Студопедия — Жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы оқыту үдерісіндегі басшылыққа алынатын құжаттар.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы оқыту үдерісіндегі басшылыққа алынатын құжаттар.






Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі оқу үдерісі ҚР «Білім туралы» заң, «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары» мен «Базистік оқу жоспарын» басшы-лыққы ала отырып ұйымдастырылады. Стандарт ҚР БМЖМС 2.003-2002 негізінде дайындалды, ол "Физика және астрономия" оқу пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.

«Білім туралы» заңда білім беру жүйесін демократиялан-дыру идеялары айқындалып, білім беру саласындағы мемлекет-тік саясаттың ұстанымдары тұжырымдалған. Оларға: әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қол жетімділігі; білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдылығы; жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту; білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Білім беру жүйесін демократияландыру идеясы өзінің бейнесін оқыту үдерісін гуманизациялау, гуманитаризациялау ұстанымдарынан және саралап оқыту үдерісінен көрінеді. Оқытуды гуманизациялау барлық оқу-процесінің орталық субъектісіне айналатын баланың жеке тұлғасына назарды күшейтуді болжайды. Оқытуды гуманитаризациялау тиісті оқу пәндерінде (дүние-танымдық, әдіснамалық, тарихи-биографиялық, экологиялық) оқытылатын ғылымның гуманитарлық аспектілеріне назарды күшейтуді болжайды.

Оқытуды саралау оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін, олардың қабілеттері мен мүдделерін ескеретін оқу үрдісін ұйымдастыруды болжайды.

Жалпы орта білім беретін оқу орындарында басшылыққа алатын екінші құжат-базистік оқу жоспары.

Базистік оқу жоспары (БОЖ) - вариативті білім беру жағдайында жалпы орта білім негізін анықтайтын және жалпы білім беретін оқу орындарының оқу жүктемесінің инвариантты және вариативті компоненттерін белгілейтін құжат. Базистік оқу жоспары типтік және жұмыстық оқу жоспарларын жасауға негіз болады және жалпы білім беретін оқу орындарының қызметін қаржыландыру үшін бастапқы құжат болып табылады. БОЖ білім салалары мен пәндер бойынша оқушылардың оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемін, білім салалары мен оқу пәндерінің құрамын, сыныптар мен оқу сатылары бойынша білім мазмұнын меңгеруге жұмсалатын уақыт мөлшерін анықтайтын нормативтерді тағайындайды.

Инвариантты бөлімінде мемлекеттік білім беру стандартының компоненттері толықтай жүзеге асады, жалпы білім беретін мекемелердің түлектеріне қажетті білімдермен, іскерліктермен және дағдылармен қаруландырады.

Вариативті бөлімінде мектептік және регионалды компоненттерін жүзеге асырады.

Жалпы орта білім беретін оқу орындарында басшылыққа алатын үшінші құжат-жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары(БМЖМС).

БМЖМС-да пәндік оқытудың мақсаттары мен міндеттері, пән бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимума және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.

"Физика" пәні бойынша осы стандарт білім берудің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарымен, жұмыстық оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.

Мектепте физиканы оқыту кезеңінде оқушыларға білім білім беру, оларды жан-жақты дамыту, тәрбиелеу сияқты негізгі үш міндет атқарылады.

Физиканы оқытудың білімділік мақсаты:

1. Физика ғылымының негізімен, оның негізгі ұғымдарымен, заңдарымен, теориясымен таныстыру.

2. Оқушылардың санасында қоршаған әлемнің жаратылыс-тану-ғылыми көрнісін қалыптастыру.

3. Жаратылыстану-ғылыми зерттеулердің негізгі әдістеме-лерін меңгерту.

4. Политехникалық білім беру.

Физиканы оқытудың тәрбиелік мақсаты:

1. Диалектикалық-материалистік дүниетанымды қалыптастыру.

2. Оқушыларды танымдық және практикалық іс-әрекетте дұрыс методологиялық тәсіл жасауға үйрету.

3. Еңбекке, ынталылыққа және қиындақтарды жеңуде табандылыққа тәрбиелеу.

Физиканы оқытудың дамытушылық мақсаты:

1.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, индук-тивтік, дедуктивтік, ұқсастық бойынша ой қорытуды пайдалана білу.

2.Физика ғылымының құрылымын түсінуді қалыптастыру.

3.Физикалық теориялардың, олардың элементтерінің: ұғым-дардың, модельдердің, заңдардың қолдану шекаралары туралы білімді қалыптастыру.

4. Белгілі теориялық қағидаларды, математикалық аппарат-тарды, графиктік әдістерді, анықтамалық әдебиеттерді, есептеу техникасын және т.б. пайдаланып, есептер шығара білуді дамыту.

5.Физикалық құбылыстардың жұмыс принципін, құрылысын біліп, оларды пайдалана отырып, өлшеу нәтижелерін өңдеу және өлшеулердің қателіктерін анықтап, эксперименттен алынған шамалар бойынша қорытынды жасап, эксперименттер жүргізу икемдігін дамыту.

6. Қарапайым техникалық қабілеттілікті дамыту.

Қазіргі уақытта физикалық білім беру жүйесі негізгі мектептің 7-9 сыныптарындағы физика курсында және бағдарлық мектептің 10-11 сыныптарындағы физика курсында дамуда. «Білім беру туралы» Заңға сәйкес, орта білім беру мектептерінің жоғары сыныптары бағдарлық сыныптар болып табылады. Қазіргі кезде ҚР-да екі бағдарлық бағыт жұмыс істейді: Жараты-лыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық.

Физиканы оқыту әдістемесінің тарихында,біздің елімізде төрт түрлі өзгеріс болды: сызықты, шеңберлі, сатылы, күрделі шеңберлі.

Физика курсының сызықты түрдегі құрылымы – мұнда әрбір физика бөліліміндегі материалдар толық оқытылып,онан кейін қайталанбайды.

Физика курсының шеңберлі құрылымы – мұнда керісінше физиканың барлық бөлімдері 2 реттен қайталанып оқытылады. Бірінші шеңберде физиканың барлық бөлімінің ең қарапайым ұғымдары,ал екінші шеңберде физиканың барлық бөлімі,соның ішінде бірінші шеңбердің материалдары да бар. Екінші шеңбердің материалдарында,біріншімен салыстырғанда физикалық теориялар кең қамтылған, математикалық есептеулер қолданылып және жалпылау, абстракциялау кең қолданылды.

Физика курсының сатылы құрылымы - осы екі құрылымның жақсы жақтары, сызықты құрылымнан материалдың жүйелі түрде берілуі, шеңберлі құрылымнан оқушылардың жас ерекшеліктерінің ескерілуі алынып жасалынған. Бірінші сатыда 7-8 сыныптарда физиканың қарапайым элементтері оқытылды. Бір рет оқытылған материал қайталанбайды. Мысалы: гидростатика элементтерімен 7-сыныпта, ал гидродинамика және тізбек бөлігі үшін ом заңы 8-сыныпта, ал толық тізбекке арналған Ом заңы 9-сыныпта ғана оқытылады. Екінші сатысында 9-11 сыныптарда механика, молекулалық физика, электродинамика, оптика, атомдық және кванттық физика бөлімдері оқыттылған.

Физика курсының күрделі шеңберлі құрылымы - жаңа бағдарламаға байланысты 7,8, және 9 сыныптарда физиканың барлық бөлімдері толық қамтылып оқытылады. Бұл бүгінгі күн талабына сай базалық білім мазмұнын береді, ол қоршаған әлемнің физикалық бейнесін ашуға негізделген. Мұнда физика мен астрономия пәндері интеграцияланған болып табылады. Бірінші шеңбер 7-9 сыныптар негізгі мектеп, екінші шеңбер бағдарлы мектепте оқытылады.

Бірінші шеңберде «Физика және астрономия» пәнінде заттың молекулалық құбылысын және қозғалысын оқытудан басталады. Осыдан, кейін механикалық қозғалыс, жылдамдық, өзара әсер-күш, масса, инерция, тартылыс құбылысы оқытылады. Салмақ пен салмақсыздық, инерция күші туралы ұғым енгізіліп, оны ескеру жолдары қарастырылады. Молекулалардың өзара әсері арқылы газдың қысымы және Паскаль заңы (сұйықтар мен газдарға арналған) түсіндіріледі. Атмосфералық қысым гидростатиканың түсініктері де Паскаль заңынан кейін беріледі. Архимед заңы осы құбылыстарды оқып үйренгеннен кейін оқытылады. Денелердің жүзу шарттары, су көлігі, ауада ұшу, беттік керілу, жұгу, капиллярлық құбылыстар, жұмыс, қуат, энергия оқытылады.

8-сыныпта оқушылардың жылу, электр құбылыстарымен таныстыру басталады. Мұнда да молекулалық физиканың кейбір элементтері беріледі. Мысалы, оқушыларға ішкі энергия, термодинамиканың бірінші заңы, қаныққан және қанықпаған булар түсіндіріледі. Электр құбылыстарын оқытқан кезде атомның құрылысымен танысып, электрон ұғымы енгізіліп оқытылады. Электр тарауында Кулон заңы, конденсаторлар, электр тогы, ток күші, кернеу, кедергі, тізбек бөлігі үшін Ом заңы, токтың жұмысы мен қуаты, әр түрлі ортадагы электр тогы өтіледі. 8 сынып электромагниттік құбылыстарды тек сапалық түрде ғана қарастырылады.

9 сыныпта қозғалыс және денелердің өзара әсерлесуі, тербелістер мен толқындар, аспан сферасы және аспан координаталары, атом және атом ядросы, ядролық энергияны пайдалану тақырыптары оқытылады.

Оқытудың екінші шеңберінде, яғни бағдарды мектепте механика, молекулалық физика және термодинамика, электродинамика, кванттық физика бөлімдері оқытылады.







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 2586. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия