу үшін магнезитті немесе доломитті күйдіруден алынған магний тотығын 800 - 900оС - те көміртегінің қатысуымен хлорлайды:

 

MgCO3 = MgO + CO2,

 

MgCO3×CaCO3 = MgO + CaО + 2CO2,

 

MgO + Cl2 + C = MgCl2 + CO2.

 

Балқытылған магний хлоридінің электролизі шамотпен футеровкаланған тікбұрышты герметикалық ванна түріндегі элетролиздегіштерде іске асырылады (сурет 1). Анодтарды графиттен, ал катодтарды екі болат пластиналарынан жасайды. Электролит ретінде хлорлы тұздар MgCl2 (7 - 15%), NaCl, KCl, CaCl2 балқымасы қолданылады. Анод пен катод кеңістіктері оттөзімді диафрагмамен бөлінген. Тотықсызданғаннан кейін магний мен хлор әрекеттеспеуі қажет, өйткені осының салдарынан магний хлорда жанып кетеді:

 

Mg + Cl2 = MgCl2.

 

Электр тоғы электролит арқылы өткенде оны қыздырып, электрхимиялық үрдіс іске асады. Магний иондары катодта тотықсызданады:

 

Mg2+ + 2e = Mg.

 

Магнийдің тығыздығы электролит тығыздығынан кем, соның салдарынан ол қалқып шығып, ванна бетінде жинақталады. Таза магнийдің тотығуының алдын алу үшін ванна беті керамикалық қақпақпен жабылады. Балқыған магний вакуумды шөміштермен және сифондармен периодты түрде ваннадан шығарылады. Анодта түзілген хлор арнайы құбыр арқылы сорылып алынады.

Электролизден кейін магнийдің құрамында көп мөлшерде қоспалар болады. Оны тигельді пештерде қождамалармен өңдеу немесе ұшыру арқылы қайта балқытып рафинадтайды. Құрамында 99,9% - дан артық магний бар рафинадталған металл құю машинасында құйылады. Құю кезінде магний ағыны күкірт ұнтағын үрлеу арқылы тотығудан қорғалады.

 

 

Магнийді электролиздегіш сұлбасы:

 

 

1 - болат бүркенішіндегі отқа төзімді кірпіштен жасалған ванна;

2 - болат катодтары; 3 - графитті анодтар; 4 - отқа төзімді диафрагмалар.

 

Магний кентастарының басты кен орындары магнезиялы калий тұзды қазбалары. Магнезиттің ірі кен орындары метаморфозды доломиттерде көп кездеседі. Магнезит отқа төзімді шикізат, магний металын алуға қолданылады. Калий-магнийлі тұздарды тыңайтқыш алу үшін өңдегенде шыққан қалдықтардан да магний алынады. Солтүстік Арал маңындағы Жақсықылыш, Жаманқылыш көлдерінде, Жамбыл облысындағы Тұзкөлде эпсомит, астраханит сияқты магнийлі тұздардың қабаттары ұшырасады. Маңғыстаудағы Қаракие ойысына Каспий теңізінен құйылған су буланғанда едәуір мөлшерде магнийлі тұздар тұнады. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының ультранегізді талькты-карбонатты жыныстарында магний кентастарының мөлшері мол.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 537. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия